Ал «біз шаншуға» келгендер ешкіммен сөйлеспей, аттарының ер- тоқымын бір
жерге жиып, түскі асын ішкен соң да кетпей, жатып алады. Үй иесі қонақасыға
кешінде мал сояды. Қонғандар ертеңінде түс қайта үн-түнсіз аттанып кетеді.
Бір қызығы, көбінесе, келетіндер ылғи ақсақалдар болады. Қонақтар кеткен соң
үйдегілер бұл сырды біле қойып, сырмақ қағады. Қайрағын іздейді. Сырмаққа
шаншылған бізді көреді, қайрақтың жоғалғанын біледі. Бұл: «Ұл ержетті, қыз
бойжетті.
Қос құлақ бала бізде бар, қаса сұлу сізде бар, жегжат болайық» -
дегені. Қазақтың балаға деген үлкен
қамқорлығы, қамы, міне, осыдан
басталады. Егер қызы бар үй
қайрақты сұрамаса, бір жетіден соң әлгі
ақсақалдар қайтадан келіп кұда түседі.
Әкесіне
қарап ұлын, шешесіне қарап қызын сынайды. Мұндағы бір гәп -
шаншылған бізде. Қазақта
біз
- көбінесе ұлдар, ер-азаматтар қолданатын құрал.
Ақсақалдардың сырмаққа біз шаншуы «бізде бір ұл бар еді, сол осы шаңыраққа
да ұл болса, қалай қарайсыздар» деген жұмбағы. Ал енді қайрақты әкетуі «бізді
құп
көрсеңіздер, құдандалы болайық» дегені. «Құданда» дегеніміз - ант
жасағандық. Бұл жерде «кұда» - «құдай»
деген ұғымды, «анда» арабша «ант»
деген ұғымды береді. Бұны бұрыннан білетін қазақ халқы құдалықты осылай
бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: