ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБА Химияны оқыту әдістемесі курсы болашақ химия мұғалімінің кәсіби даярлығын қалыптастырады. Дәрістік курсты берудегі мақсат маңызды әдістемелік білім негізі мен химияны оқытудың әдіснамасын жүйелі түрде қалыптастыру. Мектепте білім беру мақсатының, ғылым мен практиканың жетістіктерінің өзгеруіне, жоғары мектептегі оқу процесінің жетілуіне орай химияны оқыту мәселесінің қаншалықты жаңартылғаны қарастырылады. Курс бағдарламасын меңгеру студенттердің химияны оқыту әдістемесінің негізін меңгеріп, химиядан оқу жоспарын, күнтізбелік жоспарды, тақырыптық жоспарды, күнделікті сабақ жоспарын құру біліктілігін меңгеруіне мүмкіндік береді. Химияны оқыту әдістемесі курсы бағдарламасы педагогика ғылымы практикасының жетістіктеріне сай, мектеп химия курсы бағдарламасын ескере отырып, болашақ химия мұғалімдерін даярлауға қойылатын талаптар негізінде құрылған.