I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


Төлеге (кіші ұлы) кіндік Монғолияны; Шағатайға



бет29/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   99
Төлеге (кіші ұлы) кіндік МонғолияныШағатайға Жетісу мен Әмудария маңын (Мауреннахр), Шығыс Түркістанды; Үгедейге Алтай, Тарбағатай, Батыс Монғолия жерлерін береді. Жошы (үлкен ұлы) үлесіне Ертістен батысқа қарай (бүкіл Дешті Қыпшақ жерін қоса) Оралға дейін, Жетісудың солтүстік бөлігі, Арал, Каспий маңындағы жерлер тиді.
Бұл бөлінген жерлер ұлыстар деп аталды. барлық ұлыстардың орталығы Қарақорым болды. Ал Қазақстан аймағы үш ұлысқа (Төледен басқа) қарады. Бұлардың ішінде ең ірісі - Жошы ұлысы, шағыны - Шағатай ұлысы.
Жошы ұлысы. Шыңғыс хан құрған алып империя аумағының басым бөлігі Жошы ұлысына қарады. Алғашқыда ұлыс территориясы Ертістен Еділге дейінгі, Сібірден сырдарияға дейінгі жерлерді қамтыды. Қазақстан жерінің басым бөлігі осы ұлыстың құрамында болды. Жошы өлгеннен кейін мирасқоры Батый (Бату) жорықтары нәтижесінде ұлыс аумағын Алтайдан Дунайға дейін созды. Бұл ұлы мемлекет Алтын Орда мемлекеті деп аталды.
Шағатай ұлысы. Жетісу, Мауреннахр сияқты өңірлерді иеленген Шағатай 1241 жылы өлді. Оның орнына баласы Есу-Мөңке хан болды. Шағатай ұлысында тақ таласы тоқтамады, өзара қырқысулар ХІV ғасырдың ортасында ұлыстың ыдырауына әкеп соқты. Шағатай ұлысының жұртына Жетісуда Моғолстан мемлекеті құрылды.


§ 23.Алтын орда мемлекеті

1227 жылы Жошы өлген соң оның орнына ұлы Батый отырды.1235 жылы Монғол империясының астанасы Қарақорымда болған құрылтайда Батысқа (Еуропаға) шапқыншылық жорық жасау ұйғарылды. Бұл жорық 1236 жылы басталды. Алтын Орданың астанасы Сарай-Бату, ал кейінірек Сарай-Берке қаласы болды. Түрік деректерінде Батый ханның әскерлері қыпшақтар деп аталды. Себебі, ұлан-ғайыр өлкеде орналасқан мемлекет халқының басым бөлігі түркі тілдес қыпшақтар болатын. Мемлекеттің басты саяси-мәдени тілі қыпшақ тілі болды. Алтын Орда әскерлері оң қол, сол қол деп екі қанатқа бөлінді. мемлекет басындағы нояндар мен бектердің, басқақтар мен тамғашылардың қолында билік көп болды. Алтын Орда мемлекеті тарихи әдебиетте «Қыпшақ ұлысы» деп те аталды. Алтын Ордада монғолдар басым тайпа болған жоқ.


ХІV ғасырда монғолдар түркіленіп, Алтын Орданың халқы «татарлар» деп аталынған. Сонымен қатар алтын Орда Берке ханның тұсында біртұтас монғол империясынан, бөлек тәуелсіз мемлекет болды. Кейін Алтын Ордада Мөңке хан өз атынан теңге шығара бастады. Алтын Ордада ХІV ғасырдың І жартысында, Өзбек пен Жәнібек хандар тұсында едәуір көтерілді. Өзбек ханның тұсында 1312 жылы мұсылман діні мемлекеттік дін болып жарияланды. Алтын Орданың тәуелсіз иеліктерге бөлінген кезі ХІV ғасырдың ІІ жартысы.
1359-1379 жылдар Алтын Орда тарихында «Ұлы дүрбелең» кезеңі деп аталынды. Кейін Тоқтамыс хан Алтын Ордадағы өз билігін соғыстағы жеңістермен бекіте түспек болып 1382 жылы Мәскеуді өртеді. Солтүстік пен Батыста Ақсақ Темірдің басқыншылық жоспарларына Алтын Орда мемлекеті кедергі жасады. Әмір Темір мен Тоқтамыс хан арасындағы шешуші шайқас 1395 жылы болды. Тоқтамыс пен Темір арасындағы күрес-тартыс сыпыра жыраудың жырларында бар. Алтын Ордада әскер ісін және дипломатиялық қатынастарды «беклер-бектер» басқарды. Ал, «басқақтар» алым-салық жинаумен айналысты. Алтын Ордаға Темір мемлекетімен болған соғыс өте ауыр тиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет