Ибраева магрипа курманбековна


Нәрестенің  физиологиялық    дамуында



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата16.03.2020
өлшемі2,1 Mb.
#60229
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
disser ibrayeva m


Нәрестенің  физиологиялық    дамуында  ол  ересектерге  толық  тәуелді 
болады,  тілді  қолдана  алмайды.  Физикалық  тұрғыдан  қарқынды  өседі(1,5-2 
есеге). Қозғалу белсенділігі дамиды. 1 айлығында иегін көтереді, 2 айлығында 
кеудесін  көтереді,  3  айлығында  затқа  ұмтылады.  4  айлығында  сүйемелдеумен 
отырады,  5-6  айлығында  затты  қолымен  ұстай  бастайды,  7  айлығында 
басқалардың  көмегінсіз  отырады,  8  айлығында  басқалардың  көмегінсіз  отыра 
алады,  9  айлығында  сүйемелдеумен  тұрады,  ішімен  еңбектейді,  10  айлығында 
қолымен тізесіне сүйеніп еңбектейді; екі қолымен ұстап жүреді. 11 айлығында 
сүймелдеусіз тұрады, 12 айлығында бір қолымен ұстап жүреді [124]. 

33 
 
Нәрестенің 
психикалық 
дамуындағы 
басты 
іс-әрекет– 
ересектерменэмоциялық  қарым-қатынас:  заттар  арқылы  байланыс;  біріккен 
қызмет ретіндегі байланыс. 4-5 айлық кезеңде қарым-қатынас таңдау сипатына 
ие болып, күлкі, қимыл реакциясы пайда болады, ересектердің субъектілі, жеке 
қарым-қатынасы арқасында нәресте өзін-өзі қарым-қатынастың жеке субъектісі 
ретінде  сезіне  бастайды;бірінші  жартыжылдықтың  соңына  қарай  өзіне  жақын 
ересектермен 
аффективті–жеке 
байланыс 
қалыптасады.Ересектермен 
эмоциялық  қарым-қатынас  нәрестенің  қоршаған  заттарға  бағытталған 
танымдық  белсенділігін  ынталандырады.Психикалық  сезіну,  қабылдау 
үдерістері  дамиды.Екі айлық кезеңде көруінің шоғырлануы пайда болады және 
жетіледі.  Үш  айлық  кезеңде  оның  ұзақтығы  5-7  минутқа  созылады.  Екі  айдан 
бастап қарапайым түстерді ажырату қабілеті біліне бастайды. 3-4 айлық кезеңде 
заттардың түрін қабылдауы байқалады (иілген заттарға көп көңіл бөледі). Есту 
және  көру  қабілеттерінің  ересектерден  айырмашылығ  болмайды.  Бала 
көргеніне  ұзақ  қарай  алады,  естігенін  және  көргенін  дұрыс  байланыстыра 
алады.  Кеңістікті  қабылдауы  белсенді  дамиды.  4  айлық  кезінде  бала  жай  ғана 
көрмейді,  қарайды.  6  айлық  кезінен  бастап  түске  деген  белсенді 
қызығушылығы  байқалады.  8-10  айлығында  бала  кеңістіктегі  заттарды 
қабылдай  бастайды.  Алған  әсерлері  қабылдауға  айналады.Зейінніңбасында 
шоғырлану  реакциясы  ретінде  көрінеді.  Кейіннен  айналасындағыларға 
танымдық  қарым-қатынас  түрінде  дамиды.  Зейіннің  пайда  болуы  мінез-құлық 
пен іс-әрекеттің  барынша күрделі түрінің тууына ықпал етеді.Есте сақтаутану 
және  бейнелеу  түрінде  пайда  болады.  Есте  сақтауда  бірінші  танудан 
басталады(3-4  айлық  кезеңнен  кейін  бала  кез  келген  уақытта  анасын  таниды). 
Ассоциативті  есте  сақтау  пайда  болады.  8  айдан  кейін  қайта  жаңғырту  пайда 
болады.  «Ішкі»  сезіну  мен  қабылдау  іс-әрекеті  істей  бастайды.  Бірінші 
қозғалмалы,  эмоциялық  және  бейнелі  есте  сақтау  дамиды,  бір  жастың  соңына 
қарай  сөзді  есте  сақтаудың  алғышарттары  қалыптаса  бастайды.  Ойлау
сезімдікжәне қозғалыс үдерістерін дамыту көрнекі-әрекетті ойлаудың алғашқы 
түрін  дамытудың  негізі  болып  табылады.  Бір  жастың  соңына  қарай  сезімдік 
зияттың  алғашқы  белгілері  пайда  болады.  Көрнекі-әрекеттік  зияттың  пайда 
болуы  басқа  жетістіктерге  жету  үшін  өлшем  құралы  ретінде  пайдаланылады. 
Сөзгеқатысын  айтсақ,ересектердің  сөзіне  назар  аударады.  1,5  айдан  4  айға 
дейінгі  кезеңде  уілдеу  сипатындағы  қысқа  дыбыстар  шығарады.  Алғашқы 
жартыжылдықта  сөзді  есту  қалыптасады,  сонымен  бірге  баланың  өзі  де 
гуілдеген  дыбыстар  шығарады.  Алты-жеті  айлық  кезеңінде  диалгтің  түрі  мен 
құралы  барынша  күрделене  түседі.  Тіпті  баланың  жылауының  өзінен  бірінші 
күнге  қарағанда  көптеген  өзгерістер  байқалады.  Қорқыныштан  жылау  мен 
жайсыздықтан  жылаудың,  шақырып  жылау  мен  шағынып  жылаудың 
айырмашылығы  байқалады.  Бала  екінші  жартыжылдықта  дыбыс  шығарып 
былдырлай  бастайды.  Бір  жастың  соңына  қарай  10-20  шақты  сөзді  түсінеді 
және  оған  көңіл  бөледі,  сонымен  бірге  өзі  де  бір  немсес  бірнеші  сөздерді 
айтады. Автономды сөзі қалыптасады. Мағыналы сөздерді қолдануы қарқынды 
дамиды. Заттардың атауы мен олардың арасындағы өзара байланысты қолдана 

34 
 
алады.Эмоциялық  дамуы  -екі  айлығында  анасын  тани  бастайды.  «Кешенді 
тіршілік»–  жақындарына  эмоциялық-жағымды  сезімдік  реакция  пайда  болады 
(күлу,  уілдеу,  көз  алмай  қарап  қалу,  назарын  шоғырландыру).  Бұл  алғашқы 
әлеуметтік  қажеттіліктің  –  қарым-қатынас  қажеттілігінің  пайда  болғанның 
куәсі  болып  табылады.3-4  айлығында  балада  эмоциялық  жағдай:  таңырқау, 
мазасыздану 
(физикалық 
жайсыздық 
жағдайында), 
қажеттілігін 
қанағаттандырған  кезде  босаңсу,  еркінсу  пайда  болады.  Таныстарына  күледі, 
таныс  еместерді  көргенде  күлкісін  тоқтатады.  Жағымды  эмоциясын  білдірген 
күлкісі  кейіннен  айқайға  ұласады.  7-8  айлығында  таныс  еместерін  көргенде 
мазасыздануы күшейе түседі. 7 ай мен 11 айдың арасында «ажырасудан қорқу» 
–  анасы  жоқ  боп  кетекенде  қайғыру  немесе  қорқыныш  пайда  болады. 
Жылаудың    барлық  түрін  көрсетеді.Жүру  –  ескі  даму  жағдайын  ауыстыратын 
нәрестелік жастың жаңалығы. Алғаш рет бірыңғай әлеуметтік жағдайдағы, енді 
баланы  анасы  бастамайды,  баланың  өзі  қалауы  бойыншы  анасын  бастап 
жүреді.Осы шақта оның бойында «Біз» пайда болады[124]. 
Л.И.Божович жаңадан пайда болу, баланың есіндегі заттардың аффективті 
бейнелері оның қажеттілігін ынталандыру арқылы өтеді деп есептейді [125]. 
Осыған  байланысты  бірінші  жылдағы  дағдарыс  жүрудің  дамуы  есебінен 
және  сөздік  іс-әрекетті  игерумен  пайда  болады.  Ата-аналар  мен  балалардың 
арасында  жаңа  өзара  байланыс  орнайды.  Л.С.Выготский  осы  дағдарыстың 
белгісін    эмоциялық  қырсық  мінез  көрсетумен  пайда  болатындығын  (бала 
өалағанын талап етеді және ересектердің қарсылығына ұшырайды, оның көңілі 
қалады, нәтижесі – аффективті мінез-құлық) негіздейді [126]. 
Баланың  сәбилік  шағында  (1-3  жас)  әлеуметтік  жағдайы  аясында 
заттармен өздігінен жұмыс істеуге ұмтылады. Бала мен ересектердің бірлескен 
іс-әрекеттегі  әлеуметтік  жағдайы  қарама-қайшылыққа  негізделеді.  Заттармен 
жұмыс  істеуде  ересектер  үлгі  көрсетуі,  ал  бала  сол  мезгілде  жеке  іс-әрекетті 
орындау  керек.  Ерте  жаста дамытудың  әлеуметтік  жағдайы  «бала–зат–ересек» 
жүйесімен  сипатталады.  Осы  жаста  бала  затқа  толықтай  қызығады.  К.Лоренц 
ерте  жаста  затты  ерекше  қадірлейтінін  айтқан.  Баланың  әлеуметтік  дамуы  екі 
бағытта жүреді: адамдардың бір-бірімен өзара байланыс ережесін игеру арқылы 
және  баланың  әлемдегі  тұрақты  заттармен  өзара  байланысы  арқылы.  Араны 
байланыстыратын  делдал  (ересек)  арқылы  және  әлеуметтік  рөлді  игеретін 
қатысушы (құрбысы) арқылы жүзеге асады.  
Физикалық  дамуындағы  басты  жетістік  –  дұрысжүруді  меңгеру.  Барлық 
қозғалыс  аппараты  дамиды.  Екі  жасар  бала  үшін  жүру  қажеттілік  болып 
табылады.  9-10  жасында  жүру  тегіс  автоматтандырылады.  Екі  жарым  жасқа 
келгенде  іртүрлі  қимылды  меңгереді,  заттарды  тасиды,  оларды  бір-бірімен 
араластырады.  Бұлшық  еттер  ара  қашықтықты  қабылдау  мен  заттардың 
кеңістіктегі  жағдайын  сезінуіде  негізгі  орынға  шыға  бастайды.  Жетекші  іс-
әрекеті  -  заттық-қимыл  әрекеті.Бұл  жастағы  қарым-қатынас  заттық  іс-әрекетті 
ұйымдастыру түрі болады. Заттық іс-әрекеттің ішінде жаңа түрлер – ойын және 
іс-әрекеттің  өнімді  түрлері  (суретсалу,  мүсіндеу,  құрастыру)  пайда  бола 
бастайды. Заттық іс-әрекетті меңгеруде маңызды рөл іскерлік қарым-қатынасқа 

35 
 
тиісті болады. Заттық іс-әрекет жетекші бола отырып, көп жағдайда танымдық 
процесті дамытуға ықпал етеді. 
Психикалық дамудасезіну, қабылдау -14 пен 16 ай аралығында және екі 
жаста түсті сезінудің ерекше жоғарылау үдерісі жүреді, ал 20-24 айлық кезеңде 
түсті  сезіну  процесі  баяу  өседі.  Басқа  психикалық  қызметтерге  қарағанда 
қабылдау  басым  болады.  Қабылдаудың  аффективті  сипаты  сенсомоторлық 
бірлікке алып келеді. Даму заттық іс-әрекетте жүреді. Заттық қабылдау орталық 
танымдық  іс-әрекеттұрғысынан  қалыптасады.  Заттар  арасындағы  кеңістіктегі 
қарым-қатынас  байқалады.  Қабылдау  барысында  бала  бір  қасиетке  сүйенеді, 
соңында  тану  арқылы  оған  бағыттлады.  Қабылдау  аффективті  түрде 
ерекшеленеді  және  практикалық  іс-әрекетпен  тығыз  байланысты  болады. 
Қабылдау – баланы танымдық салада дамытудың жетекші қызметі. Қабылдау 
заттың  іс-әрекеттің  орындалуымен  тығыз  байланысты.  Қабылдау  бағытталған 
ішкі  іс-әрекет  негізінде  дамиды  (заттарды  түріне,  көлеміне,  түсіне  қарай 
таңдау).Зейінді  дамыту  заттық  іс-әрекет  және  сөзді  меңгеру  арқылы  жүзеге 
асады. Зейін ырықсыз, нашар шоғырланған, тұрақсыз болады, ауысуында және 
бөлінуінде  қиындық  байқалады,  көлемі  де  үлкен  болмайды.  Іс-әрекетті 
орындауда  саналы  бақылау  болмайды.  Сөздің  ықпалымен  еркін  ырықты 
дамытудың  алғышарттары  қаланады.  Балалардың  зейіні  шоғырланатын 
заттардың  шеңбері,  олардың  белгілері,  сондай-ақ  олармен  іс-әрекет  кеңейе 
бастайды.Жады (Ес)белсенді қабылдау үдерісінде – тануда іске қосылады. Бала 
бұрынғы  көргені  мен  естігенін ырықсыз  түрде  есіне  түсірсе  де,  тану  негізінен 
басым болады. Жады қабылдаудың жалғасы және оны дамыту болып табылады. 
Қозғалыс  және  эмоциялық,  жекелей  бейнелі  жады  басымдық  алады. 
Материалдардың  сақталу  көлемі  мен  беріктігі  өседі.  Ырықсыз  жады 
басымдыққа  ие  болады.  Сөздік-мағыналық  жады  қарқынды  дами  бастайды. 
Жадының  жаңа  процесі  қайта  жаңғырту  пайда  болады.Ойлауды  дамыту 
баланың  өзінің  іс-әрекетіне  (сезімталдық  тәжірибені  игеруіне),  іс-әрекет 
тәсілдеріне  үйрететін  ересектердің  ықпалына  және  заттардың  кеңейтілген 
атауын  беруменбайланысты  болады.  Ойлаудың  негізгі  түрі  –  көрнекі-әрекетті 
бейнелі  ойлаудың  элементтерін  қалыптастырудан  басталады.  Ойлау  заттық 
әрекетте пайда болады және жүзеге асады. Зияткерлік міндеттерді шешуде даму 
барысында  тікелей  қабылдаумен  аз  байланысты  болатын  ойлауда  сөз  үлкен 
маңызға  ие  болады.  Ойлау  бала  заттың  маңызын  меңгеру  нәтижесінде 
қарқынды  дамиды.  Бір  затты  екінші  заттың  орнына  қолдануға  болатын 
танымның  символдық-белгілік  іс-әрекеті  қалыптаса  бастайды,  сондай-ақ 
алмастыру  шынайы  заттардың  белгісі  болып  табылады.  Алғашқы  ойлау 
операциялары:  салыстыру  мен  қорыту  пайда  болады.  Үш  жастағы  кезеңде 
ойлаудың  барынша  күрделі  және  әрекеттің  жаңа  түрін  меңгеруде  маңызды 
орын  алатын  танымның  белгілік  (символдық)  қызметі  қалыптасады.Қиялдың 
алғышартына  елестету  жатады.  Ойын  барысындақиялдау  жағдайында  және 
заттарды ойын кезінде атағанда қиял пайда болады. Қиял тек шынайы заттарға 
сүйену  барысында  және  олардың  сыртқа  бейнесімен  әрекеттескенде  қызмет 
етеді.  Ерте  жастың  соңында  баланың  өзінің  алғашқы  шығармасы  –  ертегісі, 

36 
 
әңгімесі пайда болады.Сөйлеудің қарқында дамуы баланың заттық әрекетімен 
байланысты  болады.  Балада  айналасындағыларға  деген  қызығушылық  өседі, 
бірақ  өзінің  қарым-қатынасқа  деген  қажеттілігін  қанағаттандыратын  қарым-
қатынас құралы (ым-ишара) жетіспейді. Пайда болған белсенді дербес сөйлеуді 
шешу жолында қарама-қайшылық туындайды (1,5 жастан 2 жасқа дейін). Баяу 
сөйлеуді  белсенді  сөйлеу  басып  озады.  Баяу  сөздік  қор  белсенді  сөздік  қорды 
байытады. Бала әр заттың атауы бар екенін біледі (алғашқы тілдік «жаңалық»). 
Осы жастың басында баланың тіліндегі бір сөзді сөйлемдер құбылысы байқала 
бастайды[124]. 
Л.С.Выготский:  «Фазалық  жағынан  –  сөз,  семиотикалық  жағынан  – 
сөйлем.  2-3  жасар  кезінде  бала  сөйлемдегі  сөздер  бір-бірімен  байланысты 
екенін  түсіне  бастайды  (екінші  сөздік  «жаңалық»)».  Бала  алғашында  дұрыс 
тыңдауды,  содан  кейін  дұрыс  сөйлеуді  үйренеді.  Үш  жасар  кезінде  көлемі 
жағынан  да,  сапасы  жағынан  дасөзді  түсінуі  өседі.  Балалар  тек  нұсқау-сөзді 
ғана  емес,  әңгіме-сөзді  де  түсінетін  болады.  Сөздің  көрсеткіштік  қызметінен 
мағыналық  қызметіне  өту  жүреді.  Жағдаяттық  сөз  пайда  болады.  Тек 
коммуникативтік қана емес, сөздің реттеушілік және қорытындылаушы қызметі 
дамиды.  Балалар  өздеріне  таныс  сөздерді  бір-бірімен  ауыстырып  қолдануды 
тарата бастайдыбастайды [126]. 
Ерте  жаста  баланың  жеке  дамуы  жүреді.Заттық  қимыл  іс-әрекет 
барысында  және  жақын  туыстарымен  қарым-қатынас  үдерісінде  мінез-құлық 
сипатының  қалыптасуы  жүреді.  Бағыныштылық  мотивтері  (барлық  мотивтер 
бірыңғай  жеңімпаздық  күшке  ие  болады)  жойылады,  талаптары  тұрақсыз, 
бақылаусыз және ұстамсыз болады. Дербестік және табысқа жету қажеттліктері 
пайда болады. Мінез-құлқы тек жағдайдың мазмұнына емес, басқа адамдармен 
қатынасына  қарай  ынталана  бастайды.  Мінез-құлқын  бақылау  арқылы 
темпераменттің  алғашқы  белгілерін  көруге  болады.  Бала  мінез-құлық 
ережелерін  меңгере  бастайды,  өзінің  және  өзгенің  қылықтарын  бақылайды. 
Еркін  мінез-құлыққа  өту  үдерісі    жүреді  (К.Левин  бойынша).  Жеке  тұлғаның 
қалыптасуының  алғашқы  маңызды  алғышарттары  қалыптасады.  Үш  жасар 
кезінде  өзіне  дербес  «Мен»  ретінде  қарай  бастайды,  яғни  балада  танымның 
алғашқы  түрі  пайда  болады.  Жеке  әрекеті,  жеке  тілегі,  «Мен  өзім»  танымы 
пайда  болады.  Өзіндік  танымының  дамуы  өзінің  әрекетімен,  өзінің  тілегін 
танумен  байланысты  болады.  Балада  мақсаттылыққа  бағытталған  шынайы 
дербестік дамиды. Іскерлік-жағдаяттық және жағдаяттан тыс танымдық қарым-
қатынас  қалыптасады.  Баланың  үлкендерге  деген  қарым-қатынасы  өзгереді 
және  өзінің  ересектерге  деген  тілек-талабын  қарсы  қояды.Эмоциялық 
дамуыбойыншаалғашқы үш жылда баланың эмоциялық жағдайы өте тұрақсыз 
болады.  Мінез-құлқы  ашық  эмоциялық  реакциялар  арқылы  көрінеді. 
Эгоцентризмнің  салдары  –  эмпатияның  нашар  дамуы.  Эмоциялық  фаза 
еркіндігі,  сезімнің,  демек  қиялдың  даму  еркіндігі  (сенімді  субъектизм  фазасы 
немесе сенімді эгоцентризм). Бала қоршаған әлемде өз уайымымен өзі болады. 
Субъектизим, өз уайымымен өзі болу, табиғи эгоцентризм – барлығы шынайы, 
тікелей  сипатқа  ие  болады.  Өзін-өзіэмоциялық  жоғары  бағалау  пайда  болады. 

37 
 
Осы  кезеңде  баланың  дамуында  «Мен»  деген  өте  күшті  жағымды  қажеттелік 
болады. Басқа біреуге деген жанашырлық қабілеті өте ерте пайда болады. Осы 
жаста  баланың  бойында  жаңарупайда  болады.  Өзін-өзі  бағалаудың,  өзін-өзі 
құрметтеудің,  өзін-өзі  танудың  пайда  болуын  сипаттайтын  «ішкі  Мен  өзім» 
қалыптастыру  қажеттігі  туындайды.  Сөздік  қордың  айтарлықтай  ұлғаюына, 
сөйлем  құрастыруға,  сөздердің  мағыналық  байланысын  түсінуге  тән  тілді 
дамыту  керек  болады.  Бір  жастың  соңында  пайда  болатын  жаңару  жаңа 
әлеуметтік  жағдайды  дамытатын  құрылымның  қажеттілігін  тудырады.  Бұл 
жағдай ересектермен бірлескен іс-әрекет. Бұл бірлескен іс-әрекеттің мазмұны – 
қоғамда жасалған тәсілдерді меңгеру: өз бетінше жүруді дамыту, дұрыс жүруді 
игеру.  Заттар  әлеміне  деген  жаңа  қарым-қатынасты  қалыптастырумен 
байланысты  заттық  әрекетті  меңгеру.  Жеке  жаңару  өзінің  жеке  жетістігі  үшін 
мақтаныш тудырады. Символдық, алмастырушы әрекет. Заттық ойын. Белсенді 
сөз[124]. 
Л.И.Божовичтің  тұжырымдауынша,  үш  жастағы  дағдарысөзін-өзі 
бағалауды  дамытумен,  барлығын  өзі  жасауға  деген  ұмтылыстан  талап  етіледі. 
Дағдарыс  себебі  «жасаймын»  және  «жасай  аламын»  деген  талаппен 
қақтығыстан пайда болады Қарым-қатынастың ескі жүйесін қайта қарау, өзінің 
«Мен»  дағдарысы.  Жақын  ересек  адамдардан  психологиялық  бөлектену. 
«Жетістігі үшін мақтаныш» пайда болады[124]. 
Сонымен  жоғарыда  айтылып  өткендерді  қорытындылап,  тұжырымдап 
көрейік. Баланың өмірінің алғашқы үш жылында дамуы қарқынды жүреді. Бұл 
кезеңде  барлық  сезім  мүшелерінің  іс-әрекеті,  әсіресе  көру  және  есту,  тез 
жетіледі.  11-12  айда  бала  негізгі  қозғалыстарды  игереді.  Бір  жасқа  толғанда 
оның  сөздік  қорында  6-10  сөз  болады.  Олардың  саны  өсіп,  екі  жаста  200-300 
сөзге дейін, ал үш жаста 1000- нан асып 1500 сөзге дейін жетеді. 
Зерттеушілер  ерте  жастағы  баланың  психикасы  мен  санасында  жаңадан  
пайда болатын дүниелермен байланысты оның ішкі психикалық өмірі мен ішкі 
өзін-өзі  реттеу  белсенді  түрде  қалыптасуы  орын  алатындығын  айтады. 
Психологтар мұндай жаңадан пайда болатын дүниелерге тілдің, естің, зейіннің, 
қиялдың 
дамуын, 
танымдық 
қызығушылықтың 
кеңеюін, 
балалық 
дүниетанымның  және  жеке  тұлғалық  мінез-құлық  тетіктерінің  негізінің 
қалыптасуын жатқызады.  
Ерте жастағы баланың бойында қалыптасатын психикалық үрдістер мен іс-
әрекеттер  мектеп  жасындағы баламен салыстырғанда  жай  болып  келеді.  Бірақ 
баланың  осы  кезеңде  игерген  көптеген  дағдылары,  айталық,  тілді,  әр  түрлі 
әрекеттерді игеру, жүру т.б., өмір бойы маңызын жоймайды. Мысалы, егер бала 
дер  кезінде  жүріп  үйренсе,  белсенді  қозғалыс  арқасында  оның  ой-өрісі 
кеңейеді,  қызыққан  затына  жан-жақты  қарап,  түйсігі  жетіледі,  үлкендермен, 
басқа  балалармен  қарым-қатынас  жасауы  жеңілдейді.  Бұған  қоса,  белгілі  бір 
жас  кезеңінде  қандай  да  бір  дағдының  қалыптасуының  қолайлы  уақыты  бар. 
Мысалы,  бала  2,5  жастан  3,5  жасқа  дейін  тіл  дыбыстарын  өте  жақсы  айта 
алады.  Есейе  келе  тілдік  қабілеті  төмендейді  және  оны  дамыту  үшін  көп 
еңбектену қажет. Үлкендермен қарым қатынас баланың ерте жастан  дамуына 

38 
 
әсері  мол.    Сондықтан  баланы  тәрбиелеу  мен  оқытуда  қандай  да  бір 
дағдыларды қалыптастыру үшін дер кезінде оңтайлы жағдай жасау керек [127].   
Ерте  жастағы  баланың  денесі  мен  психикасының  даму  қарқыны  жоғары, 
дегенмен оның барлық ағза мүшелері мен жүйке жүйелерінің құрылысы дамып 
аяқталған  жоқ,  сондықтан  олардың  іс-әрекеті  де  жетілмеген.  Мысалы,  жүйке 
жүйелерінің күші әлсіз, байсалдылығы мен ширақтығы жеткіліксіз, ішкі тежелу 
үрдістері  де  жеткілікті  қалыптаспаған.  Бұл  баланың  мінез-құлқында  көрініс 
табады. Ол тез шаршап қалады, оның көңіл-күйі тұрақсыз, бұл қыңырлық пен 
жанжалға себеп болады. Белсенді сергектік ерте жаста бірте-бірте ұзарады. Бұл 
баланың жүйке жүйесі жетілмегендіктен тез қарқынды даму жағдайында оның 
шаршап  қалуына  жол  бермейді.  Жасы  кіші  бала  тезірек  дамиды,  жиі  әрі  көп 
ұйықтайды.Балалардың  жақсы  әрі  байсалды  көңіл-күйі  олардың  дер  кезінде 
және  толыққанды  дамуының  бірден  бір  шарты.  Балалардың  өмірін  дұрыс 
ұйымдастыру,  қызықты  әсерлер,  балалар  мен  үлкендердің  біріккен  іс-әрекеті 
олардың  көңіл-күйіне  демеу  болады.Ерте  жаста  балалардың  даму  қарқыны 
бірдей  емес.  Бұл  салмағы, бойы, отыру  мен  жүрудегі алғашқы  талпыныстары, 
тістерінің шығуы сияқты дене бітімінің көрсеткіштеріне қатысты. Бұл саладағы 
медициналық  көрсеткіштер  әрдайым  өзгеріп  тұрады.  Аталмыш  ауытқулар 
психикалық  дамуда  да  байқалады.  Осылайша  бір  жас  тобындағы  балалардың 
бірдей жағдайда тәрбиеленіп жатса да, даму көрсеткіштері жоғары да, төмен де 
болуы  мүмкін.Балалардың  дүниеге  келген  сәтінен  бастап  бойларында  жүйке 
жүйесінің  әр  түрлі  тұрпаттамалық  ерекшеліктері  немесе,  басқаша  айтқанда, 
темперамент түрлері байқалады, сондықтан бала тәрбиесіне даралық тұрғыдан 
келген  жөн.  Кейбір  балалар  тез  елігеді,  кейбіреуі  баяу,  ал  енді  біреулерінің 
жүйке  үрдістерінің  әлсіздігі  әр  түрлі  әсерлерге  деген  аса  сезімталдығымен 
ұштасады.  
Көптеген  авторлардың  зерттеулерін  қорытындылай  келе,  жаңа  туған 
балалардың  мінезіндегі  алты  түрлі  басты  айырмашылықтарды  көрсетуге 
болады: 
әртүрлі 
ынталандыруларға 
реакциялар 
диапазоны; 
жалпы 
белсенділігінің  дәрежесі,  қозуы,  ұйқы  кезіндегі  мазасыздануы,  барлық 
жаңалықтарға  үйренуі,  қолдан  алуға  ұмтылуы.  Мінез-құлықтың  бұл  белгілері 
темпераментпен түсіндіріледі. 
Бұл  ерекшеліктер  топтамасы    ерте  жастағы  баланың  ақыл-ой  дамуының 
тұтастығы  мен  әрі  қарай  дамуы  үшін  негіз  ретінде  маңыздылығын  растайды. 
Осы  кезеңнің  сипаттамаларын  егжей-тегжейлі  қарастыру  баланың  әлеуетті 
қабілеттерін  барынша  толық  ашатын  болады;  оның  дамуы  мен  білімінің  жеке 
траекториясын  дұрыс  және  тиімді  түрде  қалыптастырады.  Өйткені,  белгілі 
психологтардың тұжырымдары осы ойымызға негіз болады:  
1)  Бүкіл  баланың  дүниетанымдық  тұжырымдамасының  алғашқы 
сызбасының пайда болуы (Л.С.Выготский). 
2) Алғашқы этикалық инстанциялардың пайда болуы (Л.С.Выготский). 
3) Мотивтерді бағындырудың пайда болуы (А.Н.Леонтьев). 
4) Еркін мінез-құлықтың пайда болуы (Д.Б.Эльконин, A.B.Запорожец). 
5) Жеке сананың пайда болуы (A.A.Леонтьев). 

39 
 
Сонымен жоғарыда аталған зерттеушілердің еңбектерін талдау балаларды 
ерте  жастан  дамыту  дегенде,    туғаннан  баланың  қабілеттілігін  дамыту 
қажеттігін көрсетеді.  
Балаларды ерте дамыту мәселесін зерттеуші Лена Данилова «Ерте дамыту 
–  ол,  үнемі  балаңыздың    өміріне  араласатын,  қызу  шығармашылықты  талап 
ететін,  құрал  жабдықтарды  дайындауға  көп  уақытыңызды  алатын  көпжылдық 
және еңбекті көп қажет ететін жұмыс» деп анықтаған. Ерте дамыту – ол барлық 
мәселелерді  шешпейді.  Баланың дамуына басты  себепші  –  ол   коршаған орта, 
тағы тұқым қуушылық, табиғи дарындылығы мен қабілеттілігі. Сіз балаңыздың 
математикалық  қабылеттілігін  арттыруға  тырыссаңыз,  ол    спортшы  немесе 
ақын  болуы  мүмкін.  Ерте  дамытудың  мақсаты  баланың  өзінің  бойындағы 
табиғи дарынды  ашу. Ол бақытты  да,  әлеуметті  және үйлесімді тұлға болып 
өсуіне мүмкіндік береді. Ондай бала үлкендердің араласуынсыз да өсуі мүмкін. 
Бірақ ата-ананың көмегімен ондай мүмкіндік әлде қайда көбірек.Таусылмайтын 
айырмашылықтар:  туу  жағдайлары,  тұрмыс  тіршілігі,  аймақтың  экологиясы, 
алғашқы әсерлер, ана мен баланың тамақтануы – осының бәрі баланың ағзасы 
мен тұлға ретінде қалыптасуына  әсер етеді. 
Қазіргі уақытта, адамның өмірінің алғашқы жылдарында оның ағзасы мен 
миының    дамуы  өте  жылдам  болатвынды.  Балалық  шақ  «қайта  оралмас»  шақ 
деп  есептеледі:  адам  балалық  шағында  игермеген  нәрсені,  ешқашан  игере 
алмайды. Ал игерседе, оған өте көп күш жұмсайды.  Ерте дамытудың тамыры – 
бала  өмірінің    бірінші  жылындағы    дене  қимылының  белсенділігі.  Туғанынан  
бір жасқа дейінгі өмірінде қимылдауға ынталандыру тәсілдеріне  үйрету керек. 
Екінші  баланың  ой-өрісін  кеңейту,  тілін  дамыту,  ал  үшінші  дәл  осы  кезде 
баланы  тіпті  бәріне:оқуға,  жазуға,  есепке,  шеттілдеріне,  шығармашылыққа, 
музыкаға,  гимнастикаға  т.б.үйретуге  болады  екен.  Баланың  қимылдау 
белсенділігі  оның  миының,  ойының  дамуынан  талап  етіледі.  Бала  неғұрлым 
ертерек еңбектеуді, жүруді, жүгіруді үйренсе, ол ерте оқуды, санауды, ойлауды 
үйренеді [128]. 
Сонымен жоғарыда жас кезеңдеріне, баланың физиологиялық, психикалық 
дамуы, ерте дамуы ерекшеліктеріне берілген талдау бізге «ерте жастан дамыту» 
ұғымына анықтама беруімізге мүмкіндік берді. 
Біздің  тұжырымдауымызша  «ерте    жастан  дамыту  дегеніміз  -    баланың 
туғаннан  3  жасқа  дейінгі  аралығында  дене,    ақыл-ой  тәрбиесін  дұрыс 
ұйымдастыру».    Олай  дейтініміз,  дене  тәрбиесі  –  баланың  физиологиялық 
(бойы, салмағының өсуі, денсаулығы, еңбек әрекеті) дамуын жүзеге асырады. 
Ал, ақыл-ой тәрбиесі – психикалық  үйлесімді дамуын (сенсорлық, танымдық, 
эстетикалық,  адамгершілік  және  т.б.  сезімдерін,  ой-өрісін,  белсенділігін) 
қамтамасыз етеді.  
Сонымен, ерте жас – 1 жастан 3 жасқа дейінгі баланың психикалық және 
дене  бітімінің  даму  сатысы,  ол  үлкен  жартышарлар  қабығы  қызметінің 
дамуындағы  сапалы  өзгерістермен  сипатталады.  Бұл  кезеңде  баланың  жеке-
дара  дамуында  жүрісі,  қозғалысы,  ұсақ  моторикасы  қалыптасады,  соның 
арқасында  қоршаған  ортаны  тану  мүмкіндіктері  айтарлықтай  кеңейе  түседі; 

40 
 
үлкендермен  және  құрдастарымен  жағдайлық-іскерлік  қарым-қатынасы 
дамиды;  когнитивті  үрдістер  қалыптасады;  пассивті  және  белсенді  тілді  игеру 
орын алады; қызбалық және ерік өрістері анығырақ бола бастайды, өзіндік сана 
қалыптасады.  Ал  бұл  болса,  баланың  осы  жас  аралығында  танымдық 
белсенділігін дамытудың қажеттілігін көрсетеді.  
Оның 
үстіне 
олардың 
танымдық 
белсенділігін 
қазақ 
халық 
шығармашылығы негізінде дамыту әбден мүмкін. Ол туралы келесі параграфта 
«белсенділік».  «танымдық  белсенділік»  ұғымдарының  мәні  ашылып,  қазақ 
халық шығармашылығының ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін 
дамытудағы мүмкіндіктері баяндалады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет