Ибраева магрипа курманбековна



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата16.03.2020
өлшемі2,1 Mb.
#60229
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
disser ibrayeva m


Зерттеудің мақсаты: ерте  жастағы  балалардың танымдық белсенділігін 
қазақ  халық  шығармашылығы  құралдарымен  дамытуды    теориялық  негіздеу, 
моделін,  эксперименттік  бағдарламасын  жасау  және  оның  тиімділігін 
тәжірибеде тексеру.  
Зерттеу  нысаны:  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  ерте  жастағы 
балалардың танымдық белсенділігін  дамыту үдерісі 
Зерттеу  пәні:  ерте  жастағы    балалардың  танымдық  белсенділігін  
қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамыту   
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, ерте жастағы балалардың танымдық 
белсенділігін  қазақ  халық  шығармашылығы  құралдарымен  дамытудың 
теориялық  негіздері  айқындалса,  моделі  мен  оны  жүзеге  асырудың 
эксперименттік  кешенді  бағдарламасы  жасалып,  оның  тиімділігі  тәжірибеде  
тексерілсе,онда  ерте  жастағы  балалардың  танымдық  белсенділігі  артады, 
өйткені қазақ  халық шығармашылығының айтуға жеңіл ауыз әдебиеті үлгілері, 
қимыл-қозғалысқа  икемді  би  элементтері,  ойы  мен  денесін  дамытатын  ойын 
түрлері,  дүниетанымға  ықпалы  мол  қолөнер  туындылары  олардың  қоршаған 
ортасын тануға құштарлығын арттырып, тілі мен ойын дамытуға тікелей ықпал 
етеді.   
Зерттеудің міндеттері 
-  «ерте  жастан  дамыту»,  «ерте  жастағы  баланың  танымдық  белсенділігі»  
ұғымдарының мәнін нақтылау; 
-  қазақ  халық  шығармашылығының  ерте  жастағы  балалардың  танымдық 
белсенділігін  дамытудағы  мүмкіндіктерін  анықтау  және  педагогикалық 
жіктемесін жасау;  

12 
 
-  ерте  жастағы  балалардың  қазақ  халық  шығармашылығы  құралдарымен 
танымдық белсенділігін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделін құру;  
-  ерте  жастағы  балалардың  қазақ  халық  шығармашылығы  құралдарымен 
танымдық  белсенділігін  дамытудың  кешенді  бағдарламасын  жасау  және  оның 
тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеру. 
Зерттеудің  жетекші  идеясы:  қазақ  халық  шығармашылығы  құралдарын 
бүгінгі  таңда  ерте  жастағы  балалардың  танымдық    белсенділігін  дамытуда 
мектепке 
дейінгі 
ұйымдарда 
ата-аналармен 
өзара 
бірлестікте  
шығармашылықпен  пайдалану  рухани  жаңғыру  жағдайында  балалардың 
тұлғасын ұлттық негізде қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. 
Зерттеудің  теориялық-әдіснамалық  негіздері:  тұлғаны  дамыту,  таным, 
танымдық  белсенділікті  дамыту  теориясы,  жалпы  адамзаматтың  адамгершілік 
пен  ұлттық  құндылықтардың  диалектикалық  бірлікте  болуы  туралы 
философиялық  және  психологиялық-педагогикалық  ғылымның      қағидалары, 
қазақ халық педагогикасының тұжырымдамалары,  мектепке дейінгі білім беру 
мазмұны мен әдістемесіне қатысты теориялар. 
Зерттеу  көздері.  ҚазақстанРеспубликасының  Конституциясы,  Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы» Заңы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 
–  2050»  Жолдауы,  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды 
дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы, 
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік жалпыға  міндетті  «Мектепке дейінгі 
оқыту  және  тәрбиелеудің»  стандарты,  Балаларды  мектепке  дейінгі  тәрбиемен 
және  оқытумен  қамтамасыз  ету  жөніндегі  2010-  2020  жылдарға  арналған 
"Балапан"  бағдарламасы,  Ерте  жастағы  (1  жастан  бастап  3  жасқа  дейінгі) 
балалардытәрбиелеу  мен  оқытуға  арналған  «Алғашқы  қадам»  бағдарламасы, 
зерттеу  мәселелері  бойыншафилософтардың,  педагогтардың,  психологтардың, 
фольклортанушылардың, өнертанушылардың ғылыми еңбектері. 
Зерттеу кезеңдері. Ғылыми-зерттеу жұмысы бір-бірімен өзара байланысты 
үш кезеңнен тұрады. 
Бірінші  кезеңде  (2014-2015жж.)  зерттеу  мәселесінің  тақырыбы 
нақтыланып,  ғылыми  аппараты  мен  теориялық  негізі  анықталды. 
Философиялық,  филологиялық,  педагогикалық,  психологиялық  әдебиеттерге 
және  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеуге  арналған 
бағдарламаларға,  отандық,  жақын  және  алыс  шет  елдік  ғылыми  зерртеулерге 
талдау  жасалды.  Ғылыми  мақалалар  дайындалып,  басылым  көрді.  Ерте 
жастағы балалардың қазақ халық шығармашылығы құралдарымен танымдық  
белсенділігін  дамытудың    теориялық  негіздері  айқындалып,  қазақ  халық 
шығармашылығы  материалдары  жинақталып,  талданды,  педагогикалық 
жіктеме  жасалды.  Ерте  жастағы  балалардың  қазақ  халық  шығармашылығы 
құралдарымен  танымдық    белсенділігін  дамытудың  моделі  құрылып,  
өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды.  
Екінші  кезеңде  (2015-2016жж.)  ерте  жастағы  балалардың  қазақ  халық 
шығармашылығы құралдарымен дамуының деңгейі анықталып, педагогикалық 
эксперимент  жұмыстарының  мақсат-міндеттері,  мазмұны    айқындалды.  Ерте 

13 
 
жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығымен  
дамытужың  кешенді  бағдарламасы  жасалды,    тәжірибелік-эксперименттің 
қалыптастырушы 
кезеңі 
жүргізілді. 
Қазақ 
халық 
шығармашылығы 
құралдарымен  ерте  жастағы  балалардың  танымдық  белсенділігін  дамытуда 
қолданылатын  әдіс-тәсілдер  сұрыпталды.    Бағдарламаның  тәжірибелік-
эксперимент жүзінде тиімділігі дәлелденді. Зерттеу мазмұны бойынша ғылыми 
мақалалар жарияланды.  
Үшінші кезеңде (2016-2017 жж.) диссертация материалдарын өңдеу жүзеге 
асырылып,  эксперименттік  жұмыс  барысында  алынған  барлық  мәліметтердің 
нәтижелері  қорытындыланды.  Зерттеу  нәтижелері  талқыланып,  статистикалық 
өңдеу  жұмыстары  жүргізілді.  Диссертация  материалдары  талапқа  сай 
рәсімделді.  
Зерттеу  әдістері:  теориялық  әдістер  -  философиялық,  филологиялық, 
өнертанушылық,  этнографиялық,  педагогикалық,  психологиялық,  ғылыми 
әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, ғалымдардың еңбектерімен, 
озық  іс-тәжірибелерді  жинақтау,  саралау,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды 
оқыту  мен  тәрбиелеуге  арналған  бағдарламаларды  талдаумен  танысу. 
Эмпирикалық  әдістер  -    сауалнама,  бақылау,  әңгімелесу,  диагностикалық 
әдістер,  педагогикалық  эксперимент,  жинақтау,  қорыту  және  нәтижелерді 
статистикалық өңдеу.  
Зерттеудің  базасы:  Алматы  қаласының  «FasTracKids»  халықаралық 
балалар академиясы, №105 бала-бақшасы 
Ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі  
-  «ерте  жастан  дамыту»,  «ерте  жастағы  баланың  танымдық  белсенділігі»  
ұғымдарының мәні нақтыланды; 
-  қазақ  халық  шығармашылығының  ерте  жастағы  балалардың  танымдық 
белсенділігін  дамытудағы  мүмкіндіктері  анықталды  және  педагогикалық 
жіктемесі жасалды;  
-  ерте  жастағы  балалардың  қазақ  халық  шығармашылығы  құралдарымен 
танымдық белсенділігін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі құрылды;  
-  ерте  жастағы  балалардың  қазақ  халық  шығармашылығы  құралдарымен 
танымдық белсенділігін дамытудың кешенді бағдарламасы жасалды. 
Зерттеудің  практикалық  маңыздылығы:  диссертациядағы  теориялық 
тұжырымдар,  зерттеу  нәтижелері  мен  қорытындылары,  осы  мәселе  бойынша 
келешекте  жүргізілетін  ғылыми  ізденістерге  негіз  болады;жұмыстың 
материалдары болашақ бала-бақша тәрбиешілері үшін де көмекші құрал ретінде 
практикалық 
қызығушылығын 
арттыруы 
мүмкін; 
қазақ 
халық 
шығармашылығы  негізінде  жасалған  ерте  жастағы  балалардың  танымдық 
белсенділігін  дамытудың  кешенді  бағдарламасы 
мектепке  дейінгі 
ұйымдардың  педагогтарына  мената-аналарға  арналған  әдістемелік  көмекші 
құрал бола алады.  
Қорғауға ұсынылатын қағидалар 
-  «Ерте    жастан  дамытудегеніміз  -    баланың  туғаннан  3  жасқа  дейінгі 
аралығында  дене,    ақыл-ой  тәрбиесін  дұрыс  ұйымдастыру».    Дене  тәрбиесі  – 

14 
 
баланың  физиологиялық  (бойы,  салмағының  өсуі,  денсаулығы,  еңбек  әрекеті) 
дамуын  жүзеге  асырады.  Ақыл-ой  тәрбиесі  –  психикалық    үйлесімді  дамуын 
(сенсорлық,  эстетикалық,  адамгершілік  және  т.б.  сезімдерін,  ой-өрісін, 
белсенділігін)» қамтамасыз етеді. Ал бұл болса, осы жас аралығында баланың 
танымдық белсенділігін дамыту қажеттігіне негіз болады. Ерте жасар баланың 
белсенділігі  қоршаған  ортамен,  адамдармен  қарым-қатынастағы  әрекетінің 
көрінісі, ал «Ерте жасар баланың танымдық белсенділігі дегеніміз оның жаңаны 
қажетсіну,құштар болу, байқау, білу, үйрену, жасау әрекеттерінің көрінісі». 
-    «Халық  шығармашылығы  ұрпақтан-ұрпаққа  ауызша,  еліктеп  үйрену 
және басқа да тәсілдермен  беріліп отырған туындылардың жиынтығы»Қазақ 
халық шығармашылығының ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін 
дамытуға  арналған  педагогикалық  жіктемесі  төрт  топқа  топтастырылып  ауыз 
әдебиеті,  музыка,  ойын,  қолөнер  түрлерінен  тұрады.  Осы  педагогикалық 
жіктеменің  ерекшеліктері  болып  балалардың  ерте  жас  аралығы,  аталған 
шығармашылық  түрлерініің  осы  жастағы  балалардың  тәрбиесі  мазмұнына, 
психикалық 
үдерістерінің 
дамуы, 
танымдық 
белсенділігін 
дамыту 
мүмкіндіктері табылады.  
-  Ерте  жастағы  балалардың  қазақ  халық  шығармашылығымен  танымдық 
белсенділігін  дамыту  моделі  өзара  тығыз  байланыстағы  тұжырымдамалық, 
технологиялық,  ұйымдастырушылық,  бағалаушылық  құрамдас  бөліктерден 
тұрады.  Аталған  дамудың  бағалау  компоненттерін  қажеттілік-құштар  болу, 
байқап-білу,  үйреніп-жасау  құрайды.  Оларға  сәйкес  өлшемдері  болып    қазақ 
халық  шығармашылығына  тұрақты  танымдық  қызығушылық,  қазақ  халық 
шығармашылығын  танып-білуге  эмоционалдық  жағымды  қатынасы,  қазақ 
халық  шығармашылығы  түрлерін  білуге,  үйренуге,  жасауға  ерік-жігерінің 
болуы, оны іс-әрекетте көрсетуі табылады. Деңгейлері құштарлық белсенділік, 
талпынысты белсенділік, саналы белсенділік болып анықталды.  
-  Ерте  жастағы  балалардың  қазақ  халық  шығармашылығымен  танымдық 
белсенділігін  дамыту  бағытындағы  «Сәби  танымы»  кешенді  бағдарламасы  үш 
бағытты  қамтиды:  1)  Ерте  жастағы  балаларды  тәрбиелейтін  педагогтардың 
біліктілігін  арттыруға  арналған  дәріс-семинарлар;  2)  Ерте  жастағы  балаларды 
тәрбиелеуде 
ата-аналармен 
бірлестіктегі 
жұмыс; 
3) 
Ерте 
дамыту 
орталықтарында  балалардың танымдық белсенділігін дамытудың  оқу-ойын іс-
әрекеттерін ұйымдастырудың тақырыптық жоспары және іс-шаралары. 
-  Ерте  жастағы  балалардың  қазақ  халық  шығармашылығымен  танымдық 
белсенділігін  дамыту  аталған  үш  бағытты  қамтитын  бағдарлама  мазмұнын 
(формалары,  әдістері,  құралдары)  кешенді  пайдаланғанда  ғана  нәтижелі 
болады. 
Зерттеуді сынақтан өткізу. Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары, 
теориялық  және  практикалық  нәтижелері  халықаралық  конференцияларда 
талқыланды:  
1.  Қазақ  халық  педагогикасындағы  отбасы  тәрбиесінің  педагогикалық 
негіздері. ҚазМемҚызПУ. «Қазақстандағы және әлемдегі мектепке дейінгі білім 
беру»: 
Тәжірибе, 
қазіргі 
жағдайы 
және 
болашағы» 
(профессор 

15 
 
А.К.Меңжанованың  80-жылдығына  арналған)  атты  ХҒПК  материалдары, 
Алматы, 7-8 қараша, 2014ж. 57 бет.  
2.  Ерте  жастағы  балаларда  танымдық  қызығушылығын  дамытуда  халық 
ертегісінің  ролі.  Әль-Фараби  атындағы  ҚазҰУ.  Академик  Т.Тәжібаевтың  106 
жылдығына арналған жыл сайынғы «Тәжібаев оқулары» аясындағы «Мәңгілік 
ел  жағдайындағы  Қазақстандағы  психология  ғылымының  қазіргі  жай-күйі» 
атты  халықаралық  ғылыми-әдістемелік  конференцияның  материалдары, 
Алматы 23 ақпан, 2016ж. 25 бет.  
3. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Абай атындағы ҚазҰПУ. 
Филология  институты.  «Қазақстан  халықаралық  білім  беру  кеңістігінде».  Жас 
ғалымдарға  арналған  VIII  халықаралық  ғылыми  конференция  материалдары. 
Алматы,8 сәуір 2016ж. 132 бет.  
4.  Дошкольное  образованиеэто  фундамент  всей  образовательной  системы  
«PRESCHOOL  EDUCATION  IS  A  FOUNDATION  OF  ALL  EDUCATIONAL 
SYSTEM». Международная научно-практическая  конференция"Задачи мировой 
науки на 2015 год"  (ОАЭ, Дубай). 24-25 января, 2015 г. 95 стр.  
5.Ерте  жастағы  балаларда  таным  белсенділігін  дамытуда  табиғи  ортаның 
ролі. 

Международной 
научно-практической 
интернет-
конференции«Тенденции  и  перспективы  развития  науки  и  образования  в 
условиях  глобализации».  Государственное  высшее  учебное  заведение 
«Переяслав-Хмельницкий  государственный  педагогический  университетимени 
Григория Сковороды». Украина, Киев. 21-22 февраля  2015 г.  221стр.  
6. Отбасы тәрбиесі – барлық тәрбиенің негізі. IIІ Международной научно-
практической  интернет-конференции«Тенденции  и  перспективы  развития 
науки  и  образования  в  условиях  глобализации».  Государственное  высшее 
учебное  заведение  «Переяслав-Хмельницкий  государственный  педагогический 
университетимени  Григория  Сковороды».  Украина,  Киев.  2-3  мая  2015  г.  146 
стр.  
7.Раннее  развитие  лидерских  качеств  детей  путем  коммуникационного 
контакта  со  взрослым.  «Научная  дискуссия:  Вопросы  педагогики  и 
психологии».  Сборник  статей  по  материалам  XLVIII  международнойнаучно-
практической конференции. Часть II. № 3 (48), 110 стр. Москва, Март 2016 г. 
Жарияланымдар.  Диссертациялық  жұмыстың  мазмұны  бойынша 
барлығы 12 еңбек жарық көрді. Соның ішінде 3 мақала ҚР БжҒМ Білім және 
ғылым  саласындағы  бақылау  комитеті  ұсынған  ғылыми  басылымдарда,  2  -  
Scopus  базасына  енген  шетелдік  басылымдарда,  3  -    халықаралық  ғылыми 
конференциялар  жинақтарында,  4  -    алыс-жақын  шетелдік  халықаралық 
ғылыми конференцияларда жарияланды. 
Диссертацияның  зерттеу  нәтижелерінің  сенімділігі,  мақұлдануы, 
тәжірибеге  ендірілуі  философиялық,  педагогикалық  және  психологиялық 
еңбектердегі  қағидаларды  басшылыққа  алуымен,  теориялық  және 
әдіснамалық  тұжырымдарға  негізделуімен,  зерттеу  мақсатына  сәйкес  әдіс-
тәсілдерді 
қолдануымен, 
тәжірибелік-эксперименттік 
жұмыстарының 

16 
 
мақсатқа  сәйкестілігімен,  нәтижелерін  өңдеуімен  және  алынған  деректерді 
талдау қорытындысымен қамтамасыз етілді. 
Диссертацияның  құрылымы.  Диссертация  кіріспеден,  екі  тараудан, 
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады 
Кіріспе  бөлімінде  зерттеу  тақырыбының  көкейкестілігі,  ғылыми 
аппараты:  мақсаты,  нысаны,  пәні,  ғылыми  болжамы,  міндеттері,  жетекші 
идеясы,  теориялық-әдіснамалық  негіздері,  зерттеу  көздері,  кезеңдері,  әдістері, 
зерттеу  базасы,  ғылыми  жаңалығы  мен  теориялық  мәнділігі,  практикалық 
маңыздылығы,қорғауға ұсынылатын қағидалар мен зерттеуді сынақтан өткізу 
жолдары ашып көрсетіледі. 
«Ерте  жастағы    балалардың  қазақ    танымдық  белсенділігін  халық 
шығармашылығы    құралдарымен  дамытудың  теориялық  негіздері»  атты 
бірінші  тарауда  философиялық,  психологиялық,  педагогикалық,  әдістемелік 
әдебиеттерге,  отандық  және  алыс-жақын  шет  елдік  ғалымдардың  еңбектеріне 
талдау жасау негізінде мәселенің ғылыми-теориялық негіздері анықталды. Ерте 
жастағы  балалардың  жас  кезеңі  аралықтары  талданды.  Ерте  жастағы 
балалардың физиологиялық және психикалық ерекшеліктеріне талдау жасалып, 
«ерте  жастан  дамыту»  ұғымы  нақтыланды.  «Белсенділік»,  «танымдық 
белсенділік»  ұғымдарын  талдау  нәтижесінде  «ерте  жастағы  балалардың 
танымдық  белсенділігі»  ұғымына  анықтама  берілді.  Қазақ  халық 
шығармашылығы  негізінде  ерте  жастағы  балалардың  танымдық  белсенділігін 
дамыту  мүмкіндіктері  анықталып,  педагогикалық  жіктемесі  жасалды.  Аталған 
дамытудың моделі құрылып, мақсат, міндеттері, өлшемдері мен көрсеткіштері, 
деңгейлері айқындалды.  
 «Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны мен оның нәтижелері» 
атты  екінші  тарауда    ерте  жастағы  балаларды  қазақ  халық  шығармашылық 
құралдарымен  дамытудың  кешенді  бағдарламасы  жасалып  оның  мазмұны 
беріледі. Аталған кешенді бағдарламаның тиімділігі тәжірибелік-экспериментте 
тексеріліп,  оның  мазмұны  мен  динамикасы,  нәтижелері  баяндалады. 
Ұсынылған  болжамның  дұрыстығы  дәлелденіп,  зерттеудің  алға  қойылған 
мақсаты мен міндеттері шешімін тауып, жүзеге асырылды.  
Қорытындыда 
зерттеудің 
негізгі 
қағидалары, 
нәтижелері 
тұжырымдалады,  әдістемелік  ұсыныстар  беріледі,  ғылыми-теориялық  және 
эксперименттік  жұмыстардың  нәтижелеріне  негізделген  тұжырымдар  мен 
мәселенің  болашағын  айқындайтын  тәрбиеші  педагогтарға  арналған  зерттеу 
перспективасы ұсынылады. 
Қосымшада  зерттеу  барысында  жүйеленген  кестелер,  пайдаланылған 
диагностикалық материалдар беріледі. 
 
 
 

17 
 
1  ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ  БАЛАЛАРДЫҢ  ТАНЫМДЫҚ  БЕЛСЕНДІЛІГІН 
ҚАЗАҚ 
ХАЛЫҚ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 
ҚҰРАЛДАРЫМЕН 
ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
1.1 
Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамытудың 
психологиялық-педагогикалық аспектілері 
Баланы  ерте  жастан  дамыту  мәселесі  ежелгі  грек  философтарының 
еңбектерінен  бастау  алып  күні  бүгінге  дейін  шетелдік  және  отандық 
психология, педагогика ғылымында, соның ішінде мектепке дейінгі  оқыту мен 
тәрбиелеу саласында өзекті зерттеу мәселесіне айналып отыр. Өйткені адамның 
тұлғалық дамуының бастауы, соның ішінде танымдық іс-әрекеттерінің негіздері 
туғаннан  үш  жасқа  дейінгі  аралықта  қалыптасады.  Бұл  ойымызға  ұсынылып 
отырған  параграфта  талдау  жасалатын  ұлы  ойшылдардың,  ғалымдардың 
баланың  физиологиялық,  психикалық  дамуына  қатысты  айтқан  ой-
тұжырымдары негіз болады. 
Платон,  Аристотель  балалық  шақтың  ерте  кезеңіне  басым  назар 
аудармағанымен, қоғамда бала тәрбиелеуде осы кезеңді босқа жоғалтқан уақыт 
деп санайды, олар осы ойларын ерте жастағы балаларды қоғамда тәрбиелеудің 
жүйесі жоқ екенімен дәлелдейді [6,7]. 
Оған    Аристотельдің  «...7  жасқа  дейін  физикалық  тұрғыдан  баланың 
дамуына  шынығуына,  дұрыс  тамақтануына,  таза  жүруіне    отбасында  көңіл 
бөлінеді. Балалар өз жасына сай ойындармен айналысу керек, оларға әңгімелер 
мен ертегілер тыңдау пайдалы, балаларға сөйлеуді үйреткен жөн..» деп айтқан 
сөздері дәлел бола алады.  Ол«...5 жастан 7 жасқа дейін «балалар кейін өздері 
оқып-үйренетін сабақтарға қатысу керек» екендігін көрсетіп, отбасылық тәрбие 
мемлекеттік  шенеуніктердің  бақылауында  болуын  және  ата-аналардың  бала 
тәрбиесімен тікелей айналысуын талап етті [8]. 
Ренессанстық  дәуірдегі  итальяндық  гуманистер  Л.Аберти,  Ф.Барбаро, 
М.Пальмиери  де  кішкентай  баланың  өте  маңызды  қасиетін  дамыту 
ересектерден  талап  етілетінін,  бірінші  кезекте  олардың  анасына  биологиялық 
және  эмоционалдық  тәуелді  екендігін  көрсетеді.  Осы    итальяндық 
гуманистердің  тұжырымдауынша,  балалардың  көпшілігі  қабілетті,  олардың 
«жақсылық  шыңына  жетуіне»  мүмкіндік  беретін  жақсы  табиғи  бейімділікпен 
туады.  Осылайша,  табиғатқа  тән  қасиеттерді  дамыту  және  өте  ерте  жастан 
бастап жаман қасиеттерді түзету сияқты тәрбиелеу бірінші орынға шығады [9]. 
Сондай-ақ,  олар  адамның  белсенділігінің  дамуы,  өмірінің  барлық 
мезгілінде,  барлық кезеңінде шешуші  фактор болып  табылатындығын  айтады. 
Ғалымдар  таным  белсенділігін  дамыту  проблемаларын  түрлі  теориялық 
дереккөздер арқылы әртүрлі негізде көрсетеді [10]. 
Я.А.Коменскийбала туғаннан 6 жасқа дейін (балалық шақ) ана мектебінен 
өтуі тиістігін негіздеді. Олардың қоршаған табиғат және қоғамдық өмір туралы 
алғашқы  түсініктерін  қалыптастыру,  олардан  алатын  әсерлерін  дамыту, 
ұстамдылыққа,  ұқыптылыққа,  еңбексүйгіштікке,  тыңдай  білуге,  әділдікке, 

18 
 
шынайылыққа, адамдарды жақсы көре білуге тәрбиелеу, дінге баулу тиістігіне 
мән берді [11]. 
Жан-Жак  Руссо  баланың  туғаннан  2  жасқа  дейін  дене  тәрбиесімен 
айналысу  керектігін  (омырау  сүтімен  қоректентіру,  баланың  еркін  қозғалуы, 
шынықтыру),    баланың  2-12  жас  (әлі  қисынды  ойлай  алмайтын  кезеңі) 
аралығында  сезім  мүшелерін  дамыту  қажеттігін,  өйткені  сенсорлық  тәрбие 
ақыл-ойдан  бұрын  жүретінін  айтады.  Осыған  байланысты    ол  баланың  жеке 
ойын  дамытуға,  оқуына,  денсаулығын  нығайтуға  көңіл  бөлу  керектігіне 
тоқталады [12]. 
Баланы  ертеден  дамыту  керек  деген  ойлар  классик  педагогтардың 
еңбектерінде  де  көрініс  тапқан.  Мәселен,  А.С.Макаренконың  «баланы  туа 
салысымен  тәрбиелеу  керек»  -  дейтін  қағидалары  да,  адамның  барлық 
қабілеттері, 
оның 
физиологиялық, 
психикалық 
даму 
кезеңдерінде 
жетілетіндігіне негізделген [13]. 
Баланы туғаннан тәрбиелеу  туралы ойлар түркі ғұлама ойшылдарының да, 
қазақ ағартушыларының да еңбектерінде тыс қалмаған.  Әл-Фараби: «окыту — 
тіл ұстарту, білім беру арқылы, үйрету жолымен, ал тәрбиелеу — сарамандық   
жұмыс  пен   тәжірибе   арқылы   жүзеге  асырылады. Білім адамды қуаныш пен 
бақытқа  кенелтеді,  дүниені  танып-біле  отырып,    адам    оның    әсемдігі    мен   
бітім-болмысына    қанығады.  Ғылым-білімді,     әр     алуан     қолөнер    
дағдыларын игеруге, үлгілі адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына қажырлы 
еңбек, оқыту, тәрбие берумен қатар өзін-өзі тәрбиелеу, күшті ерік-жігер арқылы 
жетуге  болады»,  -  деп  айтып  өтсе,  А.Құнанбаев  туғаннан  баланың  тәні  мен 
жанын тәрбиелеу қажеттілігін (тән құмары, жан құмары) айтқан [14,15]. 
М.Жұмабаев  да  А.Құнанбаевтың  осы  ойын  өрбітіп,  «бастапқы  кезде 
жөпшенді  білінбейтін  баланың  жан  дүниесі  ол  өскен  сайын  бірте-бірте  біліне 
бастайды.    Сондықтан  баланың  дене  тәрбиесі  мен  жан  тәрбиесін  қатар  алып 
жүру қажет» екендігін көрсеткен [16]. 
Осы  ойды  Ж.Аймауытов  та  айтады:  «Баланы  бір  нәрсеге  үйрету  үшін,  я 
пайдалы дағдыны қондыру үшін баланың сүйегіне біткен икемі сыртка шығып біліне 
бастаған шақ екені өзінен-өзі көрініп тұр. Олай болса, баланың бір іске құлшынатын 
дер  шағы  калай  білінді,  солай  дене  күшін  машықгандыратын  істерді  көбірек 
беріңдер. Мейлі шапшаң есептеу, санау болсын, мейлі өлең жаттау, мейлі сурет 
салу, мейлі өсімдік жинау болсын, қысқасы, неге талпынса, соны істеу керек»[17]. 
Жалпы,  балаларды  ерте  жастан  дамыту  мәселесінің  арнайы  зерттеу 
объектісі  тұрғысынан  басым  зерттелуі    ХХғасырдың  80-нші  жылдарынан 
бастап қауырт өрбіді. Оған 1-кестеде келтірілген зерттеулер дәлел бола алады. 
Солардың  біріне  тоқталатын  болсақ,  мәселен  Н.М.Аксарина  өз  еңбегінде 
баланың  туғаннан  3  жасқа  дейінгі  физиологиялық,  психикалық  даму 
ерекшеліктерін  негіздейді:  «Баланың  салмағы  артып  бойы  тез  өседі.  Жалпы 
организмнің қызметі, оның ішінде жоғары нев жүйесі мен үлкен ми сыңарлары 
қыртысының  қызметі  тез  дамиды.  Сезіну,  қабылдау,  ақыл-есі,  көңіл  бөлуі, 
ойлауы сияқты баланың психикалық дамуы күшейеді. Есінде сақтаудың дамуы 
алғашқы  шартты  рефлекстің  пайда  болуынан  басталады.  Бала  туыстары  (4-6 

19 
 
айда), таныс заттарын ерте таниды, ойнағанда бұрын көргендерін есіне түсіреді. 
Ойыншықты  қолына  ұстап  үйрену  (4,5-5  ай).  Айтылған  сөзді  сезіну  (6-7  ай), 
мида екінші сигналдық жүйе пайда болады. Көрген нәрсеге еліктеу (9-10 ай)» 
[18]. 
Ол әрі қарай «Бір жасқа толғанда ғана алғашқы бір сөздітолық айта алатын 
бала  3  жасқа  толғандақұрмалас  сөйлем  құрастырып  айтатын  болады,  сөздік 
қоры  1200-1300  сөзге  дейін  жетеді.Нерв  жүйелері  тез  шаршайды,  шыдамсыз, 
төзімсіз  болады.  1  жасқа  толған  балады  ойлау  қабілеті  дами  бастайды. 
Жинақтап  қорыту  қабілеті  дамиды.  Қабылдау  жоғары  дәрежесіне  жетеді. 
Заттарды  айыра  алады.  Жеке  әрекеттер  жасайды,  оларды  бірте  бірте 
байланыстыра бастайды (1жас 4 ай – 1 жас 5 ай). Затпен ойнау 2 жасар баланың 
негізгі  қызметі.  2,5-3  жас  бейнелеу  іс-әрекеті  пайда  болады.  Алғашқы  3 
жасында  балалардың  өсіп-дамуы  тез  өтеді»  деп  эксперимент  негізінде 
дәлелдейді [18, б. 138]. 
 
Кесте  1–  Ғалымдардың  баланы    ерте  жастан  дамыту  мәселесіне  арналған 
зерттеулері  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет