Қазақ халық шығармашылығын түрлерін қарастыру барысында біз
олардың балалардың қабылдауына жеңіл, білуге құштарлығын арттыратын,
қиялын ұшқырлайтын, зейінін қалыптастыратын, эмоционалдық жақсы
сезімталдыққа бейімдейтін, ой-өрісін өсіретін, танымдық аясын кеңейтетін,
саналы-әрекетке итермелейтін, белсенділігін арттыратын педагогикалық
құрал екендігін анықтадық. Барлық ықпал етуші бағыттың негізінде бала
алғашқы білімін қуанышты, сергек сезіммен қабылдайтын эмоционалдық-
сезімдік даму жатыр. Сезімталдық әсер жинақтау арқылы баланың психикалық
дамуы жүреді. Қазақ халық шығармашылығының ауызша-поэтикалық және ән-
ойын әлеуетін қолдану барысында бізде баланың қоршаған ортадағы заттар
арасындағы өзара байланысты білудің қарапайым түрінен логикалық және
абстрактылы ойлауға дейінгі зиятының дамуын бақылау мүмкіндігі пайда
болады.
Осы үдеріс кезінде балада қоршаған орта туралы түсінік қалыптастыру,
танымдық іс-әрекеттің пайда болуы, қиялдың ынталануы, елестету,
шығармашылық қабілеттің көрінісі, әзіл-қалжың сезімінің пайда болуы, ақыл-
ой икемділігі, сөйлеу және ойлау реакциясының жылдамдығы, әртүрлі
философиялық категорияларды қарама- қарсы қою жүреді. Сеніммен қарау,
өзіне деген сенімділік, адамдарға ақ пейілділік таныту, шығармашылық
мүмкіндіктер, жалпы өмірлік белсенділік сияқты басты қасиеттер қалыптасады.
Алайда бұл қасиеттер мен қабілеттер физиологиялық жетілу нәтижесі ретінде
өзінен өзі пайда болмайды. Олардың қалыптасуына үлкендердің балаға жақсы
ықпал етуі, баламен дұрыс қарым-қатынас жасап, бірлесіп іс-әрекет етуі қажет
[179]. Ата-аналар мен ұстаздардың тап болатын қиындықтары (баланың
танымдық белсенділігінің төмен болуы, дұрыс қарым-қатынас жасай алмауы,
тұйықтығы, ұялшақтығы немесе керісінше сотқар және аса белсенді болуы)
ерте жастан бастау алады. Аталмыш кемшіліктердің алдын алудың
жолдарының бірі болып ерте жастағы балалардың тәрбиесінде қазақ халық
щығармашылығын пайдалану арқылы танымдық белсенділігін дамыту
саналады. Мектепке дейінгі ұйымдарда, соның ішінде ерте дамыту
64
орталықтарында аталған дамытуды тиімді жүзег асыру үшін оның
құрылымдық-мазмұндық моделін жасап алу қажеттілігі туындайды. Ол туралы
келесі параграфта баяндалады.
1.3 Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық
шығармашылығы құралдарымен дамытудың құрылымдық-мазмұндық
моделі
Зерттеу барысында ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін
қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамыту үдерісін іске асырмас
бұрын оның моделін жасап алу қажеттілігі туды. Ол үшін алдымен аталған
даму ерекшеліктеріне мән бердік. Алдыңғы параграфтарда біз баланың
танымдық белсенділігін дамыту олардың психикалық дамуына тікелей ықпал
ету арқылы жүзеге асатынын баяндаған болатынбыз.
9-кестеде біз Г.А.Урунтаеваның ерте жастағы балалардың танымдық
белсенділігін дамыту ерекшеліктеріне сүйене отырып, біз қазақ халық
шығармашылығы құралдарымен ерте жастағы балалардың танымдық
белсенділігін дамыту ерекшеліктерін айқындадық [180].
Ол үшін біз 1.2 параграфында көрсеткен, ерте жастағы баланың
психикалық үдерістерінің дамуына қазақ халық шығармашылығының ықпал
ету мүмкіндіктері негізінде анықтаймыз
Ерте жастағы бала өзінің «Менін» қолдана отырып, өзінің қазақ халық
шығармашылығын тануына қажеттіліктерін таниды және өзіне өзі қойған
мақсатқа жетуге ұмтылуға қабілетті болады.
Қазақ
халық
шығармашылығыментанысу,
ең
алдымен
оны
сезімталдығының жылдам дамуына, көрнекі-әсерлі ойлауын қалыптастыруға
ықпал етеді. Бала ересектермен қарым-қатынас жасауда белсенді көрсететін
танымдық қызығушылық, сонымен бірге алғашқы ерік сапалары (іс-әрекеттің
нәтижесіне ұмтылу) айқын білінеді.
Ерте жастағы балалар қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарын көру арқылы
қабылдау мен шексіз танымдық белсенділікті игереді. Өйткені олардың
көздеріне қандай да бір басқа зат түссе, ойы бөлінеді, алаңдайды және оны сол
жерде зерттей бастайды. Ауыз әдебиетін меңгеру үдерісінде бала өзінің зейінін
бұрынғыдай тек заттарға ғана емес сөз арқылы ұстай бастайды. Бірақ бала
өзінің зейінін ең маңызды нәрсеге аудармайды, өзі үшін тартымды нысанға
аударады. Осы жаста зейіннің тұрақсыздығы ересектер тарапынан ешқандай
ескерту, нұсқау, тыйым салу тоқтата алмайтын баланың жоғары танымдық
белсенділігімен байланысты болады.
Ерте жастағы баланыңқазақ халық шығармашылығы құралдарының айтуға
жеңіл түрлерін, түстерін, көлемін есте сақтауыда белсенді қабылдаумен –
заттарды танумен байланысты. Олай дейтініміз, екі жаста есте сақтау
қабылдаудан бөліне бастайды: бала енді сол сәтте көрінбейтін нысанды қайта
жаңғырта алады. Тілдің белсенді дамуы логикалық-сөздік есте сақтауды
дамытуға ықпал етеді.
65
Қазақ халық шығармашылығы құралдары заттық іс-әрекет үдеріснде
қолданылады. Сол себепті, баланың ойлауы да оларды қабылдаудың әсерінен
дами түседі. Ол көрнекі-әсерлік сипатқа ие болады. Ерте жастағы балаға
қиялдың (таңырқау) қарапайым түрі тән, бірақ бұл шығармашылық қиял емес.
Бала екі жасында оның ойынына ойыншық-орынбасарлар пайда болған
«сияқты» әрекет етуді үйренеді. Тек 2,5-3 жаста ол қиялдаған жағдайды
қиялдаған заттармен әрекет етуге қабілетті болады. Кішкентай бала әлі алдауды
білмейді, тек ерте балалық шақтың соңғы жылдарында ол нақты емес заттар
туралы айта бастайды. Осы тұста оларға халық ертегіліерінің ықпалы басым
болады.
Кесте 8 - Қазақ халық шығармашылығы құралдарымен ерте жастағы
балалардың танымдық белсенділігін дамыту ерекшеліктері
Психикалы
қ үдерістер
Қазақ халық шығармашылығымен баланың танымдық белсенділігін дамыту
ерекшеліктері
1
2
Қабылдау
Балаларға арналған ауыз әдебиеті түрлері айтылуға жеңіл, әуені құлаққа
жағымды, ойындары қимыл-қозғалысқа икемді, қолөнері көздің жауын
алатын әдемілігімен тартымды болғандықтан балалардың қабылдауына
жеңіл болады.
-
білуге құштарлығын арттырады
-
айналасындағыларды, қоршаған ортаны тануға, қабылдауға үйренеді
-
эмоционалдық тұрғыдан қабылдау, олардың қызығушылықтарының
артуына ықпал етеді
Қиял
Қазақ халық шығармашылығының құралдары олардың қиялдауына
мүмкіндік береді.
-
оның алғышарттары, түсінік, еліктеу қалыптасады;
қиял елестететін жағдаят туғанда және заттарды
басқаша атаудағы ойын барысында пайда болады;
-
қиял нақты заттар мен олардың сыртқы әсеріне
сүйенген жағдайда ғана жұмыс істейді
Зейін
-
баланың зейінін аударатын қолөнер бұйымдары, олардың белгілері,
сонымен бірге оларға қатысты іс-әрекет шеңбері кеңиді;
-
бала ересектердің аса күрделі емес нұсқауын
орындауға, әдеби шығармаларды тыңдауға, ондағы сөздерге көңіл бөліп,
қолөнер түрлерін қызықтап, ұстап көріп зейінін шоғырландырады;
-
халық шығармашылығы әсерінен балада өзіндік зейінді дамыту үшін
алғышарттар қалыптаса бастайды;
-
баланың зейіні нашар шоғырланады, тұрақты емес,
оны бөлу мен ауысуда қиындық байқалады, оның көлемі де аса үлкен емес.
Тіл дамуы
-
сөзді тек ересектеремен қарым-қатынас барысында
тікелей байланыста ғана емес, заттарды меңгеруде тәжірибелік іс-әрекетте де
дамыта алады;
-
ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас
құралы ретінде белсенді сөйлеу қалыптасады;
мақал-мәтел, жұмбақ, санамақ және т.б. сөйлеудің тек коммуникативтік
66
8 – кестенің жалғасы
1
2
қызметін ғана емес, қорытындылау қызметін де қалыптастырады;
-
ойын барысында бала ересектердің нұсқауына бағынғанда, олардың
талабын орындағанда сөйлеудің реттеушілік қызметі қалыптасады;
-
әңгімелесушілер араласқанда жағдаяттық сөйлеу
пайда болады;
-
сипаттау сөзі туындайды;
-
сөйлеудің көмегімен бала өзіне және ересектерге әсер етеді;
-
сөз баланың айналасындағылармен қарым-қатынас
тәжірибесін көрсетеді, тек заттар мен адамдарды ғана атап қоймайды,
қимылды, жану ашуды, талапты, ұсынысты, тілекті де сөз арқылы жеткізеді;
-
баланың тәжірибесін байытатын және әлеуметтік
тәжірибе жинауға көмектесетін әдеби шығармаларды, ересектердің әңгімесін
тыңдау мен түсіну қалыптасады.
Есте сақтау Қазақ халық шығармашылығының барлық құралдары олардың есте сақтауын
дамытуға ықпал етеді:
-
түсініктердің мазмұны байиды;
-
материалдардың көлемі мен олардың берік сақталуы
өседі;
-
есте сақтаудың жаңа процесі қайта жаңғырту пайда
болады;
-
ауызша есте сақтау қарқынды даму алады;
-
есте сақтау және қайта жаңғырту еріктен тыс сипатқа ие болады.
Ойлау
Қазақ халық шығармашылығы құралдары (ауыз әдебиеті, музыка, қолөнер,
ойын) баланы заттық іс-әрекетке түсіре алады.
-
ойлау заттық іс-әрекетте пайда болады және жүзеге асады;
-
заттық іс-әрекетті меңгеру баланы бөлшек пен
бүтіннің немесе екі заттың арасындағы кейбір байланыстарды өздігінен
орнатуға жетелейді;
-
бала құралдар және оларға тән қимылдардың
көмегімен, яғни көрнекі-әрекетті ойлау көмегімен тәжірибелік міндеттерді
шешеді;
-
баламен ойлау міндеттерін шешу процесінде сөйлеу мақсатты бағыт
бере отырып, оны ұйымдастырады.
-
балада алғашқы ойлау операциялары: заттық,
құралдық іс-әрекеттерді қалыптастыруда салыстыру және қорыту пайда
болады.
Қазақ халық шығармашылығы құралдарын үйрену барысында бала өзіне
жақын адамдарды ғана емес, айналасындағылармен қарым-қатынас жасайды,
оларды түсіне бастайды. Әдеттегідей, құрбыларына қарағанда, талдау бірдей
заттық әрекетке негізделсе де, ересектермен болған диалог барынша мазмұнды
болады. Баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны бағыттайтын, осы іс-
әрекетті ұйымдастыратын, осылайша баланың дамуына ықпал ететін
ересектердің рөлін бағалау қиындық тудырады.
Баланың танымдық белсенділігінің пайда болуының қажетті шарты оның
ойын, қозғалыс әрекетін, ересектермен қарым-қатынасын, арнайы сабақ
67
ұйымдастыруын, тілін дамытуға ықпал ету болып табылады. Мұндай
сабақтарда балаларда ересектермен тілдік қарым-қатынасты дамытудың
қажеттілігін қалыптастыру міндеттері шешіледі. Егер оларда осыған қажеттілік,
ересектерге бір нәрсе айту тілегі туса, олар сөзді пайдаланады. Балалар өзіне
жақын, жеке және тығыз эмоционалдық-іскерлік байланыстағы ересектермен
қарым-қатынас жасайды.
Барлық психикалық үдерістерідің ішінде ерте жастағы балалық шақта
басты рөл қабылдауға тиесілі. Осы жастағы балалардың мінез-құлқы мен
санасы толығымен қабылдауда анықталады. Солайша, ерте жастағы есте сақтау
тану формасында болады, яғни таныс заттарды қабылдайды. Үш жасқа дейінгі
баланың ойлауы көбінесе тікелей сипатта болады – бала қабылданған заттар
арсындағы байланысты орнатады. Ол тек өзінің қабылдау шеңберінде
орналасқан заттарға ғана зейінді болуы мүмкін.Психологтар осы жас
кезеңіндегі маңызды жетістік – байқаудан білуге өту деп есептейді. Екі жасар
бала дидактикалық тапсырманы орындау барысында 2-3 байқаудың көмегімен
дұрыс шешімді табады. Міне, бұл іс-әрекеттегі ойлау болып табылады.
Үш жасар бала үшін тек іс-әрекет қана маңызды болып табылмайды, оның
нәтижесі (үйрену, жасау) маңызды болады. Бала жетістігі жалпы алынған
нәтижеге сәйкес болатын мақсат қояды. Алынған нәтиженің бастапқы
мағынамен сәйкестігін өздігінен бағалау қабілеті пайда болады. Осы қабілеттің
пайда болуымен баланың дербестік сияқты маңызды жеке қасиеті бекиді. Осы
айтылғандардың бәріне де қазақ халық шығармашылығы құралдарын ерте
жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамытуда тиімді пайдаланған
жөн.
Біз үш жасар баланың оңай қозғалатынын, бірсарынды әрекеттен тез
шаршайтынын есте сақтай отырып олардың танымдық белсенділігін дамытуда
халықтық ойын шығармашылығын қолданамыз. Онда қарқынды нервтік-
психикалық даму жүреді. Баланың психикасындағы ең елеулі өзгерістер ары
қарай сөзді дамыту есебінен жүреді. Осы жастағы баланың сөздігі сандық
жағынан ғана өзгермейді, сапалық жағынан да алдыңғы кезеңмен
салыстырғанда 3-4 есе өседі. Осылайша балалар барлық сөз таптарын қолдана
бастайды: сөздің оңай формасы, сондай-ақ сөздерді дұрыс айтпау мүлдем
дерлік жоғалады.
Үш жаста сөйлеудің тәрбиелік маңызы айтарлықтай өзгереді. Осы шақта
ауыз әдебиетін пайдалану аса маңызды. Алайда осы жас кезеңінде тілді
дамытуда үлкен жетістіктер атап өтілсе де, балалар әлі тілдің грамматикалық
құрылымын жеткілікті меңгермейді, сондықтан олардың сөзі бірнеше өзіндік
ерекшелігін сақтайды. Бірақ айту мен грамматикадағы кемшіліктер балаға
басқа балалардың қателігін байқауға және оны түзетуге кедергі жасамайды. Бұл
тіл дыбыстарын есту арқылы қабылдау баланың сөйлей білуіне қарағанда
әлдеқайда мүмкін болуымен түсіндіріледі. Ересектер балалармен қарым-
қатынас жасағанда өз тілдерінде дыбыстар мен сөздерді бұрмалауға жол бермеу
керек. Бұл балаларда дұрыс сөйлеуді қалыптастырудың ең маңызды шарты
болып табылады.
68
Ерте жастағы бала қазақ халық шығыармашылығы құралдарын
ұйымдастырылған іс-әрекеттерде үйрену негізінде сан алуан түсініктер мен
ұғымдарды меңгереді. Ол өзінің күнделікті пайдалануы бойынша көптеген
заттардың ерекшеліктері мен нақты мақсаттарын біледі: тек бір-бірінен
ажыратып қана қоймайды, сонымен бірге түсін, түрін, заттың көлемін атай
алады, негізгі кеңістікті және уақытша қарым-қатынасты бағдарлайды. Онда
сан туралы алғашқы түсінік (көп, аз, біреу, үлкен, кіші) қалыптасады.
Одан әрі баланың бағдарлық-танымдық іс-әрекетіндегі маңызды өзгеріске
шыдамдылық
көрсететін
сезімталдығын
дамыту
жүреді.
Баланың
сезімталдығын және оны жалпы дамытудың маңызды құралы бақылау болып
табылады. Бала қазақ халық шығармашылығын үйрену барысында оларды
бақылай отырып, заттардың ерекшеліктерімен, олардың түрімен, көлемімен,
түсімен танысады. Алайда бала оларды өздігінен анықтай алмайды. Сондықтан
баланы қоршаған орта жағдайында ұлттық бұйымдар мен заттардың
ерекшелігін бөле білуге үйрету керек. Егер бала бір нәрсені бақыласа, оны
міндетті түрде қолдау керек, ең бастысы бақылау барысында маңызды, елеулі
нәрсені көре білуге көмектесу керек, оның осы сәтте қойған көптеген
сұрақтарына жауап беру керек. Егер бала сұрақ қоймаса, баланы сол жағдайға
жетелеп, соған сәйкес жағдаят тудыру керек.
Үш жастағы баланың іс-әрекеті күрделі және әртүрлі бола бастайды:
заттық іс-әрекет (геометриялық фигуралармен, біздің жағдайымызда ол
геометриялық ою-өрнектер болуы мүмкін), сюжеттік ойындар (ұлттық
ойыншықпен ойнау), бақылау, суреттер, ұлттық бұйымдар, киімдер, көру,
еңбек іс-әрекетінің элементтері (ұлттық бұйымдарды ұстап көру, ұлттық
қуыршақтарды, ойыншықтарын жинау), бейнелеу іс-әрекетінің басталуы (сурет
салу, мүсіндеу). Осы іс-әрекет түрлерінің бәрі баланың ақыл-ойының дамуы
үшін маңызды болып саналады.
Барлық іс-әрекет түрлерінің ішінде сюжеттік ойындар ерекше орын алады.
Өзінің сипатына қарай олар екі жастағы баланың ойынымен салыстырғанда
барынша күрделене түседі. Бала ойнай отырып, айналасындағылардың
көптеген қимылын келтіреді ( ұлттық дәстүрлерді сахналастыру, мәселен, тұсау
кесу, кесе ұсыну, наурыз шәйін ішу және т.б.). Рөлдік ойындар элементі пайда
болады.Үш жастағы баланың жаңаша дамуының бір түрі ол іс-әрекетті
бастамас бұрын алдын-ала мақсатын анықтап алады: «Мен киіз үй құрамын»,
«Мен көкпар ойынына қатысамын», «Мен қара жорға биін билеймін» және т.б.,
яғни бұл жастағы баланың іс-әрекетінде жоспарлаудың элементтері пайда
болады.
Бала осы жаста құрылыс материалдарымен айналысқанды ұнатады. Бала
іс-әрекеттің мүлдем жаңа түрін игере бастайды – сурет салу, мүсіндеу. Бала
қарындаштың, ермексаздың көмегімен қандай да бір затты бейнелеуге
болатынын түсінеді, үш жастың соңына қарай «ирек», «тұмар», «күн», «ай»,
«жұлдыз» өрнектерінің суретін салады; асатаяқ, сақина, білезік және т.б. жеңіл
заттарды мүсіндейді.
69
Осы жастағы балаға оны дамыту барысында ерекше назар аударуды қажет
ететін эстетикалық сезімнің пайда болуы тән. Балалар асқан қызығушылықпен
музыка, ән тыңдайды. Олар өздеріне таныс тақпақтарды, ертегілерді бірнеше
рет қайталауды сұрайды және оны ынтамен тыңдайды, оның тек сюжетіне
ғана емес, музыкасына, ырғағына да көңіл бөледі. Баланың эмоционалдық көңіл
күйі өзгеріп тұрады: өзінің жасаған құрылысына қуанады, егер ересектерге
көмектессе өте риза болады, ал ойын кезінде оған біреу кедергі жасаса ренжиді.
Мұның бәрі эмоционалдық көріністердің байлығы әрі үш жастағы бала қол
жеткізетін күрделі психикалық дамуы немесе тек белгілі бір жағдайларда оның
өмір сүруі және тәрбиеленуі болуы мүмкін.
Қазақ халық шығармашылығындағы сөздімеңгереотырып бала ойлаудың
дамуы туралы, себеп-салдарлық байланыстың пайда болуы туралы сұрақтар қоя
бастайды. Б.Уайт үш жасар баланың дамуын оның ересек адамдармен өзінің
құрбылары сияқты әңгіме жүргізу қабілетіне қарай бағалауға болатынын
көрсеткен [181].
Осы осы айтылып өткендер бізгеқазақ халық шығармашылығы ерте
жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамытудың компоненттерін
анықтауға негіз болады. Біз ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін
қазақ халық шығармашылығы құралдарымыен дамытудың компоненттерін
үшке бөліп анықтадық: қажетсіну-құштар болу, байқап-білу, үйреніп-жасау.
Қажетсіну-құштар
болу
компоненті
балалардың
танымдық
қажеттіліктерін: қызығушылығын, құштар болуын, таңдамалы танымдық іс-
әрекетін көрсетеді. Ерте жастағы баланың танымдық қызығушылығына
байланысты біз олардың жаңа нәрселерді үйренуді, түсініксіз заттарды
анықтауды, шындықтың құбылыстарын, олардың мән-мағынасына тануды,
олардың арасындағы байланыстарды және қарым-қатынастарды табуды
қалайтынын байқаймыз.
Эмоциялар саласындағы ең үлкен сарапшылардың бірі Кэролл Изард
былай дейді: «Қызығушылық танытатын сезім басқа эмоциялардан гөрі өзгеше.
Адам өмірінің алғашқы күндерінен бастап, оның қызығушылығы бет-
әлпетіндегі қимылдар – қасының көтерілуі, заттың бағытына қарай көзінің
қозғалысын өзгертуі, аздап ашылған аузы немесе ернін жымқыруы арқылы
пайда болады. Бұл қозғалыстардың әрқайсысының өзі де, олардың
комбинациясы да қызығушылықтың эмоциясын көрсете алады. Айта кету
керек, эмоцияның мимикалық көріністері, әдеттегідей, қысқа мерзімді (0,5
секундтан 4-5 секунд аралығында) болады, эмоциямен және сезіммен
байланысты нервтік белсенділік әдетте ұзаққа созылады. Яғни, адам
қызығушылықты жалғастыра алады, оны мимикалық түрде анықтай
алмайды...» [182].
Танымдық қызығушылық іс-әрекетінің маңызды түрткісі (A.B.Запорожец,
В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев), мектеп жасына дейінгі баланың музыкаға
қызығушылығының
көрсеткіші
(Ж.Акпарова),
бастауыш
сынып
оқушыларының қазақ фольклорына, ақыл-ой дамуының деңгейіне ғана емес,
70
адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына да (А.Едігенова) ықпал етеді
[183,184].
Байқап-білу компоненті балалардың бастамашылық танымдық іс-
әрекеттерінде білім мен тәжірибе жинақтау және түсіну арқылы жүзеге
асырылады.
Үйреніп-жасау компоненті ерікті танымдық қызмет барысында үйрену
мен дағдыларды меңгерудегі балалардың тәжірибесін қамтиды, балалардың
танымдық қызметке деген саналы қарым-қатынасын қалыптастыруға
бағытталған.
Осы тұста айта кететін жайт отандық ғалымдардың ерте жастағы баланың
танымдық белсенділігін дамытуға арналған еңбектерінің жетіспеушілігіне
байланысты, біз олардың оқушылардың, студенттердің танымдық белсенділік
деңгейлерін анықтауына байланысты еңбектерді де талдауды тыс қалдырмадық
Мәселен, Т.Қоқымбаева өз зерттеуінде оқушыларға арналған «Танымдық
әрекет — олардың білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Танымдық әрекет —
танымдық кажетгіліктен, танымдық мақсат, танымдық мотивтен және әрекетті
орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде балада
танымдық белсенділік калыптасатындығын» айтады [185]. Ол да танымдық
белсенділікті дамытуда қажеттіліктің, яғни түрткінің басты компонент екендігін
жоққа шығармайды.
Зерттеу барысында ғалымдардың зерттеулерінде анықтаған білім
алушылардың танымдық белсенділігін дамыту көрсеткіштері мен деңгейлеріне
де талдау жасадық. Б.Абыканова өзінің «Компьютерлік технологияны
пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың
дидактикалық шарттары» деген диссертациялық зерттеуінде танымдық
белсенділіктің көрсеткіштерін төмендегіше белгілейді: «білімге қызығушылық;
таным
үрдісіндегі
белсенділік;оқушының
танымдық
қызметке
деген
сүранысы;білімді өз бетінше алуға дайындығының болуы және оны
түрлі нақты жағдайда қолдана білуі;жұмыстың мақсаты мен міндеттерін
анықтау білігі;проблемалық танымдық міндеттерді шеше білуі;танымдық
әрекеттердің айқын бағыттылығы;жаңа білім алуға оқушы түлғасының
қызығушылығы;әрекет тәсілдерін білуі;өзін-өзі бақылау, бағалау және әрекетке
бейімділігі;танымдық тапсырмаларды шешу біліктілігі;білімді тасымалдау;іс-
өрекетті қабылдау;жұмыс мазмұнын өздігінше таңдау білігі;оқу танымдық
қызметтегі нәрсені ажырата білу біліктілігі;оқудағы қиындақты жеңуге
ұмтылуы;жұмыстың тиімді тәсілдерін таңдау білігі»[186].
71
Кесте 9 - Балалардың танымдық белсенділігінің типологиясына көзқарастың
сипаттамасы
Достарыңызбен бөлісу: |