I. Философияның пайда болуы және дамуы Дәріс Ойлау мәдениетінің пайда болуы


Пантеизм дегеніміз Құдайды табиғаттың ішінде еріту, табиғаттың өзін Құдай



бет3/26
Дата06.04.2022
өлшемі295,67 Kb.
#138174
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Философиядан дәрістер курсы 2021-2022

Пантеизм дегеніміз Құдайды табиғаттың ішінде еріту, табиғаттың өзін Құдай ретінде түсіну. Мұндай Құдайға деген көзқарастың шеңберінде “табиғатты жарату² мәселесі босқа жай қалып қояды.
Деизмді алатын болсақ, онда Құдай мойындалғанмен, оның рөлі тек Дүниені өзінің құдіретті күші арқылы жаратумен танылады. Жаратылған Дүние әрі-қарай өзіне тән ішкі заңдылықтары арқылы өмір сүре береді, оның болашақ дамуына Құдай кіріспейді.
Діннің дүниеге келуінен бастап оның негізгі қағидаларына күмәнданған атеистік көзқарастар да туды. (atheos - құдайсыз, құдайға қарсы, грек сөзі). Бүгінгі заманда Дүниеге деген атеистік көзқарас ұстаған адамдардың саны да аз емес.
Діннің бүгінгі адамзатына аса тартымды жағы – ол тек қана жағалай ортаны түсіну емес (ғылымның жетістіктері бұл қажеттікті анағұрлым жақсы орындайды) – оның адамзаттың рухани тәрбиешісі, адамдардың бір-бірімен байланыстары, қарым-қатынастарын ретке келтіруші қызметі. Яғни, дін қоғамдағы мораль саласын өзіне тартып, бойына сіңіріп, өзінің жүйесінің айырмас бір бөлігіне айналдырып, оның қағидаларын өзінің мүддесіне жаратады (mores - латын сөзі, - әдет-ғұрып). Сонымен, қайсібір дін мыңдаған жылдар бойы қоғам өмірінде қалыптасқан жалпы адамгершілік нормаларды (norma- латын сөзі, басшылықтың бастамы, тәртіп, нұсқа) діни моральдық қағидаларға айналдырады. Моральдық борыш, жауапкершілік, тиістілік дінде Құдай алдындағы адамның борышы, парызына айналады. Адамның жүрегіндегі сүйіспеншілік сезімі – нақтылы қоршаған адамдардан гөрі Құдайға деген сүйіспеншілікке айналады. Осының арқасында моральдық құндылықтар Құдайға сенудің негізінде адамның жүрегіне, жан-дүниесіне тезірек кіріп, оның жүріс-тұрысына зор әсерін тигізеді. Атеистік бағыт ұстаған адамға қоғамдағы моральдық нормаларды өзінің рухани өміріне кіргізу үшін олардың мазмұнын талдап, оған керек пе, жоқпа,- соны өзінің білімі, парасаты арқылы саналы, дәлелденген сенімге айналдыруы керек. Ал, бұл жол - өте қиын жол.
Сонымен қатар, діннің ішінде жалпы адамзаттық құндылықтардан басқа, соларға қайшы келетін нормалар да болуы мүмкін. Мысалы, Иса пайғамбардың “Мен сендерге бейбіт емес, қылыш әкелдім² деген қағидасы бар. Ал, ислам дініндегі “джихад², “газауат² деген нормалар дінге сенбегендерге қарсы күреске шақырады. Адамзат тарихында талай діни соғыстар болып өтті. Қазіргі Балқан елдеріндегі, Израиль мен Ирактағы қақтығыстардың негізінде де діни, этникалық қайшылықтар жатыр.
Құдайдың құдіретті күшіне сенушілік ертелі-кеш соған табынуға әкеліп соғады. Дінге табынушылықтың негізінде әр-түрлі діни мекемелер мен ұйымдар пайда болады (шіркеу, мешіт, синагога т.б.).
Діннің пайда болып даму жолында біршама себептер бар.
Біріншіден, дін мифологиялық санаға қарағанда адамның абстрактылық ойлау қабілетінің анағұрлым биік дәрежеде дамуын талап етеді (о дүние, мәңгілік, шексіздік, әсемдік, ізгілік т.б. ұғымдардың пайда болуы).
Екіншіден, адамның реалдық Дүниедегі, әсіресе, қоғам өміріндегі себептік-салдарлық, қажеттік және кездейсоқтық т.с.с. байланыстар мен қатынастарды сезініп, соларды түсінуге деген өшпес іңкәрі. Бірақ, олардың мәнін дұрыс түсіне алмағаннан кейін, адамдар табиғаттағы заңдылықтарды неше-түрлі құдіретті күштерге теңеп, соларға табыну арқылы оларды адамға керек бағытта өзгертуге ықпал жасауға болатынына сенді.
Үшіншіден, адамның әлеуметтік өмірдегі зардап шегуі, езілуі, зорлық-зомбылықтың жақсылық пен ізгілікке қарағанда басымдылығы оның көкейінде бұл Дүниедегі өзінің өміріне қанағаттанбай, әрдайым шынайы құндылықтарды армандап, оның әлемін о Дүниемен теңеуге әкеліп соқты.
Төртіншіден, адамның өз өмірінің уақытшылығы, әрдайым оның өлместікке деген қиялын оятып, оның мәңгілік, кемеліне келген бақытты Дүние болуы керек,- деген ойын туғызды.
Басқа қоғамдағы сан-алуан құбылыстар сияқты дінде тарихи өзгерістерге түсіп өзінің әртүрлі бағыттарын тудырды. Бүгінгі таңда жер бетінде үш негізгі Дүниежүзілік діндер бар. Христиан дініндегі негізгі идея – эсхатология (eschatos - соңғы, -грек сөзі, logos- ілім) тарихтың, Дүниенің соңында Мессияның (құтқарушы) екінші келуі, тірі және өлген адамдарды таразыға салып, біреулерін тозаққа, екіншілерін мәңгі жұмаққа тартуы. Христиан дінінің негізгі қағидасы – сүйіспеншілік және оны уағыздауда осы дін өте биік жай адамның мүмкіншілігінің шеңберінен шығып кететін дәрежеге дейін көтеріледі (өздеріңнің жауларыңды да сүйіңдер!).
Ислам діні де осы Дүниені жаратқан бір Құдайды – Алланы, оның құдіретті күшін мойындайды. Бұл діннің негізгі ерекшелігі - Құрандағы жазылған қағидалар адам өмірінің барлық жағын үйлесімді түрде ретке келтіріп отыруға тиіс. Сондықтан Ислам діні қоғамның мемлекеттік істеріне, саясатқа белсенді ықпал жасауға тырысады (Афганистан, Пакистан, Иран). Ислам діні басым елдерде, шариғаттың негізінде өмір сүретін Исламдық құқтық мемлекет орнату идеясы көптеген адамдардың мақсатына айналуда.
Ислам дінінің негізгі қағидасы – мейірімділік, қайыршыға, кем-тар адамдарға қол ұшын беру (садақа), зәкет төлеу (адамның өз еркімен әлеуметтік салаға кемінде жылдық табысының 2 пайызын беріп отыруы), т.с.с. міндеттері бар. Бұлардың бәрі де ислам дінінің әлеуметтік-демократиялық жақтарының үлкен ықпалын көрсетеді.
Үшінші дүниежүзілік дін – Буддизм. Бұл діннің негізгі ерекшелігі – оның этикалық-практикалық бағыттануы (ethos - грек сөзі, -әдет-ғұрып, praktіcos - грек сөзі, - белсенділік, іскерлік). Бұл өмірде (бейнеленген болмыс) адам зардап шегеді. Оның себебі – адамның өмірге деген құштарлығында, оның қызығына тоймауында. Ал зардаптан құтылу үшін адам бұл бейнеленген болмыстан бас тарту керек. Ол үшін адам нирвана (сөну, өшу) дәрежесіне көтеріліп, бейнесіз болмысқа өту керек. Сонда ғана адам өмірдегі зардаптан құтыла алады. Дүниежүзілік мәдениетте мұндай өмірден бас тартуға шақыратын бірде-бір философия жоқ сияқты.
Буддизм дінінің тартымды жақтарының бірі – ахимса (зияндық жасамау) қағидасы, - яғни өмір сүріп жатқан бүкіл тіршілікке тиіспеу, зорлық-зомбылық арқылы залымдыққа қарсы тұрмау, адамдар мен халықтардың арасында жеңген де жеңілген де болмауы тиіс.
Бұддизмнің бұл қағидалары бүгінгі таңдағы Дүниеден ләззат іздеген, гедонизм (gedone - грек сөзі, -рахат, ләззат) жолына түсіп, жер бетінде экологиялық дағдарыс туғызған қазіргі Батыс цивилизациясына наразылық көзбен қарайтын миллиондаған адамдардың жүрегіне жақсы үялайды.
ХХ ғасырда бұрынғы Кеңес Одағының шеңберінде социалистік қоғам құру барысында жаңа ағарған дінді адамдардың жан-дүниесіне кіргізу (марксизм-ленинизм) амалы, бұрынғы діндермен күресу, оларды қоғамның рухани өмірінен сырттату саясаты жүргізілді. Жалпы алғанда – марксизмді Батыс Европа ой-жүйесінің логикалық соңы ретінде қарауға болады. Бұл ілім бойынша адамзаты болашақта жер-бетін, қоғам өмірін қайта өзгертіп, сол өзгерісті жасау барысында жаңа адам дүниеге келеді. Оған мемлекеттік басшылық, заңдар керек емес. Ол тек қана адамгершілік нормалардың шеңберінен шықпай өмір сүреді. Жаңа адам жан-жақты және үйлесімді түрде өзінің дарындары мен қабілеттерін дамытып, өзіне керек барлық қажеттіктерін кедергісіз өтей алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет