Ибраева магрипа курманбековна


  ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата16.03.2020
өлшемі2,1 Mb.
#60229
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
disser ibrayeva m


2  ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ 
ЖҰМЫСЫНЫҢ  МАЗМҰНЫ 
МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ 
 
2.1 
«Сәби танымы» кешенді бағдарламасының мазмұны 
Соңғы  жылдары  білім  берудің  әлеуметтік  рөліне,  ұлттық  дәстүрге  көп 
көңіл  бөлінуде.  Бұның  себебі  олардың  теориялық  және  тәжірибелік  маңызы, 
қоғамның  заманауи  дамуының  өзекті  мәселелерін  шешуге  ықпал  етуі.  Білім 
берудің әлеуметтендіру қызметі негізгі және жеке тұлғаның типтік белгілерінің 
қалыптасуын  қамтамасыз  етеді,  адамның  қоғамдық  мәртебесін  көтереді,  оның 
кәсіби  және  әлеуметтік  бейімделу  мүмкіндіктерін  кеңейтеді.  Қабылдау  мен 
ойлаудың  психологиялық  және  құндылық-мәдени  айрықша  белгілерін,  ұлттық 
өзгешелік  пен  ұлттық  ерекшелікті  ескермей,  ұлттық  білім  беру  жүйесінің 
әлеуметтендіру  қызметін  жемісті  жүзеге  асыру  мүмкін  емес.  Әрбір  ұлттың 
ойлауы өзгеше және білім беру саясатында бұл ақиқатты ескермеуге болмайды.  
Әсіресе  мұның  маңыздылығы  Ел  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа 
бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан кейін арта түсті.   
Ана  тілі  мен  халықтың  мәдени  мұрасы  адамның  жеке  тұлғасының 
қалыптасуына  игі  ықпал  ететін  басты  құндылықтар.  Ана  тілін  естіп  өскен 
баланың ақыл-ой қасиеті мен қабілеті ашылып, санасы кеңейеді, руханилықтың 
негізі қаланады.  Әрбір халық өзінің  табиғи, пәрменді,  үздіксіз,  ертеден бастау 
алған, 
педагогикалық 
айналымы 
толық, 
ықпалы 
қиыстырылған, 
дараландырылған,  сараланған  жеке  ұлттық  тәрбиелеу  жүйесінің  арқасында 
өзін-өзі сақтай алады.   
Осындай мақсатта және ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін 
дамытуда  қазақ  халық  шығармашылығы  құралдарын  тиімді  пайдалалану 
қажеттігі бізге «Сәби танымы» бағдарламасын жасау керектігін тудырды. Осы 
бағдарламаның  мазмұнын  баяндамас  бұрын  біз  ҚР  білім  беру  жүйесіндегі 
заңнамалық  құжаттар  мен  бағдарламаларда  мектепке  дейінгі  балалардың, 
соның  ішінде  оларды  ерте  жастан  дамытуда  танымдық  белсенділікті  дамыту, 
халық шығармашылығын пайдалану мәселелерінің қазіргі жағдайына тоқталып 
өтуді жөн көрдік.  
Жалпы  мемлекеттің  адам  тәрбиесіне,  жаңа  өмірлік  мақсаттарды 
қалыптастыруға  қатысты  әлеуметтік  тапсырысы  білім  беру  мекемелерінде 
келесі нормативті-құқықтық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр:  
- БҰҰ бала құқығы туралы конвенциясы. 
- ҚР «Білім туралы» заңы. 
- ҚР «Қазақстан Республикасындағыбаланың құқықтары туралы» заңы.  
- Қазақстан Ұлттық бірлігінің Доктринасы. 
- Қазақстан 
халқы  Ассамблеясының  (2020  жылға  дейінгі)  даму 
Тұжырымдамасы 
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы 

87 
 
- Балаларды  мектепке  дейінгі  тәрбиемен  және  оқытумен  қамтамасыз  ету 
жөніндегі  2010-2020  жылдарға  арналған  "Балапан"  бағдарламасы.  (ҚР 
Үкіметінің 20.12.2013 № 1377 қаулысы).   
- Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы. 
Аталмыш  құжаттарда  мәдениет  пен  білім  беру  мекемелері,  сондай-ақ, 
халық  мәдениетінің дәстүрлерін оқып білуге, халық шығармашылығының төл 
туындыларын  сақтап,  дамытуға  жағдай  жасаулары  тиіс  делінген.  Балалар  мен 
жасөспірімдерге  рухани-адамгершілік,  патриоттық  тәрбие  беруде,  олардың 
мәдениетке  деген  қызығушылығын  қалыптастыруда  отандық  мәдени  мұраның 
бір бөлігі ретінде көркем халық шығармашылығының рөлін нығайтуға ерекше 
көңіл бөлінеді.  
БҰҰ-ның бала құқықтары туралы конвенция. Бұл 1989 жылы 20 қарашада 
қабылданған  балалар  құқықтары  туралы  БҰҰ-ның  ең  басты  құжаты.  Бүгінгі 
күні  Конвенция  әлемнің  барлығы  дерлік  қол  қойған  ең  ортақ  халықаралық 
құжат  болып  табылады.  Бұл  халықаралық  құжат  1994  жылы  Қазақстан 
Үкіметімен  бекітілді.  Содан  бері  мемлекет  миллиондаған  Қазақстан 
балаларының  өмір  сүру,  даму,  қорғау,  қатысу  құқықтарын  қамтамасыз  етіп 
келеді.  Еліміз  балалар  құқықтарын  қорғау  қажеттігін  дәлелдеді  (1  және  3 
бөлімдер) [198].   
Сонымен  нәресте  аяғына  қаз  тұрысымен  оның  дүниеге  көзі  ашыла 
бастайды.  Ол  бөлмедегі,  үйдегі,  балалар  бақшасындағы,  көшедегі  заттармен 
танысады.  Нәресте  әр  түрлі  заттармен  әрекет  жасап,  оларды  анықтап  көріп, 
олардан шығатын үндерді тыңдай отырып, олардың қасиеттерімен сипаттарын 
таниды; оның көру-сезіну әсері және көру-бейнелеу ойы қалыптасады [199].   
Баланың  жеке  басы  толық  және  үйлесімді  дамуы  үшін  оның  отбасы 
аясында,  бақыт,  махаббат  және  түсінушілік  жағдайында  өсуі  қажет  екендігін 
ескере отырып, бала қоғамда өздігінше өмір сүруге толық дайын болуға және 
Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген идеалдардың, әсіресе, 
бейбітшілік,  қадір-қасиет,  төзімділік,  еркіндік,  теңдік  және  ынтымақтастық 
рухында  тәрбиеленуге  тиіс  деп  санай  отырып,  баланы  қорғау  және  оның 
үйлесімді 
дамуы 
үшін 
әрбір 
халықтың 
дәстүрлері 
мен 
мәдени 
құндылықтарының маңыздылығын тиісті түрде ескере отырып, әрбір елде, атап 
айтқанда,  дамушы  елдерде  балалардың  өмір  сүру  жағдайын  жақсарту  үшін 
халықаралық  ынтымақтастықтың  маңыздылығын  тани  отырып,  бұл  заң 
келісілді. 
«Қазақстан Республикасы балалар құқықтарын қорғау туралы»Қазақстан 
Республикасы  Заңы  2002  жылы  8  тамыз  №345-Қ  Заң  Конституциясымен 
кепілденген,  баланың  негізгі  құқықтары  мен  қызығушылықтарын  таратуға 
байланысты  пайда  болған  көзқарасын,  балалардың  қоғамдағы  құнды  өмірге 
дайындығы  басымдықтары  қағидаларынан  шығып,  олардың  қоғамдық  мәнді 
және  шығармашылық  белсенділігінің  дамуын,  оларда  жоғары  адамгершілік, 
патриоттық,  азаматтық  қасиеттерін  тәрбиелеуді,  әлемдік  өркениеттің  жалпы 
адамдық  құндылықтары  негізінде  ұлттық  сана  сезімін  қалыптастыруды 
реттейді.Осы  Заң  балаларды  қоғамдағы  толымды  өмiрге  даярлау,  олардың 

88 
 
қоғамдық  мәнi  бар  және  шығармашылық  белсендiлiгiн  дамыту,  әлемдiк 
өркениеттiң  жалпы  адамзатқа  тән  құндылықтары  негiзiнде  оларды  жоғары 
имандылық  қасиеттерге,  елжандылық  пен  азаматтыққа  тәрбиелеу,  олардың 
бойында  ұлттық  сана-сезiмдi  қалыптастыру  принциптерiнiң  басымдығына 
сүйенiп,  баланың  Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  кепiлдiк 
берiлген  негiзгi  құқықтары  мен  мүдделерiн  iске  асыруға  байланысты 
туындайтын қатынастарды реттейдi [200].  
«Балалардың дене бiтiмi, зияткерлік, рухани және имандылық тұрғысынан 
дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық және бейбiтшiл сезiмдердi 
тәрбиелеуге,  сондай-ақ  баланың  жеке  адами  тұлғасының  қоғам  мүддесi, 
мемлекет  халықтарының  дәстүрлерi,  ұлттық  және  әлемдiк  мәдениет 
жетiстiктерiне  қол  жеткiзуi  үшiн  мүмкіндiктерiн  ашуға  жәрдемдесу  керек»,  - 
делінген (2 тарау, 6-бап). 
Ұлттық және әлемдiк мәдениетке баулуда: 
- мемлекет балалардың Қазақстан халқының тарихымен, дәстүрлерiмен, 
рухани қазыналарымен және әлемдік мәдениет жетiстiктерiмен танысуына 
мүмкіндiк жасайды. 
- мемлекет балалардың шығармашылық және ғылыми қабiлетiн дамыту 
үшiн  ұйымдар  құруды,  кино  және  бейнефильмдер,  теледидар  және  радио 
хабарларын шығаруды, балаларға арналған газеттер, журналдар, кiтаптар басып 
шығаруды  көтермелейдi,  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгiленген 
тәртiппен оларға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi. 
- қатыгездiк  пен  зорлық-зомбылықты  дәрiптейтiн,  адамның  қадiр-қасиетiн 
қорлайтын,  балаларға  зиянды  әсер  ететiн  және  құқық  бұзушылыққа  ықпал 
ететiн  бұқаралық  ақпарат  құралдарын,  әдебиеттi,  ойын-сауық  және  басқа  iс-
шараларды пайдалану заң бойынша қудаланады, - делінген (34-бап).   
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы 2007 жылы 27 шілдедегі № 
319-Ш  білім  саласындағы  қоғамдық  қатынастарды,  осы  сала  бойынша 
мемлекеттік  саясаттың  негізгі  қағидаларын  анықтайды  және  Қазақстан 
Республикасы  азаматтарының  конституциялық  құқықтарын  қамтамасыз  етуге 
бағытталған,  сонымен  бірге  Қазақстан  Республикасында  үнемі  тұратын 
шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғалардың білім алуын реттейді [201].  
Білім беру жүйесінің міндеттері: 
- ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика 
жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіптік 
шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.  
- жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін 
дамыту,  адамгершілік  пен  салауатты  өмір  салтының  берік  негіздерін 
қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;  
- азаматтық  пен  патриотизмге,  өз  Отаны  -  Қазақстан  Республикасына 
сүйіспеншілікке,  мемлекеттік  рәміздерді  құрметтеуге,  халық  дәстүрлерін 
қастерлеуге,  Конституцияға  қайшы  және  қоғамға  жат  кез  келген  көріністерге 
төзбеуге тәрбиелеу;  

89 
 
- белсенді 
азаматтық 
ұстанымы 
бар 
жеке 
адамды 
тәрбиелеу, 
республиканың  қоғамдық-саяси,  экономикалық  және  мәдени  өміріне  қатысу 
қажеттігін,  жеке  адамның  өз  құқықтары  мен  міндеттеріне  саналы  көзқарасын 
қалыптастыру;  
- отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен 
республиканың  басқа  да  халықтарының  тарихын,  әдет-ғұрпы  мен  дәстүрлерін 
зерделеу;  мемлекеттік  тілді,  орыс,  шетел  тілдерін  меңгерту  болып  табылады 
(11-бап).   
Қазақстан  Республикасы  мектепке  дейінгі  ұйымдарының  білім  беру, 
нормативті-құқықтық  қызметін  реттейтін  негізгі  құжат  -  Мектепке  дейінгі 
тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (23 тамыз 
2012 жыл, 2016 жылы мамыр айында осы стандартқа өзгерістер енгізілді) [202]. 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: 
- баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды, толыққанды 
физикалық  дамуын,  Қазақстан  Республикасы халықтарының ұлттық  салт-
дәстүрлері 
негізінде 
салауатты 
өмір 
салтының 
құндылықтарын 
қалыптастыруды; 
- мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуының толыққанды кеңістігін 
құруды және кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз етуді; 
- тілді  және  ана  тілін,  қатынас  мәдениетін  дамытуды,  сауаттылық 
негіздерін меңгеруге дайындауды; 
- мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік, құндылық бағдарын 
адамның  оң  мінез-құлқы,  мінез-құлық  нормалары  мен  ережелері, 
қазақстандық  қоғамда  қалыптасқан  халықтық  салт-дәстүрлер  мен  әдет-
ғұрыптар үлгісінде қалыптастыруды; 
- өз Отанына, туған өлкесіне сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге 
құрметпен қарауға, қоршаған орта, отбасы, түрлі ұлт өкілдеріне деген ізгі 
қарым-қатынасқа тәрбиелеуді; 
- балада  қоршаған  ортаның  тұтас  бейнесі,  өзі  және  әлеуметтік  ортасы 
туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыруды; 
- баланың танымын дамытуды, интеллектуалдық іс-әрекет тәсілдерін 
қалыптастыруды, білуге құштарлықты дамытуды; 
- баланың бейнелеу, көркем тілдік, музыкалық іс-әрекетінде эстетикалық 
сезімдерін, шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз етеді.  
Мектепке дейінгі  тәрбие  мен оқытудың  мазмұны  мынадай  бес  білім беру 
саласын  қамтиды:  «Денсаулық»,  «Қатынас»,  «Таным»,  «Шығармашылық», 
«Әлеуметтік орта». Білім беру салаларының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-
әрекеті, балалардың өзіндік іс-әрекеті және ересек адам мен баланың бірлескен 
іс-әрекеті  арқылы  іске  асырылады  және  балалардың  өмір  бойына  әлеуметтік 
табыстылық  пен  бәсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  қажетті  физикалық, 
тұлғалық,  зияткерлік  қасиеттерін  дамытуға,  негізгі  құзыреттіліктерін 
қалыптастыруға бағытталған [202, б. 22]. 
Балалардың жас кезеңіндегі құзыреттіліктерді меңгеру деңгейі көрсетіледі. 
Соның  ішінде  біз  1-3  жас  аралығындағы  құзыреттіліктерді  атап  өтеміз:  

90 
 
Денсаулық  сақтау  құзыреттілігі  -  Мәдени-гигиеналық  дағдылар:жеке  бас 
гигиенасының  алғашқы  дағдыларын  меңгереді;    Дене  шынықтыру:жүгіру, 
өрмелеу  және  секіруде  алғашқы  дағдыларды  меңгереді

Дербес  қимыл 
белсенділігі:кейбір 
қимылдарды 
ересектердің 
көрсетуімен 
орындайды;Салауатты  өмір  салты:қауіпті  жағдайда  сақ,  шынықтыру 
рәсімдерін өткізу кезінде жағымды көңіл-күйде болады
.  
Коммуникативті-тілдік 
құзыреттілік 

Қатынас 
мәдениеті:құрдастарымен  байланысқа  түседі;    Тілдің-грамматикалық 
құрылымы:түсінікті болу үшін ойын дұрыс айтуға тырысады;  Тілдің дыбыстық 
мәдениеті:Дауысты  және  дауыссыз  дыбыстарды  дұрыс  айтады;  Сөздік:өзі, 
отбасы  мүшелері,  сүйікті  ойыншықтары  туралы  сұрақтарға  жауап  береді;  
Байланыстырып  сөйлеу:тілегін,  сезімін  және  ойын  білдіру  үшін  сөздерді 
қолданады;  Шығармашылық  тілдік  қызмет:саусақ  ойындарын,  тақпақтарды 
жатқа  айтады;  Шығармаларды қабылдау:халық ауыз  әдебиеті  шығармаларына 
эмоционалды түрде өз ойын білдіреді. 
Танымдық құзыреттілік
 - 
Заттардың қасиеттерін бағдарлау:заттардың 
түрін,  негізгі  түсін,  пішінін,  фактурасын  ажырата  алады;  Қоршаған  ортаны 
тану:  адамдар  мен  олардың  іс-әрекеттеріне  қызығушылық  пен  құштарлық 
білдіреді;  Құрастыру  дағдылары:ересектердің  көрсетуімен  қарапайым 
құрылыстарды  жасай  алады;  Экологиялық  мәдениет  негіздері:жануарлар 
әлеміне  тілектестік  және  қамқорлық  қарым-қатынасын  білдіреді;  Қарапайым 
математикалық  ұғымдар:кеңістікте  бағдарланудың  алғашқы  дағдыларын 
көрсетеді; Іздеу және эксперименталды іс-әрекет:түрлі заттармен эксперимент 
жасайды  (ажыратады,  біріктіреді,  құрастырады
); 
Ақпаратпен  жұмыс
:
түрлі 
ақпарат көздеріне қызығушылық танытады.
 
Шығармашылық  құзыреттілік  -  Музыкалық  іс-әрекет:  музыкалық 
фразаның жоғары және төмен дыбысталуын ажырата алады, ересектермен бірге 
ән айтуға ықылас білдіреді;Нәтижелі іс-әрекет: қарындаш, фломастер, гуашь 
және  ермексаздың  көмегімен  ұқсас  бейнелерді  жасайды;Қоршаған  ортаны 
эстетикалық  қабылдау:  ұлттық  ойыншықтарды  қарай  отырып,  қуаныш, 
эмоционалдық сезім білдіреді. 
Әлеуметтік  құзыреттілік  -  Мінез-құлық  дағдылары:  өзін-өзі  ұстау 
ережелерін,  нормаларын  түсінеді,  сәлемдесу,  қоштасу  және  алғыс  сөздерін 
айтады;  Ересектермен  және  құрдастарымен  өзара  іс-әрекеті:  жақын 
адамдары  мен  құрдастарына  ықылас,  тілектестік,  жанашырлық  білдіреді; 
Адамгершілік  нормалары  туралы  түсінік:  «жақсы»  мен  «жаманды»  түсіне 
бастайды [202, б. 63].   
Баланың  қалыптасқан  базалық  құзыреттіліктері:  дене  бітімі  дамыған; 
білуге 
құмар;  белсенді; 
эмоционалды  елгезек;  үлкендермен  және 
құрдастарымен  өзара  әрекеттесу  тәсілдері  мен  қарым-қатынас  жасауды 
меңгерген;  өзі,  отбасы,  қоғам  (жақын  әлеумет),  мемлекет  (елі),  әлем  және 
табиғат жөнінде алғашқы түсініктері бар; мектепте оқуға қажетті дағдылар мен 
іскерліктерді игерген мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделін сомдайды .   

91 
 
Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  жүйесін  нормативтік-құқықтық 
қамтамасыз  ету  құжаттары  жалпы  стратегияларды,  негізгі  бағыттарды, 
басымдықтарды,  мемлекеттік  саясаттың  мектепке  дейінгі  білім  саласындағы 
міндеттерін және оларды тарату тетіктерін, еліміздің үдемелі дамуын, тәуелсіз 
мемлекетіміздің қалыптасып және бекуін жасайтын іргетасы ретінде белгілейді 
[202]. 
Сонымен  қатар  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  мазмұнының  сапасын 
арттыру  мақсатында  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  Қазақстан 
республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес мектепке 
дейінгі ұйымдарда: 
1. «Балбөбек»республикалық бағдарламалары іске асырылды. 
2.  2009  жылы  «Алғашқы  қадам»  (1-3  жас),  «Зерек  бала»  (3-5  жас),  «Біз 
мектепке  барамыз»  (5-6  жас)  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  мен 
тәрбиелеу бағдарламалары әзірленді және бекітілді.   
3. 2014 жылы «Тәй, тәй балапан» (1-3 жасқа арналған) бағдарлама жасалды 
4. Бұл бағдарламалардың оқу-әдістемелік кешені (жекеменшік, отбасылық 
балабақшалар,  және  ата-аналарға  арналған  консультациялық  пункттер  үшін 
әдістемелік нұсқаулықтар мен дидактикалық материалдар) әзірленді. 
«Алғашқы  қадам»  бағдарламасы  ерте  жастағы  (1  жастан  бастап  3  жасқа 
дейінгі) 
балаларды 
тәрбиелеу 
мен 
оқытуға 
арналған 
Қазақстан 
Республикасының  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты 
«Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту»  ҚР  МЖМБС  1.001-2009  талаптарына 
сәйкес әзірленген [203]. 
Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен 
оқытуға  арналған  «Алғашқы  қадам»  бағдарламасы  отандық  мектепке  дейінгі 
педагогика  және  ерте  жастағы  балаларды  тәрбиелеу  мен  оқыту  тәсілдері 
тәжірибесіне  негізделеді,  сондай-ақ  «Балабақшадағы  оқыту  мен  тәрбиелеудің 
типтік бағдарламасы» мазмұны мен базалық принципіне сүйенеді. 
 «Алғашқы  қадам»  бағдарламасында  тұлғалық-бағдарлы,  балаға  жекелей 
қарау, тұлғаның адамгершілік бастамасын, әлеуметтік мінез-құлық және қарым-
қатынас  дағдыларын  қалыптастыру,  балалардың  қызығушылықтарын, 
жалпыадамзаттық  құндылықтарды,  қазақ  халқының  салт-дәстүрлерін  ескере 
отыра ұйымдастырылатын ерте жастағы балалардың ойын, қимыл белсенділігін 
дамытуға басты орын берілген. 
Бағдарлама,  ең  алдымен,  балалардың  жеке  және  біріккен  әрекеттерін 
тиімді  үйлестіру  барысында  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  жеке 
даралықты,  денені  дамытуға,  психикасын  және  эмоционалды  жетістігін 
нығайтуға бағытталған.  
Осыған  байланысты,  «Алғашқы  қадам»  бағдарламасындағы  білім  беру 
міндеттері  бес  білім  беру  салалары:  «Денсаулық»,  «Таным»,  «Қатынас», 
«Шығармашылық», «Әлеуметтік ортаның» үйлесімді бірігуі арқылы іске асады, 
әрқайсысының жеке кіші бөлімдері мен өзінің мақсатты бағыттары бар.  
Аталған  бағдарламаларға  жасаған  талдау  республикада  балаларды  ерте 
жастан дамытуға аса мән беріліп отырғандығын, олардың физиологиялық және 

92 
 
психикалық  дамуына  ықпал  ететін  оқу  материалдары  мен  әдістемелердің  аз 
еместігін, халық шығармашылығының,  соның ішінде, негізінен  ауыз әдебиеті 
түрлерінің 
басым 
қолданылатынын 
көрсетеді. 
Алғашқы 
қадам 
бағдарламасының  көркем  әдебиет  бөлімінде  халық  ауыз  әдебиетінің  санамақ,. 
қаламақ түрлері қолданылса, музыка бөлімінде халық әні «Бипыл» беріледі.  
Қазіргі  мектеп  жасына  дейінгі  бағдарламаларда    балалар  ауыз  әдебиетін 
қолдану  арқылы  баланың  тілін  дамыту,  халық  сәндік-қолданбалы  өнер 
үлгісінде  оның  бейнелеу  шығармашылығын  дамыту,  мектеп  жасына  дейінгі 
балалардың  дене  тәрбиесінде  халық  ойындарын  қолдану,  музыкалық 
тәрбиелеуде  халық  шығармашылығының  туындыларын  пайдалану  бар 
екендігін  жоққа  шығаруға  болмайды.  Өз  заманының  сұранысына  сай  жаңа 
адамға  деген  қажеттілік,  жауапкершілікті  ала  білуге  деген  қабілетті  тұлғаны 
дамыту  артты.  Алайда  оларда  қазақ  халық  шығармашылығы  құралдарының 
барлығы толық қамтылады дей алмаймыз. [204]. 
Оған  қоса,  ерте  жастағы  балаларды  дамытуда  қазақ  халық 
шығармашылығын  пайдалануға  тәрбиешінің  кәсіби  деңгейіне  айрықша 
талаптар  қойылады.  Олардың  арнайы  ғылыми-педагогикалық  білімі  мен  мол 
тәжірибесі  болуы  тиіс,  өйткені  олардың  міндеті  балаларды  тәрбиелеу  мен 
оқытумен ғана шектелмейді. Ерте жастағы балаларды дамытуда ата-аналардың 
рөлі  өте  маңызды.  Олар  үй  жағдайында  ғана  баланың  дамуына  көңіл  бөлмей, 
олардың ерте дамыту  орталықтарындағы   ұйымдастырушылық  іс-әрекеттеріне 
тікелей  қатысқаны  дұрыс.  Ата-аналардың  сабақтарға  қатысып,  балаларымен 
біргелікте  педагог  тапсырмасын    бірге  орындауы  балалардың  танымдық 
белсенділігі  дамуын  жылдамдатады  және  нәтижелі  жүзеге  асуына  тікелей 
ықпал етеді.   
Баланың  ерте  жастағы  тәрбиесі  оның  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына 
ықпал  ететін  шешуші  фактор,  мұнда  жанұя  мен  ерте  жастағы  баланы  дамыту 
ұлттық мектептердің орны ерекше. Баланы дамытуда балалар мекемелері жанұя 
тәрбиесінің  жылуын,  әсіресе  оның  жігерлі  сипатын  қамтамасыз  ететін  өзіндік 
жанұялық немесе соған ұқсас жағдай жасау қажет. 
Осыған  байланысты  біз  жасаған  «Сәби  танымы»эксперименттік  кешенді 
бағдарламасы  үш  бағыттан    тұрады:  1)  Ерте  жастағы  балаларды  тәрбиелейтін 
педагогтардың  біліктілігін  арттыруға  арналған  дәріс-семинарлар;  2)  Ерте 
жастағы  балаларды  тәрбиелеуде  ата-аналармен  бірлестіктегі  жұмыс;  3)  Ерте 
дамыту орталықтарында  балалардың танымдық белсенділігін дамытудың  оқу-
ойын іс-әрекеттерін ұйымдастырудың тақырыптық жоспары және іс-шаралары. 
Аталған бағдарлама «педагог – бала – ата-ана» жүйесімен жүргізіледі. Осы 
бағдарламаны  жүзеге  асыруда  ата-аналармен  біргелікте  істейтін  іс-шаралар 
бірінші  орынға  шығады.  Ата-аналардың  балаларымен  бірге  ұйымдастырылған 
іс-әрекетке қатысып отыруы, олармен бірге тапсырмаларды орындауы маңызды 
саналады. 
«Сәби  танымы»  кешенді  бағдарламасында  ерте  жастағы  балаларды 
тәрбиелеу  мен  дамытуда  оқытудың  ойын  формасы  мен  дәстүрлі  мәдениетті 
қолдануды  басты  назарда  ұстанған  ғалымдар  еңбектеріне,    балалар 

93 
 
психологиясындағы  ғылыми  білімдерге  негізделген.    Балалардың  әлемді 
әртүрлі  сезімдер  арқылы  танудың  қажеттілігі  туралы  ой-пікірлерді  ескере 
отырып,  балалардың  уайымдарын,  сезімдерін  білдірудің  формаларын  өздеріне 
ойлап  табу  ұсынылады,  бұл  шығармашылықтың  тууына  тікелей  бастама 
болады.  
Баланың  алғашқы  жылдары  өте  өзекті  болып  табылатын:  шапалақтау, 
секіру,  қимыл  –  бәрі  «өзін  көрсету  белгісі»  екенін  байқадық  (Жак  Далькроз). 
Баланың  эмоциялық  әсерленуі,  мысалы  күн  сайын  күшейе  түседі.  Ол  өте 
маңызды, «тәрбие бәрінен бұрын жағымды әсер етуі керек (қуаныш, мақтаныш, 
сенімділік),  жағымсыз  әсер  тудырмағаны  жөн»  (Гарри  Шенфельдер). 
Бағдарлама  жоғарыда  аталып  өткен  мемлекеттік  стандарт  пен  балаларды 
ертеден  дамыту  мемлекеттік  бағдарламалары  негізге  алынды.  Сондай-ақ, 
Н.Құлжанова, 
Б.Баймұратова, 
А.Әмірова, 
Ғ.Таубаева, 
А.Мамбетова, 
Н.Нұрмұхаметова,  Ғ.Абаева,Қ.Матыжанов,  Р.Ісламжанұлы,  С.Ұзақбаева, 
Ұ.Әбдіғапбарова,  Ф.Жұмабекова,  Ж.Акпарова,  Ұ.Төленова  және  т.б. 
зерттеулердегі  қазақ  халық  шығармашылығының  материалдары  қолданылды. 
Бағдарлама төмендегідей мүмкіндіктер береді: 
балалар мен олардың ата-аналарын дәстүрлі мәдениетке қатыстыру; 
-  азақ  халық  шығармашылығының  балаларға  арналған  түрлі  жанрларын 
меңгерту; 
-педагогтардың  бала 
тәрбиесінде  қазақ  халық  шығармашылығын 
пайдалану біліктілігін арттыру; 
-  ата-аналарды  бала  тәрбиесінде  қазақ  халық  шығармашлығының  негізгі 
қағидаларын пайдалана білуге үйрету. 
Бағдарламаның негізгі тұжырымдамалық идеялары: 
- баланың өзінің тарихи-мәдени тамырын генетикалық есте сақтауын ояту; 
-  балада  рухани-адамгершілік  тұрғыда  жеке  тұлға  ретінде  дамуының 
іргетасын қалыптастыру 
-    қазақ  халық  шығармашылық  құралдары  арқылы  баланың  өз  халқының 
мәдениетіне  сүйіспеншілігін  тудыру;  балалардың  тілін  және  музыкалық 
қабілетін,  қол  әрекеттерін  жетілдіру,  физикалық  және  психикалық  тұрғыдан 
дамуын  қамтамасыз  ету  негізінде  олардың  танымдық  белсенділігін  дамытуды 
жүзеге асыру. 
Бағдарлама 
төмендегідей 
халық 
педагогикасы 
мен 
гумандық 
педагогиканың кіріккен идеяларын ұсынады: 
- ұлттық рухани-адамгершілік нормаларына сүйенеді; 
- қазақ халық шығармашылғының алуан сипатты жанрларын қамтиды; 
- тәрбиелеудің ұжымдық және жеке-даралық тәсілін қолданады; 
- еңбек іс-әрекетіне үйретеді. 
Педагогтің қызметі төмендегі принциптерге сүйенеді: 
- шығармашылық тәсіл;  қолжетімділік;  жеке-даралық тәсіл;  белсенділік; 
сезімталдық;  эмоция, мадақтау;  еңбексүйгіштік.  
Нәтижесінде  баланың  іс-әрекетінде  және  ұжымда  құрдастарымен 
толыққанды  өмір  сүруде  маңызды  орын  алатын  бастауыш  нысандардың 

94 
 
қалыптасуына  ықпал  ететін  өзін-өзі  бағалау  және  өзін-өзі  бақылау 
ұстанымдарын жүзеге асыруға жағдай жасалады.  
Бағдарламаны табысты іске асыру үшін кем дегенде аптасына екі сағаттық 
сабақтар  жүйесі  қажет.  Бағдарлама  одан  әрі  мектепке  дейінгі  балалардың 
шығармашылық  гуманитарлық  бағыттарының  дайындық  сатысы  болып 
табылады.  
Сонымен бірге, бағдарлама баланы мектепке дейінгі білім беру мекемесіне 
баруға дайындайды.  
-Бағдарлама көпмақсатты болып келеді:  
-жеке тұлғаның ерте әлеуметтенуіне ықпал етеді; 
-танымдық белсенділікті дамытуға көмектеседі; 
-қимыл-қозғалыс, сөйлеу, шығармашылық қабілетті жетілдіреді. 
Психологиялық-педагогикалық және әдістемелік талаптар: 
-барлық назар балада болады, оның жеке-даралық қабілетінің пайда болуы 
және оны ұжымдық шығармашылық арқылы көрсете білуі;  
сабақтарда эмоциялық, шығармашылық жағдай туғызу;  
халық  мерекелері,  дәстүрлі  мәдениет  арқылы  шығармашылық  қабілетін 
жүзеге асыру;  
барлық  сабақтарды  ойын,  халық  шығармашылығының  барлық  жанрлары 
мен заманауи педагогикалық нұсқаулар негізінде жүргізу;  
оқытуда этнографиялық білім көздерін пайдалану. 
Бағдарлама  келесі  білім  беру  салалары  ықпалдасуын  ұсынады:  жалпы 
эстетикалық, шығармашылық; музыкалық; әлеуметтік-педагогикалық;  
психологиялық; этнопедагогикалық.  
Мақсаты мен міндеттері  
Бағдарламаның 
мақсаты 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет