I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 61.Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында



бет74/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   99
§ 61.Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында

Жаңа экономикалық саясат - ХХ ғасырдың 20 жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы наурызда коммунистік парияның 10-съезінде «әскери коммунизм» саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. ЖЭС-тың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922-1924) жүргізілді. Осы жылы ақша реформасы табысты аяқталды. Еліміз әлемдік ақша нарығында жоғары бағаланатын, тұрақты валютаға ие болатын болды. Фабрика, зауыттар мен өзге де кәсіпорындарда еңбекақы төлеу қолға алынды. Сауда қайтадан жандана түсті. Бұл орайда жеке меншік секторлар қарқынды дами бактады. Мысалы қаланың жеке сауда есебінен сауда айналымы 85 пайыз құраса, мемлекеттік сауда небәрі 2 пайыз ғана болатын.


Жалпы жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында қиыншылықтар көп болды. 1921 жылы жаз айларында Қазақстан жерінде құрғақшылық кесірінен ашаршылық басталды. Республика халқының 1/3-і аштыққа ұшырады. Ашыққандар саны 1921 жылы қарашада 1 млн 508 мың адам, 1922 жылы наурызда 2 млн 303 мың 200 адам болды. Ашыққан адамдар Орынбор, Орал, Бөкей, Қостанай, Ақтөбе губернияларында көп болды.
Аштықтың тағы бір себебі азық-түлік отрядтарының ауыл шаруашылық өнімдерінің алып кетуі болды. Ауыл шаруашылық өнімдерін Мәскеу, Петроград, Қазан, Самара. Саратов сияқты орталық қалаларға жіберді. Нәтижесінде қазақстанның астықты аймақтарының халқы ашыға бастады. Мысалы, астық мол шыққан Семей, Ақмола губернияларынан азық-түлік отрядтары ауылшаруашылық өнімінің 80 пайызын әкетті. Алайда, мамыр-маусым айларында аштыққа ұшырағандар саны кеми бастады. Кеңес үкіметі аштыққа ұшырағандарға көмекке кеш келді. Сондай-ақ, Қазақстанда 1921-1922 жылдардағы аштықтың салдарынан демографиялық жағдай ауырлады. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында ауылдағы халық саны аштыққа дейінгі санының 1/3-не дейін азайды. 700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.
Жаңа экономикалық саясат жылдарында ең алдымен салық мөлшері жеңілдеді. Атап айтар болсақ, 1921 жылғы 14 маусымда «Нақты ет салығы туралы» декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды. Мемлекет халыққа ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға көмектесті. Мысалы, 1924-1925 жылдары 415 трактор сатып алынды. Қазақстанның егістік көлемі 1928 жылы 4 млн гектарға жетті. 1928 жылы мал саны 41 млн болды. Жаңа экономикалық саясат 1924-1925 жылдары өзінің нәтижесін берді.
Жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Өнеркәсіп қалпына келтірілді. Өркениетті кооператорлар құрылысы ел шаруашылығының барлық саласын көтерді. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді. Республикада 650 ауыл шаруашылық артелі мен 103 коммуна жұмыс істеді. Өнеркәсіп саласында да біраз өзгерістер болды. Республикада аса ірі «Атбасцветмет», «Эмбанефть», «Алтайполиметалл» трестері құрылды. Олардың құрамына республиканың ірі өнеркәсіп орындары кірді. 1925 жылдың аяғында өнеркәсіп өнімдерін өндіру 1920 жылмен салыстырғанда 5-6 есе өсті. Өнеркәсіп кәсіпорындарының 60 пайызынан астамы іске қосылды, ал 1921 жылы бұл 21% болған еді. Көлік қатынасы қалпына келтірілді. Сауданың маңызы артты. Жеке саудаға рұқсат етілді. Жәрмеңке саудасы күшейтілді. 1927 жылы республикада 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, сауда айналымы 30 млн сомға жетті. Басты жәрмеңкелер Семей губерниясында - Қоянды, Баянауыл. Ақмола губерниясында - Атбасар. Ақтөбе уезінде - Ойыл, Темір. Бөкей ордасында - Орда. Өнеркәсіпті қалпына келтіру кезеңі республикада 1928 жылы аяқталды. Жаңа экономикалық саясат шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды.
Алайда, И.В.Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан ХХ ғасырдың 30 жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет