Қыдыршаев indd


 шешеннің сөйлеу техникасы



Pdf көрінісі
бет34/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

1.7. шешеннің сөйлеу техникасы
Сөз сөйлеу үдерісінде аудиторияға әсер ету барысында ше
-
шен лингвистикалық, паралингвистикалық және кинетикалық 
құралдардың тұтас кешеніне жүгінеді. Сөзсіз, қай уақытта да ең 
бастысы сөз болып қала береді. Ал шешендіктану – жанды, ды
-
бысты сөз туралы ғылым. демек, сөз арқылы түйінделген ой 
қаншалықты маңызды болса да, ол тыңдаушыларға тек шешеннің 
сол сөздерді нақты да түсінікті, мөлшерленген күйде дыбыстауы, 
айтуы арқылы ғана әсер ете алады. Сөйлеу өнерінде ең бастысы 
деп нені есептейтіндігін сұрағанда, демосфен айтылажақ сөздің 
қалыпты да үйлесімді дыбысталуына ең алғы кезекте ерекше мән 
берудің аса қажеттілігін баса айтқан. Сөз сөйлеуді орындау /actio 
немесе pronuntiatio/ - жеңіске жету жолындағы ең соңғы маңызды 
жұмыс кезеңі. Бұл міндетті орындауда аса мәнді көмекті шешенге 
шешендіктанудың ерекше тарауы, шешендік шеберліктің маңызды 
саласы - сөйлеу техникасы көрсетеді. оның басты мақсаты – барлық 
сапалық белгісі мен мүмкіндіктерінің жиынтығы негізінде шешенді 
өз дауысын меңгере білуге үйрету.
Дауыс 
– адамның аса маңызды белгілерінің бірі. Бірдей қалыптағы 
дауыстың екеу болуы мүмкін емес. Өте-мөте сирек жағдайларда 
ғана болмаса, кез келген адам өз дауысын жұмсақ, қаттырақ және 
түрлі құбылмалы қалыпқа келтіре алады. Бірсарындылық, тұншыға, 
құмыға сөйлеушілік, міңгірлеушілік, жекелеген дыбыстарды жұтып 
қоюшылық және артикуляцияның анық болмауы ең жақсы сөзді 
бүлдіруге, шешеннің беделіне нұқсан келтіруге бейім. 
Сөйлеу техникасы
– шешендік туралы ғылымның өте арнайы да 
маңызды тарауы. Өзгелерінен ерекшелігі бұнда дыбыстау дағдылары 
бойынша жүргізілетін ұзақ мерзімді, тегеурінді машықтық жұмыстар 
мен жаттығулар аса маңызды. Сол себептен де ең қажетті білуге 
тиісті жалпы теориялық ескертпелермен шектелеміз. 
Сөйлеу техникасының құрамды бөліктері – бұл дыбыстық
тыныстық қойылымы, сөйлеу сәтіндегі дауыстың, дикциясының, 
орфоэпиясының дұрыс қойылымы. Сөйлеу техникасының мәні - ды
-
быстау нормаларын сақтауда артикуляция, дыбыс, тыныс бойынша 
жұмыстарды ұйымдастыру.
Сөйлеу аппараты үш бөлімнен тұрады:
тыныс органдары (пассивті - өкпе, кеңірдек тарамы, кеңірдек; 
активті – олар жоғарыдағыларды қозғалысқа келтіретін бұлшық ет
-
тер, алғашқы кезекте – диафрагма, құрсақ аймағы);


92
93
дауыс құрау органдары (көмей, дыбыстық байланыс, резонатор
-
лар – мұрын, ауыз қуысы);
артикуляциялық жүйелер (тіл, ерін, тіс, астыңғы иек, жұмсақ 
таңдай).
Қос өкпе ауа үрлеуші былғары іспеттес. диафрагма кішірейе 
келіп өкпеге ауаны тартады. Содан кейін диафрагмаға сыналап 
жақындап қалған құрсақ аймағы етінің бірнеше тобы өкпедегі ауа-
ны ығыстырып сыртқа шығарады. Ауа көмей арқылы өтеді және 
дыбыстық байланыс талшықтарын тербеліс жасауға мәжбүр етеді. 
Нәтижеде резонаторларда, дыбыс үдеткіштерде кеңи әрі жайыла 
көрініс беретін дауыс дыбысы пайда болады. 
Ауыз қуысының формасы мен өлшеміне сәйкесті өзгерістерінің 
көмегімен артикуляторлар жекелеген дыбыстарды туғызады. олар
-
ды буын мен сөз ішінде байланыстыра біріктіреді. Аталған барлық 
бөліктердің жүйелі және дұрыс жұмысы дауыстың 
саздылығы, 
темпі, тембрі, жоғары-төменділігі, дикция анықтығы
сияқты 
сапалық белгілерін қамтамасыз етеді. 
дауыс саздылығына қол жеткізу үшін тыныстауды дұрыс жүйеге 
келтіру міндетті. Бұл тыныс алу мен тыныс шығару үрдісінде диа
-
фрагманы қоса есептегенде терең дем алуды білдіреді. Сондай-ақ бұл 
тыныс (ауа) шығаруды үнемді үйлестіре отырып, өзінің тыныс алуы
-
на бақылау жасай білу деген сөз. Өкпесінің көлемі үлкенірегі емес, 
тыныс шығаруды үйлестіре ұйымдастыра білуші ғана жақсы тыныс-
тай алады. Ең жақсы шешеннің тыныс алуы мен тыныс шығаруы 
ұзақтығының аралық байланысы 1:15 – 1:20-дан кем болмауы тиіс. 
Эмоционалдылықтың жоғарылау кезеңінде, толғаныс сәтінде біздің 
дем алуымыз (тыныстауымыз) жиілей түседі. Соған сәйкесті ұзын 
фразаларды айтуға ауа шығару көлеміміз жеткіліксіз болуы мүмкін. 
Сондықтан да шешен сөйлеу үдерісі кезінде тыныс алуды қалпына 
келтіріп отыруды үйренуі тиіс. Сондай-ақ, әр түрлі дыбыстардың сан 
қилы энергетикалық шығынды қажет етерін есте ұстау керек. демек, 
тілдік дыбыстарды өз қалпында құбылта дыбыстау әрі дұрыс тыныс 
алуды жолға қойып, дамыту үшін оқытушының арнайы сабағы аса 
қажетті. 
Сөз сөйлеу сәтіндегі дауыспен жұмыс үстінде ең бастысы – байла
-
ныстыру жұмысында емес, бұлшық еттерінің (қабырғалы, құрсақтық 
диафрагма) қалай жұмыс жасайтындығында, біздің қаншалықты 
кеуде және бас резонаторларды қолдануды бір мезгілде жұмысқа 
қоса білетіндігімізде. Бұл арада бұлшық еттерін босаңсыту, өзіне-
өзі массаж жасау, фонационды жолдарды босату, жаттығулар мен 
резонаторларды іске қосу (оқытушы жетекшілігімен) көмектеседі. 
Бұл айтылғандарға қоса дауыс диапазонын кеңіту, дауыс ырғағының 
ұшқырлығы, сөздің әуездік қалпы бойынша жүргізілер жұмыстар 
пайдалы.
дауыс және тыныс алу барысы бойынша жүргізілер жұмыс 
үстінде таза физиологиялықтан басқа, сөйлеу саздылығы мен 
мәнерлілігінің психологиялық алғышарттары барлығын есте ұстау 
жөн. Бұлар – шешеннің өзіне сенімділігі, рухтың жоғарылығы
әңгіме тақырыбына еліту. Шешеннің әзірлігі өте жақсы болса, ол өзін 
сенімдірек сезінеді, өз дауысына ұшқырлық, саздылық, мәнерлілік 
беру де жеңіл болады. 
Әр алуан жағдаятта сөйленер сөздің сан тарау бөлімдерінде 
шешен түрлі жылдамдықпен сөйлейді. Сөйленер сөздің мақсатына 
сәйкесті сөздің жалпы ырғағы, мәселен, минутына 120 сөз. Бұның 
өзгеріп отыруы әбден мүмкін. Өрескел кемістік ретінде тым асығыс 
(минутына 140-тан аса сөз), әсіресе, үсті-үстіне міңгестіре айтылған 
сөзді (минутына 100 сөзден кем емес) айтамыз. Сөздің жалпы 
қалыпты ырғағын өзгертпей-ақ, сөйленіске үлкен эмоциональдылық, 
мәнерлілік дарыта отырып, елеусіздеу ғана бірер деңгейлі мөлшерде 
баяулауға, жекелеген сөздердің дыбысталуын созуға әбден болады.
Сөйлеу сәтіндегі біздің сезіміміз сөздің көмегі арқылы, негізінен 
алуан қилы интонациялық құбылымдар арқылы беріледі. Кей
-
де тек интонация арқылы ғана айтылар сөздің шынайы мағынасы 
аңғарылады. Мәселен, қарапайым ғана «С


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет