Құқық негіздерінің қайнар көздері


Сайлау органдары мәртебесі мен өкілеттіктері



бет21/116
Дата17.02.2022
өлшемі1 Mb.
#132231
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   116
Байланысты:
350093 2
1508-29a Жұмаева Н., 1508-29a Жұмаева Н., 1508-29а Жұмаева Назым, Жұмаева Н. Философияның таңдаулы 25 кітабы, Ерубаева Ж.С., К. Айткалиева, Bushmanova Assem
Сайлау органдары мәртебесі мен өкілеттіктері.
Қазақстан Республикасында сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады. Сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне:
1) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;
2) аумақтық сайлау комиссиялары;
3) округтік сайлау комиссиялары;
4) учаскелік сайлау комиссиялары кіреді.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі - бес жыл. Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Мәслихат белгілеген, сайлау комиссияларын құру мерзіміне дейін бір ай ішінде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі аяқталардан 2 ай бұрын басталады және өкілеттік мерзімінің бітуіне кемінде 3 күн қалғанда аяқталады.
Сайлау комиссияларын құру туралы шешім, олардың құрамы мен орналасқан жері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады. 
Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық етеді және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Орталық сайлау комиссиясы Республика Президентінің ұсынуы бойынша Парламент Мәжілісі қызметке сайлайтын және қызметтен босататын комиссияның Төрағасынан, Төрағасының орынбасарынан, хатшысынан және мүшелерінен тұрады. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен хатшысының жоғары заң білімі болуға тиіс. Орталық сайлау комиссиясының өз аппараты болады және оларға жұмсалатын шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Республиканың орталық сайлау комиссиясының өкілеттіктеріне:
1) Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады және өзінің құзыреті шегінде бүкіл Республика аумағында міндетті шешімдер қабылдайды;
2) Президент пен Парламент Мәжілісі мен Сенат депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастырады;
3) саяси партияларды Парламент Мәжілісі депутаттарының партиялық тізім бойынша сайланатын бөлігіне қатыстыру мәселесін қарайды;
4) сайлау науқанын өткізуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлі сметасын жасап, Республика Үкіметіне ұсынады, республикалық бюджеттің сайлау науқанын өткізуге арнап бөлінген қаражатын бөлу; сайлау комиссияларының қызметіне қажетті материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылау; аумақтық және округтік сайлау комиссияларының шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарау; саяси партиялардың өкілдерімен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнінде семинарлар өткізу және т.б.
Аумақтық сайлау комиссияларына облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары жатады.
Аумақты сайлау комиссиялары жеті адамнан құрылады және Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді.
Округтік сайлау комиссиялары сайлау oкругтерінде Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді. Округтік сайлау комиссиясы жеті адамнан құрылады.
Округтік сайлау комиссиясының өкілеттіктері:

  1. - тиісті сайлау округінің аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;

  2. - учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырып, үйлестіріп отырады; олардың шешімдерінің күшін жояды және тоқтата тұрады; учаскелік сайлау комиссияларының қызметіне қажетті материалдық-техникалық жағдай жасалуын бақылайды;

  3. Парламент, Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған кандидаттарды, олардың сенім білдірген адамдарын
    тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тіркеу туралы хабар жариялайды; 

  4. қайта дауыс беру, қайта сайлау және шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткізеді;

Учаскелік сайлау комиссиялары тиісті сайлау учаскелерінде Президентті, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді. Учаскелік сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.
Учаскелік сайлау комиссияларының өкілеттіктері:

  1. сайлау учаскесінде Президентті, Парламент Мәжілісінің, мәслихаттардың депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі сайлау шараларын жүргізеді;

  2. тиісті сайлау учаскесінде сайлаушылардың тізімін нақтылайды

  3. азаматтарды сайлаушылардың тізімімен таныстырады, тізімдердегі қателіктер мен жаңсақтықтар туралы арыздарды қарайды және оған тиісті өзгерістер енгізу туралы мәселелерді шешеді;

  4. сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабарландырады;

  5. дауыс беруге арналған үй-жай дайындайды, кабиналар мен жәшіктердің жасалуын қамтамасыз етеді;

  6. сайлау күні сайлау учаскесінде дауыс берілуін ұйымдастырады;

  7. дауыс санауды жүргізеді және учаскедегі дауыс беру нәтижелерін анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет