371
артикуляциялық
аппараттың
қалпы,
анықталады.
Сонымен
қатар
төмендегідей іс-әрекетін бақылау қажет: ойыншықпен
іс-әрекетін; түрі, түсі,
көлемі бірдей заттарды көріп сәйкестендіру; бөлшектерден бүтін құрау
(кесілген суреттерден).
Тексеруге қажетті құралдар
: ойыншықтар, заттар, түрі, түсі әр түрлі
пішіндер, балаға таныс тақырыптар (ойыншықтар, жануарлар т.б.) бойынша
жеке, мазмұнды суртеттер. Көрнекі құралдарды
іріктеуде баланың жас
ерекшеліктерін және нақты мүмкіншіліктерін ескеру қажет.
ЖСТД I деңгейдегі балаларды тексеру
барысында баланың затты
атауына (дыбыстармен, былдыр сөзбен, еліктеуіш сөзбен аф-аф, му-му);
олардың тұрақтылығына (затты атағанда
тұрақты бір дыбыспен немесе
былдыр сөзбен атай ма, әлде әртүрлі ме); санына (белсенді сөз қорында
ондай дыбыс жиынтығы, былдыр сөздер қанша); буындарды,
сөздерге
еліктеу, оларды қайталау мүмкіндігіне, буындық құрамына көңіл бөлу керек.
ЖСТД-ң ІІ деңгейіндегі балаларды тексеру
барысында сөз түсінігі,
сөйлем көлемі және оның грамматикалық құрылымы, сөз өзгерту
мүмкіндіктері, сөздің буындық құрамы,
дыбыс айтуы, сөз қоры,
артикуляциялық аппараттың қалпы анықталады. Қосымша сөзсіз іс-
әрекеттері де тексеріледі. Сөз түсінігінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін
сөзді, сөзбен берілген нұсқауларды, сөйлемді, мәтінді қолданады.
Сөйлеу
тілінің грамматикалық жағын тексеру барысында сөзжасам, сөзөзгерту,
сөйлем құрау дағдылары анықталады. Бұл тапсырмаларды орындаудағы
қиыншылықтарды, қателерді сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық
жағының жетілмеуінің белгісі деп қарастыруға болады.
ЖСТД-ң ІІІ деңгейіндегі балалардың
сөз бөлшектерінің (жалғау,
жұрнақ) мағынасын түсінуі; қолданатын сөйлемнің түрлері мен мөлшері;
ілеспелі сурет бойынша әңгіме құрау білігі; оқыған мәтінді түсінуі және
мазмүнын айтуы; сөзөзгертуі; сөзжасам және мағынасы қарам-қарсы сөздерді
табуы; күрделі сөздердің буындық құрамының сақталуы; сөздің дыбыстық
құрамын талдауы; дыбыс айтуы, артикуляциялық
аппараттың жағдайы
тексеріледі. Бұл бағыттағы қолданатын тексеру әдістері оқулықтың ІІ
бөлімінде толық қарастырылған. Міндетті түрде барлық деңгейде баланың
жалпы даму деңгейі (санауы, кеңістікті бағдарлауы, логикалық ойлауы т.б.)
тексеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: