I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде



бет25/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   99
Байланысты:
ТОпиик (копия), Шамаран Дана 318 А ., физика, жас маманнын педагогиалык идеясы
Баласағұн - ортағасырлық ірі қалалардың бірі. Бұл қала Шу өзенінің бойында орналасқан. Жалпы зерттеулер бойынша, Баласағұн қаласы V ғасырда пайда болған. Бір кездері Баласағұн қарлұқтар мен қарақытайлардың астанасы болған. Баласағұнда ұлы ақын Жүсіп Баласағұн туған. Баласағұн қаласы Ақтөбе деп те аталған. Баласағұн қаласында 10 мыңдай адам тұрған.
Сауран – Оңтүстік Қазақстанның орта ғасырлардағы ірі қалаларының бірі. Қазіргі Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Сауран туралы алғашқы деректер Х ғасырдағы еңбектерде кездеседі. Араб тарихшысы Мақдисидің шығармасында «Сауран – жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде рабат, мешіт бар» деп жазылған. ХІІІ ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың орталық қалаларының бірі болды. ХІV ғасырдың аяғында Әмір Темір қаланы әскери қамалға айналдырған. Сауран ХVІІ ғасырдың аяғы мен ХVІІІ ғасырдың басында әлсіреп, ХІХ ғасырда біржолата күйреген. Қазіргі кезде Сауран қаласының қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары сақталған. Аумағы 550-800 м. дөңгелек алаң. Қаланың ішіне қақпа арқылы кіруге болады. Қаланы қоршаған дуалдың сырт жағында көптеген каналдардың іздері сақталған. Археологтар жүргізген зерттеу жұмыстары қаланың VІІ-ХVІІІ ғасырларда өмір сүргендігін дәлелдейді.
Отырар (Фараб) – Оңтүстік Қазақстан облысындағы ежелгі қала. Отырар VІІІ ғасырдың басында Тарбанд деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған түрік сына жазбаларында кездеседі. Отырар ІХ ғасырдадың өзінде-ақ ірі қалаға айналған. V-ХV ғасырларда Отырар Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын орталық, сондай-ақ, Иран және Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала. 1218 жылы Мұхаммед Хорезмшаһтың Отырардағы билеушісі Қайыр ханның әмірімен Шыңғыс хан керуеніндегі көпестер өлтіріледі. Бұл Шыңғыс ханның Орта Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын «Отырар апаты» деген атпен белгілі. Ақ Орда хандары, әсіресе, Ерзен хан мұнда медресе, мешіт, кесенелер салған. Жошы ұлысы құлағаннан кейін Отырар Әмір Темір мемлекетінің құрамына кірген. Әмір Темір мұнда бірнеше рет болып, Шығыс жорығына аттанарда (1405 жылы) осында дүниеден өткен. ХVІ ғасырдың басында қала қазақтардың билігіне біржолата көшіп, шамамен ХVІІІ ғасырдың басына дейін өмір сүрді. Отырар қаласында 16 мың халық тұрған. Қазір Отырар орнында археологиялық қазба жұмыстар жүргізілуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет