I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


Алтын Орданың ыдырау себебі мыналар



бет30/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   99
Байланысты:
ТОпиик (копия), Шамаран Дана 318 А ., физика, жас маманнын педагогиалык идеясы
Алтын Орданың ыдырау себебі мыналар:
-этникалық құрамы әр түрлі халықтар бір мемлекетте тұра алмады;
-шаруашылығының өркендеуі нашар болды;
-билік үшін талас күшейді;
-езілген халықтың азаттық күресі күшейді;
Әмір Темір әскерлерінің 1389-1391 және 1395 жылдардағы жорықтары нәтижесінде Алтын Орда талқандалды. Алтын Орда ХV ғасырдың ортасына қарай біржола құлады.
Шаруашылығы және мәдениеті. Көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы егін шаруашылығы Алтын Орда халықтарының басты шаруашылығы осы екеуі. Алтын Орда халықтары, негізінен мұсылмандар болды. Мемлекетте алғашқыда көне ұйғыр жазуы негізгі жазу болып қалыптасса, кейіннен ислам діні ықпалының күшеюіне байланысты араб жазуы да қатар қолданылды.


§ 24.Ақ орда

Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында орналасқан Алтын Ордадан Ақ Орда дербес мемлекет болып бөлінді. Бастапқы Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісудың солтүстік-батыс бөлігі, Ертіс жағалауы Жошының үлкен ұлы Орда-Ежен ұлысы болып, ол Көк Орда деп аталды. Ал, Жайық, Ырғыз, Тобыл, Сарысу, Арал жағалауындағы далалық, сырдарияның төменгі сағасы Жошының бесінші ұлы - Шайбан үлесіне тиіп, оны Ақ Орда деп атады. Кейін Шайбан ұлысы Орда-Ежен ұлысының құрамына енген соң мемлекет Ақ Орда деп аталынды. Ақ Орда хандығы Жошы ұлысының территориясында болды. Ақ Орданың шаңырағын көтерген хан Орда-Ежен болатын. Ақ Орданың алғашқы ханы Сасы-Бұқа болды. Бұдан кейінгі Ақ Орда хандары Ерзен, Мүбәрәкқожа Алтын Ордаға тәуелділіктен құтылуға әрекет жасай бастады. Ақ Орда Алтын Орданың құрамына дербес хандық болып Ерзен хан тұсында бөлініп шықты. Ақ Орда тәуелсіз хандық болып Орыс ханның тұсында жарияланды. Осы ханның тұсында (1361-1377 жж.) Ақ Орда айтарлықтай күшейген болатын.


Ақ Орданың қалалары: Сығанақ, Ясы (Түркістан), Сауран, Жент, Баршынкент, Отырар. Астанасы - Сығанақ қаласы. Ақ Орда мемлекеті қазақ жерін түгел қамтыды. Тайпалары: қыпшақ, керей, найман, арғын, қоңырат, жалайыр, алшын, қарлұқ тағы басқалар. Ақ Орда халқы өзбек-қазақтар деп аталған. Ақ Орда ХІV-ХV ғасырларда Қазақстан аумағындағы феодалдық мемлекет болды. Мемлекет басында Шыңғыс тұқымынан шыққан хандар отырды. Ақ Орданы әлсіреткен Ақсақ Темір жорықтары болды. Ақ Орданың ыдырауы нәтижесінде Ноғай ордасы мен Әбілхайыр хандығы пайда болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет