І тарау. Жас ұрпақҚА Ұлттық ТӘрбие берудің Әдіснамалық негіздері 1 Ұлттық тәрбиенің көздері


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет32/36
Дата04.11.2023
өлшемі0,85 Mb.
#189707
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
І тарау. Жас ұрпақҚА Ұлттық ТӘрбие берудің Әдіснамалық негіздері-emirsaba.org

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
  • Балалар мен ересектерге гендерлік даму мен қалыптасуға не әсер ететін түсіндіріңіз.


  • Гендерлік ұқсастықтың маңызын ашып көрсетіңіз.


3. Гендер дегенді қалай түсінесіз? Тұлғаның гендерлік сәйкестілігіне сипатама беріңіз.


4. Қазақстандағы гендерлік саясат мәселесіне зерттеу жүргізіңіз.

Әдебиеттер
  • Аубакирова Н.И. Что такое гендер? //ОНС, 1996, №6.


  • Григорьева Г. Женская ипостась мира// Феминизм. Восток. Запад. Россия- Москва, 1993.


  • Шаханова Н.Ж. Семантико-семиотический анализ традиционной культуры казахов. -Алматы, 1999.


  • Антология теории гендера.- Минск, 2000.


  • Здравомыслева Е.А., Темкина А.А. Исследование женщин и гендерные исследования на Западе и России// ОНС, 1996, №6.





2.9 Студент жастарды отбасылық өмірге даярлау мәселелері
Отбасында адам бойындағы асыл

қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады.

Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,

туған-туысқандарына деген

сүйіспеншіліктен басталады.

Н.Ә.Назарбаев
Студенттерді отбасылық өмірге психологиялық-педагогикалық дайындау көпаспектілі әлеуметтік феномен. Отбасы тұлға өмірінің ең алғашқы әлеуметтік ортасы ретінде негізделеді. Тұлға отбасы арқылы қоғамның сан қырлы жақтарын игеретіндіктен, этностық құндылықтар отбасылық дәстүрді қалыптастырады. Себебі, отбасы қоғамның ажырамас бөлігі бола отырып, шағын мемлекетті құрайды.
Отбасы қоғамдағы әлеуметтік мәнді тәжірибелерді жинақтау арқылы дамудың белгілі бір сатысынан өтеді. Осы сатыдан өту барысында отбасы шағын мемлекет ретінде адамзаттың рухани қазынасы болып табылатын қасиеттерді, яғни, үлкенді сыйлауға, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке, имандылық пен парасаттылыққа тәрбиелей отырып, оның негізінде ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді қалыптастырады.
Отбасы кешенді әлеуметтік институт ретінде адамды тек тәрбиелеуге ғана емес, сонымен қатар білім алуда, мамандық таңдауда, өмірлік ұстанымды табуда бағыт-бағдар береді және көмектеседі.
Отбасы әлеуметтік институттардың бірі ретінде тұлғаны ең басты әлеуметтендіру ортасы болып табылады. Тұлға әлеуметтік ортада өмірдің мәнін, оның мақсаты мен міндеттерін, құндылықтарын игере отырып, нені білу қажет, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар алады да, сол ортада басқалармен қарым-қатынас орнату дағдыларын меңгереді. Тұлға отбасында әртүрлі сипаттағы өмірлік төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстаудың нормалары мен мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін де меңгереді.
Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғаммен тығыз байланысты болғандықтан, оның бірқатар функцияларытікелей қоғам талаптарынан туындайды. Бір жағынан, отбасы - бұл өз заңдылықтары мен қызметтері әрекет ететін тұлғааралық қарым-қатынастар сферасы болып табылады. Отбасы атқаратын міндеттеріне, отбасындағы билікке, өркениетті даму типіне қарай дәстүрлі (патриархалды) және эгалитарлы болып бөлінеді.
Дәстүрлі отбасы – авторитарлық басқару үрдісіндегі сияқты бір адамның билігіне негізделеді. Яғни, отағасының беделі үстем, отбасылық өмірдегі барлық маңызды мәселелерді өзі шешіп, отбасы мүшелерінің қауым алдындағы тәртібіне де өзі жауап береді және сыртқы ортада отбасының өкілі болып есептеледі. Отбасылық қарым-қатынастар отбасы мүшелерінің қалыптасқан иерархиялық рөлі негізінде құрылады.
Эгалитарлы отбасы – демократиялық қарым-қатынасқа, әйел мен еркек арасындағы теңдікке, әріптестікке негізделген.
Отбасы әлеуметтік институт ретінде адамзат тарихында маңызды рөл атқарады. Ол баланың дүниеге келіп, өсіп-жетілуін қамтамасыз етіп, отбасы мүшелерінің тіршілігін қолдап, ұрпақтардың физикалық және әлеуметтік мәдени жалғастығы арқылы социумның өмір сүруінің базалық алғышарттарын жасайды.
Түркі ғұламалары әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашғари, Қ.А.Иассауидiң жәнет.б. еңбектерiндегi отбасы тәрбиесi идеяларының қазақтың хандары мен билерi, ағартушылары мен зиялылары өсиеттерiмен сабақтастықта қарастыра отырып, студенттерде отбасы тәрбиесінің дәстүрі жөніндегі ғылыми білім дер жүйесiн қалыптастыруға болады.
Әл - Фараби бала дүниеге келгенде алдағы өмірінде бақытты болуға жетелейтін қасиеттерді игеруде арнайы тәрбие ортасының болуын қажет деп санайды. Ондай ортаның негізгісі, әрі баланың бақытқа қол жеткізудегі қасиеттерінің негізі қаланатын тәрбие институты отбасы ортасы екендігін: "Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін ең жоғары кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ол мұны өзі жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын қажет етеді. Осы қауымдағы адамдардың әрқайсысын оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне, сондықтан да бір - біріне көмектесіп отыратын біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелділік дәрежесіне жете алады", - деп түсіндіреді.
Ж.Баласағұнның "Құтты бiлiк" дастанында отбасы тәрбиесi мәселесі, отбасындағы тәлiм-тәрбиенiң ұлттық ерекшелiктерi мен талаптары тереңірек қарастырылады. Жүсіп Баласағұн отбасының қоғам өмірінде алар саяси - әлеуметтік орнын өте жоғары бағалап, мемлекеттің күштілігі, қуаттылығы тек ел билеуші қайраткердің ақыл - парасатына ғана емес, сонымен қатар, елдегі әскердің, қарулы күштердің көптігіне ғана емес, әрбір отбасының беріктігіне де байланысты деп есептеген. Оның көзқарасы бойынша мемлекеттің саяси беріктігі отбасы саясатының дұрыстығына байланысты.
Отбасы тәрбиесiнiң негiзi, түпкi бастауы үйленуден басталады. Қазақ халқының тарихындағы отбасылық өмiрге дайындық пен үйлену дәстүрiнiң ұлттық негiзi ғұлама ақынның бұл еңбегінде кеңiнен орын алған. Онда жастардың үйлену мәселесiне аса бiр маңызды мән беріліп, үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ол үшін жастардың арнайы дайындықтан өтуінiң қажеттiгi ұсынылады.
Отбасы қызметтерін әлеуметтік (қоғамға қатысты) және дара (тұлғаға қатысты) деп,сонымен қатар қоғамның отбасыға, отбасының тұлғаға қатынасына қарайқарастыруғаболады. Отбасы функциясы қоғамның отбасы институтының және отбасылық топқа қатысты тұлғаның қажеттіліктерімен тығыз байланысты болып келеді.
Отбасы функциялары терең тарихи, қоғамның тіршілік әрекетінің әлеуметтік–экономикалық жағдайларымен тығыз байланысты. Сондықтан уақыт өткен сайын отбасы функцияларының сипаты мен оның иерархиясы өзгереді.
Отбасы қызметтері:
1) репродуктивті қызметте – іштен өсе отырып, өзін қайталап өндіру механизміне ие болады. Яғни, баланың дүниеге келуі арқылы отбасы қоғамның биологиялық үздіксіздігін қамтамасыз етеді;
2) тәрбиелік қызметте – баланың өміріндегі ең жауапты кезеңде отбасы оны әлеуметтендіріп, орнықты дамуыны жағдай жасайды, қабілетін, талабын, қажеттіліктерін айқындайды. Ішкі адамгершілік, сезімдік, қамқорлық, сыйластық факторларын игеріп, бала өзінің жоғары «менін» қалыптастыратын мінез-құлық нормаларын меңгере бастайды;
3) шаруашылық тұрмыстық қызмет – отбасы мүшелерінің сұраныстарын қамтамасыз ету, олардың денсаулықтарын қолдау, балаларға қамқор болуымен сипатталады;
4) экономикалық қызмет – кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерін материалдық жағынан қамтамасыз ету, оларға қолдау көрсетуге негізделеді;
5) алғашқы әлеуметтік бақылау - әлеуметтік өмірдің әртүрлі салаларында отбасы мүшелерінің тәртібін моральдық жағынан қалыптастыру, жұбайлар қарым-қатынастарындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастарды ретттеу қызметін атқарады;
6) рухани қатынасты дамыту қызметі – отбасы мүшелерінің тұлғасын қалыптастыруға, олардың рухани құндылықтарын байытуға, некелік одақтың достық негізін бекітуге негізделеді;
7) әлеуметтік мәртебе беру қызметі – отбасы мүшелеріне белгілі бір әлеуметтік мәртебе беретін қоғам құрылымын ұдайы жетілдіріп отыруға арналады;
8) әлеуметтік және сезімдік қорғау қызметі – адамға жақын туыстары тарапынан қолдау көрсетіп, адамның өзін отбасында қадірлі, сүйікті сезініп, өміріне араша түсетін жандардың барын ұғынуы оның қамқорлық, қауіпсіздік сезімін оятып, бойына рухани күш-жігер, сенімділік береді;
9) фелициотологиялық қызмет – отбасындағы сүйіспеншілік, махаббат пен бақытқа негізделеді.
Отбасы өзінің отбасылық және демографиялық құрылымы арқылы әлеуметтік-тарихи дамуға өзіндік ықпалын тигізеді.Отбасы құрылымының типтері көпқырлы болып келеді және ол жұбайлардың мінез-құлқына, қоғамдағы әлеуметтік жағдайына, ата-аналық және туыстық ерекшеліктеріне, отбасындағы билікке, отбасылық дәстүрге, некелік қатынасқа байланысты болды.
Отбасы құрылымы және оның жіктелуі:
• патриархалды отбасы – ер адамның билігіне, үстемдігіне негізделеді;
• матриархалды отбасы – керісінше, әйел адамның билігіне, үстемдігіне негізделеді;
• эгалитарлы отбасы – еркек пен әйелдің құқығы мен міндеттерінің теңдігіне арналған;
• нуклеарлық (қарапайым) отбасы – ерлі-зайыптылар мен балаларынан тұратын отбасы;
• үлкен отбасы – бірнеше ұрпақ өкілдерінен тұратын отбасы;
• баланың санына қарай: көп балалы, аз балалы, баласы жоқ отбасы;
• отбасылық өмір тәжірибесіне қарай: жас жұбайлар, жастар, орта жастағылар, егде кісілер отбасылары;
• географиялық нышандары бойынша: ауылдық және қалалық отбасы;
• детоцентристік отбасы – отбасы мүшелерінің барлық күш-қуаты шаңырақ берекесіне арналады;
• ерлі-зайыптылық отбасы – жұбайлар арасындағы өзара қарым-қатынасқа негізделеді;
• дистанттық отбасы – ерлі-зайыптылардың бірі жұмыс жағдайына байланысты отбасынан бөлек тұруы немесе отбасында көп болмауы;
• полигамиялық отбасы – бірнеше топтардың арасындағы некелік қатынас;
• моногамиялық отбасы – бір еркек пен бір әйелдің арасындағы некелік қатынас;
• полигиния – біреркектің бірнеше әйелдермен некелесуі;
• полиандрия – бірәйелдің бірнеше еркектермен некелесуі;
•экзогамиялық неке – әртүрлі рулық-отбасылық топтардың арасындағы неке;
• эндогамиялық неке – біррулық-отбасылық топтардың арасындағы неке;
• Патрилинеалды отбасы – тегін, мүлкін, әлеуметтік жағдайын иелену құқығы әке жағынан болады;
• Матрилинеалды отбасы – тегін, мүлкін, әлеуметтік жағдайын иелену құқығы ана жағынан болады;
• гомогенді отбасы – жұбайлар бір әлеуметтік страттардан шығады;
• гетерогенді отбасы – жұбайлардың әртүрлі әлеуметтік страттардан, топ, таптардан шығуы;
• патрилокалды отбасы – жас жұбайлардың ер адамның үйінде тұруы;
• матрилокалды отбасы – жас жұбайлардың әйелдің үйінде тұруы;
• эванклюлелокалды отбасы – жас жұбайлардың аға, апайлардың үйінде тұруы;
• унилокалды отбасы – жас жұбайлардың кімнің әлеуметтік жағдайы қолайлы сонымен тұруы;
• неолокалды отбасы – жас жұбайлардың ата-аналарынан бөлек, жекетұруы;
• қайталанбалы отбасы – жас жұбайлармен қатар, бұрынғы некелік балалардың бірге өмір сүруі;
• репродуктивті отбасы – ата-анасы мен кәмелетке толмаған балалардан тұрады;
• линеалді отбасы – бір жыныстағы балалардың бәрі некеге тұрғаннан кейін өз ата-аналарының үйінде қалып, бірге тұруы;
• стержнді отбасы – ата-аналармен бірге бір баланың қалып өмір сүруі;
• толық үлкен отбасы – аға-інілердің әйелдері мен ата-аналарының үйінде бірге тұруы және олардың балаларының да осы дәстүрді жалғастыруы.
Отбасы қоғамдық қатынастар мен үрдістердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын кешенді әлеуметтік құбылыс болып табылады. Сондықтан да әлеуметтік құбылыс бола отырып, ол адамзат өмір сүру жағдайына қарай құрылып, оның дәстүрлері мен әдеттері ғасыр өткен сайын жаңа сипатта көрініс береді. Уақыт өте келе отбасындағы жетекші рөлге ата-аналар болып саналатын ерлі-зайыптылар ие болады.
Кейбір ғылыми зерттеулерде, отбасыға мынадай анықтама берілген: қазіргі заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді.
Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексінде «отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы» - деп анықталады.
Отбасының функциясын шартты түрде барлық түрін шамамен төмендегі екі топқа бөліп қарастырады: 1.Ерлі-зайыптылар функциясы. 2. Ата-аналар функциясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет