Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?



бет18/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82
2-кедергі: Дарындар мен сыйлар
Қиыншылықтардан өтіп батаға ие болу жолындағы тағы бір кедергі – біздегі дарындар мен сыйлар болып табылады. Бұл қарама-қайшылық болып көрінуі ықтимал, бірақ біздің дарындарымыз өзімізге оларды толық ашуға кедергі жасап қана қоймай, жаңаларын иеленуге де бөгет бола алады.

Дарындар көп берілген адамға Құдай берген күйреу кезеңін бастан кешіру қиынға соғады. Нақты дарынды адамдар көбірек даңғой әрі өркөкірек болады. Егер мұқият қарасаңыз, дарынды тұлғалар басқа адамдардың алдында артықшылыққа ие.

Сыйлар мен дарындардың мәселесі оларды иемдену фактілеріне емес, адам соларға толықтай иек сүйеп алатындығында. Біз Құдай берген өз қабілетімізге сүйенген кезде, көп нәрседен айырыламыз. Біз өзімізді Құдай қалай Өз қатысуымен дарындарымызды күшейтіп, үш ұйықтасақ түсімізге енбегендей көбейтіп бергенін сезіну мүмкіндігінен ажыратамыз.

Өзінде барды қанағат еткендер шынымен мұқтаж нәрселерін Құдайдан сирек сұрайды.

Олар өздерінің неден айырылғандарын түсінбейді.

Олар өздерін Құдайдың қалай пайдалана алатынын көрмейді.

Олар өз өмірлеріне қатысты Құдайдың ниетін түсінбейді.

Олар жарылқаудың тұсынан өтіп бара жатқандарын түсінбейді.

Менің көп жылғы бағушылық тәжірибем кімде көп дарын немесе көп ақша бар болса, солар көбірек өз өмірлерін басқаруға тырысатынына көзімді жеткізді. Олар жоғалтатын нәрсе бар деп есептейді, сондықтан өз байлығын сақтап қалу үшін, қолда бар мүмкіндіктің бәрін пайдалануға тырысады. Оларды бәрінен, тіпті өздерінен де жасыруға дайын.

Дегенмен, дарынды адамдар бір нәрсені түсінбейді. Адам өзін Құдайға бағыштаған кезде, ештеңені де жоғалтпайды. Өзін Құдайға арнау бізді байлықтан айырмайды. Құдайдың бізді Өз қолындағы қаруы ететін ұлы қабілетінің құпиясы қарапайым қағидаға негізделген: «Беріңдер, сонда сендерге де беріледі: шайқап, нығыздап толтырып, тасып-төгілген мөлшерде салып беріледі. Сендер өзгелерге қолданған өлшем өздеріңе де қолданылмақ» (Лұқа 6:38).

Бұл аятта тек қаржы немесе дүниедегі игіліктер ғана емес, адамда бардың бәрі туралы да айтылған. Біз Құдайға не берсек те, Ол бізге молынан қайтарады. Біз сонда өзіміздікін өсімімен қайтарып алып, қуаныш, тыныштық пен қанағат сезіміне ие боламыз. Оның бізге беретінінің көптігі сондай, Оған соның өтемін қайтара алмай қаламыз.

Біз өз өмірімізді де саналы түрде Құдай сияқты реттей алмаймыз. Ол бізді жарылқайды, сондықтан Ол біздің неге қабілетті екенімізді біледі және біздің потенциалымызды қалай толық іске асыру керектігін де біледі.

Өз өмірімізде пайда болған мүмкіндіктерге қарап, біз көбінесе мойындаймыз: «Не істеу керектігін мен білмеймін. Нені таңдау керек, ары қарай қайда бару керек екенін де білмеймін», – дейміз.

Бірақ Құдай біледі. Ол біздің неге қабілетті екенімізді ғана емес, сондай-ақ тіпті түсімізге де кірмеген қабілетімізді, сыйларымыз бен дарындарымызды қалай жарқыратып көрсету керектігін де біледі.

Дарынды адам күйреуге ұшырағанда, өзінің мүшкіл халін өз күшімен түзетуге тырысады. Бірақ Құдайға мойын бұрып: «Құдайым, Сен менің білмейтінімді білесің. Мен өзімді Саған берем. Маған және менің дарындарыммен Өзің қалағаныңды істе», – деп мойындау абзал болар еді.


Каталог: cms -> files -> books
cms -> Контактные данные областных, городских и сельских акиматов
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль-жол академиясы
cms -> «келісілді» «бекітілді» Спорт және дене шынықтыру Алматы қаласы Шаңырақ ш/а істері комитетінің төрағасы оррммик рмм директоры
cms -> Телжан селолық округінің әкімі Б. Х.Қадіровтың 2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
cms -> Имени ы. Алтынсарина
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты
cms -> Досай кенжетай: «Аллаға оралу мекені Сирияда емес, әркімнің жүрегінде, өз Отанында»
cms -> Қазақстан республикасы дін істері агенттігі дін саласындағЫ Өзекті мәселелер бойынша 20 СҰРАҚ-жауап 4-шығарылым: Дін және қоғам Астана – 2014 ж
cms -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
books -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет