Қыдыршаев indd


Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды



Pdf көрінісі
бет56/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

2.11. Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды
/Шешендік өнерге қатысты мақал-мәтелдер/
Қазақ халқының мақал-мәтелдері
Өнер алды – қызыл тіл.
Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би.
Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,
Тілімнен сүріндірме.
Шешеннің сөзі мерген,
Шебердің көзі мерген.
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Жауға барсаң кесерді ал,
дауға барсаң шешенді ал.
Кеңесшіл ақыл озар,


174
175
Кеңессіз ақыл тозар.
Көре-көре көсем боларсың,
Сөйлей-сөйлей шешен боларсың.
Адам баласынан сөз аласы жаман,
от шаласынан сөз шаласы жаман.
Жүйелі сөз жүйесін табар,
Жүйесіз сөз иесін табар.
Сөз де – кілт, көңіл құлпын ашады.
Шешеннің сөзі дәмді келер,
Ақыл берер мәнді келер.
Сөз ұзарту – шешендік емес,
діңкілдей беру – көсемдік емес.
Шешеннің тілі – семсердің жүзі.
Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.
Аңғал сөйлеп, аспа,
Жолын білмей, қашпа.
Сабырлы ойлаған саспай жауап берер.
Бастың тазы жалғыз-ақ жастық былғар,
Тіл қотыры рулы елді былғар.
_____________________________________________________
/
Бұл бағыттағы мақал-мәтелдер төмендегідей еңбектерден алынды:
Мақалнама. Аударған М.Әлімбаев. А., Жазушы, 1970; Шығыс халықтарының 
мақал-мәтелдері. Құрастырып, аударған Н.оңдасынов. А., Қазақстан, 1977; 
666 мақал мен мәтел. Аударған және құрастырған М.Әлімбаев. А., 1960; 
Қазақтың мақал-мәтелдері (Құраст. А.Т.Смайлова), А., 2002; Қазақтың 7777 
мақалы мен мәтелі (Құраст. Ж.Кейкін), А., 2002; Қазақтың мақал-мәтелдері 
(Құраст. Ө.Тұрманжанов), А., 1980; ой маржандары (Аударғ. Н.оңдасынов), 
А., 1998; орыс халқының мақал-мәтелдері (Ауд. Ұ.Бағаев), А., 1971; Маржан 
сөз. Ауд. М.Әлімбаев. А., Жазушы, 1978, т.б.
Аш көп жер, ашулы көп сөйлер.
Жақсы адам – елдің ырысы,
Жақсы сөз – жанның тынысы.
Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле.
Кісендеулі ат керегінен артық жүрмес,
Білікті адам керегінен артық сөйлемес.
Тура тілімді тыя алмаймын,
Туғаныма сыя алмаймын.
Сырлы сөз – сүйсіндіреді,
Сыпсың сөз – күйіндіреді.
Сөзден асқан байлық жоқ,
Тілден асқан жүйрік жоқ.
Жауызға айтқан жақсы сөз,
Суға жазған сертпен тең.
Айтылған сөз – атқан оқ,
Кетер, кейін қайырылмайды.
Әзілде кек жоқ,
Өсекте тек жоқ.
Сөзіңді айт ұққанға, айтып-айтпай не керек құлағына 
мақта тыққанға. 
Шеберден олжа, шешеннен сауға.
Ине көзінен сынады,
Шешен сөзінен сынады.
Шеберді олақ үшін жаратқан,
Шешенді доғал үшін жаратқан. 
Тілге шешен, күшке мешел.
Естіге екі сөз де жетеді.


176
177
Ұлы сөзде ұят жоқ.
Сыпайы сөздің сыны кетпейді.
Шұбалаң жолдан, 
Бәлекет тілден.
Тауды, тасты жел бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.
Өткір пышақ қынға қас,
Өтірік сөз жанға қас.
Адам сөзінен жазады.
Құр судан май шықпайды,
Құр сөзден мән шықпайды.
Адам тілі тас жарар,
Тас жармаса, бас жарар.
Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
Басқа пәле тілден.
дәлелсіз сөз желмен тең.
Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі қайырады.
Зекетсіздің малы арам,
Тілсіздің дауы арам.
Марал киік тауда ойнар,
Шешен жігіт дауда ойнар.
Сөз – семсерден бетер өткір.
Жылы сөз – жүректің кілті.
Жылы сөз жан бітірер.
Сөз тұздығы – мақал.
Сөз – дүниенің сәні.
Сөз де – кілт, көңіл құлпын ашады.
Сөз шындықты табар.
Сөз шындығымен, отбасы бірлігімен.
Сөз – жүректің шері, оның да бар ғой айтылар жері.
Жүйелі сөз – киелі.
Ұлы сөзден – ұлағат.
Мақалсыз сөз – татымсыз аспен тең.
Сөздің тілінен істің тілі шешенірек.
Сөйлей білмеген кісіден,
Үре білген ит артық.
Бақырып сөйлегеннің сөзі – 
Естілер де қалар.
Ақылды сөйлегеннің сөзі – 
Көкейге кеп қонар.
Шын сөз – нұсқа,
Жақсы сөз – қысқа.
Сөзге салық салынбас.
Жүйрік тазыны тек түлкі ғана жек көрер.
Шешеннің сөзі пілді де жыға салар.
«Тесіксің» деп елек шелекке күледі.


178
179
Ауызбен орақ орғанның белі ауырмайды.
Жақсы сөз – жан азығы.
Сөз кісіні ұлы қылар, бек қылар.
Көп сөз басты қара жерге кеп тығар.
Құлақтан кірген суық сөз – жанға кірген тікен.
Тіл дегенің – ақыл гүлі,
Тілде жатар сөздің сыры.
Ақылды адам сөзді нақылсыз айтпайды.
Бір айтпаса нақылды ақылсыз айтпайды.
Сөзді мұра тұтсаң, пайда ісіңе,
Қалар мұра – сөз, кісіден кісіге.
Шешен - тура сөзді, орақ тілді.
Талапсыз үміт – бос үміт.
Талантсыз өнер – үмітсіз.
Сөйлей білмес жаманның,
Сөзі өтпес бір пышақ.
Сөз білетін адамның,
Әр сөзінде бір тұзақ.
Жүзден біреу шешен,
Мыңнан біреу көсем.
Шебер – көптің апасы,
Шешен – көптің опасы.
Жүйелі сөз – жүйесін табар,
Жүйесіз сөз – иесін табар.
Көп сөйлесең, тақылдақ дер,
Сөйлемесең, ақымақ дер.
дау шешеннен қорқады,
Шешен мылжыңнан қорқады.
дәлдеп атып, жауды өлтір,
дәлдеп айтып, дауды өлтір.
Екіұшты сөзбен еміренту қиын.
Жақсылардың үлгісі – жанып тұрған шамдай,
Шешендердің сөздері – ағып тұрған балдай.
Қылышынан қан тамған батырды,
Тілінен бал тамған ақын алады.
Көп сөз көңілден шықпас.
Асыға айтсаң да,
Асыра айтпа.
ойлы сөз ұзақ болмайды.
Ең әдемі сөз – ең ақылды сөз.
Қалжыңның қысқасы жақсы.
Көп сөзді бүгіп болмас,
Қатты тасты үгіп болмас.
Айтушы ақылды болса,
Тыңдаушы дана болады.
Аталы сөз атан түйеге татиды.
Жақсының сөзі ақыл шақырады,
Жаманның сөзі ашу шақырады.
ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
Біреу ойнап сөз сұраса,
Сен шындап жауап бер.
Батырдың атын жау шығарады,


180
181
Шешеннің атын дау шығарады.
Тілдің майын тамызып,
Сөздің балын ағызып,
Қас шешендер сөз айтар.
Байлаусыз шешен берекесіз сөз айтады.
Айтар нақылы жоқтың,
Табар ақылы жоқ.
Алмас қылыш майданда керек,
Асыл сөз майданда да керек, сайранда да керек.
олақтың сөзі – 
орынсыз жамау тәрізді.
орынды айтылған сөз – 
орнына қағылған шеге сияқты.
Еттен өткен таяқтан,
Сүйектен өткен сөз жаман.
Ауыздан бірде от, бірде су шығар,
Бірі жандырса, бірі сөндірер.
Шешендік мәнде, шешек гүл жерде.
Құлақ екеу, тіл жалғыз,
Аз сөйлеп, көп тыңдаңыз.
Төбеңнен қылыш төнсе де, тура сөйле.
Қызына сөйлегеннен, тұжыра сөйлеген артық.
Көпіріп сөйлеу – құламай күйреу.
Ішімдегінің бәрі тілімде,
Тілімдегінің бәрі түрімде.
Жақсының сөзі диірменнен шыққандай.
Сөздің артын сөз ашады.
Сөз сөйлемес бұрын, тыңдаушыны танып ал.
Тауып сөйлесең, күміссің,
Таппай сөйлесең, мыссың.
Еппен сөйлегеннің ерні ауырмайды.
ойлай білген, сөйлей де біледі.
Қиыстырып қаласаң, отың жанар,
Қиыстырып сөйлесең, халқың нанар.
ойламай сөйлесең, опық жейсің.
Екіленіп сөйлеп, ер атанбайсың.
Жатық айтсаң, жағымпаз дер,
Тік айтсаң, тұрпайы дер.
Сөйлессең, дауласпа,
даулассаң да, жауласпа.
Бақырып сөйлегеннің сөзі естілер де қалар,
Ақылды сөйлегеннің сөзі көкейге кеп қонар.
Жағымпаз тіл жауыр қылғанша жалайды.
Көйлегі де кіршіксіз, сөйлеуі де мүлтіксіз.
«Жақсы айтты» деп елжірей көрме,
«Жаман айтты» деп тепсіне көрме.
Ұлы сыбаға ұстасаң да, ірі сөз айтпа.
Топас қаралы үйде де тойдағыдай даурығар.
Мархабатпен бір сөз айтсаң дерттіге,
Ауруының тең жартысы кетті де.


182
183
Шіренгеннің сөзі – шірік сөз.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
Қисық сөйлеп, би болмас.
Құрастырып айтса, құлдікі жөн.
Біріктіріп айтса, бидікі жөн.
Түймедей нәрседен түйедей сөз шығаруға болады.
Аз сөз – ишарат, көп сөз – кінәрат.
Сылбыр сөзін сүйретіп айтады,
Содыр сөзін күйретіп айтады,
Сыпайы сөзін ширатып айтады.
Өз иесін тыңдамаған ит жаман,
Сөз жүйесін тыңдамаған би жаман.
оймақтай ауыздан оттан бетер сөз шығады.
Мәнді ештеңе айтпағаннан, түк айтпаған жақсы.
ділмардың сөзі ұстаның бізінен өткір.
Тоқтай біл, тауып айтқан мерген сөзге,
демесін, сөз өте ме көргенсізге?
Батырды шешен аттан түсіріпті.
Көп ішінде сөйлеген – көсемдіктің белгісі,
Көпке сөзі ұнаған – шешендіктің белгісі.
Аяқ – азамат,
Қол – мүлік.
Бас – сандық,
Тіл – кілт. 
Шешенде жұрттың сөз ақысы бар,
Байда кедейдің көз ақысы бар.
Ұзын тілдің уәжі қысқа.
Сөз де ара сияқты:
Балы да бар,
Зәрі де бар.
Өзі жаман туған шешесінен көреді,
дау айта алмаған төрешіден көреді.
Сөзің қысқа болсын, қолың ұста болсын.
Шешеннің нақылы ортақ,
Көсемнің ақылы ортақ.
Ең тәтті де – тіл,
Ең ащы да – тіл,
Ең жұмсақ та – тіл,
Ең қатты да – тіл.
Сөзі райлының – 
Жүзі шырайлы.
Тентек отты тебем деп,
Аяғын күйдіреді.
ділмар шындықты жеңем деп,
Тілін күйдіреді.
Сегіз тұтам сар садақ,
Секірген аңды сұлатар.
Сегіз қырлы өткір сөз
Сойылдай ерді құлатар.
Қызыл тілден, ашынғанда у тамар,
Басылғанда бал тамар.
Ақын – ұлттың жүрегі,
Шешен – көптің тірегі,
Батыр – көптің білегі.
Тіс – тілдің қамалы.


184
185
Ашынған тілді болар,
Ашыққан ұры болар.
Жақсылық жайында жасқанбай сөйле.
Қотыр қолдан жұғады,
Пәле тілден жұғады.
Жыланның уы тісінде,
Адамның уы тілінде.
Піл көтермегенді тіл көтереді.
Тілмен тікен де алады.
Жақсы сөз жалын мен оттан жаралады.
Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.
Әзілде кек жоқ,
Өсекте шек жоқ.
Сыпайы сөздің сыны кетпейді.
Естіге екі сөз де жетеді.
Құлақтан кірген суық сөз,
Жүрекке жетіп мұз болар.
Бал тамған тілден, у да тамар.
дәлелсіз сөз желмен тең.
Адам сөзінен жазады,
Сиыр мүйізінен жазады.
Ботаның көркі – көз,
Адамның көркі – сөз.
Өсер елдің ақыны көп,
Өшер елдің әкімі көп.
Сөздің азы жақсы, қыздың назы жақсы.
Сөз басы – бір пышақ, аяғы – бір құшақ.
Сөз – сабан, іс – дән.
Аяқ – тұлпар, сөз – сұңқар.
Сөз сиқыры тіл байлар.
Бір сөз – мың сөздің қазығы.
Сөз пышаққа ұқсамаса да, пышақтайды.
Шешеннің сөзі дәмді келер,
Ақыл берер мәнді келер.
Сөз ұзарту – шешендік емес,
діңкілдей беру – көсемдік емес.
Іскер тілші ісінен мәлім,
Жылқы жасы тісінен мәлім.
Ауруда шаншу жаман,
Сөзде қаңқу жаман.
Көңіл көзін сөз ашар,
Сөйлемесе кір басар.
Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше.
Ақылдымен сөйлессең, ақылыңа ақыл қосылар.
Бір тәуекел бұзады,
Мың қайғының қаласын.
Бір жақсы сөз біріктірер, 
Мың көңілдің жарасын.
Сөйлей білмес жамандар,
Сөзді өзіне келтірер.
Көше білмес жамандар,
Көшсе көлік өлтірер.


186
187
Көптің аузы - зеңбірек.
Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі.
Сөзге сөз келгенде, сөйлемесе, атасы өлер.
Өзі шынашақтай, сөзі келісаптай.
Көрдім деген көп сөз,
Көрмедім деген бір сөз.
Қатты айтсаң, қарындасыңа жақпайсың,
Ақыл айтсаң, ақың кетеді.
Өнерлі тіл үндемей отыра алмайды.
Шұбалаң тіл – шолақ ой.
Жалғыз сөйлеген жігіт – шешен.
Көп сөз ұтпайды,
дөп сөз ұтады.
Қымбат дүние қолға түсе бермейді,
Қымбат сөз ауызға түсе бермейді.
Жақсы сөз – шипа, жаман сөз – шаншу.
Жақсы сөз – аққан су, ол қайда ақса, сонда гүл өсер.
Іріген ауыздан шіріген сөз шығады.
Біліп сөйлесең, билікке саналар, білімсіз өз басын жояр.
Ақыл сөзді санаңа сақта,
Асыл сөзді балаңа сақта.
Балаға байқап сөйлесең, ақылыңа көнер,
Байқамай көп сөйлесең, көрсетер бір «өнер».
Жыртық үйді жел табар,
Өтірік сөзді шын табар.
Мақалсыз ел болмайды,
Мағынасыз сөз болмайды.
Сөз қадірін білмеген,
Өз қадірін білмес.
«Сіз», «біз» деген жылы сөз – тірліктің ғанибеті.
Аузына әлі жетпегеннің қолында масқарасы бар.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
Әр сөздің сұрауы бар.
Үлкен үйдегі дауыстап күлсе,
Кіші үйдегі езу тартады.
Ақылы жоқ адамға
Адырайған көз бітер.
дауасы жоқ адамға
Сылдыраған сөз бітер.
Нағашымен күрессе, жиені жығылар.
Адамның соры - өзін өзгемен өлшеу.
«Сіз» деген - әдеп,
«Біз» деген – көмек.
Ретсіз сөз ренішке қалдырар.
Сөздің соңы басталуынан белгілі.
Көсем көргендігімен, шешен ділмарлығымен.
Ұнды ұзақ еле,
Сөзді қысқа сөйле.


188
189
Жақсы құрбы келгенде көңілде кір қалар ма,
Жақсы әзілсіз сөз шырағы жанар ма.
Нақыл сөз – ақыл сөз.
Қарт адамның қайраты тілінде қалады.
Көңілсіз бос сөз – ойға олақ.
Ақ сөз ащы болады, ғайбат сөз тәтті болады.
Сақтанып сөйлесең, басың өзіңде қалар.
Жақсы сөйлесе, аузынан гүл төгіледі,
Жаман сөйлесе, аузынан жын төгіледі.
Пышағыңды қайрап жүр,
Не соярыңды білмейсің.
Жауабыңды сайлап жүр,
Не сұрап, не айтарыңды білмейсің.
Семіз сөйлеп, арық шыққанша,
Арық сөйлеп, семіз шық.
Артық сөйле, кем сөйле,
Таразылап тең сөйле.
Жылы-жылы сөйлесең, 
Жылан інінен шығады.
Ақынның тілі қылыштан өткір.
Біз үшкір, тіл одан да өткір.
Мың мәртебе тыңда, бір рет сөйле.
Қысқа сөз тыңдауға жақсы,
Ұзақ сөз ойлауға жақсы.
Ақпа құлаққа айтқан сөз ағып кетеді.
Құйма құлақ айтқан сөзді құйып алады.
Түймедей нәрседен түйедей сөз шығаруға болады.
Қисық сөйлеп би болмас.
Сөз салмағы өзіңе түспесін,
Көр топырағы көзіңе түспесін.
Ата тұрып, бала сөйлесе, шіркіндігі,
Аға тұрып, іні сөйлесе, еркіндігі.
Ауыз – біреу, құлақ екеу.
Ақсақалдың тілін алмаған өкінер.
Аз сөз – ишарат.
Шешеннің бағы тілінде,
Терінің бағы иінде.
Сөзден де көз шығады.
ойлай сөйлеген орнын табады,
ойламай сөйлеген санын соғады.
Есте сақталсын десең, есті сөз айт.
Сөздің құны – айтылуында емес, пайда-зиянында.
Айта білген сөз маржан,
Қосылмасын сөз арзан.
Кісі қызыл тілден өседі,
Түлкі қызыл жүннен өседі.
Сезген емес, көргеніңді айт,
Естіген емес, білгеніңді айт.
Абайлап сөйле сөзіңді,
Қабырғаның да құлағы бар.
Сөзге келгенде сөз сөйлемесе,
Сөздің анасы өледі.


190
191
Тілің барда, сөйле, тісің барда, күл.
Көңілде жатқан кіріңді,
оттай ыстық сөз шаяр.
Сөз сөзден туады, сөйлемесе, қайдан туады.
Шешеннің шешендігі – сөзінің қысқалығы мен 
нұсқалығында.
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Сөзшеңді үндемеген жеңеді.
дерексіз сөз – нанымсыз.
Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды.
Ақ сөз ащы болады.
Ауыр істің салмағы білекке түсер,
Ащы сөздің салмағы жүрекке түсер.
Бұралқы сөз күлуге жақсы.
Жақсы адам – елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.
Көлді жел қозғайды,
ойды сөз қозғайды.
Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ.
Аяғы жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар.
Аталы сөзге арсыз таласар.
ой қызығын данадан сұра,
ойын қызығын баладан сұра.
Жақсы сөйлеген ас жер,
Жаман сөйлеген тас жер.
Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады,
Қатты-қатты сөйлесең, пышақ қыннан шығады.
Сөйлей білмес жамандар сөзді өзіне келтіреді.
Қызыл тіл – қынсыз қылыш жап-жалаңаш,
Жұрт қалай ол қылышқа арандамас.
Тіліңдегі жүрегіңде болмаса,
Әлдекімді сендірем деу – далбаса.
Бір ойды жүз сөзбен
Суреттеу өнер ме?!
Жүз ойды бір сөзге
Сыйғызса, шебер де!
Айтылмаса сөз өледі.
Тіл қаруы – сөз,
Сөз қаруы – ой.
орынсыз сөз өзіңе тиер.
Адамды сөзінен емес, 
Ісінен таны.
Адамды түсіне қарап таныма, 
Істеген ісіне қарап таны.
Үндемеген үйдей бәледен құтылады.
Құрғақ сөз құлаққа жақпас.
Сөзі көп те, мәні жоқ,
Сабаны көп те, дәні жоқ.
Жүйелі сөз – киелі.
Жақсы әңгімені қайталап айтқанның айыбы жоқ.


192
193
Жақсы сөз – жарым ырыс.
Сөзі көптің ісі аз.
Аз сөйле де, көп тыңда.
Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
Жақсы хабар әкелген,
Жасқанбай төрге шығады.
Көп сөз – бос сөз.
Аз сөйлеп, көп тыңда, 
Аз айтып, көп тоқы.
Кең ойлаған,
Кем ойламас.
ой ойласаң, кең ойла,
Алды-артын тең ойла.
Жақсы сөз жұбатар,
Жаман сөз жылатар.
Білмесең үндеме,
Білгенді күндеме.
Тыймаған ауызда пәле бар.
Мылжың ұрыдан да қауіпті.
Кісінің шырайына қарама, райына қара.
Жаманның тілі өз аяғын шалар.
Зерделі емеурініңнен-ақ таниды.
Көп көрген мен көп түйген көсем болады.
Тілазардың аяғынан тілі бұрын жүгіреді; 
Сөзге құмарлық – істе сыңарлық.
орынсыз сөз орға жығады.
Баршаға аянды дәлелдеп әуре болмаған дұрыс.
Саудагерден бөз қалар,
Ақындардан сөз қалар.
дананың ақылы – дария,
Халықтың ақылы – мұхит.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет