I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде



бет3/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
Неолит дәуірі.


Неолит дәуірі (б.з.д. 5-3 мыңжылдықтар). Неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі немесе жаңа тас дәуірі деп аталады. Бұл кезең тастардың тиімді қасиеттерін тауып, кәдеге жаратқан табысты кезең болды. Еңбек құралдарын жасаудың тәсілдері жетілдірілді. Бұл дәуірде біраз ерекшеліктер болды. Ең алдымен қоршаған орта қазіргідей кейіпке жетті. Адамдар жануарларды қолға үйретумен айналысты. Шаруашылықтың дамуына, оның жаңа түрлерінің көбеюіне байланысты адамдардың кәсіби қаблеті де дами бастады. Жаңа тас дәуірінде адамдар бұрынғы адамдардан барлық жағынан жоғары тұрды. Олардың құралдары: қыш ыдыс, керамика, дән үккіш, балта, кетпен, келі, сәндік бұйымдар т.б. Бұларды саз балшықтан, тастан, граниттен, мыс, алтын, қорғасын сияқты металдардан тағы басқа заттардан жасаған. Адамдар мата тоқып, киім тігуді үйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер салатын болған.
Неолит дәуірінің басты ерекшелігі еңбек өнімдеріне қол жеткізу. Неолит дәуірінде солтүстік-шығыс Балқашта құралдарды яшма мен кварциттен жасаған. Бұл дәуірде әйел еңбегінің маңызы артты, олар қоғамда жетекші орын ала бастады. Осылайша неолит дәуірінде аналық ру қалыптасты. Неолит дәуіріндегі тұрақтар: Сексеуіл тұрағы, Қарақұдық тұрағы. Солтүстік Қазақстанның неолиттік мәдениеті атбасарлық және маханжар болып екіге бөлінеді. Атбасар мәдениетінің тұрғындары Есіл бойының далалық өңірлеріне қоныстанып, негізінен аң аулаумен айналысқан. Ал, Маханжар мәдениетінің ескерткіштері Торғай мен Тобыл алқаптарында шоғырланған. Мұндай ұқсастықтар Еуразияның далалық алқаптарындағы тайпалардың мәдени және этникалық жағынан өзара жақын болғанын көрсетеді. Бұл кезеңде мал шаруашылығы қалыптасты. Сонымен қатар, жерлеу дәстүрінде өзгерістер болды. Атап айтсақ, қайтыс болған адамды өзі өмір сүрген тұрағында жерлеген. Адамның басын солтүстік-батысқа қаратып жерлеген. О дүниеде өмір бар деп сенген.

§ 2. Қазақстан қола дәуірінде

Қола дәуірі (б.з.д. 2-1 мыңжылдықтар). Тас дәуірі аяқталғаннан кейін, қола дәуірі басталды. Қола дәуірі деп аталуының себебі, осы кезде Еуразияда қола өндіру тәсілі дүниеге келген. Қола дәуірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды. Алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі қалыптасты, оған мал шаруашылығының егіншіліктен бөлінуі себеп болды. Қола дәуірінде бүкіл Қазақстан жерінде мал шаруашылығы жетекші салаға айналды. Тас дәуірінен кейінгі тарихи кезең - қола дәуірі аса ұзаққа созылған жоқ. Дегенмен қола дәуірі аз ғана уақытты қамтыса да ерекшеліктерге толы болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет