Ы семей мемлекеттік



бет25/95
Дата05.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#2938
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   95
Мақал –мәтелдер.
Тілімізде ойды бейнелеп, әсерлеп айту үшін қолданылатын арнайы сөз тіркестері бар. Ондай тіркестердің құрамындағы сөздердің орын тәртібі берік, тұрақты болады. Сондықтан оларды тұрақты тіркестер немесе фразеологизмдер деп атайды. Осындай тұрақтылық қасиет, астарлы мағына мақал мен мәтелдерге аяқталған сөйлем болып қолданылады: қолы қимылдағанның аузы қимылдайды т.б.
Қазақтың ескіден келе жатқан ауыз әдебиетін алсақ, үлкен бір саласы болып саналатын түр ақыл, нақыл сөздер деуге болады. Күні бүгінге шейін бұл екеуі қосылып, бірнеше рет қазақ тілінде кітап етіліп шығарылды. Бірақ олардың ешқайсысында айтуға тұрарлықтай бұл мәселелерге талдаулар берілген емес. Халық әдебиетіндегі аз сөзбен көп мағына беретін қысқа-қысқа терең мағыналы сөздерді нақыл сөз, не мақал-мәтел деп атап, жинап бастырумен ғана қанағаттанып келінді.
Мұның екеуі де негізінде, аты белгісіз халық даналарының өмірді бақылай келіп айтқан үлкен ой, терең пікірлерінің жиынтығы. Тәжірибе жемісі. Нақыл сөздерді де түгелдей халық туғызды десек, қате болар еді. Өйткені халық дегенде, біз еңбекші халықты ұғамыз. Әрине, нақыл сөздерге үстем таптық идеясын үндейтіндері де толып жатыр. Сондықтан да біз «негізінде» деп, әдейі ескертіп отырмыз.
Бізше, күні бүгінге дейін «мақал-мәтел», «нақыл сөз» делініп келген, не олай деп айтылынбаса да, сол тектес сөздерді мағынасына, құрылысына қарап ақыл сөздер (дидактикалық сөздер), нақыл сөздер (афоризм) деп екіге бөлу керек тәрізді. Мақал-мәтелдер өздерінің мазмұнына қарай, кейбіреулері ақыл сөздер тобына, кейбіреулері нақыл сөздер тобына жатуға тиісті. Бұл екеуінің айырмасы қайсы? Бізше, бірі өмірді танытады. Екіншісі, өмірге жетектейді.
Ақыл сөздер - халықтың кейінгілерге қалдырған өсиет-ақылы, өмір-тіршіліктеріне жетекші басшылық. Сондықтан оның мағынасы ашық, ұғуға жеңіл, көпшіліктің бәріне түсінікті, аз сөзге көп мағына сыйғызып, көркемдеп айтылған үгіт-насихат.
Нақыл сөздер дегеніміз - үлкен ой, терең пікірге құрылған өмір туралы айтылған ел санасының қорытындысы. Ащы мен тұщы, алыс пен жуық, жақсы мен жаман - осылар сықылды өмірдің әртүрлі жақтарын ой елегінен өткізіп, олар жөніндегі халықтың шығарған үзілді-кесілді өкімі, өмірдегі әр алуан құбылыс, іс-әрекеттерді өзінше әбден бақылап, сынай келе, «қатесіз», өмірде тап солай болатындығына көздері жетіп, өмір шындығына айтқандары дәл келетін етіп кейінгі ұрпаққа қалдырған халық даналығының сәулесі, ой түйіні.
Нақыл сөз мағына жағынан алғанда, ақыл сөз тәрізді, мынаны істе, жақсы, ананы істеме, жаман демейді, өмірдегі өзінің көргенін, сезгенін, бақылағанын қорытып айтады да қояды.
«Жаманға жүзің салма,
Малды екен деп.
Жақсыдан қолыңды үзбе,
Жарлы екен деп».
(ақыл сөз)
«Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар».
(нақыл сөз)
Алдыңғысында адамның кімнен қашып, кімнен қол үзбеу керектігін айтса, соңында ол жоқ. Өнерлі жігіт пен өнерсіз жігіт туралы өзінің бақылай келе қорытқан пікірін айтады. «Мынаны ал, ананы алма» демейді. Оқушы, тыңдау- шы өзінше ойлап, өзінше түюлері керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет