I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде



бет31/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   99
§ 25.Моғолстан

ХІV ғасырда Шағатай мемлекеті батыс және шығыс иелікке бөлінді. Шығыс бөлігінде 1346-1348 жылдары Моғолстан мемлекеті құрылды. Дулат тайпасының феодал ақсүйек қауымының Әмір-Болатшы басшысы Моғолстан мемлекетінің негізін салды. Моғолстанда мемлекеттің саяси билігі және жер билігі ханның қолында болды. Моғолстанда ханға мемлекет басқаруда ханға ұлыс бегі көмектесті. Дулат тайпасының феодалдық ақсүйектер басшысы Әмір Болатшы жаңа Моғолстан мемлекетінің ханы етіп Тоғылық Темірді сайлады. 1348 жылы Тоғылық Темір Моғолстан ханы болып жарияланды.


Моғолстанның саяси-әкімшілік биліктерінің көбі дулат феодалдарының қолында болды. Моғолстанды Шағатай әулеті билеп келген. «Моғолстан» - тарихи-геологиялық термин сөз. Оның мәні «могул», «могол» деген ұғымнан шыққан. Орта Азия халықтарының айтуы бойынша, «монгол» деп аталып кеткен. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы халықтар Моғолстанның пайда болған кезінен бері түркі тілдес болды. Тарихи деректер бойынша, моғолдар құрамына дулаттар, қаңлылар, керейлер, үйсіндер, арғындар т.б. тайпалар енді. Моғолстан астанасы - Іле бойындағы Алмалық қаласы. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» кітабында Моғолстан территориясы жайында былай жазады: «Моғолстан шекарасының ұзындығы 7-8 айлық жол, Шығысында қалмақ жерімен шектесіп, Баркөл, Ертіс өзендерін қамтиды. Солтүстік шекарасында Балқаш, батысында Түркістан, оңтүстігінде Ташкент, Ферғана, Ақсу, Қашғар қалалары орналасқан». Тоғылық Темір ханның тұсында Моғолстан бүкіл Мауереннахрды жаулап алды.
1371-1372 жылдары Әмір Темір Моғолстанға алғаш рет жорық жасап көптеген қалаларды басып алды.
1371-1373, 1375-1377 жылдары Темірдің Моғолстан жеріне екінші шабуылы басталады. Моғолстан әскері орасан зор шығынға ұшырады.
1371-1373, 1383 жылы Темір Моғолстанға тағы бір рет басып кірді.
1389 жылы Қызыр Қожа Моғолстан тағына отырды.
1390 жылы Темір әскерлері Моғолстан жерін ойрандады. Осыдан кейін Моғолстан мемлекеті құлдырай берді. Моғолстанның күйреуіне әсер еткен басты тарихи оқиға - ХV ғасырдың ортасында оның батыс бөлігіне Шығыс Дешті-Қыпшақтан тайпалар тобының қоныс аударуы. Оған Орыс ханның шөберелері Керей мен Жәнібек басшылық етіп, шамамен 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрған еді.
Моғолстан тұрғындары негізінен көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүріп, мал шаруашылығымен айналысқан. Мемлекет Орта Азияның ұлттық-саяси және мәдени өмірінде маңызды рөл атқарды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет