I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


Салт-дәстүрі және діни-нанымы



бет7/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   99
Салт-дәстүрі және діни-нанымыҮйсіндердің салт-дәстүрі туралы ғылыми деректер жоқтың қасы. Тек қайтыс болған адамды жерлеу дәстүрі туралы біраз мәліметтер бар. Бұл мәліметтер археологиялық қазба деректер бойынша жинақталған. Ертедегі үйсіндер өлген адам тіріледі деп есептеген. Сондықтан да адамды жерлегенде оған о дүниеде керек болады-ау деген заттардың бәрін қоса көмген. Алдымен қайтыс болған адамды сәндеп киіндірген. Тірі кезінде пайдаланып жүрген заттарын жанына қоса қойған. Олар өлген адамға құрбандық шалып, ата-баба аруағына сиынған. Күнге, айға, жұлдыздарға табынған.


§ 5.Қаңлылар

Б.з.д. ІІІ ғасырда Қазақстанның оңтүстігінде қаңлы тайпалық одағы құрылды. Қаңлылар қазақ халқының қалыптасуына негіз болған көне түркі тайпаларына жатады. Өзінің ұзақ тарихында оның шекарасы кейде ұлғайып, кейде кішірейіп отырған. Бұған әртүрлі шапқыншылықтар мен соғыстар себеп болған.


Қаңлы тайпаларының атамекені Сырдария өзенінің орта ағысы мен Қаратау жотасы болған. Қаңлы елі күшейген тұстарда замандағы атақты мемлекеттер Қытай, Рим, Кушан онымен жан-жақты байланыс жасап тұрған. Қаңлылардың күшейіп гүлденген дәуірінде олар Ташкеннен Хорезмге дейінгі жерге иелік еткен. Қаңлы елін хан билеген. Оның үш орынбасары, уәзірлері болған. Елдің астанасы - Битянь қаласы. Ол қазіргі Түркістан қаласының маңында болған. Ал, екінші бір деректерде елдің астанасы Отырар қаласы болғандығын көрсетеді. Жазба деректерге қарағанда, қаңлы елі бес бөлікке бөлінген. Әр бөлік өзінің орталық қаласының атымен аталған. Әр бөліктің кіші ханы болған. Олар Ұлы ханға бағынған. Елдің билігі мұрагерлік жолмен әкеден балаға өтіп отырған. Ру басылары, бай адамдар, ақсақалдар кеңесі, әскери көсемдер қарапайым халықты өздеріне мәжбүрлеп бағындырды. Мүлік теңсіздігі адамдардың бай, кедей болып бөлінуін туғызды. Қытай деректерінде қаңлы билеушісінің жазғы және қысқы сарайлары бір-бірінен 900 шақырым қашықтықта орналасқан деп айтады.
Қаңлылар Иран, Сирия, Үндістан, Қытай, Қаратеңіз елдерімен сауда қатынасын жасаған. Қаңлылар Ү ғасырдың ортасында әлсіреп, Ақ ғұндар мемлекетінің құрамына қосылады.
Шаруашылығы. Қаңлылар табиғаты, климаттық, географиялық ерекшелігі әр түрлі өңірді мекендеген. Шаруашылықтың дамуы да, адамдардың кәсібі де сол табиғаттық-климаттық жағдайларға байланысты болды. Хорезмде, Арал өңірінде, Ташкент алқабында отырықшылық дамып, қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады. Отырықшы қоныстар тұрғындары егіншілікпен айналысты. Олар тары, арпа, бидай өсірген. Шаруашылықтың маңызды бір саласы ол мал шаруашылығы болды. Қаңлылардың қыстаулары, негізінен Сырдария бойында болған Ал малдың жайылымы Орталық Қазақстан далаларына дейін жеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет