Ибраева магрипа курманбековна


«Сәби танымы» кешенді бағдарламасы ықпалының диагностикасы



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата16.03.2020
өлшемі2,1 Mb.
#60229
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
disser ibrayeva m


«Сәби танымы» кешенді бағдарламасы ықпалының диагностикасы 
Мақсаты:ерте  жастағы  балалардың  танымдық белсенділігін    қазақ  халық 
шығармашылығы негізінде дамыту деңгейін анықтау. 
Әдістері:  педагогикалық  бақылау,  әңгіме,  іс-әрекет,  халық  мерекелерін 
өткізу. 
Нысаны: оқушының техникалық және жеке сипаттамалары: 
1. Қазақ халық шығармашылығына қызығушылығын дамыту (ҚХШҒ) 
2. Қолдың ұсақ мотрикасы(ҚҰМ) 
3. Музыкаға зейін қоюы (МЗ) 
0%
10%
20%
30%
40%
50%
60%
70%
80%
90%
Бақылау тобы 
Эксперимент тобы 
Ерте жастан 
пайдалану 
уақытша 
пайдалану 
Біздің отбасының 
қызығушылығы        
үнемі пайдалану 

110 
 
4. Сөйлеуді, жадыны, есте  сақтауын дамыту (СЖЕ). 
5. Айналасымен қарым-қатынасқа түсуі (АҚТ) 
6. Геометриялық өрнектерді және түстерді ажырату (ГӨТ). 
7. Үйреніп, жасап көру (ҮЖК).  
 
 
 
 
Сурет 13 – Ерте жастағы балалардың жеке көрсеткіштері бойынша 
сапалық даму деңгейі   
 
Тәжірибеде  100%-дық  нәтижеге  «Қазақ  халық  шығармашылығына 
қызығушылығын  дамыту»  мен  «Музыкаға  зейін  қоюы»  жетеді.  Бұл  алынған 
сауалнама  негізінде  баланың  биге  және  қазақ  фольклорының  қозғалмалы 
жанрына,  сонымен  бірге  баланың  ырғақты  сезімдік  қабілетін  дамытуға 
арналған тақпақтарға қызығатындығын ата-аналардың көрсеткенінен байқалды. 
Баланың  ерте  жастан  сурет  салуға,  мүсінге  және  басқа  да  қолөнердің 
қолданбалы түрлеріне әуестенуі олардың бойында қолданбалы жұмыста жақсы 
нәтижеге  қол  жеткізудің  қажетті  шарты  тұрғысынан  қарастырылды.  Бұл 
өлшемдердің  нәтижелері  бірдей,  геометриялық  өрнектерді  және  түстерді 
ажыратуға  жақсы  бейімделген  бала,  сурет  және  мүсінге  бірінші  дағдылану  
бойынша да соған барабар көрсеткіште болады. 
Бала  қолының  ұсақ  моторикасын  дамытуға,  сөйлеуді  жақсартуға, 
мәтіндерді,  олардың  қозғалыстарына  қатысты  берілген  тапсырмалармен 
сәйкестігін есте сақтауға жетелейді. Сондықтан екінші және төртінші өлшемдер 
бірін-бірі  толықтырады,  сондай-ақ  олардың  көрсеткіштері  де  іс-жүзінде  бір-
бірімен тепе-тең болып келеді.  
Педагог  көзқарасы  және  ата-ана  көзқарасы  негізінде  диагностика 
деректерін салыстыра келе, біз «Айналасындағылармен қарым-қатынасқа түсуі 
көрсеткішіне  қатысты  кейбір  айырмашылықтарды  бірінші  жыл  ғана  байқаған 
0%
20%
40%
60%
80%
100%
120%
Көрсеткіштер 
ҚХШҒ 
ҚҰМ 
МЗ 
СЖЕ 
АҚТ 
ГӨТ 
ҮЖТ 

111 
 
жоқпыз.  Диагностика  мәліметтері  бойынша  оның  сапалық  деңгейі  70% 
құрайды,  бұл  әрине  тұтастай  алғанда  қалыптан  жоғары  көрсеткіш,  ал  басқа 
өлшемдер көрсеткішінен төмен болып саналады. Сауалнама мәліметтерінде бұл 
өлшем бойынша ата-аналар ең жоғары көрсеткіш көрсеткен.  
Бала жаңа білім алады, бірақ үнемі жетекші рөл атқара алмайды, балалар 
әрқашан  өткен  сабаққа  бақылаушы  ғана  болады  және  одан  өздеріне  жағымды 
эмоция алады. Сондықтан педагогтарда кейде баланың ұжымдағы белсенділігі, 
оның коммуникативтілігі, әлеуметтенуі мен бейімделуі туралы жалған көзқарас 
қалыптасады. 
Ата-аналардың 
балаларын 
алған 
білімін 
қолдануға, 
ұйымдастырушылық және әртістік қабілетін басқа орта жағдайында бақылауға 
мүмкіндіктері  бар.  Көптеген  ата-аналар  балалардың  жоғары  белсенділігі 
тәрбиешілер  бақылауындағы  балабақша  жағдайында  кездесетінін  атап 
көрсеткен.  Олар  балаларға  мерекеде  басты  рөлді,  апта  ішінде  жауапты 
тапсырмаларды береді. 
Ата-аналар  баланың  өзін  педагог  рөлінде  сезіне  отырып,  үй  жағдайында 
ойыншықтарымен  ойнау  барысында  сабақта  өткендерінің  барлығын 
қайталайтынын  жиі  байқайды.  Кейбіреулері  баланың  өзінің  сүйікті  ойынын 
көше  жағдайында  аулада,  саябақта  таныс  емес  балалармен  байланысқа  жеңіл 
түсе  отырып  ұйымдастыратынына  көңіл  бөледі.  Бұл,  шынында,  үлкен 
көрсеткіш болып табылады . 
 
 
 
Сурет 14  - Бақылау тобындағы балалардың сапалық даму деңгейі 
 
Бақылау  тобында  «Музыкаға  зейін  қою»  бойынша  көрсеткіштің  төмен 
екені  байқалады.  Эксперимент  жүргізу  барысында  біз  шағын  сюжетті  мысал 
түріндегі  өлеңдерді  нотаға  түсірсе,  балалар  оның  мәтінін  жақсы 
қабылдайтынына  көз  жеткіздік.  Ән  баланың  назарын  аударады,  баланы 
таңқалдырады,  ерте  жастағы  баланың  қарапайым  мәтінді  ұжымда  қабылдауы 
үшін оның көлемі бес минуттан аспау керек. Сонымен бірге, музыкалық шағын 
0%
20%
40%
60%
80%
100%
120%
Көрсеткіштер 
Жалпы қозғалу 
үйлесімі 
Қолдың ұсақ 
моторикасы        
Музыкалық есту 
және ырғақ 
Тіл, ес, зейін 
Коммуникативтілі
к 
өрнектер 
Мүсін және сурет 
салу дағдысы 

112 
 
сюжетті  өлеңдер  шапалақ  соғумен  немесе  басқа  қимылмен  сәйкестендірілсе, 
баланың ырғақтық сезімі қабілеті дамиды. Бұл халықтық педагогикалық әдісті 
тәрбиешілер  назарда  ұстайды,  дегенмен  аздаған  арнайы  сабақтарда  баланың 
толыққанды дамуы үшін музыкалық есту және ырғақ жетіспейді. 
«Қолдың ұсақ моторикасы» бірдей көрсеткішке ие, ұсақ заттармен жұмыс 
ересектер  тарапынан  жеке  бақылауды  талап  етеді.  Саусақ  жаттығуы  ерте 
жастағы  балалар  тәрбиесінің  тәжірибесінде  сирек  қолданылады.  «Мүсін  және 
сурет  салу  дағдысы»,  «Құрақ»,  «Жапсырма  кесте»  тиісінше  және  т.б. 
таныстыру деңгейінде болады.  
Бізді,  әсіресе,  эксперимент  топқа  қарағанда  БТ  2%  «коммуникативтілік» 
көрсеткіші  қызықтырды.  Балалардың  32%-ы  алғашқы  жылда  ББ-ға  баруға 
үйренбейді.  Олардың  10%-ы  уақытын  ата-анасын  күтумен  өткізеді  (тіпті  бір 
бала  ойын  бөлмесіне  кірмеген),  15%-ға  жуық  балалар  тұйықталып  қалған, 
құрбыларымен  ойнаудан  бас  тартқан.  Топтық  ойынға,  сабаққа,  ән  айтуға 
балалардың 15%-ға жуығы қатысқан. Осы уақытта ата-аналарының көзінше бұл 
балалардың  22%-ы  белсенділік  танытып,  құрбыларымен  қарым-қатынас 
жасаған және ойнаған. Осылайша, біз сенімсіздікті, енжарлықты, тұйықтықты, 
жағымсыз эмоцияны, агрессивтілікті байқадық. Өкінішке орай, баланың мұндай 
мінез-құлқына  назар  аудармау  психологиялық  жарымжандыққа  ұрындыруы 
мүмкін.  ЭТ  қатысушылары  ата-ананың  сабаққа  қатысуы  қозғаушы  факторы 
ретінде  баланың  ұжымдағы  белсенді  мінез-құлқын  қалыптастыратынын  атап 
көрсеткен. 
 
 
 
Сурет 15 - Эксперимент топтағы балалар дамуының жеке деңгейі 
 
Дамудың  деңгейін  зерттей  келе,  біз  жекелей  балалардың  көрсеткіштерін  
салыстырдық.  
Дамудың  саналы  белсенділігі  деңгейі  БТ  балаларының  46%-ында 
байқалды,  жекелей  алғанда  100%-дық  көрсеткіштің  12,5%-ын  ББ 
0
0,2
0,4
0,6
0,8
1
1,2
-Назгүл М.       - Ильяс С.        - Айгүл Г.             - Аружан Ш.      - Бектас Т. 
 - Саржан Д.       - Сырым Ж.     - Лескүл Ч.           - Анель Б.        - Алмас А. 
-  Даулет Ш.       - Жандос М.     - Бекмырза Б        - Айзат К.              

113 
 
қатысушылары  құрайды.  Шамамен  балалардың  42%-ы  талпынысты  даму 
деңгейінде, яғни ББ бағдарламасы туралы түсінік қалыптасқан.  
 
 
 
Сурет 16 - Бақылау тобы балаларының жеке даму деңгейі 
 
Тұтастай  алғанда  ЭТ-тағы  балалардың  сапалық  және  жеке  даму  деңгейі 
ортадан жоғары және БТ балаларының нәтижесінен асып түседі. 
Бұл  ретте  дамудың  саналы  белсенділік  деңгейіне  мыналар:  белсенділікті, 
эмоционалдық  ықыластылықты,  баланың  қарым-қатынасқа  тез  түсетіндігін, 
сабаққа  қатысуға  деген  сұранысын  жатқызуға  болады.  Өлеңдердің  мәтінін, 
ойындарды жатқа айту, жан-жануарлардың дауысын есте сақтау, қайталап айту,  
ұлттық  киімдердің,  бұйымдардың  атауаларын  білу,  түрлерін  ажырата  алу 
есептеледі.  Музыкамен  ырғақты  қозғалу,  дыбысты  аспаптарда  ойнау, 
қарапайым  өлеңдерді  ілесіп  айту,  биде,  хорда,  қозғалмалы  ойындарда  өз 
қозғалысын үйлестіре білу. Жасқа байланысты талапқа сай заттарды пішіні мен 
түсіне қарай аттарын атай отырып сұрыптау, сурет салу мен мүсіндеудің, құрақ 
жапсырудың  алғашқы  дағдыларын  игеру,  сызық  бойынша  бояу,  түрлі-түсті 
қағаздардан жапсырма жасау, бұл жағдайда басты назар тапсырманы тиянақты 
орындау мен шыдамдылыққа аударылады. 
Талпынысты белсенділік деңгейіне қазақ халық шығармашылығына баланың 
тұрақты қызығушылығы бар,  көп әрекеттерді, заттарды, құбылыстарды байқайды, 
білгісі,  үйренгісі  келеді,  бірақ    сабақ  үдерісіне  тұрақсыз  қарым-қатынасымен 
айқындалады  (көңіл  күйге  байланысты),  кейбіреулерде  тапсырма  орындаудағы 
қателік  және  сенімсіздік;  алаңдаушылық,  сөйлем  құраудағы  қиындық,  дербестік 
0%
20%
40%
60%
80%
100%
120%
-
Даниял С.           - Нагима И.          - Еркін К.               - Асель И. 
- Арина А.           - Маржан М.         - Алмас К.             - Карима Л. 
- Лесбек Н.           - Даниэль С.         - Мадина И.          - Асия Н.  
- Сара Д.               - Елж 

114 
 
танытпау, ұялшақтық, айналасындағыларға сенбеу, асығыстық немесе қалып қалу, 
үйлесімсіздік тән болды. 
Құштарлық  белсенділік    қазақ  халық шығармашылығына  қызығушылығы 
бар,  сөйлеудегі  жүйесіздік,  ассоцациалық  қатардың  болмауы,  тұйықтық, 
агрессивтік,  енжарлық,  айналасындағылармен  қарым-қатынасқа  түспейді, 
өздігінен жасағысы келмейді. 
Осы 
деңгейлерге 
балалардың 
қол 
жеткізуі 
педагогтың 
ұйымдастырушылық  іс-әрекетінде  түрлі  әдістерді  (рөлдік  ойындар,  миға 
шабуыл, қайталау, жаттықтыру, түсіндіру, әңгімелеу, көрсету (барлық түсіндіоу 
көрнекі  құралмен  сүйемелденеді  және  т.б.))  пайдалануына,  әсіресе    ата-
аналардың  балаларымен  бірге  сабақта  өзараәрекеттестікте  болуынан  талап 
етіледі.   Тиісінше, өзара іс-әрекеттің  саналы  белсенділікке  қол  жеткізген    ата-
аналардың ұйымдастырушылық іс-әрекетке, белсенді қатысуы  сабақ үдерісінде 
педагогтарға  көмектесу,  отбасылық-тұрмыстық  жағдайда  қайталау  жасау; 
талпынысты  белсенділік  деңгейге  –  ата-ананың  педагог  немесе  бала  өтініші 
бойынша қатысып отыруы; құштарлық деңгейге қол жеткізген балалардың ата-
аналары  баланың  сабаққа  қатысуына    немқұрайлылықпен  қарады.  
Осылайша,ерте жастағы  баланың қазақ  халық шығармашылығымен  танымдық 
белсенділігін  тиімді  дамытуда  педагог  пен  ата-аналардың  өзара  іс-әрекетінде 
қатынасы теңдей болуы тиіс. 
Эксперименттік  бағдарламаны  меңгеру  түрлі  деңгейде  екеніне  назар 
аудартуға  болады.  Диагностикалық  мәліметтер  жыл  өткен  сайын  балалардың 
мүмкіндіктеріне  қарай  осы  және  басқа  көрсеткіштер  бойынша,  сұранысы  мен 
темпераментіне,  ересектер  мен  балалар  ұжымының  қызығушылығының 
қалыптасуына қарай өзгеруі мүмкін (сурет 17). 
 
 
 
Сурет 17  - Екі ЭТ-тың бағдарламаны меңгеру диагностикасы 
 
Ерте  жастағы  балалардың  сабақтарының  нәтижелерін  алдын  ала  айту 
қиын. Кейде оқу жылының басындағы табысты топтың нәтижесі оқу жылының 
аяғында  түсіп  кетеді,  кейде  жоғары  нәтиже  төмендейді.  Эксперимент 
тобындағы  салыстырмалы  мәлімет  жылдың  ортасында  «үйренуі  қиын  топқа» 
0%
20%
40%
60%
80%
100%
120%
Жыл басы 
Жыл ортасы 
Жыл аяғы 
Үйренуі қиын топ 
Табысты топ 

115 
 
қарағанда «табысты топтың» деңгейіне тез жоғары көтерілді. Жылдың соңында 
бағдарламаны меңгеру деңгейінің айырмашылығы 2%-ды құрады. Бұл «үйренуі 
қиын  топ»  үшін  өте  жоғары  нәтиже,  ал  «табысты  топтың»  үлгерімі  жылдың 
ортасында  төмендеп  кетті,  тек  олар  жылдың  соңында  жоғары  нәтижеге  қол 
жеткізді.  Мұны  бағдарлама  мазмұнын  меңгеру  олар  үшін  оңай  болғанымен 
түсіндіруге  болады.  Тапсырманы  қиындату  арқылы  біз  қайтадан  балалардың 
қызығушылығын тудырдық, ал олар өздерінің жетістіктеріне қуанышты сезімде 
болды. 
Педагогикалық бақылау деректерін ата-аналар пікірімен салыстырайық. 
I оқу жылы соңындағы ата-аналардан алынған сауалнама деректері 
 
 
 
Сурет 18 -  Ата-аналар пікірі бойынша, қол жеткен нәтижелер 
 
Суретте  келтірілген  мәліметтер  ата-аналардың  бітіру  альбомында  айтқан 
сөздерінен  алынды,  және  орташа  көрсеткіштен  алынды.  Диагностикалық 
деректерде атап өтілгендей, жауап берушілер балада қарым-қатынас жасау (47-
ден  76%-ға  дейін),  сондай-ақ  жады  мен  есте  сақтаудың  (50-ден  87%-ға  дейін) 
пайда  болғанын  көрсеткен.  Бұған  балаларды  ұжымдастыруға  көмектесетін 
(бірлескен  жұмыс,  топтық  ойын,  топпен  ән  салу,  т.б.)  қазақ  халық 
шығармашылығының  бүкіл  тәрбиелік-дамытушылық  әлеуеті  ықпал  етеді  әрі 
назар  аударуға,  мәтінді,  іс-әрекетті,  қимылды  (саусақ  ойындары,  тақпақтар, 
63% 
57% 
30% 
69% 
30% 
20% 
54% 
30% 
18% 
20% 
72% 
қабылдауының дамуы 
тіл дамуы 
қиялдауының дамуы 
сөйлеу қарым-қатынасы 
зейіні шоғырлауы 
ойлау 
қолдың ұсақ моторикасы                               
жалпы қозғалу үйлесімі 
физикалық даму                                             
психикалық қалыптылық 
халық шығармашылығына қызығушылық 

116 
 
жұмбақтар,  т.б.)  есте  сақтауға  мүмкіндік  береді.  «Қолдың  ұсақ  моторикасын 
дамыту»  (54%-ға  дейін)  мен  «қазақ  халық  шығармашылығына  қызығушылық» 
(72%-ға  дейін)  көрсеткіші  бағдарламаны  жүзеге  асырудың  диагностикалық 
деректеріне жақындығын растайды. «Ойлау» (12-ден 30%-ға дейін), бұл  көрсеткіш 
онша  жоғары  емес,  алайда  бірқатар  ата-аналар  мен  балаларға  бұл  көрсеткіш 
маңызды  нәтиже  болып  табылады.  Тілінің  дамуы    (63%-ға  дейін)  пен  сөйлеу 
қарым-қатынасы (69%-ға дейін) көтерілді. 
Қатысушылардың  жауаптарында  жалпы  қозғалыстарды  үйлестіруді 
дамыту 29-дан 34%-ға дейін тұрақты емес. Ата-аналар физикалық дамуға  (12-ден 
20%-ға  дейін)  бұл  нәтижеге  аса  көңіл  бөлмейді.  Бұл  ешқандай  күшсіз  өзінен-өзі 
жететін  қоса  жүретін  мақсат  сияқты  болып  саналады.  Оған  ешқандай  қызмет 
етпейді,  тек  педагогтің  назары  аударылады.  Біз  алдымызға  спортшылар 
дайындауды  немесе  қандай  да  бір  ерекше  трюк  жасауды  меңгертуді  мақсат  етіп 
қоймаймыз, бірақ халықтың қозғалмалы ойындарының көмегімен бала кеңістікте 
өзін-өзі  бағыттау,  топпен  айналып  ән  салуда  дағдылар  жинақтау,  секіру,  жүгіру, 
әртүрлі  кеңістіктер  мен  биіктіктерде  жүру,  түрлі  жан-жануарлардың  жүрісін 
салуды үйренеді. Оқудың екінші жылында бұл міндеттер «шеңберде жүру», қос-
қосымен  және  қолтықтасып  айналу,  «жыланша»  жүру,  қолын  алдыңғы  тұрған 
адамның  иығына  салып  жүру  және  т.б.  қосымша  тапсырмаларды  орындаумен 
толықтырылады.  Бұлардың  барлығына  халық  хореграфиясы,  ұлттық  аспаптарда 
ойнау, қозғалмалы ойындар, ал бұлшық етті жаттықтыруда тақпақтар мен өлеңдер 
көмектеседі. 
«Психикалық  қалыптылық»  параметрі  бойынша  оқудың  басында  және 
соңында  алған  сауалнаманы  салыстырамыз.  8-ден  34%-ға  дейін  балалардың 
психикалық  тұрақтылығы байқалады, бұл ретте жылдың басында осы сипатты 
мәселені 5-тен 11%-ға дейін жауап берушілер көрсетті. Бұл біздің болжамымыз 
бойынша, көптеген ата-аналардың өз балаларында осындай проблема бар екенін 
мойындағысы келмейтінін анықтады, бірақ оқу жылының аяғында прогрессивті 
нәтиженің  байқалмай  қалуы  мүмкін  емес  еді.  «FasTracKids»  студиясының 
мұғалімі  медициналық  орталығының  невропатологімен  бірлескен  жұмыс 
істейді  және  сол  жерден  мінез-құлқын  түзетуді,  агрессивтілікті  жоюды, 
психологиялық  ұстамдықты  мақсат  еткен  балалар  көп  келеді.  Балалар 
дәрігерлері  халық  шығармашылығы  негізінде  жүргізген  сауықтырудың 
нәтижелік  көрсеткіші  жоғары  болатынын  атап  көрсеткен,  балаларды  сабаққа 
жіберудің мақсаты да сонда. 
Жауап  берушілер  балада  қазақ  халқының  дәстүрімен  танысуда,  қарым-
қатынаста әлеуметтік дағдыларды дамытуда: аяушылық білдіруде, көмек беруге 
ұмтылуда,  өз  пікірін  айтуда,  сұрақ  қоюда  әлсіздігі,  тосырқауы  бар  баланың 
басқалармен  қарым-қатынасы  жақсарғанын,  үйден  тыс  шараларға  қатысуға 
қызыққанын, тіпті бала көшеде төбелесуді доғарғанын көрсетті. 

117 
 
 
 
К – коммуникативтік; С – сөз; ЭҚ – эмоционалдық қатынас; ЕЗ – ес, зейін; О – ойлау; Қ – 
қиялдау; ҚҰМ – қолдың ұсақ моторикасы; ФД – физикалық даму; ҚО– қолөнерге қатынасы   
 
Сурет 19 - Жетістіктердің нәтижесін салыстыру 
 
БТ  біз  ұсынған  тақырыптардың  толық  өткізілмеуіне  байланысты,  және 
олардың  барлық  ұйымдастырушылық    іс-әрекеттеріне  ата-аналарының 
қатыспауына  байланысты    жауап  берушілердің  аз  бөлігі  ғана  бұл  бағытта 
жетістік барын көрсеткен. «FasTracKids» студиясы оқушыларының ата-аналары 
балаларының әр сабақта бақылауға мүмкіндіктері бар, осыған сәйкес ЭТ жауап 
берушілері бұл үдерісте алға жылжу барын көрсеткен. 
Ес  мен  зейін  танымдық  дамудың  маңызды  құрамы  ретінде  балалардың 
ертегі  кейіпкерлерін,  күлдіргі  өлеңдерді,  мазақтамаларды,  мақал-мәтелдерді 
және т.б.. есте сақтау, ұсақ-түйекке назар аудару қабілетін атап көрсеткен. ЭТ-
та көрсеткіш біршама жоғары екенін ата-аналардың балаларының ойын мәтінін, 
өлеңді, оған сәйкес қимылды ересектерге қарағанда тез есте сақтайтынын атап 
көрсеткенінен байқауға болады.  
Ұлттық  ойындардың  тәрбиелік-дамытушылық  әлеуеті  жылдамдық  пен 
дәлдікті,  ұжымдық  қозғалысты,  тірек-қимыл  аппараттарын,  барлық  топтың 
бұлшық  еттерін  үйлестіруді  дамытуға  ықпал  етеді.  Сондықтан  ата-аналар 
балаларының физикалық дамуында да ілгерілік бар екендігін атап өткен.  
 «Қолөнер»  бойынша  көрсеткіш  бірдей.  Бұл  ерте  жастағы  балаларда 
қолданбалы сабақтарға үлкен қызығушылық тудырды. Нақты нәрсенің суретін 
65% 
70% 
50% 
70% 
40% 
38% 
48% 
32% 
68% 
43% 
0,78
0,89
0,18
0,62
0,2
0,05
0,02
0,12
0,18
0,35
Эксперимент тобы 

118 
 
айнытпай салуға қол жеткізу бұл кезеңде қиындық тудырады, сондықтан басты 
міндет «түсті таңдау» болып табылады. Балаларға су мен бояуды көп мөлшерде 
қолданып, түстерді араластыру қатты ұнайды. Осы себепті көрсеткіш нәтижеге 
емес,  қызығушылыққа  бағытталады.  Геометриялық  ою-өрнектерді  ажырата 
білуге  және  ол  өрнектердің  атауларын  табиғатты    құстармен  (құсқанат  оюы), 
жануарлармен  (мүйіз  оюы),    құбылыстармен  (күн,  ай  оюлары),  тұрмыстық 
заттармен  (тарақ,  сақина  оюлары)  салыстыра  үйренуге      қызығушылықтары 
артты. 
 
 
 
Сурет 20 - Баланың сүйікті іс-әрекеттерінің түрі 
 
20-суреттен  байқалып  тұрғандай  баланың  сабақтағы  ең  сүйікті  іс-әрекеті 
би  және  қозғалмалы  ойындар  болып  табылады.  (85%-ға  дейін).  Бұл  біз 
жоғарыда  атап  өткен  энергия  шығару,  айқайлаудың  көмегі,  тез  қимыл  сияқты 
эмоциялық  әрекетпен  түсіндіріледі.  Суретте  бейнеленген  ашық  образдар 
балаларға  қозғалмалы  ойындар,  эмоционалдық  сезім  және  ойынды  бастан 
кешіру  арқылы  ықпал  етеді.  Домбыраның  сүйемелдеуімен  ойналатын 
ойындарды  балалар  үй  жағдайында  да  және  ерекше  жағдайда  да  қайталайды. 
Домбыраның үнінен алған жағымды эмоция ол музыкалық аспапты тез тануға 
және  оның  басқалардан  айырмашылығын  жеңіл  ажыратуға  ықпал  етеді.  Ата-
аналар  халық  музыкасы  естілгенде,  оның  ішінде  домбыра  үнін  естігенде 
олардың  балалары  «биге  дайын  тұратынын»,  сабақты,  онымен  байланысты 
адамдарды  еске  түсіре  отырып  күліп,  қуанатынын  көрсеткен.  Біз  осы  жаста 
балада халық шығармашылығына баға беру қалыптаса бастағанын байқаймыз. 
Ауыз әдебиеті 
53%
78%
Би және қозғалыс ойындары 
67%
85%
Айналып ән айту және 
саусақ ойындары 
42%
82%
Қолөнер бұйымдары 
атаулары 
22%
76%
Геометриялық өрнектерді 
ажырату, жапсыру, мүсіндеу 
40%
72%
2015-2016 жж 

119 
 
Келесі арнайы рейтингтегі танымал Ауыз әдебиетінен «тақпақтарды тізеде 
отырып  айтуды»  82%-ға  дейін  жауап  берушілер  белгілеген.  Бұл  жанрдың 
барлық  мүмкіндіктері  негізінде  соның  көмегімен  ата-аналар  өз  балаларымен 
«тіл табысқанын» айтады. Біздің кезімізде баланың эмоционалдық жауап беру 
жылдамдығы  өзекті  проблема  болып  отыр.  Біз  ересектердің  қасында  тұрған 
баласының атын бірнеше рет қайталауға мәжбүр болатынын, тіпті ол есту үшін 
айқайлауға  да  баратынын  жиі  байқаймыз.  Бұл  ерте  жастан  байқалады  және 
алдағы  уақытта  тереңдей  беруі  мүмкін.  Көптеген  балалар  оқудың  алғашқы 
кезеңінде  туған  анасының  тізесіне  отырғысы  келмейді,  ал  мұғалімнің  тізесіне 
қуана  отырады,  бұл  бір  жағынан  баланың  тәуелділіктен  ажырауын  көрсетсе, 
екінші  жағынан  «ана  мен  бала»  ретіндегі  жақын  қарым-қатынасты  баланың 
қаламауымен  байланысты  қорқыныш  тудырады.  Бұл  үшін  ана  мен  бала 
арасында  сенімді  қарым-қатынас  орнату  керек,  осы  мақсатта  тікелей 
жақындастыратын (бала ата-анасының тізесіне отырады) тақпақтарды тізерлеп 
айту қолданылады, бұл жағдайда қалжың түрінде сөйлесу, балаға өз жылуы мен 
сүйіспеншілігін  бере  отырып  сипауды  пайдаланса,  соңында  оған  қызықты 
болады. 
Ерте жастағы балалар үшін күрделі жанрдың бірі топпен айналып ән айту 
болып табылады. Баланы топқа тұрғызу үшін кейде бір ай уақыт қана кетпейді. 
Көпшілігіне  топта  айналып  ән  айтуды  сырттай  бақылаған  ұнайды,  ал  оған 
қатысу  таныс  емес  ересектермен,  балалармен  тікелей  араласуды  талап  етеді, 
бұл  ерекше  психологиялық  кедергі  және  біршама  қиындық  туғызады.  Топта 
айналып  ән  салуда  іс-әрекет  көпшіліктің  назарында  орындалады,  өзіне  назар 
аударуды  қаламайтын  болғандықтан,  мұны  кейбір  бала  түрлі  бағытта 
қабылдайды.  Мұндай  жағдайда  көп  нәрсе  белсенді  балаларды  тез  анықтау, 
балалардың  өзін  танытуына  жағдай  жасау,  жасқаншақ  балалардың  өзін 
көрсетуіне  мүмкіндік  беру  сияқты  педагогтің  кәсіби  шеберлігіне  байланысты 
болады. Кейде топта айналып өлең айтуға қатысқан ата-аналар да қандай да бір 
себеппен  бір-біріне  қолдарын  бермей  қояды.  Топта  айналып  ән  айтудың  сан 
алуан түрлері (шеңбер, оюланған, ойын, т.б.) арқылы біз бұл күрделі жанрдың 
тұтастығына  жетеміз,  қозғалыстың  жалпы  үйлесімділігін  дамытамыз,  іс-
әрекеттің күрделілігін үйретеміз, т.б. Оқу жылының соңында белгілі нәтижеге 
қол жеткізгенімізді айтуға болады: 42-ден 82%-ге дейінгі қатысушылар бұл іс-
әрекеттің біршама қызықты әрі сүйікті екенін көрсетті. 
Ата-аналар «саусақ ойындары» көмегімен балалардың күту уақытын жеңіл 
қысқартатынын, фантазия танытқанын, елестетуді дамытқанын, ұсақ заттармен 
жұмыс  істей  алатындарын,  мәтінді  оңай  есте  сақтайтындарын  атап  көрсеткен. 
Саусақ  ойындары  отбасылық  концертте  баланың  сахналық  номері  ретінде 
қолданылады. Жылдың басында ата-аналар балаға көмектесу барысында кейде 
баланың  өз  қолына  жақындатпайтынына  реніш  білдіреді.  Ол  үшін  арнайы 
педагогикалық  әдістер  бар:  жеке  мысал  (ата-ана  мәтінді  айта  отырып  өзі 
барлық  іс-ірекетті  орындап  көрсетеді),  баладан  көмек  сұрау  (өзі  жасай 
алмайтындай түр көрсету), басқа баламен ойнау немесе қызығушылық пайда 
болуын  күту.  Саусақ  ойындары  шыдамдылықты  қалыптастыратын  балаларға 

120 
 
арналған  халық  шығармашлығының  ең  негізгі  түзетуші  жанры  болып 
табылады. 
«Қолөнер»  атауларымен  танысу  оларды  есте  сақтау    бойынша  күтілген 
нәтиже  22-ден  76%-ға  дейін  жоғары  болды.  Диагностика  қорытындысымен 
салыстырғанда  бұл  бағыттың  танымалдылығы  94%-ға  жетті,  ата-аналар 
біршама күтпеген пікір білдірді. Ұлттық киімдерді (шапан, бөрік, тақия, камзол, 
белдік және т.б.) көзбен көріп, ұлттық сыйлықтық бұйымдарды (домбыра, киіз 
үй, қобыз, ысқырық және т.б.). тұрмыстық бұйымдарды (кесе, ожау, қасық және 
т.б.)  қолмен  ұстап,  оюланған  кілем,  алашаларды  сипап  көріп,  олардың 
атауларын 
қайталап,  көрсетіп 
атап,  есте 
сақтау 
арқылы  оларға 
қызығушылықтары,  білуге  талпыныстары  бар  екенін  көрсетті.  Әсіресе  қызыл-
жасылды  ұлттық  киімдер  мен  бұйымдарға,  ұлттық  әекейлер  мен  ұлттық 
бұйымдардағы    алтын,  күміс  түстес  зерленген  оюларға  олардың  зейіні  түсуі 
байқалды. Алғашында 2- минут қызықтап қараса, кейіннен осы назар аударып, 
көз  алмай  қарауы  5-6  минутқа  жетті.  Оларды  «ұлттық  қуыршақтармен, 
ойыншықтармен»  ойнату  да  іс-әрекеттің  тартымды  түрі  ретінде  олардың 
қолөнер  саласынан  көрсеткішінің    жоғарылауына  себеп  болды.    Балаларға 
ұсынылатын  мұндай  ойын  түрлері:  ойыншықтарды  жинау,  сылдырмақтарды, 
моншақтарды  құрастыру,  қуыршаққа  арналған  «көйлекті  кептіру»,  құрақтан 
жасалдған доптармен  ойнау  және басқа  да  көптеген ойындар.  Мұндай ойынға 
балалар толық қатысады. Сабақтың басында ұялшақ балалар үшін бұл ойындар 
ең  тиімді  болып  есептеледі.  Гипербелсенді  балаларда  бұл  ойындар 
шыдамдылықты, назарын шоғырландыруды қалыптастырады. Бұл ойындардың 
көмегі арқылы түрлі заттарды, пішіндерді, түстерді ажыратуға жақсы үйренеді. 
Геометриялық  ою-өрнектер,  ерте  жастағы  балалардың  заттар  пішімін, 
көлемін,  түсін  ажыратуда  пайдаланылады.  Оларға  үшбұрыш  –  «тұмар  ою», 
квадрат – «шаршы ою», дөңгелек – «күн» ою, төртбұрыш - «текемет» және т.б. 
жатады.  Осы  оюлардың  кілемдерде,  киімдерде,  бұйымдарда  бейнеленуінде 
түстер  ажыратылады.  Құрақтан  құрастырылған  үшжапырақ,  алтыжапырақ, 
сегізжапырақ  оюлар  да  бар.  Олар  әр  түсті  болып  келеді.  Олар  түстер  мен 
сандарды үйренуде пайдаланылады.  
 Әрине,  біз  баланың  тақтаны  бояуын, ойыншық  жасауын  маңызды  мақсат 
етіп  қоймаймыз,  ол  тек  қана  сурет  салудың,  мүсіндеудің,  желіммен  жұмыс 
істеудің алғашқы дағдыларын игереді. Сондықтан педагог немесе ата-ана қиып 
берген  оюларды  (жоғарыда  аталған  жеңіл  түрлерін)  жапсырма  әдісімен 
желімдеп  жапсыруға  үйренеді.  Арасында  қиюға  құштар  балалар  да  болды. 
Бірақ  олар  қатаң  түрде  педагогтың  немесе  ата-ананың  қадағалауымен  және 
олардың  қол  көмегімен  орындалды.  Қолданбалы  бөлім  әр  сабақта  кездесіп 
отырады,  егер  қандай  да  бір  себеппен  болмай  қалса,  балаларда  реніш  пайда 
болады. Кейбір балаларда бірден сурет салуға деген сұраныс туады, олар үшін 
бұл  сабақтың  ең  басты  және  соңғы  мақсаты  болып  есептеледі.  Ең  күрделі 
міндет  болып  педагогтің  нұсқауын  орындау  және  тапсырманы  дұрыс  түсіну, 
сондай-ақ ата-ананың жеңіл көмегіне келісу болып табылады. 

121 
 
 
Сурет 21 – Ерте жастағы балалардың зейінін аудару бағыты 
 
«Би  және  қозғалмалы  ойындардың»  бойынша  алдыңғы  диаграммада 
жоғары  нәтижені  «Домбырада  ойнау»  параметрінің  көрсеткішінен  байқадық. 
70-тен  93%-ға  дейінгі  қатысушылар  оның  сабақта  балалардың  зейінін 
аударатын негізгі саласын атап көрсетті. Біз бұл туралы жоғарыда көп жаздық, 
тек қосарымыз домбыраның фортепионадан айырмашылығы мұғалімге аспапта 
ойнай  жүріп  залда  еркін  қозғалуға  мүмкіндік  береді,  тапсырманы  балалармен 
бірге  орындайды,  осылайша  бір  мезгілде  баланы  өзіне  еліктету  үшін  өзі  үлгі 
болады.Көптеген  ата-аналар  (67-ден  94%-ға  дейін)  баласын  сабаққа  педагог 
үшін  барады  деп  есептейді.  Ұлттық  киім,  домбырада  ойнау,  ән  –  осының 
барлығы  педагогтің  ашық  бейнесін  құрайды.  Кейде  баланың  үй  жағдайында 
домбырамен  сүйемелдеген  өлеңнің,  ойынның  дискісін  жиі  тыңдап,  мұғалімі 
сияқты  киініп,  ойыншықтарына  «сабақ  өткізгенде»  ата-аналарда  қызғаныш 
сезімі  пайда  болады.  Ата-аналарда  баланы  қызықтыруға,  өзіне  еліктету  үшін 
үлгі болуға, өлең жаттауға, киім тігуге, соңғы кезде домбырада ойнап үйренуге 
деген  ықыласы  пайда  болды.  Ата-аналар  мұғалімнің  құзыреттілігін  жоғары 
бағалайды  (10  ұпайлық  шәкіл  бойынша  9-10  ұпай),  оның  пікіріне  сенім  арта 
отырып, әртүрлі сұрақтар бойынша ақыл-кеңес сұрайды. Осылайша, бала арқылы 
біз  бағдарламаның  екінші  мақсаты  –  ата-аналарды  дәстүрлі  халық  мәдениеті  мен 
халықтық педагогиканың тәрбие құралдарына баулуға қол жеткіземіз. 
Әр сабаққа міндетті түрде қандай да бір «ұлттық мәнердегі қолдан жасалған» 
қуыршақ  қатысады.  Сол  арқылы  тапсырманы  орындауға  түрткі  болу,  сабақтың 
шығармашылық  бөлігін  өткізу  сияқты  балаға  оңай  жол  табуға  болады. 
Қуыршақтың  бейнесіне  сәйкес  дауысын  өзгерте  отырып,  педагог  ол  бейнені 
барынша  ашық  және  есте  қаларлықтай  керемет  жасауға  болады.  Халықтық 
мерекелер  өткізуде  ата-аналар  мұғалімдермен  бірге  балаларға  халық  ертегілері 
бойынша  қуыршақ  театрын  көрсетеді,  кейінгі  сабақтарда  оларды  бекіту  жұмысы 
жүргізіледі.  Желкек  ертегіні  сахналауда  автор  ретінде  қатысады,  балалармен 
2015 ж. 
2016 ж. 
2017 ж. 
Қуыршақ театры  
57%
65%
80%
Домбырада ойнау          
70%
80%
93%
Ұжым 
40%
50%
80%
Педагог 
65%
84%
92%
0%
10%
20%
30%
40%
50%
60%
70%
80%
90%
100%

122 
 
«сөйлеседі»,  оларды  өзінің  күлкілі  түрімен,  жіңішке  дауысымен  көңілдендіреді. 
Қатысушылардың  57-ден  79%-ға  дейінгілері  қуыршақ  театрына  қызығушылық 
білдірген .Ата-аналардың ұйымшыл ұжымын қалыптастыру балалар арасындағы 
достыққа,  олардың  бір-біріне  көңіл  бөлуіне,  алғашқы  бауыр  басуға,  жалпы 
қызығушылыққа ықпал етеді, қатысушылардың 30-дан 79%-ы назар аудартудың 
бұл  бағытын  маңызды  деп  есептейді.  Достарымен  кездесу  барысында  балалар 
өздерінің  достарымен  қуана  қарым-қатынас  жасайды,  тіпті  досы  болмаған 
жағдайда  сабақ  оқудан  бас  тартады.  Балалар  топтастарының  атын  тез  есте 
сақтайды,  жұптық  ойынға,  биге  аса  ыждаһаттылықпен  қатысады.  Көп  жағдайда 
балалардың  достығы  топтағы  оқушылардың  ата-аналарының  өзара  қарым-
қатынасына,  олардың  тұтастығына,  баланы  дамыту  мен  тәрбиелеудегі  үдеріске 
қызығушылығына  байланысты  болып  келеді.  Бұл  біз  жоғарыда  сипаттаған 
бағдарламаның  ең  басты  ерекшелігі  болып  табылады.  Эксперименттік  топтағы 
ұйымшыл  ұжымның  ата-аналары  мен  балалары  шамамен  80%-ы  жағымды 
нәтижеге  қол  жеткізетінін  қосқымыз  келеді  (топтың  30%-ына  тағы  да  сабаққа 
белсенді қатысатын отбасының әкелері болды). 
Ата-аналар  жауаптарында  «FasTracKids»  студиясына  таңдаулары    «Сәби 
танымы»  бағдарламасының  балалардың  танымдық  белсенділігін  дамытуға 
тиімділігі  жоғары  екендігін  атап  өтті.  Кейбіреулері  тіпті  бәсекеге  қабілетті 
бағдарлама  бола  алады  деп,  есептейді.Осы  бағдарламаны  мүмкіндіктерін 
пайдалана  отырып,  балалардың  танымдық  белсенділігін  дамыту  аспектісін 
нығайтуға,  дамытудың  үздіксіз  логикасына  негізделген  әдістерге  баса  назар 
аудардық. Танымдық үдерісінің көрінісі дененің қозғалысы мен саусақтардың, 
негізгі физиологиялық анализаторлардың (көру, есту, иіс сезу, сенсорлық, дәм) 
дамуымен  басталатыны  белгілі.  Сондықтан,  осы  тұрғыда,  біздің  ойымызша, 
қажетті  іс-әрекет  түрлері  мынадай  бағыттар  бойынша  жүзеге  асырылады: 
диалогтік  қарым-қатынас;  ойындар  арқылы  өзара  байланыс;  қызығушылық 
элементтерін  пайдалану;  арт-терапиялық  әсер;  ертегі  терапиясы;  дене 
тәрбиесі жаттығулары мен саусақ жаттығулары. 
Осы  бағдарламаны  мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып,  балалардың 
танымдық  белсенділігін  дамыту  аспектісін  нығайтуға,  дамытудың  үздіксіз 
логикасына  негізделген  әдістерге  баса  назар  аудардық.  Танымдық  үдерісінің 
көрінісі  дененің  қозғалысы  мен  саусақтардың,  негізгі  физиологиялық 
анализаторлардың  (көру,  есту,  иіс  сезу,  сенсорлық,  дәм)  дамуымен 
басталатыны  белгілі.  Сондықтан,  осы  тұрғыда,  біздің  ойымызша,  қажетті  іс-
әрекет  түрлері  мынадай  бағыттар  бойынша  жүзеге  асырылады:  диалогтік 
қарым-қатынас; 
ойындар 
арқылы 
өзара 
байланыс; 
қызығушылық 
элементтерін  пайдалану;  арт-терапиялық  әсер;  ертегі  терапиясы;  дене 
тәрбиесі жаттығулары мен саусақ жаттығулары. 
Осы  бағдарлама  негізінде  ата-ана  баланың  жеке  ерекшеліктерін  талдау 
негізінде  баламен  үздіксіз  өзара  әрекеттесу  үрдісінде:  қарым-қатынас, 
басқалармен  өзара  әрекеттесу,  қызығушылық  тудыратын  іс-әрекет,  баланың 
жеке білім беру траекториясын құрастырудың кең мүмкіндіктеріне ие болады, 

123 
 
оның жылдамдығын және оны жүзеге асырудың нәтижелерін болжайды, бұл өз 
кезегінде, олардың бірлестіктегі іс-әрекет үдеріснде өзгеріп отырады.  
Диалогтік  қарым-қатынастың  сипаты  -  «түсіну»  болып  табылады. 
Сондықтан,  бір сипаттамалы сөзге немесе тіпті бір доминант дауысқа, бірдей 
реакцияға  бала  6-8  айда,  ал  кейде  4  айда  жауап  беруі  мүмкін.  9  айлық  бала 
терезе қайда екенін сұрағанда  басын терезеге  бұрады, сол сұрақты алғаш рет 
шет  тілінде  дәл  сондай  интонациямен  сұрағанда  да  сол  әрекетті  қайталайды. 
Әлбетте, мұнда шынайы түсінік туралы айту мүмкін емес. 
Сөйлеуді меңгеру үдерісі, қарым-қатынас үшін оны пайдалану мүмкіндігі 
бірінші кезекте басқалардың сөзін түсінуден басталады. Бірақ бастапқыда бұл 
түсінік  өте  қарапайым  сипатта  болады.  Сөз  сөйлеу  функциясы  шамамен  1,5 
жылда  бөліне  бастайды.  Бала  айналасындағы  заттардың  атауларына 
қызығушылығын  туғызып,  ересектерден  «бұл  не?»  деген  сұрақтарға  жауап 
беруді талап етеді. Бұл белсенділіктің нәтижесінде баланың сөздік қоры, әсіресе 
зат  есімдерге  байланысты  лексиканың  жылдам  өсуінен  байқалады.  Бала 
ересектердің көмегінің арқасында сөзбен сөйлесудің жаңа, әлеуметтік әдісін іс 
жүзінде  иегереді.  Ол  осы  жолмен  бір  нәрсеге  назар  аударуды,  ересектердің 
назарын өзіне аударуды үйренеді.  
Баланың  сөзін  дамытудағы  негізгі  және  шешуші  нәрсе  –  бала  сөйлесу 
арқылы  басқа  адамдармен  саналы  қарым-қатынас  жасауға  мүмкіндік  алады. 
Егер  ересек  адам  балаға  немқұрайды  қараса  немесе  өзінің  қарым-қатынасын 
күлімсіреумен  ғана  білдірсе,  балалардың  тек  2%  -ы  онымен  қарым-қатынасқа 
түседі.  Ал,  белсенді  қарым-қатынасқа  осы  жастағы  әр  сегізінші  бала  жауап 
береді. 
Ерте  жастағы  балаларда    ойлаудың  бастапқы  формалары  көрнекі 
әрекеттік  және  көрнекі-бейнелік  болады,  содан  кейін  олар  ауызша-логикалық 
ойлаумен  өзара  әрекеттеседі,  ол  біртіндеп  психикалық  белсенділіктің  басты 
нысанына айналады. Осы жерде тілдің интеллектуалдық қызметі дамиды. Сол 
себепті  бір  нәрсе  туралы  дәйектілікпен  сөйлеу  үшін,  әңгіме  объектісін 
(тақырыпты,  оқиғаны)  нақты  көрсету,  талдай  білу,  негізгі  қасиеттер  мен 
ерекшеліктерді таңдау, заттар мен құбылыстар арасындағы түрлі қатынастарды 
(себеп-салдарлық, уақыт) белгілеу керек. Сонымен қатар, ойды білдіру үшін ең 
қолайлы  сөздерді  таңдауға,  қарапайым  және  күрделі  сөйлемдерді  құруға  және 
сөйлемдерді  ғана  емес,  сөйлеу  бөліктерін  де  байланыстырудың  әртүрлі 
құралдарын қолдануға қабілетті болу керек. 
Сондықтан  біз балалардың сөйлеу деңгейін анықтау үшін келесі сынақты 
жиі  пайдаланады:  бір  саусақты,  екі  саусақты,  үшеуін  (оны  қалай  жасау 
керектігін  түсіндіру  немесе  көрсету  арқылы)  көрсетуді  сұрайды.  Саусақ 
қозғалыстарын басқара алатын балалар көп жағдайда жақсы дамыған сөйлеу 
қабілетіне  ие  болады.  Осылайша,  баламен  сөйлеспей-ақ,  оның  сөйлеуі 
деңгейінің қаншалықты дамығанын анықтауға болады. 
Баланың  қазақ  халық  шығармашылығына  құштарлығын  анықтауда, 
жаңалық,  ерекшелік,  күтпеген  жағдай,  таң  қалдыру  әдістері  қолданылды. 
Өйткені 
осы 
әдістер 
– 
танымдық 
қызығушылықтың 
ең 
күшті 

124 
 
ынталандырушысы  бола  отырып,  бұл  сезімдер  эмоциялық  және  ойлау 
үдерістерін  күшейте  түседі,  «затқа  барынша  жақын  көзқараспен  қарау, 
түсіндіру,  болжау,  еске  салу,  салыстыру,  түсіндіруге  тырысу,  пайда  болған 
жағдаяттан шығу жолын табу».  
Қызықты  тәжірибелер,  эксперименттер  баланы  дербес  әрекет  ету 
жолдарын  іздеуге,  шығармашылық  танытуға,  танымдық  белсенділіктің  екі 
түрін дамытуға: бастамашылық белсенділікке және ересек адамның әрекетінен 
туған белсенділікке ынталандырады. 
Осылайша,  танымдық  қызығушылық  пен  қазақ  халық  шығармашылығы 
құралдарымен  ынталандыру  сияқты  әуестенушілік,  бір  жағынан,  баланың 
ғылыми  шындықтарды  түсінуінее  (ғылыми  білімді  қол  жетімді  етуге),  екінші 
жағынан  ойлауды  жандандыруға,  таным  объектісіне  эмоционалды  қатынасты 
тереңдетуге ықпал етеді. 
Балалардың  сенсорлық  тәрбиесі  бойынша  дидактикалық  ойындардың 
келесі  жүйесі  қолданылады,  оның  құрылысында  негізінен  ойын  іс-әрекетінің 
сипаты басым: ойын-нұсқаулар; жасырынатын және іздейтін ойындар; жұмбақ 
және  шешуге  арналған  ойындар;  сюжеттік-рөлдік  дидактикалық  ойындар; 
жарыс  ойындар;  түріндегі  тыйым  салынған  немесе  ойындар  немесе  оның 
ерекшеліктері (мысалы, түс). 
Ерте жастағы балалардың ойлау ерекшеліктерінде орын алатын нақтылық, 
бейнелілік,  әрекеттілікті  басшылыққа  алдық.  Сондай-ақ  мынадай  қағидаларға 
сүйендік:  
I.  Ойынның  орналасуының  күрделілігі  дәрежесі  бойынша  принципі:  а) 
дидактикалық тапсырмалар; б) ойын іс-шаралары; в) ойын ережелері. 
ІІ.  «Ең  жақын  интеллектуалды  даму  аймағына»  бағдарлау  қағидаты, 
психикалық  операциялардың  даму  деңгейі,  суреттер  мен  ойлаудың  нақты 
қасиеттері, баланың эмоционалдылығы. 
ІІІ. Міндеттердің өзгермелілік принципі. 
Барлық  таңдалған  ойындар  балаларға  ойын  түрінде  қойылған 
дидактикалық тапсырмалардың сипатына сәйкес үш топқа бөлінді. 
Бірінші  топқа  ойын  міндеттері  бойынша  балалардың  қызығушылығын 
тудыратын  ойындар  кірді.  Сонымен,  ойын-көріністерде,  қуыршақтармен 
ойындарда,  біз  балаларға  объектілердің  негізгі,  сипаттамалық  ерекшеліктерін 
анықтауды, 
салыстыруды 
және 
салғастыруды, 
ұқсастықтар 
мен 
айырмашылықтарды  табуды,  объектілердің  белгілерін  саналы  түрде  есте 
сақтауды  және  еске  салуды  үйреттік.  Бұл  ойындар  балаларды  екінші  топтың 
ойындарына енгізуге негізі болып табылады, оның мақсаты түрлі нысандардағы 
объектілерді  қорыту  мүмкіндігін  қалыптастыру:  түсі,  пішіні,  көлемі, 
функционалдық  байланысы.  Үшінші  топқа  ауызша  ойындар  енгізілді,  онда 
балалар өз идеяларымен жұмыс істеуге үйренді.  
Мысалы,  біз  «Отыз  үш  әріпті  үйрену  үшін  отыз  үш  ойын»  деп  шартты 
түрде  аталған  дидактикалық  ойындар  жиынтығын  қолдандық  (қосымша).  Бұл 
ойындар ересектер пен баланың өзара қарым-қатынасына негізделген. 

125 
 
Біздің  пікірімізше,  мұндай  дидактикалық  ойындар  сахналық  ойындар 
ретінде  танымдық  белсенділікті  дамытуда  өте  маңызды  рөл  атқарады  әрі  ерте 
дамыту  студиясы  жағдайында  жеңіл  ұйымдастырылады  және  кең  түрде 
қолдануға  болады. Сахналық  ойындарда  кішкене  сахналарда  ойыншықтармен, 
қуыршақ театрымен ойнауға болады, бұл өз кезегінде қосымша жағымды әсер 
береді және қиялдың дамуына, сөйлеуге, баланың қолының жақсы қозғалуына 
ықпал  етеді.  Сонымен  қатар,  ойын  проблемасына  қызығушылық  ақыл-ойдың 
күшеюіне үлкен әсер етеді. Ойынға деген сүйіспеншілік көңіл-күйді арттырады, 
байқағыштықты жылдамдатады, тез және ұзақ есте сақтауға көмектеседі. 
Сахналық  ойындар  ақыл-ой  тапсырмалары  Алпамыстың  қуыршақ  сипаты 
атынан қойылғандықтан «Алпамыс ойындары» деп аталды. Ойын кейіпкерінің 
балаларға ұнағындығы соншалық –кездескен сәттегі олардың алғашқы сұрағы: 
«Алпамыс    қайда?  Біз  бүгін  онымен  ойнаймыз  ба?»  деген  сипатта  болды. 
«Ойыншықтар  қайда  жасырынды?»  сахналастыру  ойынын  мысал  ретінде 
келтірейік.  Дидактикалық  міндеті:  балаларды  ойыншықтардың  негізгі 
қасиеттерін  (түсі,  көлемі,  пішіні)  ажырата  білуге,  атын  айтуға  және  оларды 
белгілеріне  қарай  салыстыра  білуге  үйрету,  байқағыштық қабілеттерін дамыту. 
Аңдардың  дауысын  айтып  бере  белулерімен  бекіту.Ойынның  барысы 
төмендегідей  жүргізілді.  Балалар  үстелдің  айналасында  отырады,  қарама-қарсы 
бетте  отырған  тәрбиеші  үстелдің  үстіндегі  ойыншықтарды  балаларға  көрсетеді. 
Қуыршақ  Алпамыс  шығып,  балалармен  амандасады.  Оның  жалғыз  келмегендігі 
туралы  хабарлама  балалардың  ортасында  көңілді  жағдай  туғызады  әрі  оларды 
Алпамыспен  бірге  кімдер  келгендігі  туралы  ойландырады.  «Кукареку»  деген 
дауыс естіледі де, тәрбиеші «Бұл не?» деген сұрақ қояды. Балалар сұраққа жауап 
берген кезде үстелдің үстінде ойыншық әтеш пайда болады. Қуыршақ бейнесіндегі 
экспериментатор  барлық  балалардың  әтеш  сияқты  айғайлауын  сұрайды. 
Осылайша тышқан, мысық пайда болады. Осыдан кейін балаларға «Бұл не? Түсі 
қандай?  Үлкен  бе  әлде  кішкентай  ма?»  деген  сұрақтар  қойылады.  «Осындай 
ойыншықтар  біздің  ойыншықтар  бұрышында  бар  ма?  Олар  қандай  белгілерімен 
ерекшеленеді? Несімен ұқсайды» деген сияқты салыстыру мақсатындағы сұрақтар 
қойылады.  Ойлау  операцияларын  белсендіру  үшін  жұмбақтар  пайдаландық. 
Ойыншық  мысық  пайда  болар  алдында      «Мұртын  сипап  күн  бойы,  бетін  сусыз 
жуады,  тысырды  аңдып  түн  бойы  тышқанды  көп  қуады»  деген  жұмбақ 
жасырылды. Барлық балалар жұмбақты шешті және мысықтың «мяу» деп дыбыс 
шығаратынын  айтты.Содан  кейін  Алпамыс  «еңкейіп»,  тәрбиешінің  құлағына 
«сыбырлайды».  Ата-аналар  Алпамыстың  балалармен  жасырынбақ  ойнағысы 
келгенін  айтады.  «Көзімізді  жұмайық,  Алпамсықа  қарамаймыз.  Ол 
ойыншықтарды  қайда  жасырады  екен?».  Тәрбиеші  әтешті  балалар  тез  байқап 
тауып алуға болатындай жерге – үстелдің астына немесе бөлменің басқа жеріне 
жасырады.  Балаларды  ұйымдастыру  үшін  санамақ  пайдаланады:  «Бір,  екі, үш, 
төрт,  бес,  іздеп  табайық  тез!»  Қуыршақ  бейнесіндегі  педагог  балаларды 
мадақатап, ойыншықтың  қайда тұрғанын, қалай аталатынын сұрайды. Балалар 
ата-аналар  жасырған  басқа  ойыншықтарды  іздейді.  Осыдан  кейін  барлық 
ойыншықтарды  әртүрлі  орындарға  жасырады.  Кім  бірінші  тапса,  ойыншықты 

126 
 
әкеп орнына қояды. Педагог ойыншықтың атын, түсін, тапқан орнын сұрайды. 
Ойын  «қонақтардың»  біреуі  туралы  әнмен  аяқталады.  Суреттелген  сахналық 
ойын  барысында  балалар  заттың  атын,  оның  түсін,  көлемін  анықтауға, 
ересектердің көмегімен оларды салыстыра білуге жаттықты. 
Ойын  балалардың  эмоционалдық  қызығушылығын  тудыруға,  ақыл-ой 
әрекетін  белсендіруге  ерекше  ықпал  етті.  Осылайша,  Сара  Т.  үйінде  «қызыл, 
жұмсақ және өте сүйкімді» ойыншықтары бар екенін есіне алды. Ұяң, ұялшақ 
қыз  Дария  сыныпта  жауап  беруден  бас  тартып,  білмейтінін  айтатын.  Сара 
ойынға қатысып, Алпамыстың сұрақтарына жауап беріп, ойыншықтары туралы 
айтып  бергені  біз  үшін  қуанышты  жағдай  болды.  Әртүрлі  ойын  әрекеттерін 
қолдану:  жұмбақ  жасыру  және  оны  шешу,  қозғалыс,  жасырыну  мен  іздестіру, 
жануарлардың  дауыстарын  имитациялау,  балалардың  сөйлеуін  жандандыруға 
ықпал  етті,  ойыншылардың  танымдық  белсенділігін  тудырды.  Балалар  әтешті 
төмендегідей сипаттап берді. 
Дамир    П.:  «Әтеш  Илюшамен  бірге  келді.  Оның  құйрығы  ұзын,  әдемі. 
Әтештің құйрығы қызыл, айдары да қызыл». 
Марат    Г.:  «Әтеш  «кукареку»  деп  айқайлайды.  Ол  бізді  көруге  келді.  Оның 
басы, құйрығы, аяғы бар, оның сақалы кішкентай және айдары бар». 
Жасұлан  Г.:  «Әтеш  сондай  қатты  айқайлайды.  Ол  таңертең  ерте  бәрімізді 
оятады.  Әтеш  әдемі,  оның  айдары  қызыл  және  құйрығы  мен  басы  бар.  Мен 
әтешті ауылда көргенмін. Ол барлық тауықтарды қорғап жүреді» 
Балалардың  жауаптарынан  көріп  отырғанымыздай,  олар  тек  заттың  атын 
атап қана бермей, сонымен бірге оның бөлшектерін, түсін, көлемін де айта алды, 
ол затты қайда көргендігі туралы өздерінің тәжірибесіне де сүйенді. Танымдық 
және  моторлы  белсенділіктің  үйлесуі  ойыншы  балаларды  белсендіруге 
мүмкіндік  берді:  барлығы  ойыншықтарды  іздеп,  жолдастардың  жауабын 
тыңдады,  оны  толықтырды.Балалардың  ойын  ретінде  қабылдайтын  ақыл-ой 
міндеттерінің дұрыс орындалуына белсенді түрде ұмтылуында рөлдік ойындар 
олардың  дамуы  үшін  маңызы  болып  табылады.  Сонымен  қатар,  педагогтің 
белсенді рөлі, ойындарды дұрыс ойластыру және таңдау, ойынның әр баланың 
жеке  қабілеттері  мен  мүмкіндіктерін  ашуға  бағытталуы  рөлдік  ойындардың 
баланың танымдық саласын тәрбиелеуде тиімді құрал болуына ықпал етеді. 
Біздің  эксперименттік  қызметтегі  көркем-терапевтикалық  ықпалдар 
мынадай бағыттарда қолданылады: 
1. 
Түстерапиясы. Түстер адамның мінез-құлқы мен көңіл күйіне ықпал 
етеді. Көгілдір  және  жасыл  түстер адамды  тыныштандырады, қызыл  және сары 
түстер  адамның  шығармашылық  белсенділігін  арттырады.  Баланың  танымдық 
саласына  әсер  ету  мақсатында,  біздің  ойымызша,  мынадай  бағыттар 
негізделеді:  балалардың  демалатын  және  жұмыс  орындарында  түстерді  дұрыс 
пайдалану;  сол  түстердің  баланың  көңіл  күйіне  әсері  туралы  талдау.  Осы 
тұрғыдан біз қазақтың қанық түсті ұлттық киімдері (сары алтынмен зерленген 
қызыл,  жасыл  камзолдар,  қоңыр  түсті  шапандар  және  т.б.)  алуан  түсті  оюлы 
кілем-гобелендер және т.б.) пайдаланамыз. 
2. 
Музыкотерапия.  Баланың  дамуына  музыканың  жағымды  әсерінің 

127 
 
теориялық  аспектісі  пренаталдық  кезеңнен  басталатынын  біз  қамтып  өттік. 
«Адамның молекулярлық жүйесіне» (Джин Хьюстон) музыканың әсері туралы 
көптеген  зерттеулер  бар.  Музыка  әуені  адамның  денесімен  үйлескен  кезде, 
адамның білуге  деген  қабілеті  мен  қабылдауының  қарқынына  барынша ықпал 
етеді.  Баламен  бірге  халық  әндерін  және  балаларға  арналған  музыкаларды 
тыңдау;  ән  айту  және  әнді  тыңдау,  ән  тыңдап  отырып,  сурет  салу,  ойын 
барысында  да  музыка  қолдану;  қандай  да  бір  ақпарат  алу  кезінде  де  әндерді 
пайдалану  (күн,  аңдар,  табиғат  құбылыстары,  т.б.  туралы);  музыкалық 
әуендерді  (марш,  вальс,  би  екпініндегі);  балаларға  арналған  музыкалық 
аспаптармен жаттығу; концерттерге, т.б. ойын-сауық орындарына бірге бару. 
Жеке  тұлғаның  интеграциясы,  шығармашылық  қабілеттерін  және 
бейімделу  дағдыларын  дамыту,  сондай-ақ  оқыту,  дамыту,  диагностика  және 
түзету  –  бұл  ертегі  терапиясының  негізгі  мүмкіндіктері,  көптеген 
психологиялық-педагогикалық технологияларды синтездеуге мүмкіндік беретін 
әдіс.  Әлемді  және  оның  мүмкіндіктерін  тану  үдерісі  табыстар  мен  күтпеген 
оқиғаларға  толы  ертегі  жолына  ұқсайды.  Алдыңғы  ұрпақтардың  тәжірибесін 
көрсететін  ертегілер  ғажап  бейнелерге,  құпияларға  және  сиқырға  толы, 
ертегілер – көбінесе баланың ішкі әлеміне жақын, оның әлеуетті мүмкіндіктерін 
ашуға,  айналадағы  шындықтың  заңдарын  мүмкіндігінше  толық  түсінуге 
көмектесетін жол.Ертегілерде, әңгімелерде, аңыздарда жасалатын метафоралар 
кез-келген  жастағы  баланың  қабылдауына  үшін  барынша  жеңіл  болып 
табылады,  мұның  өзі  балаларды  оқыту  мен  дамыту  жұмысын  ерте  жастан 
бастауға  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар,  ертегілермен  жұмыс  істеу,  өз 
жұмысын  ертегі  пішінінде  модельдеу  тәрбиешінің  жеке  тұлғасын  дамытады, 
бала  мен  ересектер  арасында  көрінбейтін  көпір  орнатады,  ата-аналар  мен 
балаларды бір-біріне жақындатады.  
Аналитикалық бағыт. Ертегілерді интерпретациялау (түсіндіру).  
Психологиялық  және  дамытушылық  жұмыстың  мағынасы  –  ертегідегі 
жағдайлардың,  суреттердің,  сюжетті    мәнін  түсіну  және  түсіндіру.  Бұл 
бағыттың негізінде әрбір ертегі жағдайында үлкен жасырын мағына бар, біздің 
ата-бабаларымыздың  күрделі  өмірлік  проблемаларын  шешу  тәжірибесі, 
ертегідегі суреттерде «жасырынғаны» туралы ақпарат бар. 
Бұл  әдісті  қолдану  балалардың  (шығармашылық)  ойлау,  аналитикалық-
синтетикалық қабілеттерін және құндылық бағдарларын дамыту үшін тиімді. 
Ертегідегі жұмыстың ізденушілік формасы мифтер мен аңыздардың ежелгі 
символикасына  еніп,  метафоралардың  мағынасын  түсінуге,  адамның 
проблемалы  және  шығармашылық  құбылыстарың  табиғатын  сезінуге, 
«қанатты»  өрнектердің  пайда  болуын  зерттеуге,  әлемдік  деңгейдегі  эпоспен 
байланысуға мүмкіндік береді. Мысалы, біздің жұмысымызда балалармен Пері, 
Дию  бейнесін  талқыладық  және  ол  кейіпкер  туралы  нақты  бір  пікір  айтудың 
мүмкін  еместігін  білдік.  Талқылаудың  басында  балалар  оның  зияндығы  мен 
қаскөйлігі  туралы  мысалдар  келтірді,  содан  кейін  ертегі  кейіпкерлеріне  көмек 
көрсетсе олар да қарапайым жүректі және сенімді болатынын естеріне түсірді. 

128 
 
Бізжұмысымызда 
терапевтік 
форманың 
екі 
түрін 
қолдандық: 
библеотерапия, еретегі міндеттерін шешу. 
Библеотерапия (ерте жастағы балалар үшін өзін-өзі жетілдіру) ақыл-ой еңбегі 
мен  демалысты  араластыруға  мүмкіндік  береді,  жеке  тұлғаның  құндылық 
құрылымын қалыптастыруға,  өмірлік құбылыстардың  мағынасын  терең  түсіну 
және  аналитикалық  және  синтетикалық  қабілеттерін  дамытуға  ықпал  етеді. 
Библиотерапияны өткізу тәртібі дәстүрлі: балалар өздерін бос, ыңғайлы ұстап, 
көздерін  жұмып  отырады.  Зерттеуші  арнайы  таңдалған  ертегіні оқып,  балалар 
тыңдап  болғаннан  кейін  талқылау  ұйымдастырады.  Біз  үшін  балалар 
ертегілердің  мазмұнын  ғана  айту  емес,  сонымен  қатар  онда  жасырын 
мағыналарын да сезінуі маңызды. 
Біз  өзіміздің  эксперименттік  қызметімізде  ертегі  терапиясының  тағы  бір 
бағытын  –  ертегіні  әңгімелеуді  пайдаландық,  онда  төмендегідей  әдістер 
қолданылды:  
ата-аналар  жаңа  немесе  бұрыннан  таныс  ертегіні  әңгімелейді;  бұрыннан 
таныс  ертегіні  әңгімелейді  де  оны  өз  ойларымен  жалғастыруды  ұсынады; 
ертегіні  1-жақтан  және  ертегінің  түрлі  кейіпкерлері  атынан  әңгімелейді; 
ертегіні құрастыру; «құмды» ертегілер. 
Осылайша,  ертегі  терапиясының  элементтерін  пайдалану  тәжірибесінде  бұл 
әдістің  нәтижесі  төмендегідей  болды:  шығармашылық  ойлауды  дамыту,  терең 
бейнелі  ойлау  қабілетін  дамытуға  ықпал  етеді;  сөйлеуді  дамыту  және  жетілдіру; 
қиялды  дамыту,  қиял,  жады,  көңіл,;  өз  ойларын  тыңдау  және  білу  қабілетін 
дамыту;  дүниетану  қабілетін  дамыту,  өздерін  басқа  біреудің  орнына  қоя  білу, 
әлемге көзқараспен қарау. 
«Фантастикалық  педагогика»  әдісін  эксперименттік  жұмыста  қолдану 
барысында  біз  екі  ережеге  сүйендік:  біріншіден,  ертегі  –  ең  пайдалы 
педагогикалық  құралдардың  бірі,  екіншіден,  тәрбиеге  деген  осы  көзқарастың 
сиқырлы  да  қуанышты  қасиеттері  баланың  жеке  тұлғасының  дамуына,  оның  бір 
орында тұрып қалмауына көмектеседі.  
Шынайы әлем, кейде тіпті өмірді көрген ересектердің өзін де күрделілігімен 
қорқытады.Сондықтан,  өмірлік  тәжірибесі  жоқ  балаға,  оны  дамытудың  қолайлы 
құралы  ертегі  болған.  Ертегі  –  маңызды  емес  нәрселерден  арылуға  және  өмірдің 
маңызды аспектілеріне назар аударуға мүмкіндік беретін заттар мен оқиғалардың 
маңыздылығы туралы оқиға. 
Бала «ертегілер» ойынымен әлемнің қасиеттерін ғана үйреніп қоймайды, ол өз 
жанын,  жағдайды,  кейіпкерлерді,  олардың  әрекеттерін  саналы  және  бейсаналы 
түрде өз мінезіне қалыптастырады. 
Бұл  әдістің  ерекшелігі  біздің  ата-бабаларымыздың  даналық  тәжірибесімен 
расталады.Қол  және  сөз  арасындағы  қарым-қатынастың  ашылуына  дейін 
ғалымдар  ата-бабаларымыз  «Қуыр-қуыр-қуырмаш»,  «Бас  бармақ,  балан  үйрек», 
«Онға дейін санау» және басқа тақпақтар ойлап тапқан және олар халық аузында 
ұрпақтан ұрпақтан беріліп келеді. Қолдың ұсақ моторикасын жаттықтыруды сәби 
өмірге  келгеннен  бастап  қолдану  керек.  Қарапайым  әдісі  –  сылау:  саусақтарды 
саусақ  ұшынан  бастап  білекке  дейін  сипалау.  Қарапайым  жаттығу:  баланың  әр 

129 
 
саусағын  жеке-жеке  ұстап,  бүгу  және  жазу.  Жаттығуды  күн  сайын  2-3  минут 
жасау  керек.  Осындай  жаттығу  барысында  сөйлеуаймақтары  мидың  екі  жарты 
шарында  да  пайда  болады.  10  айдан  бастап  нәрестеге  заттарды  таңдатуға, 
алдымен  ірі  және  ашық  түсті,  содан  кейін  кішігірім  заттарды  беруге  болады. 
(Тәжірибелік-эксперимент  жұмыс  барысында  пайдаланылған  қазақ  халық 
шығармашылығы құралдарының бірқатар түрлері қосымшада беріледі.). 
 
Осылайша,  «FasTracKids»  академиясында  ерте  жастағы  балалардың  қазақ 
халық  шығармашылығы  құралдарымен  танымдық  белсенділігн  дамытудың   
барлық 
көрсеткіштері 
бойынша 
артықшылықтар 
таптық, 
әсіресе 
коммуникативтілікті,  зейін,  есте  сақтауды,  тілді,  музыкалық  сауаттылықты, 
адами  қасиеттерді  тәрбиелеуді  дамытуда  серпіліс  байқадық.  Қазақ  халық 
шығармашылығы  ерте  жастағы  балалардың  танымдық  белсенділігін 
дамытудың  құралы  болып  қана  қоймай,  оларды    ұлттық  мәдениетке  баулиды, 
төл  өнерді  көріп,  көзі  үйреніп,  сол  өнерде  тілі  дамып  өсуіне  ықпал  етеді.  
Берілген  әдістерді  қолдануды  нығайтуға  ата-аналар  мен  балалар  арасындағы 
қарым-қатынас ықпал етеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет