Ахмет Йүгінеки (ХІІ ғ.) Түркістан қаласы маңындағы Жүйнек деген жерде дүниеге келген. Әкесі Махмұд ақын болған. Ахмет араб, парсы сияқты шығыс тілдерін жетік меңгерген. Өз заманының қадірлі де беделді адамы болған. Білімпаздығы үшін «Әдиб Ахмет» (оқымысты деген сөз) атаныпты. Қожа Ахмет Яссауйдың шәкірті. Ол түркі халқы әдеби тілінің қалыптасуына ықпал еткен. Ахмет ЙүгінекиХІІ ғасырда «Хибату-л-хақайық», яғни «Ақиқат сыйы» деген еңбек жазды. Кітап 466 жол өлеңнен тұрады, 20 шақты тақырыптарға бөлінеді. Еңбекте ақиқат, адамгершілік сияқты рухани ойларды қамтиды. Ақынның осы атақты кітабының қолжазбасы Стамбұл мешітінде сақталған. Шығармалары 1444 жылы Арслан, Әмір мен 1480 ж. түрік ғалымы Нәжит Асыл жасаған көшірмелермен белгілі. Түрік тілінде алғаш рет Рашид Рахмети Арат жариялады. Ал қазақ тіліндегі транскрипциясын Әмір Нәжит (1981 ж.) жасады.
Майқы би (Майқы Мәнұлы) ХІІ ғ.соңы - ХІІІ ғ.орта шенінде өмір сүрген. Майқы би атақты би, суырып салма ақын болған. Әкесі-Мән. Майқы жастайынан ақсақ болды. Сондықтан да болар Майқы атанғаны және оның 18 атасының да есімі Майқы болған. Шыңғысханның замандасы әрі кеңесшісі. Ел оны әулие деп те атаған, себебі, ол адам тағдыры мен оқиғаларды болжай білген. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген нақыл бар. Майқы би ұзақ өмір сүріп, 120 жасында қайтыс болған.
§ 19.VІ-ХІІI ғасырлардағықалалар
Орта ғасырларда әкімшілік, сауда-экономикалық орталық болған көптеген қала Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қалыптасты. Орта ғасырлардағы қалалардың бірнеше бөліктері болды. Олар мыналар:
- Шахристан қала билеушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің тұрағы.
- Рабад қаланың қолөнершілері мен саудагерлері тұратын бөлігі.
- Цитадель болса, қаланың қорғаныс бөлігі, яғни қамал мен бекіністер.
VІ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі ірі қалалар: Тараз, Отырар, Сауран, Құлан, Суяб, Мерке, Қойлық, Үзкент, Сығанақ, Испиджаб, Ясы (Түркістан), Баласағұн тағы басқалар. Археологтар Қазақстан жерінен 60-тан астам қаланың орнын анықтаған. Осы қалаларда халық біршама қоныстанды. Сонымен қатар қала халқы отырықшыға айналған көшпенділер есебінен көбейіп отырған.
Достарыңызбен бөлісу: |