Жетістік пен бедел
Кейбір адамдар барлық жағдайларда өздерінің жетістіктері мен өткен шақтағы еңбектеріне сүйенеді. Олар өздерінің беделдері өмірдің барлық салаларында көмектеседі деп есептейді.
Бірнеше жыл бұрын мен тым тәкаппар және өз істерінде адалдықтан жұрдай болып аты шыққан өзімшіл адамды кездестірдім. Сол адамның басқалармен жасаған қарым-қатынастары туралы естідім, сол кезде Құдай: «Ол үшін сиын!» – деді. Шынымды айтсам, бұл туралы мүлдем ойламағанмын, себебі сол адам маған ұнамайтын.
Біраз уақыттан соң, онымен тағы кездестім. Бұл жолы ол мені бірге түскі ас ішуге шақырды. Барғым келмесе де, келістім. Ол байсалды, жұмсақ сөйлесті. Бұрын білетін адамға ол енді ешбір ұқсамады.
Ол маған өзінің басынан кешкен оқиғасын әңгімеледі. Өзі негізін қалаған компаниядан оны шығарып жіберіпті. Оның бейнеті шектен шыққан. Сол уақытта ол Құдайдың алдына келіп тәубе етіпті. Өзінің әлсіздігіне көндігіп, бәрін Құдайға тапсырған. Оның әлі де жұмысы жоқ екен, бірақ оның мінезі толықтай өзгергені байқалмай қалмады. Осы кездесуден кейін мен оның екі жаңа серіктеспен бір жаңа компания құрғанын естідім. Бұл жолы ол өзімен бірге жұмыс істегендерге Құдайдың сүйіспеншілігімен және құрметпен қарады.
Әр кезде біз өзіміздің тәжірибемізге сүйенген сайын, өзімізді қайғы-қасіретке душар етеміз. Біз өзіміздің бүгінгі күніміз бен болашағымызды Ұлы Күш Иесіне толық тапсырудың орнына, өткен шақтағы өз еңбегімізге сүйенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |