I-тоқсандық бақылау жұмысы



бет9/16
Дата23.12.2021
өлшемі338 Kb.
#127906
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
Бақылау жұмыстары физика пәні бойынша 7-11 сыныптарға

Бағалау параметрі:

  • I деңгейдің сұрақтарына толық және II деңгейдің бір ғана сұрағын немесе толық орындамаған кезде, тек қана III деңгейді орындаған, оны толық орындай алмаған, тек қана II деңгейді орындаған оқушы «3» бағасымен бағаланады.

  • I және II деңгейдің сұрақтарын толық орындаған, III деңгейдің сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана III деңгейді және I деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.

  • I, II, III деңгейлерді толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.

I-тоқсандық бақылау жұмысы

Физика және астрономия 9-сынып

Тақырыптар: Қозғалыс және денелердің өзара әсерлесуі.

Мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білім, білік дағдысын тексеру.

Б.Б.Д: Оқушылар механикалық қозғалыс салыстырмалылығы, жол және орын

ауыстыру, жылдамдық, күш, период, жиілігі сияқты ұғымдардың фи-

зикалық мағынасын түсінуі, бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс ке-

зіндегі дененің жүрген жолы мен жылдамдығын есептеуге арналған

формулаларды қолдануы, Ньютон заңдарының әсерін көрнекі түрде

көрсете алуы тиіс.



I- нұсқа
I. 1. Қандай қозғалыс механикалық қозғалыс деп аталады ?

2. Векторлық шамаларға мысалдар келтіріңдер

3. Бірқалыпты қозғалыс жылдамдығының анықтамасын беріңдер.

4. Үдеу дегеніміз не?

5. Ньютонның II- заңын тұжырымдаңдар.


  1. Массасы 5 кг дененің 15 м/с үдеумен вертикаль құлауы үшін оған

қандай күш әсер етуі керек?

III. Жеңіл автомобильдің массасы 2 т, ал жүк автомобилінікі 8 т. Жүк автомобилінің тарту күші жеңіл автомобильдікінен 2 есе артық, олардың үдеулерін салыстырыңдар.




II- нұсқа
I. 1. Материялық нүкте деген не?

2. Векторлық шамалар қалай қосылады?

3. Бірқалыпты қозғалыстағы орын ауыстырудың формуласы.

4. Центрге тартқыш үдеудің формуласын жаз.

5. Ньютонның III- заңын тұжырымдаңдар


  1. Массасы 1 кг денеге Жер қандай күшпен әсер ететінін есептеңдер.

  2. Ілмегіндегі тарту күші 15 кН болатын трактор тіркемеге 0,5 м/с үдеу береді, Тарту күшін 60 кН-ға жеткізетін трактор сол тіркемеге қандай үдеу береді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет