Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


-тарау Қиыншылықтардың мағынасын түсіну жолындағы кедергілер



бет16/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82
4-тарау
Қиыншылықтардың мағынасын түсіну жолындағы кедергілер
Қиыншылықтар – Құдайдың ниетінің бір бөлшегі болып табылатынын түсіну жолында бірнеше кедергілер бар. Ең басты кедергілердің бірі: мәсіхшілік өмір – ол, біздің істеп жүргендеріміз деген пікір. Егер мәсіхшіліктің анықтамасын беруді сұрасаңыз, жауап ретінде: «Мәсіхші – қауымға баратын, онда гимн айтатын, сиынатын, ақша құрбан ететін, Киелі кітап оқитын және өзінің сенімі туралы басқаларға айтатын адам» дегенді естиміз. Әр түрлі адамдарда бұл тізім әрқалай құбылып тұрады. Біреулер: «Ол – мәсіхші, себебі темекі тартпайды, арақ ішпейді, балағаттамайды», – дейді. Басқалар: «Ол қыз – мәсіхші, өйткені ол жігітпен жүрмейді және түнгі клубтарға бармайды», – дейді.

Бірақ мәсіхшілік өміріміз біздің істерімізбен анықталмайды.

Ол біз үшін Иса Мәсіхтің айқышта іске асырғанымен, сондай-ақ Оны өз Құтқарушым деп мойындаудың арқасында, кім болып табылатынымызбен анықталады. Мәсіхшілік өмір, осылайша, Киелі Рухтың жетегі мен Оның күшінің арқасында кім болатынымызбен анықталады.

Әрине, адам Мәсіхке неғұрлым көбірек ұқсаған сайын, оның өмірі де соғұрлым көбірек өзгереді. Қандай да бір әдеттер оның жаңарған өмірінде орынсыз болып қалады. Сенушідегі Мәсіх өмірінің кемеңгерлігі оның қызметінде, Құдайды мадақтап, алғыс айтуында міндетті түрде бейнесін табады. Нағыз сенуші: «Менің мәсіхші екенімді елдің бәрі түсінуі үшін не істеуім керек?» – деген оймен бас қатырмауы керек. Нағыз сенуші Құдайдың сүйіспеншілігіне жауап береді және барлық істе Мәсіх қалай істесе, солай әрекет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет