Ибраева магрипа курманбековна


                                         ҚОСЫМША В



Pdf көрінісі
бет15/15
Дата16.03.2020
өлшемі2,1 Mb.
#60229
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
disser ibrayeva m


 

161 
 
                                     ҚОСЫМША В  
 
Сәбидің жасына қарай дамуының жалпы сызбасы 
(туғаннан бір жасқа дейін) 
Л. А. Семчук, А.И. Янчий Оқу-әдістемелік құрал. Даму психологиясы және жас психологиясы. 2006 
 
Жасы         Дамудың әлеуметтік жағдайы         Жетекші іс-әрекет 
 
Негізгі жаңарулар 
орталық 
басқалар 
0-2 айлық 
Анасына 
толық 
биологиялық 
тәуелділік. Жатырдағы өзара белгілі 
бір аралық жағдай мен босанғаннан 
кейінгі  балалық  кезең.  Ересектер 
мен бала арасындағы нақты қажетті 
жағдайдағы 
қарым-қатынас. 
Баланың  өміріндегі  барлық  жағдай 
бірден 
әлеуметтік 
тұрғыда 
қамтылады. 
Негізгі құрал ересектер болып 
табылатын 
жақындарымен, 
ересектермен 
тікелей-
эмоциялық 
қарым-қатынас. 
Қарым-қатынастың  алғашқы 
белгілері 
(М.И.Лисина 
бойынша): зейін, басқа адамға 
деген  қызығушылық;  басқа 
адамның  пайда  болғанына 
эмоциялық  жауап;  өзіне  назар 
аудартуға 
әрекет 
жасау, 
ересектердің 
көтермелеуіне 
қол  жеткізуге  ұмтылу.  Осы 
кезеңдегі 
қарым-қатынас 
жағымды-эмоциялық  сипатта 
болу  керек.  Осы  кезеңде 
балада 
физикалық 
және 
психикалық 
саулығының 
қызмет  жасайтын  жағымды-
эмоциялық 
белсенділік 
қалыптасады.  
Психикалық 
және 
физикалық 
жеке 
өмір 
анасының 
ағзасынан 
бөлінуі. 
Еліктеу кезеңі – түрлі қимылдармен 
және дыбыстармен әсер ететін өзіне 
жақын 
ересек 
адамға 
деген 
жағымды-эмоциялық реакция. 
0,2-1 жас 
Баланың  анасымен  біріккен  өмірі 
(«Біз»  жағдайы).  Екі  кезеңмен 
анықталады:  
а) 
сәбидің 
биологиялық 
дәрменсіздігі,  өзінің  қажеттілігін 
ересектердің 
қанағаттандыруына 
тәуелділік;  
б) осы тәуелділікке баланың барлық 
мінез-құлқы  кіреді,  ол  негізгі  құрал 
әлеуметтік қарым-қатынас құралы – 
тілдік 
қарым-қатынасқа 
түсе 
алмайды.  Осылайша,  сәбидің  осы 
жастан  бастап  қарым-қатынасын 
дамытудың негізі анықталады. 
Жеке  психикалық  өмір  екі 
ерекшелікпен сипатталады: 
а)  түйсіктің  қажеттілігі 
негізінде 
пайда 
болған 
жағдайда  өзін  ғана  емес 
өзге адамдарды да ажырата 
алмау қабілетсіздігі; 
б) 
бала 
үшін 
«кездеспейтін» 
нысанға 
уайымдау, 
яғни 
нақты 
мазмұнға  емес,  жағдайға 
байланысты 
уайымдау. 
Ересектермен 
қарым-
қатынас қажеттілігі. 
Нысанды 
қабылдау. 
Нысанды 
қысқамерзімді белгілеу (еріктен тыс 
назар  аудару).  Сараланған  сезім 
және  эмоциялық  жағдай.  Көрнекі-
әрекеттік  ойлаудың  алғашқы  түрі. 
Автономды сөз: сөз атау ұғымының 
және  көрсеткіш  қызметін  атқарады, 
бірақ  маңызды  қызметке  ие  бола 
алмайды;  сөздің  мағынасы  тұрақты 
емес,  сөздің  жеке  мағынасы  мен 
жалпы  мағынасының  және  белсенді 
сенсамоторлық дағдыны дамытудың 
арасында өзара қарым-қатынас жоқ. 

162 
 
                                      ҚОСЫМША Г 
 
Баланы ерте жастан дамытудың жалпы сызбасы (бір жастан үш жасқа дейін) 
 
Л. А. Семчук, А.И. Янчий Оқу-әдістемелік құрал. Даму психологиясы және жас психологиясы. 2006 
 
Дамытудың 
әлеуметтік 
жағдайы 
Бұл  жағдай  ересектермен  бірлескен  қызмет,  мазмұны  –  балалардың  белгілі  әлемі  болып  қалыптасқан  қоғамда  өндірілген 
әдістер арқылы заттарды пайдалану. ДӘЖ мына сызбамен бейнелеуге болады: «бала – ЗАТ – ересектер», бұл жерде қарым-
қатынас  іскерлік-жағдаяттық  сипат  алады.  Бұл  қарым-қатынас  жүйесінің  мазмұнында  қарама-қайшылық  бар:  іс-әрекет 
тәсілі затпен, іс-әрекет үлгісі ересектерге тән, ал бала бұл мезгілде жеке қызмет орындау керек. Бұл қарама-қайшылық ерте 
жастағы кезеңдегі қызметтің жаңа түрі арқылы шешіледі. 
Қызметтің жетекші 
түрі 
Жастың ядросы заттармен қоғамда өндірілген әдістердің заттық-манупулятивтік қызмет болып табылады. Қызметтің мотиві 
ересектерден  қоғамдық  заттарға  ауысады.  Қарым-қатынас  заттық  қызметтің  құралы,  қоғамда  өндірілген  әдістер  арқылы 
заттарды  пайдалануды  меңгеру  құралы  ретінде  болады.  ҚЖТ  заттың  қызметін  анықтайды:  1-кезең  –  затпен  кез  келген 
қызмет орындалады; 2-кезең – зат тек арнайы жағдайда қолданылады; 3-кезең – бала заттың негізгі қызметін біледі, бірақ 
оны қолдануды және қоғамдағы мінез-құлық ережесін меңгере отырып, кез келген іс-әрекетті орындайды. Құралдық заттар 
пайда болады – құралдарды қолдану принципін меңгереді. Ойын әлі саналы емес. Ойын жағдайы шынайы жағдайдан нақты 
ажыратылмайды. Ойыншық – зат, ересектер әлемінің үлгісін білдіретін зат. 
Орталық жаңару 
Іс-әрекетті  заттан бөлудің нәтижесінде өзінің іс-әрекетін ересектердің іс-әрекетімен салыстыру жүреді. Бала өзін-өзі  тани 
бастасымен «Мен өзім» танымдық феномені пайда болады. Танымның құрылымдық және жүйелілік құрылсы пайда болады 
– жеке қызметтер арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуы мен барлық танымдық қызметтің тұтастай дамуының қызметі 
жинақталады. 
Басқа жаңарулар 
Нысандар мен жағдайларды «аффективті» қабылдау. Сөздік қордың өсуін сипаттайтын сөздерді бір-бірімен байланыстыра 
айтуы  есепке  алынатын  сөйлем  құрауға  қадам  жасайтын  белсенді  сөйлеу  дамиды;  басында  дыбыстық  талдаулар  арқылы 
мағыналы  байланысқа  көшеді.  3  жасар  кезінде  сөздің  грамматикалық  құрамын  меңгереді.  Көрнекі-әрекеттік  ойлау.  Іс-
әрекеттің ішкі жоспары қалыптасады. Тану мен қабылдау. Еріктен тыс зейін. 
Танымдық дамыту  Танымдық процесті дамыту заттық іс-әрекет арқылы орындалады, ол вербалды түрде басталады, яғни сөзді өздігінен игеру. 
Жетекші  психикалық  қызмет  танымның  орталығы  болатын  және  бейнелі  есте  сақтау  мен  ойлауды  дамытатын  қабылдау 
болып  табылады.  Қабылдауды  дамытудың  негізгі  бағыттары  –    перцептивті  іс-әрекет,  сенсорлық  эталондар  және 
сәйкестендіру  әрекеті.  Баланың  мінез-құлқы  қабылдау  кезінде  толық  анықталады,  бұл  кезеңнің  маңызды  сипаты 
аффектифті реңк болып табылады. Бұл кезеңде балаларда сенсомоторлық бірлік байқалады, яғни кез келген көрген затын 

163 
 
түртіп,  ұстап  көргісі  келеді.  Бұл  бірлік  ойлаудың  дамуына  жағдай  жасайды.  Бірте-бірте  көрнекі-әрекеттіктен  көрнекі-
бейнелік ойлауға ауысу жүреді, бұл процесс материалдық заттарды олардың бейнелерімен алмастырумен ерекшеленеді. 
Зияткерлік  операцияларды  дамыту  мен  түсінік  қалыптастыру  жүреді.  Ерте  жастың  аяғына  қарай  ойлау  қызметі 
қалыптасады,  жинақтаған  тәжірибені  жаңа  ұғымға  өткізу  қабілеті  және  заттар  арасындағы  өзара  байланысты  орнату  мен 
оларға эксперимент жасау, оларды есте сақтау және әртүрлі міндеттерді шешуде пайдалану қабілеті қалыптасады. Сөз бен 
ойлау  әлі  бір-бірімен  байланыссыз  болады.  Түсіну  мен  айту  бірігіп  қарым-қатынасты  білдіреді,  ал  іштей  қабылданған 
белгіден  сөздің  мағынасына  –  сол  сөз  арқылы  сипатталатын  нақты  затқа  немесе  керісінше  мағынасынан  белгіге  ауысу 
жүреді. Сөз бірте-бірте баланың қоғамдағы тәжірибесін жеткізу құралы, оның қызметін ересектердің басқару құралы бола 
бастайды,  сөздің  ықпалымен  психикалық  процестер  құрылады.  Ерте  жастағы  есте  сақтау  еріксіз  сипаттта  болады,  еске 
түсіру пайда болады, бірте-бірте ол ұлғаяды. Есте сақтау әлі жеке процесс бола алмайды, оперативті есте саөтау дамиды. 
Қиял жеткілікті дамиды. 
Тұлғалық даму 
Бұл жаста баланың тұлғасы қаланады. Тұлғалық жаңару – «Мен» жүйесінің қалыптасуы (өзін-өзі бағалаудың пайда болуы 
мен  дамуы,  өзін-өзі  тану,  өзін-өзі  құрметтеу).  Бала  өзінің  есімін  атағанда  жауап  береді,  өзінің  айнадағы  бейнесін  таниды 
және  «Мен»  есімдігін  қолданады.  Мақтану,  ұялу  сезімі  қалыптасады.  Эмпатиясы  дамиды.  Өз  бетінше  әрекет  етуге  деген 
қажеттілік пайда болады. 3 жастың алғашқы кезеңінде табысқа жету қажеттілігі пайда болады, қандай да бір жағдайдағы 
өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін тізбектейді, тапсырмалардың қиындығын ажырату қабілеті пайда болады. 
Әлеуметтік даму 
Әлеуметтік даму екі бағытта жүреді: 1) адамдар арасындағы бір-бірімен болатын өзара қарым-қатынас ережелерін меңгеру 
арқылы; 2) баланың әлемдегі тұрақты заттармен өзара байланысы арқылы. Процесс арадағы адам арқылы жүзеге асады – 
ересектер және әлеуметтік нормаларды меңгерген құрдастарының қатысуы арқылы. Адамның адамға қарым-қатынасының 
негізі дамиды. Баланың қажеттілігіне қарай оның табысты дамуын анықтайтын ересектер тарапынан талаптандыру арқылы 
дамиды. 

164 
 
ҚОСЫМША Д 
 
Тәжірибелік-эксперимент жұмысында пайдаланылған  қазақ халық 
шығармашлығының құралдары 
Санамақтар 
 
Кел санайық! 
Кел санайық, санамақ, 
Саусақтарды даралап 
Бас бармағым алғашқы, 
Балан үйрек жалғасы, 
Ортан терек атасы
Шылдыр шүмек анасы, 
Шынашағым балапан, 
Бәріне ортақ алақан. 
 
Мен базарға бардым 
Ысқырық сатып алдым. 
Қызыл, жасыл, көгілдір 
Қайсысын алсаң өзің біл. 
 
 
 
Қуыр, қуыр, қуырмаш 
Қуыр, қуыр, қуырмаш,  
Мен айтайын қолыңды аш!  
Мынау тұрған бас бармақ,  
Жұмыс содан басталмақ.  
Алақанның тұңғышы  
Болсын осы жылқышы.  
Балаң үйрек жанында,  
Бейім сиыр бағуға.  
Ортан терек - ұзыны,  
Түйе бақсын, қызығып!  
Шылдыр шүмек - бұл саусақ,  
Қой бағуды тұр аңсап.  
Титтей бөбек-шынашақ,  
Сен дайында жер ошақ.  
Білекке енді барайық,  
Онда не бар табайық:  
Мына жерде күн болар,  
Мына жерде түн болар.  
Мына жерден ай шығар,  
Мына жерден май шығар.  

165 
 
Бәрін айтып болдық па?  
Келіп қалдық қолтыққа!  
Қытық, қытық, қызық-ай,  
Міне, өрік, міне, май!  
Қуыр, қуыр, қуырмаш,  
Бидай салам, қолыңды аш.  
Төгіп алмай, күлем деп,  
Балапанға барып шаш! 
 
 
Ал санайық, санайық, 
Ал санайық, санайық, 
Сан сырына қанайық! 
Бір саусақты жұмайық, 
«Бір саны», - деп ұғайық! 
Екі саусақ жұмайық 
«Екі сан» - деп тынайық! 
Үшіншісін жұмайық, 
«Үш саны» - деп шығайық! 
Тағы бірін жұмайық, 
Төрт санына ылайық. 
Жұдырықты жұмайық, 
"Бес болды» - деп ұғайық. 
Оң қолдың енді біреуін, 
Тағы да ептеп жұмайық, 
«Алты сан», - деп ұғайық, 
Екіншісін жұмайық, 
«Жеті сан» - деп ұғайық! 
Үшіншісін жұмайық, 
«Сегіз ғой» - деп тынайық! 
Тағы бәрін жұмайық, 
Тоғыз санға ылайық. 
Жұдырықты жұмайық, 
«Он болды» - деп ұғайық. 
 
Ал, санаңдар! 
Ал, санаңдар, санаңдар, 
Бізде қанша адам бар? 
Алдымда: 
Атам, әжем, 
Алдымда: 
Әкем, анам. 
Білмесеңдер, біліңдер, 
Тағы саусақ бүгіндер. 

166 
 
Алдыма: 
әпкем, көкем, 
«Аман жүрсін інім», - дер. 
Өзім барамын, інім бар. 
Кіп – кішкентай күнім бар. 
Қанша болдық бәріміз? 
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі, 
Төрт қозылы екі қой 
Бәрі нешеу, айта ғой? 
(Он тоғыз) 
*** 
Бір үйрек тығылды, 
Бір үйрек жығылды. 
Қалғаны неше үйрек? 
(Алтау) 
 
Қошақанды кайрау 
Қызыл-жасыл даланы 
Кезгін келсе шамалы, 
Татқың келсе басқа дәм, 
Қошақаным, бас қадам 
 
Оңға қарай БІР атта –  
Бас қоясың бұлаққа. 
Солға қарай БІР атта – 
Тойындасың құрыққа. 
 
БІР, 
ЕКІ, 
ҮШ, 
ТӨРТ атта, 
Жүгір, 
    Секір,  
        жортақта. 
Тамақ өзі келмейді 
үйден шықпас қорқаққа. 
 
 
 
 
 
 
 

167 
 
ҚОСЫМША Е 
 
Тәжірибелік-эксперимент жұмысында пайдаланылған  қазақ халық 
шығармашлығының құралдары 
Мазақтамалар 
 
Ерке 
Папасының арқасына  
Мініп алып, түспейді.  
«Самолет» қып атасын да,  
«Аспанға алып ұш!» дейді. 
 
Сарнап тұрып ертесін,  
Сұрайтын қант, бөлкесін.  
Сен бір жаман еркесің,  
Әкеңнің де желкесін,  
Көкеңніңде желкесін  
Жауыр қылған еркесің. 
 
 
Тәттіқұмар 
Қант көрсе қоймайды, 
Кәмпитке де тоймайды, 
«Тісім-ай!» деп кешкісін,  
Салады кеп ойбайды. 
 
Ашқарақ  
Ашқарақ-ау, ашқарақ,  
Тамақ жеуің масқара-ақ,  
Қанша ішсең де тоймайсың, 
Енді қалай ойнайсың?.. 
 
Мақтаншақ  
Әй, мақтаншақ, мақтаншақ,  
Оянғаннан жатқанша,  
Жатқаннан таң атқанша,  
Мақтанасың, мақтаншақ.  
Қояр ма еді құлыптап,  
Аузыңды бір жапқан шақ. 
 
 
 
 
 

168 
 
ҚОСЫМША Ж 
 
Тәжірибелік-эксперимент жұмысында пайдаланылған  қазақ халық 
шығармашлығының құралдары 
Ертегілер 
Мақта қыз бен мысық
 
Екеуі дос болып жүреді. Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүрсе, бір мейіз тауып алады. 
Мысықты  шақырады.  Шақырады  –  келмейді,   шақырады  –  келмейді,  сосын  «келмесең, 
келме», – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: – Неге шақырдың? – деп 
сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сосын мысық айтады: «Ендеше қатығыңды төгем»,  – дейді. 
Мақта  қыз:  «Мен  құйрығыңды  кесіп  аламын»,  –  дейді.  Мысық  қатықты  төгеді.  Мақта  қыз 
мысықтың  құйрығын  кесіп  алады.  «Апа,  апа,  құйрығымды  берші»,  –  дейді.  Сосын  Мақта 
қыз:  «Менің  қатығымды  төлеп  бер»,  –  дейді.  Мысық  сиырға  барады.  «Сиыр-сиыр,  маған 
қатық берші», – дейді, сиыр айтады: «Менің қарным ашып тұр, маған жапырақ әкеліп бер», – 
дейді.  Мысық  ағашқа  барып:  «Ағаш,  ағаш,  жапырағыңды  берші!»  –  дейді.  Ағаш  айтады: 
«Мен  шөлдеп  тұрмын,  су  әкелсең,  жапырақ  беремін»,  –  дейді.  Суға  бара  жатса,  су  әкеле 
жатқан  қыздарды  көріп:  «Қыздар,  қыздар,  маған  су  берші»,  –  дейді.  Қыздар:  «Бізге  сағыз 
әкеліп  берсең,  біз  саған  су  береміз»,  –  дейді.  Мысық  дүкенге  барады.  «Ай,  дүкенші,  маған 
сағыз  берші»,  –  дейді.  Дүкенші:  «Маған  тұқым  бер»,  –  дейді.  Мысық  тауыққа  барады: 
«Тауық, тауық, маған тұқым берші», – дейді. Тауықтар айтады: «Бізге дән әкеліп берсең, біз 
саған тұқым береміз»,  – дейді. Мысық:  «Енді  не қыламын»,  – деп бара жатса, бір ін қазып 
жатқан  тышқанды  көреді.  Мысық  тышқанды  қорқытып:  «Жаның  барында  айт,  үйіңде  не 
бар?»,  –  дейді.  Тышқан  қорыққанынан:  «Үйімде  бір  батпан  тарым  бар»,  –  дейді.  Мысық 
айтады:  «Маған  бір  уыс  тары  бер»,  –  дейді.  Тышқан  үйіне  барып,  бір  уыс  тары  береді. 
Тарыны  апарып  тауыққа  береді,  тауық  тұқым  береді,  тұқымды  апарып  дүкеншіге  береді, 
дүкенші  сағыз  береді,  сағызды  апарып  қыздарға  береді,  қыздар  су  береді,  суды  апарып 
ағашқа  береді,  ағаш  жапырағын  береді.  Жапырақты  апарып  сиырға  береді,  сиыр  қатық 
береді, қатықты апарып Мақта қызға береді. Мақта қыз мысықтың құйрығын береді. 
 
Кім күшті 
Ерте, ерте, ерте екен,  
Ешкі жүні бөрте екен.  
Қырғауылы қызыл екен.  
Құйрық жүні ұзын екен.  
Қырғауылы қырқылдап,  
Жалтыр мұзға сыртылдап,  
Алшая келіп қоныпты,  
Шаты айрылып қалыпты.  
Қисая жатып қырғауыл  
Сонда мұздан сұрапты:  
-        Мұз, мұз, сен неден күшті болдың?  
-        Мен күшті болсам, бауырымды жаңбырға тестірмес едім.  
-        Жаңбыр, жаңбыр, сен неден күшті болдың?  
-        Мен күшті болсам, жерге жұтқызар ма едім.  
-        Жер, жер, сен неден күшті болдың?  
-        Мен күшті болсам, көк шөпке бауырымды жардырмас едім.  
-        Көк шөп, көк шөп, сен неден күшті болдың?  
-        Мен күшті болсам, көк тоқты мойнымнан жұлқымас еді.  
-        Көк тоқты, көк тоқты, сен неден күшті болдың?  
-        Мен күшті болсам, көк шұнақ қасқырға құйрығымды жұлқытпас едім.  

169 
 
-        Қасқыр, қасқыр, сен неден күшті болдың?  
-        Мен күшті болсам, көк мылтықка құйрығымды ойдырмас едім.  
-        Көк мылтық, көк мылтық, сен неден күшті болдың?  
-        Мен күшті болсам, қоңыр шолақ тышқанға білтемді қидырмас едім.  
-        Тышқан, тышқан, сен неден күшті болдың?  
-        Мен күшті болсам, құмырсқаға інімді алдырмас едім.  
-        Құмырсқа, құмырсқа, сен неден күшті болдың?  
-            Алты  батпан  ауырды  арқалаған  күштімін,  жеті  батпан  ауырды  желкелеген 
күштімін, - деген екен құмырсқа.  
 
ҰР, ТОҚПАҚ!       
Бұрынғы  өткен  заманда  бір  шал  мен  кемпір  болыпты.  Шал  мен  кемпір  кедей  болып, 
тұзақ  құрып  күнін  көреді  екен.  Бір  күні  шал  тұзағын  келіп  қараса,  бір  қаз  түсіп  қалыпты. 
Шал қазды тұзақтан босатып алып, бауыздайын десе, қаз шалға айтыпты: 
– Сен мені босат! Менен не сұрасаң, соны бір жылдан кейін ал,– дейді. 
Шал  мақұл  көріп,  қазды  босатып  қоя  береді.  Үйіне  келіп,  жаңағыны  айтса,  кемпірі 
шалға ұрсады. Шал: 
– Қой, сен түк білмейсің!– деп, сөзін тыңдамай, жүре береді. 
Бір  жыл өтеді. Шал қазға бармақшы болады.  Жүре-жүре, бір  жерге  келсе, өңкей түйе 
жайылып жүр екен. Келіп, түйешіден: 
– Бұл кімнің түйесі?–десе: 
– Бұл Қазбайдың түйесі,– дейді. 
«Бүл Қазбай – баяғы қаз екен»,– деп шал ойланып тұрып, жүріп кетеді. Бір жерге келіп: 
– Бұл кімнің қойы? – деп, қойшыдан сұрайды. 
Қойшы: 
– Бұл Қазбайдың қойы,– дейді. Шал жаңағы қойшы баладан: 
– Шырағым, Қазбайдың бұдан басқа несі бар?– дейді. 
Бала шалға: 
–  Қазбайдың  үш  жақсы  нәрсесі  бар.  Біреуі:  «Піс,  қазаным,  піс!»–десе,  әр  түрлі  тамақ 
пісіп шығады, енді біреуі: «Құс, есегім, құс!»–десе, есегі 
алтын құсады, тағы біреуі: «Ұр тоқпағым, ұр!»–десе, адамдарды ұра береді,– дейді. 
– Мақұл,– деп шал жүріп кетеді. 
Шал  Қазбайдың  аулына  келеді.  Қазбай  шалды  күтіп  алады.  Шал  Қазбайдан  «Піс 
қазанын» сұрайды. Қазбай сұрағанын береді. 
Шал алып үйіне келе жатса, бір жерде асық ойнап жатқан балалар шалға: 
– Ата, асқа түс!– дейді. 
Шал асқа түседі. Үйге кіріп бара жатып, шал балаларға: 
– Шырақтарым! «Піс, қазаным, піс!» демеңдер,– дейді. 
Шал үйге кіріп кеткен соң, балалар тыңдасын ба: «Піс, қазаным, піс!»– деп, шулап қоя 
береді. 
Сүйдегенде,  әр  түрлі  тамақ  пісіп,  даяр  болады.  Балалар  қазанды  айырбастап,  алып 
қалады. 
Шал қазанды үйіне алып барып: «Піс, қазаным, піс!»– десе, еш нәрсе піспейді. 
Шал қазанды алып, Қазбайдың үйіне қайта келеді. Қазбайға: 
– Бұдан еш нәрсе шықпады,– дейді. 
Қазбай қазанды алып: 
«Піс, қазаным, піс!»– десе, еш нәрсе шықпайды. 
Қазбай қазанның орнына шалға есекті беріп жібереді. Шал есекті алып үйіне қайтады. 
Жолда келе жатса, балалар шалға: 
– Ата, асқа түсіңіз!– дейді. 
Шал асты тастағысы келмей, есектен түседі. Үйге кіріп бара жатып, балаларға: 
– Шырақтарым! «Құс, есегім, құс!» демеңдер,– дейді. 

170 
 
Балалар: 
– Мақұл!– дейді. 
Шал  үйге  кіріп  кеткен  соң-ақ,  балалар:  «Құс,  есегім,  құс»–  десе,  есек  алтын  құсады. 
Балалар есекті айырбастап, орнына басқа есек қояды. 
Шал есекті алып үйіне кетеді. Кемпір: 
– Қаздан барып алып келгенің осы ма?– дейді. 
Шал  есекке:  «Құс,  есегім,  құс!»–  десе,  есек  еш  нәрсе  құспайды.  Шал  есекті  алып, 
Қазбайға тағы қайта келеді. 
– Есек еш нәрсе құспайды,– дейді. 
Қазбай есекті алып: 
«Құс, есегім, құс!» десе, еш нәрсе құспайды. 
Шалға  Қазбай  «Ұр  тоқпағын»  береді.  Шал  «Ұр  тоқпақты»  алып  келе  жатса,  баяғы 
жерде тағы да балалар жүр екен. 
Балалар шалға: 
– Ата, асқа түс!– дейді. Шал үйге кіріп бара жатып: 
– Шырақтарым! «Ұр, тоқпағым, ұр!» демеңдер,– дейді. 
Шал  үйге  кіріп  кеткен  соң,  дәндеген  балалар:  «Ұр,  тоқпағым,  ұр!»–дейді.  Тоқпақ 
балалардың  әрқайсысын  ал  кеп  ұр!  Ұрып  жүр,  ұрып  жүр…  Балалар  тоқпаққа  жалынады: 
«Ойбай, «Піс қазаныңды», «Құс есегіңді, берейік!»– дейді. Шал келе жатып, естіп қояды. 
Шал келіп: 
– «Піс қазанды», «Құс есекті» бересіңдер ме?– дейді. 
Балалар: 
–  Мақұл!  Әкеліп  береміз!–дейді.  Шал  «Ұр  тоқпақты  қойғызады.  Балалар  «Піс 
қазанды», «Құс есекті» әкеліп береді. Шал «Піс қазанды», «Құс есекті», «Ұр тоқпақты» алып, 
үйіне келеді. Сөйтіп, мұратына жетеді. 
 
Арыстан мен түлкі 
Арыстан  қартайды.  Аңдарды  бұрынғысындай  аулай  алмайтын  болды.  Енді  аңдарды 
айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да: 

Аурумын,  жүруге  әлім  жоқ,  -  деп  барлық  аңдарға  хабар  таратты. 
Аңдар  бір-бірлеп  арыстанның  халін  білуге  келеді.  Арыстан  аңдардың  біреуін  де 
қайтармайды.  Бәрі  де  арыстанға  жем  болды.  Бір  күні  түлкі  келді.  Ол  үңгірден  алысырақ 
тұрды да:  
- Халіңіз қалай, тақсыр?- деп көңілін сұрады. 
-  Халім  нашар.  Неге  жақынырақ  келмейсің?  Берірек  кел,  түлкіжан,  бір  азырақ 
сөйлесейік, - деді арыстан.  
 Түлкі: - Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! - 
деп жүріп кетіпті. 
Ай мен күн  
Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі 
жоқ 
сұлу 
екен. 
Бірінен-бірі 
асқан 
сұлумын 
деп 
бірімен-бірі 
үнемі 
ұрысысып, жиі-жиі  жанжалдасып қалады  екен. Бір  күні  Күнсұлу іс  тігіп отырған  Айсұлуға 
тиісіп: – Сенен мен сұлумын! - дейді. Ал Айсұлу болса: 
– Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! - деп таласады.   Ақыр аяғында бұл талас үлкен 
шатаққа  айналады.  Ыза  қысып,  әбден  ашуланған  Күнсұлу  өзіне  қарсы  келіп  отырған 
Айсұлудың  бетін  тырнап  алады.  Күнсұлу  тырнағының  ізі  Айсұлудың  бетінде  өшпестей 
болып қалады. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. 
Ал бейбастақтығынан қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. 
Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбейді. 
 
 
 

171 
 
ҚОСЫМША  И 
 
Тәжірибелік-эксперимент жұмысында пайдаланылған  қазақ халық 
шығармашлығының құралдары 
Ойындар 
 
Тышқан мен мысық 
 
Ойын мақсаты:балаларды шапшаң әрі шыдамды,ұйымшылдықққа үйрету. 
Ойын  шарты:  Бұл  ойынға  топ  балары  бәрі  тегіс  қатыса   алады.  Балаларды  (қақпа  қалың) 
дөңгелене  тұрғызып,ортаға  тәрбиеші  көмегімен  тышқанмен  мысық  сайланады.Мысық 
тышқанды  қуып  ұстап  алуы  керек.  Дөңгелене  тұрған  балалар  тышқанды  яғни  мысықтан 
құтқару үшін,қақпадан тышқанды шығарып діберіп мысықты шығармауға тырысады.Мысық 
тышқанды ұстау үшін шапшаңдық керек. Мысық тышқанды ұстап алса,ойынға келесі жаңа 
балалар қатыса отырып алмаса береді. 
 
Ойынға шақыру Қаламақ 
Балалар  ойынының  басталуында  да  өлеңнiң  атқарар  рөлi  өте  зор.  Көпшiлiк 
ойындардың  ойнау  шарты  бойынша  балаларға  екi  топқа  бөлiнуге  тура  келедi.  Мұндай 
жағдайда  балалар  әр  түрлi  тәсiлдер  қолданады.  Мәселен,  қатарға  тұрғызып  санап,  жұп  сан 
бiр топқа, тақ сан бiр топқа бөлiнедi. Осындай тәсiлдiң бiрi қаламақ арқылы жiктелу. Мұндай 
жағдайда  балалар  арасынан  екi  басшы  сайланады.  Қалған  балалар  екi-екiден  жұптасып 
кетедi.  Жұптасқан  балалар  өзара  келiсiп,  бiр-бiрiне  жасырын  ат  қояды.  Сөйтiп,  қойған 
аттарын  екi  жол  өлеңмен  екi  басшыға  айтып  қалауын  сұрайды.  Олар  мына  тәрiздi  болып 
келедi. 
– Аспандағы жұлдыз керек пе? Судағы құндыз керек пе? 
– Түйенiң ботасы керек пе? Жердiң жотасы керек пе? 
– Алтын асық керек пе? Күмiс қасық керек пе? 
Кейде  кiмге  ат,  кiмге  арба  немесе  «кiмге  шеге,  кiмге  балға»  деген  тәрiздi  ұйқассыз 
қаламақтар  да  айтыла  бередi.  Егiз  жолдан  ғана  құрылатын  қаламақтардың  құрылысы  өте 
қарапайым  болғанмен  де,  сол  екi  жол  өлеңдегi  заттық  ұғымдардың  мәнiнен  бала  жанының 
талай  сырын  ұғуға  болады.  Бiрiншiден,  баланың  әрқашан  күнделiктi  тұрмыста  таныс,  өз 
ұғымына жақын заттарды таңдайтыны көрiнедi. Мәселен, «Түйенiң ботасы, жердiң жотасы», 
«тебеген  бие,  қашаған  түйе»  тәрiздi  тiркестер  тек  ауыл  баласының  ғана  аузына  түсетiн 
сөздер. Сол сияқты бала талғамына халық тiршiлiгiнiң дәстүрлi мәдениетiнiң де елеулi әсер 
ететiндiгi  байқалады.  Мәселен,  «Аспандағы  жұлдыз»  «судағы  құндыз»  тiркестерi  бесiк 
жырларында  көп  айтылатын  образ  болса,  «Ақ  сандық,  көк  сандық»  белгiлi  балалар 
ойынының  аты.  Ал  «алтын  асық»  қазақ  ертегiлерiнде  көп  айтылады.  Демек,  қаламақтар 
ойынды  бастаушы  болуымен  ғана  емес,  баланың  iшкi  дүниесiнен  хабар  беретiндiгiмен  де 
бағалы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

172 
 
ҚОСЫМША  К 
 
Тәжірибелік-эксперимент жұмысында пайдаланылған  қазақ халық 
шығармашлығының құралдары 
Ойындар 
 
.Ала-ала алашалар, 
Тамашаолар, 
Оған кім таласа алар. 
 
 Доп теп 
дөп теп 
 
Сұр інген сүрінген бе 
сүрінген сұр інген бе 
 
Бұлаң бұлаң еткен бұл аң 
бұлаң десем екен қылаң 
 
 Қоғанбай қомағай ма? 
Жоқ, ағай 
Қоғанбай қомағай емес, 
Зорағай. 
 
 
Жағажайды  жағалай, 
Жүгіреді Қамажай. 
 
Сен өлше, ол өлшер, 
Сол өлшем, сол мөлшер. 
 
Омар ора алар
Омар ора алмаса, 
Орал ора алар. 
 
 
Ескекті ескекші еседі, 
Ескекші ескекті еседі. 
 
Жағажай, 
Жағажайда – Қамажай. 
 
Ян-ян-ян 
Жүгіріп жүр қоян. 
Ян-ян-ян 
Бұл   қоя   немес, шаян! 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет