Сурет 3 - Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігінің дамуының
механизмі
білу
үйрену
жасау
қажетсіну
құштар
болу
байқау
53
Сонымен психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау
нәтижесі, ерте жастағы баланың психикалық үдерістерінің дамуы мен
танымдық белсенділігін дамытудың арақатынасын анықтау, сондай-ақ ерте
жастағы баланың танымдық белсенділігін дамытудың механизмі негізінде, біз
өзіміздің зерттеу пәнімізге қарай «ерте жасар баланың танымдық
белсенділігі дегеніміз оның жаңаны қажетсіну,құштар болу, байқау, білу,
үйрену, жасау әрекеттерінің көрінісі» деп нақтылаймыз.
Ерте жастағы баланың танымдық белсенділігін дамытуда қазақ халық
шығармашылығының мүмкіндіктерін жоғары. Әл-Фараби баланың ақыл-ой
касиеттерін дамытуда өнердің ықпалы басым екендігін өзінің мынадай құнды пікірімен
білдірген: «Тек қана білім тән болатын ақыл-парасат (түрі) әрекет үстінде жүзеге
асыруға емес, танып-білуге жағдай туғызатын өнерлер арқылы ғана сол білімге
ие болады» [168]. Халық шығармашылығының тәлім-тәрбиелік мәнін кемеңгер
жазушы М.Әуезовтің мына бір пікірінен аңғаруға болады: «Біз ауыз әдебиетін
зерттей отырып, халық санасындағы отаншылдық сезімді, халық ұғымындағы
адамгершілік гуманизімді, халықтың қанатты үміті – оптимизімді, сол
халықтың өткендегі өмірі, аңсау –арманы, әдеп-ғұрпын, халықтың ұжымдық
тәрбиесінің жемісін көреміз» [169].
Ертедегі халықтың күмбірлеген күміс күйімен сыбызғы сырнай үнімен, ән-
жырымен, мақал-мәтел, шешендік сөз, ертегі, айтыс өлеңдерімен ғасырлар
бойы өз ұрпағын өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары, намысқой
азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Сонымен халықтық
педагогиканың тамаша идеялары мен дәстүрлерін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізуде халықтың ауызекі шығармашылығы айрықша рөл атқарады [170].
Мектепке дейінгі білім беру мекемелері – халықтық жалпы білім беру
жүйесіндегі бірінші және ең жауапты орын. Халық шығармаларымен танысу
баланың сезімін және тілін байытады, қоршаған ортаға қарым-қатынас
қалыптастырады, баланың жан-жақты дамуында баға жетпес рөлге ие
болады.
Ерте жастан-ақ балаға өз халқының ұлттық мәдени құндылықтарын
құрметтеуді қалыптастыру, қарапайым ұлттық мәдени түсініктерді игерту
керек. Халық шығармаларымен танысу баланың сезімін және тілін байытады,
қоршаған ортаға қарым-қатынас қалыптастырады, баланың жан-жақты
дамуында баға жетпес рөлге ие болады. Балалық шақ – ұлттық мәдениеттің
бастауына шынайы, үлкен қызығушылықпен, ойын, күлкі, қуанышпен үңілу
мүмкіндігі бар кезең. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі – халық ағарту
жүйесіндегі бірінші және ең жауапты буыны. Ана тілін меңгеру мектепке
дейінгі балалық шақтың ең маңызды мәселесі. Әр халықтың өскелең ұрпақты
тәрбиелеудегі өз ұлттық ерекшеліктері бар. Бүгінгі күннің мақсаты – қазақ
халқының тамаша дәстүрлеріне сүйене отырып, тәрбие үдерісінде кеңінен
пайдалану. Бала өз халқының, елінің өнерін, тұрмыс, салт-дәстүрін, мәдениетін
неғұрлым кең, терең сезінсе, басқа елдердің де өнерін соғұрлым терең сезінетін,
түсінетін болады.
54
«Халық шығармашылығы» деген ұғымды білдеретін «фольклор» сөзі
ағылшынның «folk» – халық және «fore» – даналық деген екі сөзінің бірігуінен
шыққан. Фольклор тарихы өте ерте заманнан басталады. Оның бастауы
адамдардың өзін қоршаған ортадағы табиғатты және ондағы өзінің орнын білу
қажеттілігімен байланысты.
Дүние жүзінің мәдеиет зерттеушілері 1985 жылы ЮНЕСКО бас қосуында
осы ұғым бойынша мынадай бір тұжырымға тоқталады: «Фольклор дегенміз,
халықтың дәстүрлі мәдениеті, қоғамның арман-аңсары (идеал) тудырған, сол
қоғамның мәдени және әлеуметтік төлтума жағдайымен үндесе көрініс тапқан,
дәстүрлі тұғыр еткен топтар мен жеке адамдардың ұжымдық шығармашылығы,
фольклордың үлгілері мен бағалы нұсқалары ұрпақтан –ұрпаққа ауызша,
еліктеп үйрену арқылы және басқа да тәсілдермен ауысып отырады; өзгесі
сияқты фольклордың санатынан тіл, әдебиет, музыка, би, ойындар, афсаналар,
әдет-ғұрыптар, салт-жоралпр, қолөнер кәсібі, архитектура және басқа да
өнер түрлері жатады» [171].
Осы ойды белгілі этнограф ғалым, қазақ әлемін танушы Ақселеу
Сейдімбектің «фольклор» термині белгілі бір халық мәдениетінің кешенді
құбылысын қамтиды» деген пікірі дәлелдей түседі» [172].
Біз өз зерттеуімізде осы тұжырымдарға негізделе отырып «халық
шығармашылығы ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, еліктеп үйрену және басқа да
тәсілдермен беріліп отырған туындылардың жиынтығы» деп түсінеміз. Ал
халық шығармашылығының құралдары дегеніміз оның жанрларына қарай
бөлінетін, балалар тәрбиесінде қолданылатын белгілі бір түрлері.
Осы халық шығармашылығының ерте жастағы баланың танымдық
белсенділігін
арттырудағы
мүмкіндіктерін
анықтамас
бұрын
оның
педагогикалық жіктемесін жасап алуды жөн санадық. Ол үшін әдебиеттерде
берілген бірқатар қазақ халық шығармашлығы жіктемелерін, соның ішінде бір
түрінің іштей топтамалары қарастырылған еңбектерге талдау жасадық.
Этнопедагог ғалым С.Ұзақбаева қазақ халық шығармашылығының балалар
мен жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беруде мүмкінідігінің жоғары екенін
негіздей отырып, оны үш түрге бөліп қарастырады: халықтың ауызекі
поэтикалық шығармашылығы, халықтың музыкалық шығармашылығы,
халықтың сәндік-қолданбалы өнері» [173].
К.Матыжановтың «Қазақтың фольклорлық балалар поэзиясы» атты
кандидаттық диссертациясында (1990ж.)тұңғыш рет халық әдебиетіндегі
балаларға арналған өлең-жырлар «балалар фольклоры» деген ұғым аясында
топтастырылып, қазақ фольклорының іргелі бір саласы ретінде жеке
қарастырылады. Зерттеуші қазақ балалар фольклорындағы өлең-жырларды
топтарға жіктеп, ішкі жанрлық түрлерге бөледі. Жалпы сәбилерге арналған
өлең-жырларды, соның ішінде бесік жырын да «әлпештеу поэзиясы» тобына
жатқызады [174].
Бұдан басқа балалар фольклоры, қолөнер түрлері, ұлттық ойындар және
т.б. халық шығармашылығы бірқатар диссертацияларда топтастырылады.
Оларды жүйелеп, кестеге түсірдік (кесте 6).
55
Кесте 6 - Балаларға арналған қазақ халық шығармашылығы түрлерін
ғалымдардың топтастыруы
Автор
Топтама мазмұны
1
2
Матыжанов К.С.
Сәбилерге арналған өлең-жырлар - «әлпештеу поэзиясы»
Мамбетова А.Т.
Балалар фольклоры: Бесік жыры, сәбилік ғұрып жыры, тұсаукесер,
сұрамақ, өтірік өлеңдер және т.с.с.
Ісләмжанұлы К. I. Әлпештеу поэзиясы, II. Жеткеншектер поэзиясы,
III. Ойындық фольклор.
Таубаева Ғ.З.
Ертегі, әңгімелер, тақпақтар, мақал-мәтелдер, мысалдар
Албытова Н.
Мектепке дейінгі балаларға тән салалар: Бесік жыры,сәбилік ғұрып
жырлары, мәпелеу жырлары, уату-алдарқату жырлары, санамақ,
жаңылтпаштар, тақпақ, сұрамақ, мазақтама, ойын, ертегі, қаламақ,
тәжікелесу
Нурмухамедова
Р.Ә.
Сәбилер тобы: бесік жыры, уату-алдарқату, мәпелеу жырлары, сұрамақ,
ойын-ермек, ертегі, санамақ, жүмбақ, қаламақ.
Естиярлар тобы: бесік жыры, сұрамақ, ертегі, санамақ, жұмбак,
қаламақ, ойын-ермек, жаңылтпаш, мақал-мәтел, мазақтама
Ересектер тобы: ертегі, санамақ, жұмбақ, қаламақ, ойын, жаңылтпаш,
мақал-мәтел, мазақтама, тақпақ, өтірік өлең, маусымдық жырлар,
тәжікелесу, балалар айтысы, бата-тілек, шешендік сөздер, ырым-тыйым
сөздер
Белгібаева Г.Қ.
Мақал мәтел, жұмбақтар,аңыз әңгімелер, ертегілер, шешендік сөздер,
батырлық жырлар
Бадел А.
Балалар поэзиясы:бесік жырлары, уату-алдарқату өлеңдері, арнау-тілек
өлеңдер, сұрамақтар, қызықтамалар, өтірік өлеңдер, тақпақтар,
маусымдық жырлар
Ойындық фольклор:Ойын өлеңдер: жұмбақтар, мақал-мәтелдер,
тәжікелесулер, балалар айтысы, жаңылтпаштар
Ойынға байланысты жырлар: ойынға шақырулар, қаламақтар,
санамақтар . Ертегілер: Қиял ғажайып ертегілері, хайуанаттар туралы
ертегілер, тұрмыс-салт ертегілері, күлдіргі ертегілер (аңыздар)
Асылбекова
М. П.
үлгі-өнегелер, ертегілер, жырлар, аңыздар, жаңылтпаштар, жұмбақтар,
санамақтар, мазақтамалар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер,
этнографиялық, мәдени-тұрмыстық, ұлттық салттар мен дәстүрлері,
рәсімдер, әдет-ғұрыптар, халықтық ойындар мен мерекелер, әлеуметтік
тағылымдар мен тәжірбиелер, үлгі-өнегелер
Көкшеева З.Т.
Әлпештеу (ана) поэзиясы – бесік жыры, мәпелеу, күлдіргілер, әзіл-
оспақтар;
Тұрмыстық фольклор – тақпақтар, жалған ат қою және мазақтаулар,
мақал-мәтелдер, балалар ертегілер, аңыз-әңгімелер, эпостық-жырлар-
дастандар, әндер, күйлер, термелер
Күлдіргі фольклор – ауызша (сөз арқылы) ойындар, қағытпалар,
жаңылтпаштар, өтірік өлеңдер мен күлдіргі, әңгімелер, жұмбақтар
Ойын фольклоры – поэтикалық-мәтінсіз орындалатын рөлдік ойындар,
өлең сөздерінің сүйемелдеуімен орындалатын рөлдік ойындар, әннің
сүйемелдеуімен орындалатын рөлдік ойындар, қаламақтар мен
санамақтар, интеллектуалдық ойындар, спорттық ойындар
56
6 – кестенің жалғасы
1
2
Төленова Ұ.Т.
Ұлттық ойындар:
Тәртіптілікке – «Тоғыз таяқ», «Тоқта», «Сақина, «тастамақ», «Біз
де»,«Жаңылма», «Кімтапқыр?», «Күрек»,«Айдаһар»
Сүйіспеншілікке - «Қаршыға менқарылғаш», «Қозы-лақтар», «Жылдырт-
жылдырт», «Қыз қуу», «Көкпар», «Жұмбақ», Қарқорлықты – «Бос орын»,
«Тартыс», «Күн мен түн» ,«Аңшылар», «Аркан тарту», «Әлпеншек», «Ордағы
қасқыр»
Жағымды қарым қатынасқа – «Түйілген орамал», «Ак серек, көк серек»,
«Қуыр-қуыр қуырмаш», «Алақан соқпақ», «Айгөлек», «Асық», «Ақ санды,
көксандык», «Тығылма», «Мысык пен тышқан», «Қазан доп»
Әбдіғапбарова
Ұ.М.
Ою-өрнектер: геометриялық: «тұмар», «шаршы» және т.б.
Космогониялық: «ай», «күн», «жұлдыз» және т.б.
Кестеде көрсетілген топтамалар бір-біріне қайшы келмейді, керісінше
бірін-бірі толықтыра түседі. Осы топтамаларды талдау негізінде біз де қазақ
халық шығармашылығының ерте жастағы балаларға арналған педагогикалық
жіктемесін жасадық (сурет4).
Сурет 4 - Қазақ халық шығармашылығының ерте жастағы балалардың
танымдық белсенділігін дамытуға арналған педагогикалық жіктемесі
Қазақ халық шығармашылығы құралдары
Ауыз
әдебиеті
Музыка
Ойын
Қолөнер
- күлдіргі
өлеңдер
-мазақтамалар
- уату-алдарқату
- ертегілер
-жұмбақтар
-мақал-мәтел
жаңылтпаштар
және т.б.
- бесік жыры
- әлпештеу
жыры
-сәбилік ғұрып
жыры
- ұлттық би
қимылдары және
т.б.
- ойын-өлеңдер:
- ойынға шақыру
-қаламақ
-санамақ
- ойын-ермек
- тәжікелесу
-қимыл-қозғалыс
ойындары
және т.б.
-ою-өрнек
- құрақ
- жапсырма кесте
- ұлттық киімдер
- тұрмыстық
бұйымдар
- сыйлықтық
бұйымдар
және т.б.
57
• Туғаннан 3жасқа дейін
Жас аралығы
• Дене, ақыл-ойын тәрбиелеу, танымдық
белсенділігін дамыту
Тәрбие мазмұны
• Қабылдау, қиял, зейін,сөйлеу, тіл, жады,
ой, көру, есту, сезу, есте сақтау
Писхикалық үдерістерді
дамыту
• баланың қабылдауына жеңіл, қиялын
тереңдетеді, білуге құштарлығын
арттырады, зейінін қалыптастырады,
есте сақтауын шыңдайды, тілін
дамытады, қимыл қозғалысын
жылдамдатады, ой-өрісін өсіреді, қол
іс-әрекетін дамытады
Танымдық белсенділікті
дамыту мүмкіндіктері
Қазақ халық шығармашылығының ерте жастағы балалардың танымдық
белсенділігін дамытуға арналған педагогикалық жіктемесінің ерекшеліктеріне
балалардың ерте жас аралығы, аталған шығармашылық түрлерніің осы жастағы
балалардың тәрбиесі мазмұнына, психикалық үдерістерінің дамуы, танымдық
белсенділігін дамыту мүмкіндіктері алынды (сурет 5).
Сурет 5 - Қазақ халық шығармашылығының педагогикалық жіктемесінің
ерекшелігі
Осы тұста айта кететін жайт, 4-суреттегі қазақ халық шығармашылығы
құралдарының түрлері ерте жастағы балалардың әр түрлі психикалық
үдерісінің дамуына қарай іріктелді. Мәселен, ауыз әдебиеті құралдары, ерте
жастағы балалардың дыбыстарды анық шығаруына, дауыстап айтып үйренуіне,
тақпақтап айтуға жаттығуына, айтуына жеңілдігіне қарай, сөздерді қосып
айтуға дағдылануына, түсініп қабылдау мүмкіндігіне, қайталауға икемділігіне
Қазақ халық шығармашылығы педагогикалық
жіктемесінің ерекшелігі
58
және т.б. қарай таңдалса, музыка құралдары баланың тыңдауына, есітуінің
шоғырлануын дамытуға, эмоционалды қабылдауына, жағымды есітілуіне,
зейінін аударуға, есінде сақтай алуына, билеуге икемділігінеқарай және т.с.с.
сипаттарын есепке алып отырып таңдалды. Қазақ халық шығармашылығының
ойын құралдары ойындық негізде құрастырылғанына қарай алынды. Ойын ерте
жастағы балаланың ең басты іс-әрекеті екендігі белгілі. Ал, осылардың
арасынан қолөнер құралдарын іріктеуге тоқталып өткенді жөн көрдік. Қолөнер
құралдарын іріктеуде ерте жастағы баланың заттық–іс-әрекеттік ортада
дамуының басымдығы тұжырымдары негізге алынды. Өйткені қолөнер
құралдарының барлығы да көзбен көретін, қолмен ұстайтын бұйымдар.
Жоғарыда айтып өткендей баланың көру, қабылдау сезімдері туылғаннан екі-
үш айдан кейін ақ қалыптаса бастайды. Көруінің шоғырлануы үш айында 5-7
минутқа созылатындығын айтқан болатынбыз. Демек, балалардың заттық-
кеңістік ортасын қазақ ұлттық бұйымдарымен, киімдерімен, тұрмыстық,
сыйлықтық
заттарымен
безендіру
және
оларды
балалардың
ұйымдастырушылық іс-әрекеттерінде пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.
Сондай-ақ, қолөнердің ою-өрнек түрлерінің баланың қабылдауына жеңіл
түрлерін (тұмар ою, шаршы ою, күн оюы және т.б.), ерте жастағы балалардың
геометриялық фигуралардың көлемін, түстерін өту барысында қолдану
мүмкіндіктері ескерілді. Олардың ересектер дайындаған жапсырма кестелерді
желімдеп жапсыра алу, жеңіл құрастырылатын ұлттық тұрмыстық заттарды
(аққұман, шәйнек, кесе, торсық) мүсіндеу мүмкіндіктеріне қарай іріктелді.
Жалпы айтқанда қазақ халық шығармашылығының ерте жастағы
балалардың танымдық белсенділігін дапмытудағы мүмкіндіктері кең. Ол
туралы қысқаша тоқталып өтейік.
Ғылыми әдебиеттерде халық шығармащылығы балалар тәрбиесіндегі
халық педагогикасының құралдары тұрғысынан зерделенген.
Халықтық қағидаға негізделген тәрбие ана тілін меңгере бастаған сәбилік
шақтан басталады. Н.К.Крупская балалардың отбасында тілінің дамуына үлкен
мән беретін, әсіресе баланың анасымен тілдесу кезінде, себебі «ана тілі
адамның өзін, ішкі сезімін, ойын, көңіл-күйін білдіру құралы» екендігін айтады
[175].
В.А.Сухомлинский ертегілер, әндер, баланы алдандыратын өлеңдер,
санамақтарды танымдық белсенділікті, ақыл дербестігін, жеке адамның
даралығын оятуда, қалыптастыруда таптырмайтын құрал деп есептеген
[176].
М.Жұмабаев «Жан тұрмысы өркендеуі үшін, яғни ойы, ақылы кеңейіп,
құлқы түзеліп, тілі баюыүшін жас балаға ертегі тым қымбат нәрсе. Бала ертегіні
жан-тәнімен тыңдайды. Ертегіге шын көңілімен нанады. Бала құрғақ ақылды
ұқпайды, жандандырып, суреттеп алып келсең ұғады» деп баланы ерте жастан
дамытуда ертегіні қолдану тиістігін айтады [16, б. 132].
Б.Баймұратова, Р.Нурмухамедова балаларға арналған алдандыратын
өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, мақалдар тіл дамыту үшін өте бай материал
екенін көрсетеді [88, б. 56 ].
59
Р.Нурмухамедова
қазақ
фольклор
жанрларын
балалардың
жас
ерекшелігіне сай бірте-бірте күрделендіріп қолдану жүйесін жасады [64, б. 192].
Қазақ халық шығармашылығының балаларға арналған түрлерінің
құндылығы сонда, оның көмегімен ересектер балалармен жеңіл эмоционалдық
байланыс, эмоциналдық қарым-қатынас орната алады. Мазмұнының
қызықтылығы, бай фантазиясы, ашық-жарқын көркем бейнелер баланың
назарын аударады, оған қуаныш сыйлайды, сонымен бірге баланың білуге,
үйренуге құштарлығын арттырады. Мазмұны жағынан қарапайым және
ықшамды болып келетін ауыз әдебиетініңшағын формасында сөздік,
мағыналық, дыбыстық байлықтар жасырынған.
Бұрынғыдан алыстап бара жатқан бүгінгі балаларға ересектермен өзара
байланыстыратын әлдилеу, шомылдыру, алғашқы дене жаттығулары,
ойындартәсілдерін қазіргі уақытта қолдану керек. Сан ғасырдан бері әзіл-
қалжыңдарды, тақпақтарды, мәтелдерді балалар сүйіспеншілікпен және
ақылмен жаттайды, оны өз халқының биік моральдық мәдениеті ретінде
қабылдайды.
Балаларауыз әдебиетімен танысу олардың қоршаған ортаға, халық
дәстүріне, ана тіліне деген қызығушылығын, оларғазейінін аударуын дамытады,
көркемдік талғамын тәрбиелейді, сонымен бірге тілін дамытады, ойын
ұшқырлайды, оларды саналы әрекетке итермелейді.
Ашық, түпнұсқадағы, формасы мен мазмұны жағынан қолжетімді
мәтелдер, мазақтамалар есте тез сақталады және балалармен ойын барысында
кең түрде қолданылады. Бұлар баланы алдандырады және сонымен бірге мінез-
құлық дағдысына үйретеді, танымдық белсенділігін дамытады.
Ерте жастағы балаларға өз халқының ұлттық мәдени құндылықтарын
құрметтеуді қалыптастыру, олардың қарапайым ұлттық мәдени түсініктерін
игеруін дамытады.
Ерте жас – көркем қабылдауды қалыптастырудың белсенді кезеңі. Балалар
бесік жырынан, тақпақтардан, әндерден және т.б. бастап халық
шығармашылығының шағын түрлерімен кең түрде таныса бастайды. Олар
балаларға өмірлік: физикалық және адамгершілік тазалық сабағын береді.
Барлық бесік жырлары, әндер, тақпақтар ішкі жан дүние жылулығымен және
махаббатпен астасып жатыр. Халық шығармашылығының шағын формасы
балада туғаннан балаға төл мәдениетінен хабар беріп, оларға деген сезімін
қалыптастыруға негіз бола алады. Өйткені күнде көріп, күнде есітіп жүрген
құралдары балалардың сезінуі арқылы есінде аз-аздан сақтала береді. Халық
шығармашылығы тілімен баланың санасына ең қиын деген ұғымды жеткізуге
болады, ол қарапайым қабылдауға мүмкіндік бермейді, өйткені ол кез келген
адамға ашылмайды, тек әлемге мейірімді көзбен қараушыға, ары таза, жан
дүниесі бай адамға ғана ашылады. Ал мұның бәрі – балаларға тән ерекшелік.
Ауызекі шығармашылықтағы әлпештеу баланың тұлға ретінде және
ұлттық мәдени дамуының, соның ішінде санасын, зияткерлік, танымдық
өресін дамытудың бірінші баспалдағы.
60
Бесікте бөленіп жатқан бала, әрине, өлең-жырларды тұтынушы ретінде
қабылдайды. Ата-анасы балаларымен өз үлгісімен, өз мәнерінде сөйлеседі және
оларға көмек көрсету үшін, балалармен сөйлесу тілін пайдалы және көркем,
үйлесімді, қызықты ету педагогикалық мақсатпен бірегей поэзия болып
танылатын ана, әжелер құрастырған қазақ ауыз әдебиетіндегі балаларды
әлпештеу өлең-жырларға тоқталайық. Әлпештеу жыры баланы туылған күнінен
бастап 1,5 жасына дейін айтылады, осы кезеңде бала қоршаған ортаны және
өзін-өзі алғаш тани бастайды. Қоршаған ортаны тану және өз-өзімен танысу
ата-анасының, туыс, жақын адамдардың көмегімен, ана махаббаты, қамқоры,
жылылығына негізделген осы әлпештеу өлең-әндері арқылы іске асырылады.
Бұған дәлел балалар ауыз әдебиетінің түрлі жанрда құрастырылған
шығармалары, бесікте жатқан бала түрлі сөз тіркестермен танысады (ақ
лағым,); балаға айтылатын еркелету сөздер, қаратпа сөздер (құлыным,
боташым, қошақаным...); өте нәзік, жылы естілетін сын есімдер (аппағым-ай,
қорқағым-ай...) [177].
Төменде келтірілген 7- кестеде балалар ауыз әдебиеті зерттеушілерінің
сәби жастағы балалардың дамуы мен тәрбиесінің түрлі салаларына тигізетін
ықпалы туралы пікірлерін ұсынамыз.
Кесте 7 - Қазақ халық шығармашылығы құралдарының ерте жастағы баланың
танымдық белсенділігін дамытудағы мүмкіндіктері
Жанр
Танымдық белсенділігін
дамыту
Нәтиже
1
2
3
Бесік жыры
Қабылдауын,
қызығушылығын,
дамыту,
эмоционалдық ықпал ету,
музыканы тыңдауға, сөздерді
ұғынуға
зейінін
тұрақтандыруға,
ырғақ
сезімін дамытуға әсер ету
Баланы
жұбату,
тыныш
ұйқы,
вестибулярлық аппаратты дамыту,
адам дауысын қарым-қатынас ретінде
қабылдау, сөзді қабылдау, тілді түсіну,
сөздерді ұғыну, бастапқы шынайы
нысанды игеру, қоршаған ортадағы
заттардың
өзара
қарапайым
байланысын ұғыну, психикалық даму,
сезімталдық әсердің жинақталуы
Әлпештеу
Физиологиялық сауықтыру,
дене, ақыл-ой, тұлғалық,
сөйлеу дағдыларын, ырғақ
сезімін,сезімталдығын
дамыту
Кеуде, аяқ, қол бұлшық еттерін
нығайту, қан айналымын қалпына
келтіру,
жалпы
қозғалыс
үйлесімділігін,
вестибулярлық
аппаратты дамыту, барлық ағзасының
тіршілік әрекеттерін қозғау. Сергектік,
қуанышты эмоциялар, ырғақ сезімінің
пайда болуы, ауызекі тілдесу, диалог
құру, қарым-қатынас орнату
Санамақтар,
қаламақтар
Дене,
ақыл-ой,
эмоционалдық даму, ырғақ
сезімін,
қолдың
ұсақ
моторикасын
Қоршаған
орта,
айналасындағы
адамдар туралы ұғым қалыптастыру,
танымдық
іс-әрекеттің
оянуы,
қоғамдағы өз
61
7 – кестенің жалғасы
1
2
3
дамыту, ойды тынықтыру,
білуге құштарлығын арттыру
орнын
сезіну,
қолдың
ұсақ
моторикасын дамыту. Тіл дамыту,
дыбыстардың анық айтылуы, сөз
қорын кеңейту, ми жұмысын
белсендіру, назар аудару, зейін қою
дағдыларын дамыту, сабырлылық
қалыптастыру,
неврозды
болдырмау,
қиялдауға
ынталандыру,
елестетудің,
шығармашылық қабілеттің пайда
болуы, сурет салуға және басқа
қолданбалы
жұмыстардың
түрлеріне қолды дайындау.
Жұмбақтар,
өтірік өлеңдер
Эмоционалдық қабылдауын
арттыру, қиялын ұшқырлау,
танымдық
ойын
дамыту
ақыл-ойын өсіру, зияткерлік
қабілетін,
танымдық
іс-
әрекетін дамыту
Қисынды ойлауды дамыту, баланың
ақыл-ойын өсіруге негізделген іс-
әрекеттерін белсендіру, талдау және
жүйелеу
қабілеттерін
дамыту,
астарлы сөзбен таныстыру, әзілді
түсіну сезіміне ықпал ету
Қимыл-
қозғалысты
ойындар
Ақыл-ой,
дене,
шығармашылық,
эмоционалдық
қатынасын,
тілін дамыту, ерік-жігерін
тәрбиелеу, ырғақ сезімін,
қолдың ұсақ моторикасын
дамыту, қажетсіну, байқау,
үйрену сезімдерін дамыту
Қарым-қатынас, коммуникативтік –
сөздік
іс-әрекет
талабы,
психологиялық қысымдарды жою,
ақыл-ойдың икемділігі, сөйлеу және
ойлау реакциясының жылдамдығы,
өз құқықтары мен міндеттерін,
тыйым салуды білу, өзін-өзі таныту,
өз ойын білдіру, шығармашылық
және имправизация жасау, денесі
мен зердесінің, сезімінің, ерік-
жігерінің,
адамгершілігінің
үйлесімді
бірлікте
дамуы,
шыдамдылық, жылдам жүгіруі,
ептілігі,
икемділігі,
қимыл-
қозғалыстарының
үйлесімділігі,
белсенділігі
Ертегілер
Ой-өрісін өсіруге, қиялын
тереңдетуге, эмоционалдық
қатынсын дамытуға ықпал
ету
Түрлі
ұғымдарды,
түсініктерді
қарама-қарсы қою, Отанына деген
сүйіспеншілік,
мейірімділік
тапқырлық,қызығушылық,
көркемдік
туралы
түсініктерін
дамыту
айырмашылық, өнеге-өсиет сөзді
түсіну, абстракты ойлау, қиял,
дәлелдер жүйесін қалыптастыру,
қарапайым математикалық түсінік,
батылдық, достық, өзара көмек,
адалдық сезімдерінің дамуы
62
7 – кестенің жалғасы
1
2
3
Жаңылтпаштарма
қал-мәтелдер
Ырғақ
сезімін,
эмоционалдық қабылдауын,
тілін дамыту, сөздік қорын
көбейту, ақыл-ойын өсіру,
белсенді әрекетін дамыту
Анық айту, сөйлеуі, артикуляцияны
дамыту, сөздік қорын молайту,
қоршаған
ортаны,
үлкендерді,
еңбекті,
отбасын
сыйлау,
моральдік-адамгершілік тіректерді
қалыптастыру, құндылық жүйесі,
Отансүйгіштік, толеранттылық
(төзімділік), байқампаздық, зейін,
ақыл-ой
белсенділігі,
адалдық,
әдептілік, қоршаған табиғи ортаға
қамқорлық, табиғатты қорғау іс-
шараларға белсене қатысу
Ұлттық
би
музыкалары
Музыкалық, эмоционалдық,
эстетикалық, сезімдеріне
ықпал ету, көңіл күйлерін
көтеру,
танымдық
белсенділігін арттыру, қол
мотрикаларын,
дене
қимылдарын
белсендіру,
ұлттық
биге
қызығушылықтарын
арттыру, білуге, үйренуге
талпындыру
Музыканы қабылдауға, тыңдауға,
есітуге сезінуге үйрену, ұлттық би
элементтеріне
дағдылану,
би
элементтерін
табиғат
құбылыстарымен салыстыра түсіну
мүмкіндіктерін
дамыту,
эстетикалық
сезімді
дамыту,
шығармашылыққа баулу, ырғаққа
бейімделу
Қолөнер (ұлттық
бұйымдар,
киімдер,
ою-
өрнек)
Ұлттық
қолөнерді
қабылдауындамыту,
қызығушылығын ояту, көру
зейінін
шоғырландыру,
эмоционалдық, эстетикалық,
сезімдеріне
ықпал
ету,
ойлауын дамыту, қоршаған
орта туралы түсініктерінің
қалыптасуына әсер ету, қол
моторикасын дамыту, есте
сақтауын дамытуға ықпал
ету
Қолөнер бұйымдарының атауларын
білуге,
ұлттық
киім
түстерін
ажыратуға,
геометриялық
өрнектерді ажырата алуға үйрету.
Жеңіл өрнектердің суретін салуға
(«тұмар», «шаршы», «күн» және
т.б.),
мүсіндеуге
үйрету,
қол
моторикасын
дамыту.
Қолөнер
бұйымдарында
бейнеленген
көріністерді
табиғат
құбылыстарымен
салыстыру
арқылы ойлауын дамыту
Дәстүрлі тәрбиенің өте маңызды және сипатты белгілерінің бірі – ересек
адамның бөбекпен, әсіресе оның өмірге келген бірінші айлары мен
жылдарында, үздіксіз, әрдайым байланыста, қарым-қатынаста болуы. Бұл
қатынас бірте-бірте жай, оңай, қарапайым қимылдарды, сөздерді үйрету,
көңілді ойын ойнату, алдандыру, көңілін көтеруге ұласады. Осы кездегі ең
маңыздысы баламен тілдесу, сөйлесу, тілдік ойындар, бірте-бірте сөз қорын
қалыптастыра бастау. Сәбидің мүмкіндіктері шектеулі болғанына қарамастан,
ежелден кішкентай балаларға арналған түрлі ойындар мен әлпештеу, уату-
алдарқату өлеңдер көп құрастырылған. Жеңіл, оңай қимылдар: аяқтарымен
жер басқызу, секірту, қолын сермеу, көтеру және т.б. қимылдар жеңіл ырғақты
63
өлең жолдарымен сүйемелденеді, бұл әдіс баланың көңілін көтеріп, сергітіп,
қуантады және қимылға ынталандырады, белсендіреді. Осы ойын, тілдесу
кезіндегі пайда болатын, орнатылатын эмоционалдық қатынас кіп-кішкентай
адамның дұрыс психикалық дамуының шарты.
Бірте-бірте бала дәстүрлі ауыз әдебиетін меңгере бастайды. Жеңіл
қимылдарды, жай сөздерді, сөйлемдерді ересек адамның талабымен қайталай
отырып, бара-бара өзі өз еркімен жасап, айтып және өзі жаңа қылық шығарып,
өлең құрастыруға ұмтылады. «...Сәби қадамдап күрделі қимыл-қозғалыстарға
және мәтіндерге көшеді, тыңдаушы, тұтынушы рөлінен ойын бастамашысы,
ұйымдастырушы рөліне өтеді...» [178].
Әлпештеу әндердің басты мақсаты – қимыл-қозғалыстардың негізін
үйрету. Бөбек кезінен бала ересек адамдардың ермек-ойындары мен билерін
бақылап, көріп, қатыстырылады. Тәй-тәй басқан бала, би үйренеді, билейді.
Сөйтіп, халықтық-мәдениеттік дәстүр жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |