Қыдыршаев indd



Pdf көрінісі
бет40/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

Майқы би
Сөйлесу – бірлескен күш-жігермен салынатын ғимарат.
 
 
 
 
 
 
А.Моруа
Құлақтыға сөз айтсаң – 
Құлағының астында.
Құлақсызға сөз айтсаң – 
Құла қырдың астында.
Айтқожа шешен
Көңілсіз құлақ – ойға олақ.
Абай
Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзден жеңіл 
нәрсе жоқ. Сөзден ауыр нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа 
билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт. Не 
сөйлейтініңді біл. Кімге сөйлейтініңді біл. Қай жерде сөйлейтініңді 
біл. Қай кезде сөйлейтініңді біл. Қалай сөйлейтініңді біл.
Бөлтірік шешен
Тілдің жетік жүйесін меңгеріп, қыр-сырын біліп, бабын келтіріп 
қолдансақ, айдама жорға мінгендей боласың.
І.Кеңесбаев
Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың 
меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. 
Мұның бәріне жұмсай білетін адам табылуы қиын. ойын ойлаған 
қалпында, қиялын меңзеген түрінде, көңілдің түйгенін түйген күйінде 
тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек.
А.Байтұрсынұлы
Шешендердің жүйрік ой толғауы тыңдаушылардың талғамына 
тәуелді. ол не айтатынын, қай жерде айтатынын және қалай айтаты
-
нын жете түсінуге тиісті.
Цицерон
Тыңдаушылардың назарын аудару үшін, қысқалық, ширақ 
сөйлеу, көңілді сергітетін қысқа қайырым-шегіністер болса, нұр 
үстіне нұр.
А.Ф.Кони
Лектордың түйдекті ойлары бір-бірінен туындап, өрбіп, дамып 
отыруы жарасымды.
А.Ф.Кони
Лектордан жағымсыз нәрселерден қорғайтын асқан ұстамдылық 
пен өзін-өзі билеу қабілеті талап етіледі.
А.Ф.Кони
Баяндаманың түйіндемесі – барлық айтқандарыңның
қорытындысы. Бұдан кейін бірдеңе айту мүмкін еместей болу керек.
А.Ф.Кони


114
115
Алғыр шешен күні бұрын тыңдаушылардың ойлары мен 
көңіл-күйін өткір сезінеді. ол аса сақтықпен сөйлейді, әбден өзіне 
бағындырып алған соң, олардың сезім-күйлерін билеп әкетеді.
П.С.Пороховщиков
Мінбеге шыққан шешен сөз туралы ойламау керек, ол рет-
ретімен өзі тізіледі. Тыңдаушылар шешеннің өз ойымен өзі болып, 
яғни толқынды, құйынды ойларының ырқына бағынғандығының 
куәгері болуға тиісті. Кез келген ой өзіне тән сөздерді пайдаланады, 
сонда ғана табиғи сұлулыққа бөленеді.
П.С.Пороховщиков
Профессордың стилі тартымды, отты болуға тиісті. ол 
тыңдаушылардың ынтасын біржола өзіне қаратуы керек. 
Профессордың әңгімесі оқтын-оқтын шамырқанған шабытпен ай
-
тылып, қадау-қадау ой-пікірлерді жаудырып, төгіп, төпелеп жіберсе, 
сондай-ақ әркімге де түсінікті болса ғой. Шынында асқақтық қайда 
болса, қарапайымдылық та сонда.
Н.В.Гоголь
Шын көңілмен айтар тілегі болса,
Шындықпен ғана жауап беру қарыз.
М.Әуезов
Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.
Абай
Икеміңе қарай еңбек ет.
В.Шекспир
Шын ынтамен тындырған жұмыс – тәнге шипа.
В.Шекспир
Барлық істе дерлік ең қиыны – басталуы.
Ж.Ж.Руссо
Адам білмегендіктен адаспайды, білгішсінемін деп адасады.
Ж.Ж.Руссо
Егер айтар ештеңең болмаса, аузыңды жап, ал айтарың болса, 
айт, бірақ жалған айтпа.
Р.Роллан
Өзіңді билеу – ең жоғары билік, құштарлықтың құлына айналу 
– ең қорқынышты құлдық.
Сенека
Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса.
Жол бастау қиын емес,
Соңыңа ерген ел болса.
Бәрінен де сөз бастау қиын:
Тауып айтсаң, мереке қылады,
Таппай айтсаң, келеке қылады.
Досбол шешен
Қай кезде болмасын шешендік өнерінің шегінен шықпа. Аузыңнан 
шыққан сөзің тыңдаушыға, тыңдаушының жүрегіне қонымды, 
жеңіл болсын. Егер сен сөйлегенде бұл тәсілді қолданбасаң, айтар 
сөзіңді бар ықыласыңмен дәлелдегеніңмен, жұрт оны тыңдамайды. 
Тыңдаушылардың талабына қарап, көңілдегісін тауып сөйлеген кез
-
де ғана қиын жағдайдан қысылмай шығасың.
«Кабуснамадан»
Ақы беріп тыңдатқан,
Сөз көкейге қонар ма?
Абай
дүниеде үш нәрсе ғана – атқан оқ, айтылған сөз, өткен күн қайта 
оралмас.
Даумер
Өзіңе ұнамайтынды өзгеге істеме.
Аристотель
Сөз атасы – бірлік, анасы – шындық.
Қаз дауысты Қазыбек
Шындықты айту – жүректен қан шығарумен бірдей.
Б.Грасиан


116
117
Айқаймен ала-алмайсың, ақылмен, айламен алғын.
Б.Момышұлы
Сын айту үшін, шын айт. Шын айтпай, сын айтпа.
Б.Момышұлы
Сөзіңді сатсаң да, көзіңді сатпа.
М.Әлімбаев
Белгілі болса, жолдан жаңылмас,
Білімі болса, сөзден жаңылмас.
М.Қашқари
Ақыл көпті көркейтеді.
Вергилий
Платон – менің досым, алайда ақиқат қымбат қой.
Аристотель
Ақыл жетіспеген жерде бәрі жетіспейді.
Д.Галифакс
Ақыл – адам көркі, ақылдың сабыр серігі.
М.Әуезов
Күшті сөйлей бастағанда, әлсіздің үні өшеді.
К.А.Гельвеций
Ісінде береке жоқтардың біразының тілінен май тамады.
Демокрит
Шын ақылға зорлық жоқ.
Абай
Жардың түбін шым сақтайды,
Сөздің түбін шын сақтайды.
 
 
 
 
 
 
К.Әзірбаев
Жеңемін деп біреуді,
Өтірік сөзбен қостама.
Асан қайғы
даналыққа жету жеткіліксіз, оны пайдалана білу қажет.
Цицерон
Егер мен кейде бөтен біреудің сөзімен сөйлесем, мұным өзімді-
өзім жақсырақ жайып салуға тырысқандығымнан.
М.Монтень
Жалған сөйлеме, ақиқатты түгел сөйлеудің де қажеті шамалы.
Б.Грасиан
Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, киінбек,
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.
Абай
оқығанды көкірекке тоқу оқырманның қабілет-қарымына
зейін-зердесіне тәуелді, ал ауызша яки шешен сөзді ұғып қабылдау 
сөйлеушінің әсерлі, мәнерлі, ойнақы-ойнатып жеткізу қабілетіне 
байланысты.
С.Негимов
Тыңдарман қауым, негізінде, шабан. олардың құлшынысын ту
-
дыру, жігерін жану, ынтасын ояту, ой дүниесін сілкіндіру – лекторға 
тиесілі.
С.Негимов
Ауызша сөздің артықшылығы - әрбір сөз, сөз тіркесі, сөйлем 
өзгеше үн-дыбысқа, үйлесім-келісімге ие болып және бұлар ой
-
мен, сезіммен, ерекше лебізбен айтылып, мән-мағынасы күшейіп, 
көркейіп қанаттануында.
С.Негимов
Ауызша сөздің өзіне тән өзгешелігі – ой мен сезімнің, көңіл-
күйдің нақыш-бояуларын көрсетуге, кәміл сипаттауға құдіреттілігі, 
әлеуеттілігі. Сөздің әсем әуезділікке құрылуы, күмбірлеген үнмен, 
кең тыныспен, тың серпінмен айтылуы тыңдаушының ықылас-
пейілін өзіне аударып қызықтырады.
 
 
 
 
 
 
С.Негимов


118
119
Шешен қырағы, байқампаз болса, аудиторияның шын-шырғасын 
шығармай уысында ұстайды. Егер де шешен сөзі аудиторияға 
ғаламат әсер ететін болса, онда тыңдаушылардың көздері от шашып, 
жүздері гүл-гүл жайнап, ықыластанып, жұмсақ жымиып, бастарын 
изеп, қоштағандай, қолдағандай ым-ишараттар жасайды. Ыстық 
ықыласын, ізет-ниетін дауыстап та білдіреді. Сөйтіп, шешен мен 
аудиторияның құлшынысы бірдей оянып, оттай маздап, бір-бірін же
-
телеп, қоян-қолтық араласып, туысып кетеді.
 
 
 
 
 
 
С.Негимов
Ұдайы сақтар қағида: сөзге аз, ойға көп кезек беру.
Н.А.Некрасов
Сізді тыңдамау, түсінбеу, сізбен келіспеу мүмкін емес болатын
-
дай тұрғыда сөйлеу керек.
Е.А.Адамов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет