I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде



бет6/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
Шаруашылығы. Тарихи деректерге қарағанда, сақтар, мал шаруашылығымен айналысқан. Олар жылқы, ірі қара, қой, түйе өсірген. Сақтар өмірінде әсіресе жылқы өсіру маңызды орын алған. Батыс және Оңтүстік Қазақстанда түйе шаруашылығы дамыды. Сақтардың отырықшылығы және егіншілігі Сырдария алқабында кең тарады. Сақ қоғамында жайылымдарды және көшіп-қонатын қажетті жерлерді тайпа көсемі белгілеп беретін болған.
Діни-наным сенімдері. Сақтар діни наным-сенімдерді ерекше дәріптеген. Аң бейнелі бойтұмарлар кең тараған. Ал, қару-жараққа аң бейнесін салса, шайқаста рух береді деп сенген. Отырықшы сақтар Жерді киелі деп білді. Олардың түсінуінше, Жер-ана киелі күш иесі болып есептелді. Ал көшпелі сақтар болса күнге, отқа және өлген адамның аруағына сиынды, ол қайта тіріледі деп есептеді. Сақтар өлген адамды сәнді киім кигізіп жерлеген, өлікпен бірге қару-жарақ, тағы басқа заттарды қоса жерлеген. Кейде мінген аты да бірге көмілген. Сақтар аруақтарға арнап құрбандық шалатын болған. Сондай-ақ сақтар жынперіден сақтайтын киелі күш деп От пен Күнге табынған.


§ 4.Үйсіндер

Үйсіндер ежелден келе жатқан түркі тайпаларының бірі. Сондай-ақ, қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады. Жазба деректерде б.з.д. І ғасырда үйсін халқының саны 630 мың болған делінген. Мұның өзі олардың іргелі ел болғанын дәлелдейді. Үйсіндердің жайлаулары мен қыстаулары Іле, Шу, Талас өзендерінің алқаптарында болған. Іле, Талас өзендері бойында егіншілік өркендеген. Мемлекеттің астанасы Қызыл Аңғар (Чигучен) қаласы. Ол қала қазіргі Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағасында орын тепкен. Жетісудағы тиграхауд сақтардың орнын кейін үйсін тайпалары мекендеді. Үйсіндердің территориясы: батыста Шу, Талас өзендерін, шығыста Тянь-Шань тауларының шығыс бөлігін, ал солтүстікте Балқаш көлінен бастап, Оңтүстікте Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейінгі өңірді қамтыды.


Үйсіндердің жоғарғы билеушісінің титулының атауы Гуньмо (Күнби) деп аталды. Үйсіндерде жерге, малға жеке меншік қалыптаса бастады. Мұның өзі мемлекеттің пайда бола бастауының белгілері еді. Әскербасшылар мен басқа да билік басындағы адамдардың алтыннан, мыстан жасалған мөрлері болды. Олардан кішірек басшылардың да мөрі болған. Бірақ олардың көбі тастан, күйдірілген саз балшықтан жасалды.
Үйсіндер жайлы ежелгі тарихшы Сыма-Цянь мәлімет қалдырған. Үйсін тайпалары ежелгі түрік тілінде сөйлеген. Үйсіндер Қытаймен кең дипломатиялық қатынаста болды. Сондай-ақ, ұйғыр тайпаларымен, Орта Азияның ғұн, қаңлы тайпаларымен, Енисей қырғыздарымен қарым-қатынаста болған. Үйсіндердің көрші елдермен оның ішінде қаңлылармен, ғұндармен қатынасы көбінесе бейбіт жағдайда өрбіді. Сыртқы қауіпсіздігін нығайту үшін үйсіндер ғұндармен бірнеше рет одақ құрған. Ал Хань империясы олардың күшейіп кетуінен қорқып, үнемі осы одақты бұзуға әрекет жасап отырған. Үйсіндер қыз алып, қыз беру арқылы кейбір көршілермен де татулық байланыс орнатқан. Көшпелі үйсіндердің тұрған үйі киіз үй болатын. Үйсіндер қыстыгүні екі түрлі үйде тұрған: кірпіш үй, тас үй.
Шаруашылығы. Мал шаруашылығы үйсіндер өмірінде аса маңызды болған. Жетісу жеріндегі үйсіндер малдың негізгі түрінің бәрін: жылқы, қой, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі өсірген. Әсіресе, жылқы шаруашылығы жақсы өркендеген.
Олар түйе өсіруге де көңіл бөлген. Сонымен қатар, үйсіндер бау-бақша мен қатар дәнді дақылдар да өсірген. Көбіне тары мен арпа еккені байқалады. Оны біз зираттардан табылған ыдыстардың түбіндегі дәндерден көреміз. Үйсіндерде біздің заманымыздың бас кезінде-ақ, егіншілік пен отырықшылық болған. Оларда үй кәсібі, қолөнер дамыған. Әсіресе, керамика ыдыстарын жасау кең өріс алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет