Пәнді қамтитын жобалар
Моножоба
Бір пәнге негізделіп өткізілетін жобаның түрі. Жобаның міндеттері, іскерлік және нәтижесінде алатын білімдерін болжау.
Пәнаралық жоба
Сабақтан тыс уақытта орындалады және басқа пәндермен байланыста болады.
Жобаға тән белгілер
Ашық координациялық және Жабық (телекоммуникациялық жоба)
Жоба барысында басшы кеңесші-бағытшы қызметін көрсетеді. Кеңесші өзін жобаның толыққаны мүшесі ретінде қарауы. Телекоммуникация арқылы оқушылардың талдайтын компьютерлік жоба түрі
Байланыс түрлері
Ішкі (аумақтық)
Мектеп ішінде өткізілетін, мектептер аралық, бір аймақтың ішінде
Халықаралық
Әр елдің оқушылары қатысады.
Жобаға қатысушылар-дың саны
Жеке
Жеке және екі әріптестер арасында өткізіледі.
Жұптық
Жұптар арасында өткізілетін жоба.
Топтық
Топтар арасында өткізілетін жоба.
Жобаның өткізілу мерзімі
Қысқа мерзімді
Шағын проблемаларды шешуге арналған жоба, нақты проблемасы бар пәнаралық жоба
Орташа мерзімді
(1-2 ай)
Нақты проблемасы бар пәнаралық жоба.
Ұзақ мерзімді (1 жылға дейін)
Нақты проблемасы бар пәнаралық жоба
Жоғарыда берілген кестеге талдау жасасақ, Е.С. Полат жобаларды төмендегідей белгілері бойынша топтастырған:
Жобадағы қолданылатын әдіс түрлеріне қарай:
а) зерттеушілік;
б) шығармашылық;
б) рольдік ойындар;
в) ақпараты жоба;
г) іс жүзінде қолдануға бағыталған.
Бір пән бойынша немесе басқа пәндерде орындалуына қарай:
а) моножоба;
ә) пәнаралық
Жобаның өзіне тән белгілеріне қарай:
а) ашық координациялық;
ә) жабық (телекоммуникациялық)
Байланыс түрлеріне қарай:
а) ішкі (аумақтық);
ә) халықаралық.
Қатысушылардың санына қарай:
а) жеке;
ә) жұптық;
б) ұжымдық.
Жобаның орындалу мерзіміне қарай:
а) қысқа мерзімді;
ә) орташа мерзімді (1-2 ай);
б) ұзақ мерзімді (1 жылға дейін)
Ал енді жобалау әдісіне қойылатын талаптарға келетін болсақ:
зертеуге тұрарлық және шығармашылық жағынан маңызды мәселенің болуын талап етеді;
зерттелетін мәселенің практикалық және теориялық жағынан құнды болуы;
оқушылардың сабақ кезінде және сабақтан тыс кезде өз бетімен іс-әрекет жасауы;
жоба жұмысының мазмұндық бөлімін жүйелендіру;
зертеу, бақылау әдістерін қолдану, оның ішінде: зерттелетін мәселені анықтау, сол мәселені шешуге қажетті зерттеу міндеттерін анықтау; болжамды ұсыну, оны шешу; зерттеу әдістерін талқылау; зерттеудің көркемдік нәтижесін көркемдеу; жобаны қорғау және қорытынды шығару.
О.Т.Ломакина: «Жоба – бұл шешім, белгілі проблеманы зерттеу, оның практикалық жүзеге асуы. Жобалау технологиясы қиын және бірнеше шығармашылық кезеңдерден және зерттеу жұмыстарынан тұрады». (24) Осынысымен жоба технологиясы рольдік ойындардан, пікірталастан басқаша, жұмыс барысында топтық жұмысқа оқушыларды бөлуде келесі әдістемелік мақсаттар жүзеге асады:
а) материалдарды жақсы меңгеру қажеттілігі;
б) қызығушылықты ояту, дамыту;
в) оқушыларды танымдық іс-әрекетке ынталандыру. Яғни, егер оқушы тақырып бойынша қажетті материалдарды жетік меңгермесе атқарылатын жұмысқа қызығушылық танытпаса, ынталанбаса, оның жақсы, жемісті нәтижеге жетуі екіталай. Жоба оқушылардың өз бетінше жасалатын жұмысы болғандықтан оқушы өзі ізденіп, қажетті ақпараттар жинап, топпен бірлікте жұмыс атқара білуі қажет. Яғни осы көрсетілген әдістемелік мақсаттар жоба технологиясында кездеседі. (24)
Дегенмен, жоба жұмысы барысында белгілі қиындықтар кездеседі. Барлық кезде оқушылар жоба дайындауға және шетел тілінде сөйлеп, жобаның іс жүзінде асыруға қабілетті емес: талқылау, жарыс сөз жүргізу, ұйымдастыру жұмыстарын талқылау, ойларын құрастыру және т.б. Басты қиындықтың бірі – тілдік қателер, ақпараттың белгілі көлемі таныс болмауына байланысты тілдік қиындықтар кездеседі. Жобалық тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар шетел тілін меңгеруді, оқудың практикалық пайдасын көре алады. Пәнге деген қызығушылық артады, оқушылардың коммуникативті компетенциясы дамиды, олардың тілдік тұлғалары қалыптасады.
Жоба технологиясының психологиялық-педагогикалық және әдістемелік негізін қалыптастыра келе мынадай қорытындыға келдік:
Шетел тілін оқытуда міндетті түрде әр оқушының қажеттілігін ескере отырып, шетел тілін үйрету үрдісін міндетті түрде жеке тұлғаға бағыттау керек;
Шетел тілін оқытуда жобаға қатысушы оқушылар мен мұғалімнің өзара қарым-қатынастары белсендіріледі;
Шетел тілін оқыту процесінде маңызды шарттардың бірі ретінде оқушылардың мотивациясын (ынтасын) жоғарылататын материалдарды қолдану қажет.
Шетел тілі сабағында жоба әдісін қолдану оқушыларды еркін және креативті ойлауға қабілеттендіреді.
Сапалы білім беру шарты бойынша шетел тілін оқыту интеллектуалды, шығармашылық және коммуникативті іскерліктерін меңгеруді ұйымдастыруы тиіс;
Жоба жұмысы барысында кезеңдер саты бойынша жүзеге асуы тиіс;
Шетел тілін оқытуда оқушыларға шетел тілін сабақта және сабақтан тыс уақыттарда меңгеруге болатындай жағдай жасауымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |