«Гендер» ұғымын нақтылау, «жыныс» пен «гендер» арасындағы айырмашылықты білу үшін «гендерлік стереотиптер», «гендерлік әлеуметтену», «гендерлік ұқсастық» категорияларының мазмұны қарастырылады.
«Жыныс» – адамға тумысынан берілетін биологиялық қасиет, ал «гендер» - адам өмір сүріп отырған қоғамның нормалары негізіндегі көзқарастарға сәйкес меңгерілетін, үйрену арқылы қалыптасады.
«Гендер» ұғымы жынысты биологиялық тұрғыдан емес, оны әлеуметтік-мәдени құрастырылым ретінде айқындайды.
"Gender" сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек,әйел) дегенді білдіреді, яғни «гендер» – ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, әлеуметтік және мәдени нормалардың жиынтығы.
Сонымен бірге «гендер» (ағылшынның gender - туу, жыныс деген сөзі) адамның қоғамдағы жүріс-тұрысын және бұл жүріс-тұрыстың қалай қабылдануын анықтайтын әлеуметтік жыныс. Бұл басқа адамдармен (достарымен, әріптестерімен, ата-аналармен, кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдармен, т.б.) қарым-қатынасты анықтайтын жыныстық рөлдік мінез-құлық.
Демек гендер ерлер мен әйелдер арасындағы қатынастардың өмірдің барлық салаларында көрініс табатын әлеуметтік қыры. Қоғамда екі гендерді ажыратуға болады – ерлер мен әйелдер. Қарым-қатынаста ер адамдар мен әйел адамдар арасында гендерлік ерекшеліктер байқалады. Адамның жынысқа бөлуіне қарай ерлер мен әйелдердің мінез-құлқы, іс-әрекеті ажыратылып отырады, олар түрлі қызмет атқарады. Гендер әйел мен ердің әлеуметтік ортадағы, қоғамдағы (отбасы, саясат, мәдениет, білім беру т.б.) орны мен рөлін анықтайды.
Нарықтық экономиканың қатаң бәсеке жағдайында «еркектік еңбек нарқы» жоғары немесе бірінші статусқа ие болып отыр. Яғни, жоғары еңбек ақы, қызметте өсу мүмкіндігі, кәсіби деңгейін жетілдіру, өзінің қабілеттерін толығырақ пайдалану, тұлға ретінде өзін жүзеге асыра алу мүмкіндіктеріне ер адамның қолының жету деңгейі әйелмен салыстырғанда әлде қайда жоғары болып отыр.
Осыдан қазіргі әлем бейнесіне әйел факторы белсенді кірісіп, өркениет негіздерін қайта қарауды талап етуде. Адамның бойындағы жақсы-жаман қасиеттері, оның қоғамның басқа мүшелерімен қарым-қатынасы, қоғамның әлеуметтік-мәдени нормалары белгілеген стереотиптік көзқарастар тұрғысынан пайымдалады. Бүгінгі күні тең құқылы болуына талпыну көптеген әйелдерді еркек сапаларынан көбінесе жаманын көшіруге алып келгені белгіл: жаугершілік (әскери өнерді үйрену), теріс қылықтар (шылым шегу, арақ ішу, былапыт сөйлеу, нашақорлық), қаталдық рационализм; өз бойындағы әйелдік сапаларды: жұмсақтық, ақ пейілдік, жақынына көмектесуге дайын болу, әсемдікке талпыну, шыдамдылық бір сөзбен айтқанда – руханилықты жоғалту.
Бұған өткен ғасырда-ақ физиолог Рудольфидің: «Әйел еркекпен салыстырғанда нәзіктеу, жұмсақтау, қозғалмалы, ар-ұжданды болу керек. Жаман тәрбиеленсе, ол әйел фурияға айналады және барлық жағынан еркектен асып түседі» - деген ескертуі дәлел бола алады.
Дегенмен барлық уақыттарда әйелдің орны мен көркемдік әрекетке қабілеттілігі түрлі ұстанымдар мен көзқарастар тұрғысынан талқыланып, сыналды. Адамзаттың екі жынысына да еркек пен әйел психологиясы ұғымдарын бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін нақты жалпы белгілер тән.
Қазақтың дәстүрлі философиясында дүниені әйел-еркек бинарлық жұпқа жіктеу адам болмысына қатысты аксиологиялық бағалаулар беріліп, «жақсы әйел, жақсы ер, жаман әйел, жаман еркек» деген мәселелердің көтерілгені, ақын-жыраулар шығармашылығының өзекті болғаны белгілі. Қазақ қоғамындағы отбасы институтының негізгі тірегі – ақылды әйел. Бұл – талассыз қағида. Ұрпақ таратушы әрі тәрбиеші, ҧрпақтың денсаулығын қорғаушы, ұрпақтың санасына сәуле құюшы, ақылы мен мәдениетінің дамуына үлес қосушы – ақылды ана. Ақылды ананың интелектуалдық белгілерінің бүкіл жиынтығы оның аналық сүтімен, содан кейін тәлімімен баланың – ел болашағының бойына дариды. Осыдан барып ақылды ана, ақылды әйел ұғымдары «жар» деген концептіге енеді. Қазақта жақсыжар таңдау, жар болу, жар сүю деген терең ұғымды тіркестер бар. Әйелдің сыртқы көркінен көрі ақылының, мінезділігінің жоғары қойылатыны ақын-жыраулар шығармаларынан, батырлар жырынан, тарихи поэмалардан мәлім.
«Гендер» категориясын педагогикалық үрдіске ендірудің негізді маңызы бар, себебі жоғары мектепте тұлғаның кәсіптік өзін-өзі анықтау, өмірлік мақсатын түсіну, әлеуеметтік жыныстық бағдар негізінде ресурс пен билікке мүмкіндігі туралы түсініктері қалыптасады.
Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер кезеңінде адамдарға, әсіресе жастарға өздері орындап жүрген гендерлік рөлді қалай қабылдайтынына, осы қабылдаудың өміріне және кәсіпте өзін танытуына қалай әсер етіп жатқанын тереңірек түсінуіне назар аударуы қажет.
Гендерлік әлеуметтенуге қоғамдағы қалыптасқан гендерлік стереотиптер, яғни әр түрлі жыныстағы адамдар үшін мінез-құлық манерасы, басқа қасиеттер, қоғам өмірінің әр түрлі саласындағы белгілі бір рөлдерді орындау тұлғалық даму және кәсіби қалыптасу траекториясының қамтамасыз етуі аса зор ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |