І-кл технологиялық дайындық



бет106/131
Дата24.10.2023
өлшемі4,29 Mb.
#188032
түріУчебники
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   131
Байланысты:
АӘжәнеТД 10кл 1-бөлім қаз
Ôèçèêàëû? î?ó ýêñïåðèìåíò³í³? ìà?ûçû æ?íå æ?éåñ³
Баспаналар - тасалан-ған адамдарды ядролық жарылыстың барлық зақымдаушы факторларынан, биологиялық құралдардан, сондай-ақ өрт кезінде түзілетін жоғары тем- пературалар мен зиянды газдардан қорғауға арналған құрылыстар.


Баспанада, әдетте, кемінде екіден кіретін жер, сыйымдылығы аз ба- спаналарда - кіретін жер мен апаттық шығу есігі жасалады. Қосылып салынған баспаналарда кіретін жер басқыш алаңшаларынан немесе тікелей көше арқылы жасалуы мүмкін. Апаттық шығу баспалдағы шахтамен немесе үйіндісіз аумаққа шығатын тесікпен аяқталатын жерасты галереясы түрінде жабдықталады. Сыртқы есік қорғаныстык- қымталупіы, ішкі есік кымталушы түрінде жасалады. Олардың арасын- да тамбур орналасады. Сыйымдылығы үлкен құрылыстарда (300-ден астам адамға) кіретін жердін, біреуінде тамбур-шлюз орналасады, ол ішкі және сыртқы жағынан қорғаныстық қымталған есіктермен жабы- лады. Бүл кірер жердің қорғаныстық касиеттерін бүзбастан баспанадан шығу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Ауамен жабдыктау, әдетте, екі режімде жүмыс істейді: таза желдету (ауаны шаңнан тазарту) және сүзгілік-желдету. Өрт кауіптілігі бар ау- дандарда орналасқан баспаналар ішінде ауаны қайта өндіретін толық оқшаулау режімі қосымша қарастырылады.
Баспаналардың энергиямен, сумен жабдықтау қүрылғылары, жы- лыту және кәріздік жүйесі тиісті сыртқы желілермен байланысқан. Олар зақымданған жағдайда баспанада тасымалды электр шамдары, судың сақтық қоры, лас заттарды жинауға арналған сыйымдылықтар (ыдыстар) болады.
Баспаналарды жылыту жалпы жылыту жүйесі аркылы іске асады. Баспананың бөлмелерінде бүдан бөлек, барлау жүргізуте арналған құралдар, қорғаныс киімі, өрт сөндіру қүралдары, апаттық жағдайға арналған қор орналастырылады.


Есте сақта!


Радиацияға қарсы тасалану орындары (РҚТО) жергілікті жер радиоактивті зақымданған кезде адамдарды иондаушы сәулеленулерден қорғауды қамтамасыз етеді. Бұған қоса, олар жарықтық сәулеленуден. өтпелі радиациядан (оның ішінде, нейтронды ағыннан) және ішінара екпінді соққыдан, сондай-ақ адамдардың терісі мен киіміне тікелей радиоактивті, уландырушы заттар мен биологиялық құралдардың түсуінен қорғайды.


РКТО көбінесе ғимараттар мен құрылыстардың жертөлелік қабат- тарына орналастырылады. Біркатар жағдайларда радиацияға қарсы тез түрғызылатын, жеке орналасқан тасалану орындары салынуы мүмкін,


160


‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^


ол үшін өнеркәсіптік (қүрастырмалы темір-бетон элементтері, кірпіш, прокат) немесе жергілікті (ағаш материалдар, тастар, бүталар және т.б.) қүрылыс материалдары пайдаланылады.
Радиацияға қарсы тасалану орындары ретінде аталған мақсат үшін барлық жарамды үй-жайлар: жертөлелер мен үралар (80-сурет), көкөніс қоймалары, жерасты кен орындары мен үңгірлер, сондай-ақ жер үстіндегі қажетті қорғаныстық қасиеттері бар материалдардан жасалған қабырғалы ғимараттар пайдаланылады.
Қорғаныстық қасиеттерін арттыру үшін үй-жайлардағы терезелік саңылаулар мен артык есік ойықтарын бітейді, жабынға бір қабат топырақ салады, егер қажет болса, жер бетінен жоғары шығып түрған қабырғалардың сыртынан топырақ үйеді. Үй-жайларды қымтауға қабырғалар мен төбедегі, терезе және есік ойықтары жанасатын жерлердегі, жылыту және су күбырлары жүргізілген жерлердегі жарықшақтарды, саңылаулар мен тесіктерді мұқият бітеу, есіктерді қиыстыру және оларды киізбен қаптау, босағаны киіз немесе басқа тығыз, жұмсақ мата білікшесімен нығыздау арқылы кол жеткізеді.
30 адамға дейін сыятын тасалану орындары ауа ағыны келетін және іштегі ауаны сыртқа сорып алатын шығару қораптары аркылы табиғи жолмен желдетіледі. Ауаны тартуды қамтамасыз ету үшін ауа шығару корабын ауа ағыны келетін қораптан 1,5-2 м биігірек орнатады. Жел- дету қораптарын сыртқа шығарған жерде күнқағарлар, ал үй-жаймен жанасатын жерде радиоактивті жауын-шашынның түсуі кезінде тығыз жабылатын жапқыштар жасалады. Тасалану орындарының ішкі жабдықталуы баспананың жабдыкталуына үқсас болады. Су қүбырымен және кәріздік жүйемен жабдықталмаған, тасалану7 орын- дарына бейімделген үй-жайларда бір адамға тәулігіне 3-4 л есебімен





80-сурет. Тасалану орнына бейімделген жертөле (1) мен үра (2)


161


‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217





Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^


суға арналған бөшкелер орнатылады, ал дәретхананы шығарылатын ыдыспен немесе шұңқыры бар лифт-клозетпен жарақтайды немесе биодәретхана орнатады. Буған қоса тасалану орнында сәкілер (отыр- ғыштар), азық-түлікке арналған сөрелер немесе жәшіктер болуы тиіс. Жарыктандыру сырткы электр желісімен немесе тасымалды электр шамдарымен жүзеге асырылады.
Радиацияға қарсы тасалану орындарының радиоактивті сәулеленудің әсерінен қорғау қасиеттері қорғау коэффициентімен (радиацияның әлсіреуі) бағаланады. Ол ашық жердегі радиация мөлшерінің тасалану орнындағы радиация мөлшерінен қанша есе көп екендігін, яғни РҚТО- ның радиация әсерін, осыған орай адамдардың сәулелену мөлшерін канша есе әлсірететінін көрсетеді. Кейбір үй-жайлардың қорғау касиеттері 4-кестеде келтірілген.


4-кестс


Үй-жайлардың қорғаныстық қасиеттері

Үй-жайлардың түрлері

Өлсіреу коэффициенттері

Бір және екі кабатты ғимараттардың бірінші кабатындағы ішкі бөлмелер:
ағаш кабырғалармен қапталған
кірпіш қабырғалармен қапталған

9
5-7

Кепқабатты ғимараттардың жоғары қабаттарындағы (соңғысын қоспағанда) ішкі бөлмелер

50

Бір және екі қабатты ғимараттардың жертөлелік бөлмелері Ағаш
Тас

7-12 200-300

Көпқабатты ғимараттар жертөлесінің орта бөлігі

500-1000


Ғимараттардың жертөлелік қабаттары мен ііпкі бөлмелерін жете жабдықтау олардың корғаныстық қасиеттерін бірнеше есе арттырады. Мысалы, ағаш үйлердің жабдықталған жертөлелерінің коэффициент! шамамен 100-ге, тас (кірпіш, бетон) үйлердікі 800-1000-ға дейін ар­тады. Жабдықталмаған ұралар радиацияны 350-400 есе әлсіретеді.
Баспана коменданттын өкімімен толтырылғаннан кейін кызмет көрсету тобының жеке құрамы қорғаныстық қымталған есіктерді, апаттық шығу есіктерінің какпақтарын және ауаны желдету құрыл- ғысының бітеуіштерін жабады. Сүзгілік-желдету агрегатын таза жел­дету режіміне қосады.
Ауамен бірге улы немесе уландырушы заттардың өтіп кеткені анықталған жағдайда паналаушылар дереу тыныс алу органдарын қорғау қүралдарын киеді, ал баспана сүзгілік-желдету режіміне ауыстырылады. 162


‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^


Баспанаға жақын жерде өрт шыққан немесе әсері күшті улы заттардың қауіпті мөлшері түзілген кезде қорғаныс қүрылысы толық оқшаулау режіміне ауыстырылады және ауаны кайта сүзу қондырғысы іске қосылады.
Халықтың қорғаныс күрылыстарында болу уақытын объектілердің Азаматтық қорғаныс бастықтары анықтайды. Олар мұнымен бірге баспаналар мен тасалану орындарынан шығу кезіндегі әрекеттер мен мінез-қүлық ережелерін белгілейді. Бүл тәртіп пен мінез-қүлық ере- желері қорғаныс қүрылысына телефон арқылы немесе басқа да мүмкін болатын тәсілмен хабарланады.
Паналаушыларды баспанадан (тасалану орнынан) шығару қызмет корсету тобы командирінің нүсқауы бойынша «әуе дабылын тоқтату» спгналынан кейін немесе қүрылыстың адам өміріне қатер төндіретін апаттык жай-күйі жағдайында жүргізіледі.


Қарапайым таса





Ең қарапайым тасалану орындарына ашықжәне жабылған саңылаулар (66-сурет) жа- тады. Мұндай тасалану орындарын халық өз күшімен қолда бар материалдармен жасайды.
Олар сенімді қорғаныстық қасиеттерге ие болады. Мысалы, ашық саңылау екпінді соқкы, жарықтық сәулелену мен өтпелі радиациямен зақымдану ықтималдығын 1,2-2 есе азайтады, радиоактивті зақымдану аймағында сәулелену мүмкіндігін 2-3 есе төмендетеді. Жабылған саңылау жарықтық сәулеленуден толықтай, екпінді соққыдан 2,5—3 есе, өтпелі радиация мен радиоактивті сәулеленуден 200-300 есе қорғайды. Ол сондай-ақ киім мен теріге радиоактивті, уландырушы заттар мен биологиялық қүралдардың тікелей түсуінен де сақтайды.
Саңылаулардың қүрылысына арналған орын еріген қар суы мен жа- уын суы басып кетпейтін жерлерден таңдап алынады, яғни жер бетін- дегі ғимараттар деңгейімен салыстырғанда биігірек орналасуы тиіс.
Бастапқыда саңылауды ашык етіп жасайды. Ол үзындығы 15 м-ден көп емес бірнеше түзусызықты бүрыштары бар, ирек келген ор болып табылады. Оның тереңдігі 1,8-2 м, жоғары жағындағы ені 1,1-1,2 м, түбіндегі ені 0,8 м-ге дейін болады. Саңылаудың үзындығы бір адамға 0,5-0,6 м есебімен анықталады. Ал қалыпты сыйымдылығы - 10-15 адам, ең үлкендеріне 50 адамға дейін сыяды.
Саңылау қүрылысын оның сол жердегі жоспарын белгілеуден бастай- ды. Алдымен негізгі сызық жүргізіледі, одан кейін саңылаудың жалпы үзындығы белгіленіп, оңға және солға қарай саңылаудың беткі енінің жарты өлшемі түсіріледі. Бүрылған жерлерге қазықтар қағылып, олар-


163


‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^


240





81-сурет. Жабылған саңылау


дың арасына жіп тартылады және терендігі 5-7 см шүңқырлар тартылған жіп бойынша емес, ішке қарай бірнеше адым жасаған нүктеден бастап казылады. Терендеуіне қарай саңылаудың жақтауларын біртіндеп тегіс- тейді және оны талап етілетін өлшемдерге дейін жеткізеді. Бүдан кейін саңылау қабырғаларын тақтайлармен, сырықтармен, камыспен неме­се басқа да қолда бар материалдармен бекітеді. Одан әрі саңылауды бөренелермен, шпалдармен немесе көлемі шағын темір-бетондармен жабады. Жабынның үстінен рубероид, карақағаз, хлорвинил үлдірлерін қолдана отырып, гидроокшаулау қабатын немесе ылғалды балшық қабатын жасайды. Одан кейін қалыңдығы 50-60 см болатын топырақ қабатын үйеді.
Кіретін жерді саңылауға тік бұрыш болатындай бір немесе екі жағы- нан жасайды және қымталған есік пен тамбур арқылы жабдықтайды, паналаушыларға арналған үй-жай тығыз матадан жасалған шымыл- дықпен бөлінеді. Желдетуге арналған ауа қорабы орнатылып, еденді бойлай кәріздік шұңкыр қазылады, ол саңылауға кірер жерде орналас- кан қүдықпен жалғастырылады.





1. Үжымдық корғану қүралдарына қандай құрылыстар жатады?


  1. Баспана (радиацияға қарсы тасалану орны, саңылау) қалай жасалады?

  2. Қандай үй-жаилар радиацияга қарсы тасалану орны ретінде пайдаланы- луы мүмкін?

  3. Бір және екі қабатты агаш (тас) ғимараттардың ішкі (жертөлелік) бөлме- леріне радиация қаншалықты эсер етеді?

  4. Ашық (жабылған) саңылау екпінді соққынын (жарықтык сәулелену. өтпелі радиация) зақымдау ықтималдығын қанша есе азайтады?

  5. Ашық (жабық) саңылауға сипаттама жасаңдар. Оның өлшемдері қандай?


164


‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217





Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^


1. Дәптерлеріңе баспаналар мен радиацияға қарсы тасалану орындарыныц айрықша ерекшеліктерін талдау түрінде жазыңдар.

Баспаналар

Радиацияға карсы тасалану орындары
































2. Дәптерлеріңе қарапайым тасалану күрылысының ерекшеліктерін жазындар.
Ашық саңылаулар


Жабылған саңылаулар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет