Қыдыршаев indd


Түркімен халқының мақал-мәтелдері



Pdf көрінісі
бет64/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

Түркімен халқының мақал-мәтелдері
Құрғақ сөз құлаққа жақпас.
Адамның сөзі адам өлтірер.
Сақаудың соңғы сөзін тыңда.
Жылы сөз салқын судан жақсы сергітеді.
 
Тәжік халқының мақал-мәтелдері
Кім сөйлейді, - онда емес әңгіме,
Ең бастысы – айтқан сөзі мәнді ме?


204
205
Шешеннің үйі даусыз болмас,
орман іші аңсыз болмас.
дүниені бүтіндейтін де сөз, бүлдіретін де сөз.
Биікке келсе самғағың,
Сөз – саты, соны аңдағын.
Тілден шыққан тістен де таза болғай.
Ұйғыр халқының мақал-мәтелдері
Білімдінің сөзі – оң,
Білімсіздің сөзі – тоң.
Үйдегі сөз түзге жарамайды.
Мылжың – мың жын.
Кесірлі сөздің кешіккені игі.
Үнді халқының мақал-мәтелдері
Адам сәні – даналық.
Іс-әрекеттен қорқатын адамға даналық ақыл-кеңестен 
пайда жоқ.
Адамды ештеңе де ізгі сөздей серпілтпейді.
түйін
Жақсы шешен болып қалыптасу көл-көсір тер төгуді, дамыл
-
сыз машықтану жұмыстарын талап етеді. Сөйлеу сәтінде көпшілікті 
сендіре, иландыра, көз жеткізе алуға шешен ойлау заңдарын 
меңгеріп, композиция және айғақтама ережелерін сақтағанда, сөйлеу 
мәдениетіне ие болып, өзінің сөйлеген сөзінде жалпы, әлеуметтік 
психология заңдарын қалай қолдануды білгенде, коммуникативті 
мәдениеттің нормаларын ескеріп, сөйлеу техникасын үнемі 
жетілдіріп отырған жағдайда ғана қол жеткізе алады. Бұл ретте кез 
келген оқулық та, оқу құралдары да тек көмекші рөл ғана атқарады. 
олар тек негізгі жолға бағыт қана сілтей алады.Ал нақты білік-
дағдыға әркім өзімен жүргізген тынымсыз жұмысы мен шешендік 
әрекеттің тәжірибесі арқылы қол жеткізеді.
Шешендік өнерді жаңадан бастап үйренушілерге төменде 
ұсынылған кейбір тәжірибелік кеңестер мен ұсынбалардың көмегі 
тиер деп есептейміз:
- Нақты іске қатысты айтарыңыз болғанда ғана және мәселеге 
қатысты сөйлеудің қоғамдық мәні барлығына көзіңіз жеткенде 
ғана сөйлеңіз.
- Айтылар сөз талқыланып отырған мәселенің көлемінде ғана 
болуы, қатаң түрде жете тексерілген, мұқият іріктелген дерек
-
терге сүйенілуі тиіс.
- Баяндау тілі мен стилі аудитория мен сөйленер сөз мақсатына 
сәйкес болуы тиіс.
- Шешен мүмкіндігінше жаттанды кітаби стильден аулақ 
болуға, ал барлық жағдайда кеңселік стильден қашуы тиіс.
- Аудиторияға құрмет көрсету бағытындағы сөздерді жиірек 
қолданған абзал.
- Фразалардың қысқаларын үлкенірегімен алмастырып отыру 
міндетті.
- Терминдерді жиі қолданбау.
- Аудиториямен байланысты сәтімен орнату үшін керектілер:
- тыңдаушылармен ортақ тіл табысуды орнату (ортақ
қызығушылық);
- аудиторияға достық көңілмен қарау;
- менмендік көрсетпеу.
- Тиісінше нық, түсінікті, мәнерлі сөйлеу, сондай-ақ қажет 
болмаған жағдайда дауыс көтермеу.


206
207
- Өзін - өзі бақылау, өзін - өзі тежеу дағдыларын меңгеру. 
Сөйлеу сәтінде тыңдаушыларға қатысты жағымсыз эмоцияны 
танытпау, ал жағымды эмоцияларды кең көлемде жүзеге асыру.
- Арнайы әсер тудыру сәті үшін болмаса, жалпыға жағымды 
(минутына 110-120 сөз) сөйлеу ырғағынан ауытқымау.
- Сөйленген сөз эмоциональды, қызу болуы, өз идеяңа 
тыңдаушылардың сезімін оятуға ұмтылған жөн. Тыңдаушы ата
-
улы олар тек сөз тыңдап қана қоймай, сонымен бірге белгілі бір 
толғанысты күйді басынан өткере алуы тиіс.
- Аудиториямен байланысты бірер секундқа да жоғалтпай, 
тыңдаушылардың реакциясын бақылап отыру жөн. Беталды босқа 
сөйлемеу дұрыс.
- Шешеннің танымалдығы, оған деген сенім, оның сыртқы 
түрі, қарым-қатынас мәнері мен тәртібі қаншалықты әртүрлі 
әлеуметтік топтарға берілген сипаттамалар мен жазылмаған 
заңдарға сәйкестілігіне бірден-бір байланысты екендігін ескеріп 
отыру.
- Ым қашан да сенімділік, салмақтылық, жылылық 
ұялататындай болғаны, ал ишарат аз-аздан, бірақ дәл де мәнерлі 
болғаны дұрыс.
- Тәрбиелеуге бейім сарындылыққа, еш әсерсіз құр 
ақылгөйсушілдікке жол бермеген жөн.
Қысқасы, шешендік іс-әрекеттің жемісті дамуына септесер аса 
қажетті қағидалар сапына төмендегілерді қосуға болар еді. Олар: 
шешеннің жалпы мәдениеті; оның өзіндік пікір-тұжырымының бо
-
луы; қабілеті; өзін-өзі тәрбиелеуі; үнемі өз бетімен білім алуы; өзіндік 
мәдени деңгейін көтеру бағытындағы жұмыстардың болуы.
* * *
Шешендік өнер – адам өмірінің әрқилы ішкі үдерістерін 
бейнелеудің озық тәсілі, өзгелерді өз еркіне бағындырудың аса 
күшті қаруы, жанды қарым-қатынастың амалы ретіндегі сөз сөйлеу 
сиқырына ие болғызатын шын мәнінде адамның құдіреттілігін таны
-
татын көпқырлы ілім.
* * *
Шешендік сөз – жанды сөз әрекеті арқылы көрініс беретін эмо-
ционалды-интеллектуалды шығармашылықтың ерекше бірегей түрі.
* * *
Сөз сөйлеу құдіретіне ие болу – адамның жер бетіндегі тіршілік 
атаулының бәрінен де жоғары сатыда екендігін танытатын, адамды 
адам етіп тұрған адамзат баласының ұлы қабілеттерінің бірі. Тілсіз, 
сөзсіз, сөз сөйлеу дағдысынсыз адам өмірін көз алдымызға елестету 
мүмкін емес, оларсыз адам ғұмыры мағынасыз.
* * *
Шешеннің психологиялық мәдениеті – адамның психикалық 
әрекетін танытатын білімдердің жиынтығы және бұл білімді адам
-
дармен жұмыстың нақты жағдайында қолдана білу.
* * *
Шешен этикасы – адамгершілік нормаларының, бағдарлау 
құндылықтарының, оның өз міндеттеріне, жұмыс мақсатына, 
тыңдаушыларына қатынасын анықтайтын тәртіп ережелерінің 
жиынтығы.
* * *
Жалпы шешендік өнер тек шартты түрде ғана өнер делінеді, ал 
шын мәнісінде, бұл – бойында бұған қатысты аса қажетті белгілері жоқ 
болса да, әрбір адам игере алатын басым дәрежедегі шығармашылық 
іс-әрекет те. Әрбір сауатты адам үздіксіз де қажырлы, мақсатты да 
ұмтылысты еңбектің нәтижесінде шешендік өнер негіздерін, яғни 
аудитория алдында түсінікті де қызғылықты және иланымды сөз 
сөйлеу білігін әбден меңгере алады.
* * * 
Ұлттық шешендік өнерінің тарамдарын білу – бүгінгі ұтқыр 
ойлы, шешен тілді ұрпақ тәрбиелеудің кепілі.


208
209


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет