Ядролық оқ-дәрі жарылысының қуаттылығын тротил эквивалентен, яғни кәдімгі жарылғыш зат (тротил) мөлшерімен анықтау қабылданған, ол жарылған кезде осы ядролық оқ-дәрі жарылған кездегідей энергия беліп шығарады. Т ротилдік эквивалент тонналармен (килотоннамен, мегатоннамен) өлшенеді.
Ядролык, оқ-дәрілерді нысанаға дәлдеп жеткізу күралдары зымырандар (ядролық соққылар жасаудың негізгі құралы), авиация мен артиллерия болып табылады. Бұдан бөлек, ядролык, фугастар да қолданылуы мүмкін.
Ядролық жарылыстар әртүрлі биіктікте: ауада, жер (су) бетінде және жер (су) астында жүзеге асырылады. Осыған сәйкес оларды ауалық. жербетілік (субетіл і к) және жерастылық (суастылық) деп белу қабылданған. Жарылыс болып өткен нүкте центр деп, ал оның жер (су) бетіндегі проекциясы ядролық жарылыстың эпицентрі деп аталады.
135
‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217