1-кедергі: Менмендік (Өзіне өзі сенім арту)
Сынақ кезінде кездесетін ең үлкен мәселе – мәсіхші болу мен мәсіхшілік өмір сүрудің мағынасы не екеніне қайта мән беру. Мәсіхші үшін ең бастысы – іс-әрекет емес, Иса Мәсіхпен қарым-қатынас. Іс-әрекет – Оның қамы. Ол бізді Өзіне ұқсата отырып, бізді біртіндеп жаңартады. Ол – әрі Автор, әрі Редактор. Иса Өз ниетіне толық сәйкестендіру үшін біздің өмірімізді Өзі өзгертеді.
Сіз өз күнәкар болмысыңызды өзгерте алмайсыз. Таңертең айнаға қарап: «Мен бүгін өзімді барлық күнәлардан тазартамын және менің өмірім толықтай өзгереді», – деп айта алмайсыз. Бұл мүмкін емес. Көптеген адамдар өздерін рухани өзгерткісі келеді, бірақ олардың бәрі бір ғана қорытындыға келеді: «Мен мұны өзім істей алмаймын». Тек Иса Мәсіх қана адамдардың жүрегін тазартып, өзгерте алады. Құдай бізге берген Киелі Рух қана бізге дұрыс шешім қабылдауды үйрете алады, біздің жүрегімізді жібітіп, дұрыс таңдау жасай алуымыз үшін, санамызды жарқырата алады.
Бізге өзіміздің саз-балшық екенімізді, ал Оның – құмырашы екенін естен шығармау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |