Қыдыршаев indd


 ең қысқа сөз – мағыналы көзқарас



Pdf көрінісі
бет54/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

2.9. ең қысқа сөз – мағыналы көзқарас 
Көп сөйлеме азбен келтір иінін,
Бір сөзбен шеш түмен сөздің түйінін.
Ж.Баласағұни
Көп сөз сол: бет-жүзіңе қарамаса,
Бос сөйлеп көңіліңді жараласа.
Ж.Баласағұни


164
165
Сөз білгенге патша тағы тиеді,
Көп сөз басты жерге әкеліп иеді.
Ж.Баласағұни
Тыңдап жүріп толар ақыл дорбасы,
Көп сөйлесе, ұшар ердің қор басы.
Тыңдай білсе, қанар құлақ құрышы,
Көп сөйлесе, қашар адам ырысы.
Ж.Баласағұни
Шын сөз – нұсқа,
Жақсы сөз – қысқа.
Ә.Науаи
Көп сөйлеген – мылжың, шын сөзді аз айтады.
Ы.Алтынсарин
Мылжың, көкмылжыңдардың сөзін өзгелер ешуақытта зейін 
қойып тыңдамайды. ондай жаман атаққа ілінбеу үшін, шешендік 
кәсібіңе кір келтірмеу үшін, артық сөздерді айтып лағып кетпе.
М.Балақаев
Ең қысқа нақыл – мағыналы көзқарас.
Э.Севрус
Көп біліп, дөп сөйлеген – шешен, аз біліп, көп сөйлеген – 
мылжың.
З.Қабдолов
Шешендер қолдарынан келмеген тереңдіктің орнын ұзақ сөйлеп 
толтырады.
Ш.Монтеське
Сөз күші көп нәрсені аз сөзбен айтып берумен сипатталады.
Плутарх
Ұлы ақын иелеріне аз сөзбен көпті білдіру тән болса, ақылы ша
-
малы адамдар, керісінше, көп сөйлеп, ештеңе де айтпау дарынына ие.
Ф.Ларошфуко
Егер айтқың келген нәрсенің нақ өзін айтар болсаң, ешқашан да 
мылжың болмайсың.
Э.Делакруа
Ұзақ-сонар сөздер діңкеңді қатырады, оларға құлақ қоятындар 
да аз-ақ.
Ф.Бэкон
Созбақтай берсе, ең тамаша сөз де жалықтырып жібереді.
Б.Паскаль
Қаншалық жақсы сөйлегенімен, тым көп сөйлеп кеткен адамның 
ақыр аяғында ақымақтық бірдеңе айтып қоярын есте сақтағайсыз.
А.Дюма-әке
Ұзын көйлектің жүріске себі жоқтығы секілді, ұзақ сөз де істі 
ілгері бастырмайды.
Ш.Талейран
Күңгірттік, көбінесе, шамадан тыс қысқалықтан гөрі көп 
сөзділіктен болады.
Ж.Даламбер
ділмарлықтан гөрі тоқетерін айтқан артық.
Б.Грасиан
Қысқалық – нақты математикалық формула іспеттес.
В.В.Маяковский
Көп ойлап, жақсы сөйле – нұсқа болсын,
Қайтарар жауабың да қысқа болсын.
Ж.Баласағұни
Бір сөзбен-ақ ұлы болып шығарсың,
Көкмылжыңмен күлкі болып тынарсың.
Ж.Баласағұни
Тиянақ жоқ әсіре қызыл сөзіңде,
Бәтуа жоқ көкмылжыңның өзінде.
Ж.Баласағұни
Ақылы келте адамның әдетте тілі тым ұзын болады.
Аристотель 


166
167
Пікірге, сөзге екпін дарыту үшін, қысқалық қажет.
Гораций
Көпсөзділік – ақылсыздықтың нышаны.
У.Кайкавус
Қысқа қайырып, күшті айтылған ойлар өмірді жақсартуға көп 
септігін тигізеді.
Цицерон
Көп сөйлеп, ұятқа ұрынар кей кісі,
Аузын баққан – ақылдының белгісі.
Соломон
ойыңызды оқысын десеңіз, оны бір беттен асырмаңыз.
Томас Вудро Вильсон
Мылжыңдық - үлкендік ауруы. 
 
 
 
 
 
 
Бен Джонсон
Ықшам ойлардың жақсылығы – байыпты оқырманның өзін 
ойландыратындығында.
Л.Н.Толстой
Аз сөйлер де, көп тыңдар
Хас асылдың баласы.
Махамбет
Шешендік – көп сөзділікте емес, тапқырлықта.
Ғ.Мұстафин
Көсіліп ұтқыр сөйлеу – тапқыр ақылдың сыйы, тұжырымды 
ықшам сөйлеу – даналықтың белгісі.
Ф.Ларошфуко
Бүге-шүгесіне дейін түгін қалдырмай айтуға тырысу нәзік 
сезінуге қабілетті адамды жалықтырып, намысына тиеді.
Д.Люксембург
ойшыл адам, мүмкіндігіне қарай, көп ойды аз сөзге сыйғызуға 
тырысып, қысқа сөйлейді.
У.Ирвинг
Мылжың мінсіз сөйлер дегенге кім сенеді.
М.Әлімбаев
Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар.
Халық даналығы
Көп сөйлеген дәмсіз сөйлейді.
Бабыр
ойлы сөздің ұзағы да – ықшамдық,
Ессіз сөздің қысқасы да – езбелік.
М.Әлімбаев
Мылжың меңіреуді жек көреді.
Қадыр Мырза Әли
Үлкен ақылдылықтың өзіндік белгісі – аз сөзбен көп нәрсені 
айта алуы, ал ақылы аздықта, керісінше, көп сөйлеп, бірақ ешнәрсе 
айта алмаушылық тән.
Ф.Ларошфуко
Көп сөз құлаққа жақпайды,
Ақылды адам аз сөйлейді.
Ж.Баласағұни
Көп сөйлейтін адам көп сәтсіздікке ұшырайды.
Лао Изы
Азын-аулақ ой айтуға ұланғайыр сөз қолдану – ортақолдылықтың 
белгісі, көп ойды аз сөзбен айту – кемеңгер ақылдылықтың белгісі. 
Алайда, ешқашан да ой айқындығын қысқалық үшін құрбан етуге 
болмайды.
А.Шопенгауэр
Бөспе адам - өмірде әлі орнықпаған игілікті сыртынан 
иемденуші.
Теофраст
Құрғақ сөздің ғұмыры қысқа.
Демосфен
Көп сөйлеу мен көп айту бір ұғым емес.
Софокл


168
169
Сөздер жапырақтар секілді: өте көп жапырақтайтын ағаш 
жемісті өте аз береді.
А.Поп
Көпсөзділік – ақылға жарлы адамның ісі.
А.П.Сумароков
Тілін бағып, сөзін қысқа айта білген адамның жасы ұзақ, басы 
аман болар.
Н.Келімбетов
Пайдасыз мың сөзден, бармақтай ғана пайдалы іс артық.
Н.Оралбаева
Қысқа, бейнелі сөз тізбегі қалай түсіндің, солай есте қалып 
қояды, ұранға айналады. Ал көп сөзден тұратын пайымдаулар 
ешқашан да олай болмайды.
Ф.Энгельс
Көп сөйлеген сөз – арзан.
А.Иүгінеки
Сөзшеңдік – уақыт трагедиясы.
Ғ.Мүсірепов
Қанатты сөздердің күшті естілетін себебі оның ұзақ ойды қысқа 
және дәл бейнелеуінде.
Н.Төреқұлов
Мылжыңдар – ойлай білмейтіндер.
Р.Шеридан
Зады аз білетін адамдар көп сөйлейді, ал көп білетіндер аз 
сөйлейді.
Д.Д.Минаев
Тілінде тиегі жоқтардың бәрі бөспелер ауылынан. Ең берісі 
жалған жымиып, босқа даңғырлайды.
Т.Карлейль
Аз сөйлеп, көп тыңда. Аз сөйлеген қателеспес, аз жеген 
ентікпес.
Ә.Науаи
Көп сөз басты жерге әкеліп иеді, сөз білгенге патша тағы тиеді.
Ж.Баласағұни
Арық адам артық киімге әуес келетіні сияқты, ойы таяз адам 
оны желсөзбен көтеруге құмар.
М.Монтень


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет