I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


ІV ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН МОНҒОЛ ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ



бет28/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   99
Байланысты:
ТОпиик (копия), Шамаран Дана 318 А ., физика, жас маманнын педагогиалык идеясы
ІV ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН МОНҒОЛ ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ
ДӘУІРІНДЕ


§ 22.Монғол мемлекетінің құрылуы

ХІ-ХІІ ғасырда монғол тайпалары Орхон мен Керуленге қоныстанды. ХІІІ ғасырдың басында Қытайдың солтүстігіндегі ұлан-ғайыр территорияда Монғол мемлекеті құрылды. Боржігін тайпасынан шыққан Темучин (1155-1227 жж.) бытыраңқы монғол тайпаларын біріктіріп, монғол патшалығын құрған. Темучиннің әкесі - Есукей батыр.


1206 жылы Монғолияның Онон өзенінің жағасында болған құрылтайда ақсүйек, шонжарлар Темучинге «Шыңғыс хан» деген атақ беріп, оны Монғол мемлекетінің ұлы ханы деп жариялайды. Монғол империясының астанасы Қарақорым болды. Шыңғыс ханның мақсаты аса күшті әскери-феодалдық мемлекет құру еді. Әскер күші 3-ке бөлінді: оң қол, сол қол және орталық. Әскерлер жүздікке, мыңдық, түменге бөлінді. монғол феодалдары «ноян» деп аталды. Шыңғыс хан көшпелі ақсүйектердің талабын орындау үшін, дүние жүзіне атын шығару үшін, ішкі тартыстарды тоқтату үшін және әлемді билеу үшін шапқышылық жолына түсті. ХІІІ ғасырдың басынан бастап-ақ Шыңғыс хан басқыншылық соғыстар жүргізді. Таяу қоныстанған көптеген тайпаларды бағындырады. 1207-1208 жылдары монғол әскерлері Сібірдегі буряттар, якуттар мен ойраттарды, Енисей қырғыздарын жаулап алады. 1211 жылы Қытайды және оның астанасы Пекинді (Ханбалықты) бағындырды.
1217 жылы қарлұқтар Шыңғыс ханның қол астына қарайды. 1218 жылы Шыңғыс ханның сенімді нөкері Жебе ноян Жетісуға басып кіріп, найман ханы Күшлікті жеңеді. Осы жылы Шыңғыс хан Хорезм шахы Мұхаммедке бейбіт келісім жасау үшін елші жібереді. 450адамнан құралған елшілік 500 түйемен Отырарға барғанда, Отырар билеушісі Қайыр хан керуенді тонап, адамдарды өлтіреді. Бұл оқиға шыңғыс ханның Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанға басып кіруіне басты сылтау болады. Сыр бойындағы қалалар Бұхара, Самарқан, Сығанақ, Сауран, Баршынкент, Жент, Үзгент тағы басқа қалалар 1219-1220 жылдары толығымен монғолдардың иелігіне көшті.
1219 жылы қыркүйекте Шыңғыс ханның 111 мың әскері Отырар қаласын қоршады. Бұл қалың қолды Шыңғыс ханның ұлдары Шағатай мен Үгедей басқарды. Қайыр хан 50 мың әскерімен Отырарды 5 ай (кейбір деректерде 6 ай) бойы қорғады. 1219-1224 жылдар аралығында Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алып, өз империясының құрамына қосты.
1236 жылы Еуропа жорығы басталды. Шыңғысханның немересі Батый монғол әскерінің қолбасшысы болды. Ол 1236-1242 жылдары Еділ бұлғарларын, орыс княздіктерін талқандап, Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молдавияны одан әрі Адриат теңізіне дейінгі жерлерді жаулап алады.
1238 жылы Бұхарада Махмұд Тараби бастаған көтеріліс Шыңғыс хан қол астындағы халықтар көтерілісінің ең ірісі болды. Ұлан-байтақ өңірлерді жаулап алған Шыңғыс хан өзінің төрт ұлына ол жерлерді бөліп берді. Қазақстан территориясы үш монғол ұлысының құрамына кірді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет