374
-
Бірнеше сөзден тұратын сөйлем құрастыру (сұрақ бойынша, көрсету,
модель, сурет бойынша);
-
Сұрақ- жауап бойынша таныс заттарды сипаттау, жағдай (ситуация)
бойынша әңгімелесу.
Бұл кезеңде дыбыс айтуын қалыптастыруға бағытталған арнайы
сабақтар өткізіледі.
Сабақтың құрылымы:
-
Артикуляциялық жаттығулар;
-
Дауысты дыбыстар мен жеңіл дауыссыз дыбыстардың айтылуын
анықтау;
-
Жоқ дыбыстарды қою;
-
Сөздің
буындық құрамын қалыптастыру;
-
Фонематикалық қабылдауын дамыту.
Дыбысты қоюда, фонематикалық қабылдауын дамытуда дәстүрлі
тәсілдерді қолданады. Ал сөздің буындық құрамын қалыптастыру
мынадай кезектілікпен жүргізіледі:
-
Қысқа ұзын сөздерді ажырату (лақ - қарлығаш);
-
Сөздің ырғақтық бейнесін шапалақтап немесе соғып көрсету;
-
Бірдей буындарды (па-па, па-па-па) бірден айтып шапалақтау;
-
Дұрыс айта алатын дыбыстардан тұратын әртүрлі буындарды (ма-па,
на-ка- та, т.б.) айтып шапалақтау;
-
Әртүрлі дауысты және дауыссыз дыбыстардан тұратын буындар
қатарын қайталау (ка-ну, та-ка);
-
Дауыссыз дыбыстар қатар келетін буындарды айту (қта, қра, арл, атр,
анд, алд) , жаттыққан буындарды сөзде сөйлемде қолдануы (мынау
кітап, ата жатыр).
Мектепке дейінгі мекемелердің мектепалды даярлық топтарында,
мектептерде көбінесе үшінші деңгейдегі балалар кездеседі.
Ондай балалармен жүргізілетін түзете-оқытудың
негізгі міндеттері:
-
сөйлеу тілінің лексикалық және грамматикалық жағын тәжірибе
жүзінде меңгеру;
-
сөйлеу тілінің дыбыстық жағын толық меңгеру (артикуляциялық
дағдыларын, дұрыс айтуын, буындық құрылымын,
фонематикалық
қабылдауын);
-
сауат ашуға дайындау, жазу элементтерін меңгеру;
-
байланыстырып сөйлеуін ары қарай дамыту (мәтіннің мазмұнын айту,
әңгіме құрастыру т.б.).
Бұл міндеттерді іске асыру жұмыс бағыттары баланың танымдық
процестерін (салыстыру, бақылау, қорытындылау, тұжырымдау, ойлау
т.б.) дамыту жұмысымен тығыз байланысты болады.
Төртінші деңгейдегі балалар
сұрақтарға жауап береді, сұрақ қоя алады,
фразалық сөйлеуді меңгерген. Арнайы оқыту бұл балалармен екі бағытта
жүргізіледі:
-
мағынаны түсінуге сүйену;
375
-
жаттығу тапсырмаларын қолдану.
Оқытудың негізгі міндеттері
:
-
ұқсас дыбыстарды (ызың-ысқырық),
естіп ажырату, кейін ауызша
айтуда ажырату дағдысын дамыту;
-
көп буынды, күрделі сөздердің айтылуын бекіту, ауызша сөйлеуде
қолдану (қарлығаш, тракторшы тракторын жөндеді);
-
дыбыстық талдау, жинақтау дағдыларын бекіту;
-
сауат ашуға дайындау, оқыту.
Төртінші деңгейдегі балаларды оқыту барысында сөйлеу тілінің
лексикалық грамматикалық түрлерін меңгеріп сөйлеу тәжірибесінде
қолдана білуіне ерекше көңіл бөлінеді, әртүрлі
әңгіме құрастыру,
мәтіннің мазмұнын айту дағдылары әрі қарай жетілдіріледі.
Балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда бірнеше
талаптар көзделеді:
-
тақырыпты ашу;
-
әңгіменің белгілі бір көлемін сақтау;
-
мәнерлік тәсілдерді қолдану (эпитеттер, антонимдер, салыстырулар,
метафоралар);
-
төл сөздерді қолдану;
-
әңгіменің құрылымы мазмұнының бірізділігі, аяқталуы.
Сонымен, сөйлеу тілін дамыту жұмысы жан-жақты, сөйлеу және
сөзсіз функцияларын дамытуға, танымдық
процестерін белсендіруге
бағытталып жүргізілсе нәтижелі болады.
Мектеп жасындағы ЖСТД балаларды оқыту және тәрбиелеу.
Мектеп жасындағы ЖСТД балалар сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі
балаларға арналған арнайы мектептерде оқиды. Оқытудың мазмұны мен
әдістемелері оқушылардың сөйлеу тілінің даму заңдылықтарын ескере
отырып құрастырылған.
Ондай балаларда сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің жүйелі
бұзылуы байқалады. Сөз қоры шектелген, дыбыс айтуы бұзылған,
фонематикалық қабылдауы жетілмеген,
ауызша сөйлеу тілі жағдайға
(ситуацияға) байланысты, байланыстарып сөйлеуі қалыптаспаған, тұрақты
аграмматизм кездеседі. Сонымен қатар тілдің қатынас, жалпылама, реттеуші
функциялары кешеуілдеп қалыптасады.
Арнайы оқытудың міндеттері:
- орта мектептегі тіл сабақтарын оқытуға дайындайтын фонетика,
морфология, синтаксис, орфография, графика,
пунктуация салаларының
қарапайым теориялық түсініктерін меңгеру;
-
балалардың сөйлеу тәжірибесін молайту, фонетикадан,
грамматикадан алған білімдерін саналы түрде қолдана білуін дамыту;
- осы негізде әртүрлі сөйлеу операцияларын үлгілеу (модельдеу)
тәсілдерін меңгеру.
376
Тіл дамытудың негізгі міндеті – оқушыларды тілді қатынас құралы
ретінде пайдалануға үйрету болып табылады. Бұл жұмыс жүйелі түрде келесі
бағыттар бойынша жүргізіледі:
-
қоршаған орта туралы білімін молайту негізінде ауызша сөйлеудің
түрлерін дамыту (монолог, диалог);
-
сөйлеу тілінің лексикалық жағын қалыптастыру және молайту;
-
тілдің негізгі заңдылақтарын тәжірибе жүзінде меңгеру;
-
ана тілінің басқа бөлімдерін (сауат ашу, грамматика) сауатты меңгеру
үшін лексикалық-грамматикалық дайындығын қалыптастыру.
Тіл дамыту жұмыс жүйесі сөздік материалдарды
концентрлік жолмен
меңгеруді көздейді. Арнайы оқу процесінде міндетті түрде танымдық іс-
әрекеттерін дамытуға бағытталған жұмыс түрлері қолданылады. ЖСТД
балаларды оқыту-тәрбиелеу арнайы мектептің оқу бағдарламасына сай
жүргізіледі. Аталған бағдарламада оқушылардың ауызша, жазбаша сөйлеу
тіліне қойылатын талаптар, сөздік-семантикалық жұмыс көлемі, мазмұны,
сөйлем үлгілері барлық сабақтар бойынша толық қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: