12-Кесте Металдардың сумен әрекеттесуі.
Металдар
|
Химиялық реакцияның
теңдеуі
|
Реакция өнімі
|
Сілтілік металдар,
кальций,барий
Магний,алюминий,
мырыш ,темір,
марганец,хром,
никель,қорғасын
Мыс,күміс,алтын
|
М е+НОН Ме(ОН)n+H2
M e+H2O Me+nO2-+H2
Cумен әрекеттеспейді
|
H2,Me(OH)2
H2,Me+nO2-
|
Металлдардың химиялық қасиеттері дедукциялық тәсілмен өтіледі:
а) металдардың бейметалдармен әрекеттесуі; ә)металдардың сумен әрекеттесуі; б) металдардың қышқылдармен әрекеттесуі; в)металдардың тұздармен әрекеттесуі. Әр қасиетті нақтылайтын зертханалық және көрнекі көрсететін (зерттеу әдісімен) тәжірибелер қойылады; реакцияның жүру жағдайларына назар аударылады.
Сілтілік металдар және кальций оттегімен кәдімгі температурада тотығады. Оқушыларға бұрыннан белгілі активтік қатардағы магнийден қорғасынға дейінгі металдар кәдімгі жағдайда тотығып, қорғаныш қабық түзеді. Мыс пен сынап қыздырғанда тотығады. Алтын күміс пен платина қыздырса да тотықпайды. Металдардың басқа бейметалдармен әрекеттесу жағдайлары да еске түсіріледі.
Металдардың сумен әрекеттесу мүмкіндігін, жүретін химиялық процестерді, реакция өнімдерін сызбанұсқа немесе кесте түрінде беру тиімді.
а) металдардың сұйық және қанықпалы қышқылдармен әрекеттесу өнімдері де кесте арқылы беріледі. Күкірт және азот қышқылдарының металдарға әсер ету ерекшеліктеріне назар аударылады.
ә) металдардың тұздармен реакциялары параллель (жүретін және жүрмейтін салыстырмалы) тәжірибелер қою арқылы нақтыланады.
Талқыланған реакциялардың бәрінде металдардың атомдары тотықсыздандырғыш қасиет көрсетіп,өздері тотығатыны айтылады:
0 +n
Me Me +ne-
Металдардың әр қасиеті жөнінде білімді нығайта түсетін өздігінен істейтін жұмыстар жүргізіледі, жіктелген жаттығулар орындалады. Жаттығуларды ойдағыдай орындап, металдар қатысатын реакциялардың жүру ықтималдығын алдын –ала болжау үшін оқушылар металдардың Н.Н.Бекетов жасаған ығыстыру қатарын еске түсіріп (8-сынып 68-бет), металдар кернеуінің электрохимиялық қатары жөніндегі біліммен ұштастырады. Бұл арада жеке атом күйіндегі металдардың тотықсыздандырғыш қасиеттерінің айырмашылығына, тотықтырғыштардың сипатына баса назар аударылады.
Жеке күйіндегі атомдардың тотықсыздандырғыш қасиеттері металдпрдың периодтық жүйедегі орнымен анықталады және иондау энергиясынан айқын білінеді. Жай зат күйіндегі металдардың тотықсыздандырғыш активтілігі периодтық жүйедегі орнына тікелей тәуелді емес, ол металдардың кристалл торларының беріктігіне,ерітіндідегі реакцияларда түзілетін иондардың гидраттану энергиясына байланысты өзгереді. Соңғы екі себептің салдарынан иондану энергиясы үлкен литий ерітіндідегі реакцияларда калий мен натрийден активті болып шығады, бұл үстірт қарағанда Н.Н.Бекетов жасаған қатарға, топ бойында металдар қасиетінің өзгеру заңдылығына қайшы келетін секілді көрінеді.
Бұдан соң металдар кернеуінің электрохимиялық қатарындағы кейбір шектеулерге тоқталып, оны саналы түрде пайдалану қажеттігі айтылады. Оқушылар активсіз металдарды судағы ерітінділерінен сілтілік металдармен ығыстыру реакцияларының теңдеулерін жиі жазады. Бұл олқылықты болдырмау үшін натрий мен мыс (II) сульфатының арасындағы реакцияның тәжірибесі көрнекі көрсетіледі.Оқушылар сутегі бөлінгенін және мыс (II) гидроксидінің тұнбасы түзілгенін бақылап, реакция натрий атомы мен сутегі иондарының арасында жүргендігі жөнінде қорытынды жасайды.
Металдардың жалпы қасиеттерін қарастырғанда пән аралық байланысты жүзеге асыратын маңызды тақырыптың бірі-электролиз. Электролиттік диссоциациялану теориясының және тотығу-тотықсыздану тұрғысынан электролиз құбылысы мәселелік әдіспен түсіндіріледі. Катод пен анодта жүретін тотығу-тотықсыздану әрекеттері, иондардың зарядсыздану реті талқыланады. Мыс (II) хлориді мен калий иодидінің электролизі кезінде катодта бір жағдайда мыс, екінші жағдайда сутегінің бөліну себебі, осыған орай аниондардың тотықсыздандырғыш қасиеттері (қатары) жөнінде түсіндіріледі:
I- , Br- , S2-, Cl-, OH-, SO4-, NO3-
Бұл қатарда аниондардың тотықсыздандырғыш қасиеті кемиді. Электролиздің іс жүзіндегі маңызын түсіндіру үшін мырыштан қорғасынға дейінгі металдар катиондарының тотықсыздану ерекшелігі түсіндіріледі.
Металдар коррозиясы туралы оқу материалын өткенде қарастырылатын мәселе:коррозия және оның маңызы туралы ұғым; коррозияның түрлері; коррозияға әсер ететін жағдайлар;коррозияның химиялық және электрохимиялық мәнін түсіндіру; коррозияға қарсы күрес шаралары. Металдардың жемірілуі немесе коррозиясы тақырыбын өткенде коррозияға әсер ететін жағдайларды нақты түсіндіру үшін алдын ала 5 сынауыққа тәжірибе қойылады . Онда темірдің коррозиясына ауаның, судың, ас тұзы ерітіндісінің, натрий гидроксиді ерітіндісінің, мыс және мырышпен жанасуының әсері зерттеледі:
Достарыңызбен бөлісу: |