Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


-кедергі: Өз өмірін бақылауда ұстау тілегі



бет21/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82
4-кедергі: Өз өмірін бақылауда ұстау тілегі
Өз өміріміздің қандай саласын Құдайдан жасыруға тырысамыз? Сіз нені өз уысыңыздан шығарып алмауға тырысасыз? Жан-дүниеңіздің қай бұрышына Құдайды шақырмас едіңіз?

Менің кейбір таныстарым осындай мәселелер туралы айтып, соны Құдайға бере алмаймын деп мойындайды, бірақ одан ары баспайды. Олар өздерін: «Ешкім кемелді емес қой» - деп ақтайды. Онымен қоса: егер көп жыл бойы мұны жеңе алмасам, Құдай мені осылай жаратқан ғой – деп пайымдайды. Алайда олар өз өмірлерінің осы бөлігін Құдайға бергісі келмейді.

Мен көп жыл бойы күніне екі қорап шылым шегетін адамды білемін. Ол шылым шегудің денсаулыққа зиянды екенімен оңай келіседі. Оған осы жаман әдетті тастау үшін сиынып, Құдайдан ерік-жігерін нығайту туралы сұра деп ұсыныс жасағанымда, ол басын шайқап: «Жоқ! Білесің бе, меніңше, Құдайдың мұнда шаруасы жоқ. Тастау керек пе, жоқ па, мұны мен өзім шешуім керек» - деді. Сол адамға қорқынышты диагноз – өкпе эмфиземасын қойған кезде ғана, ол мені шақырып, өзі үшін мінажат етуімді сұрады.

Көп жылдар бойына балалы болуға тырысып жүретін бір әйелді танитынмын. Оның күйеуі бедеулікті емдейтін мамандар мен ең атақты емханаларға мыңдаған доллар жұмсады. Бір күні мен олардан: «Құдайдың еркі қандай екенін сұрадыңдар ма?» деп сұрадым. Әйел күле жауап қатты: «Мен Құдаймен бұл туралы сөйлесуге қорқамын. Аяқ астынан біздің баламыз болғанын Ол қаламайтыны анықталса ше?»

Біздің әрқайсымызда бар күшімізбен бақылаудан шығарып алмауға тырысатын құпия нәрселер бар. Бірақ Құдай дәл соған кіруге ұмтылады. Бұған қоса біздің мұқият қорғайтын саламыз – біздің Оған толықтай берілуіміз үшін, Құдайдың жұмыс істейтін аймағы болып табылады. Оның мақсаты мен ниеті – біздің Оған тұтастай және толықтай тәуелді болуымыз. Оны тек толық тәуелділік қана қанағаттандырады.

Мен еліміздің батыс жағына барып серуендеуді жақсы көремін. Салқын түнде шатырда ұйықтау, табиғат көріністерін немесе аң аулау сәтін суретке түсіргенді ұнатамын. Біздің заңғар биік тауларымыз бен жазықтарымыздың ұлы әсемдігін сүйемін. Саяхатқа шығар алдында, көбінесе, атқа отыру үшін жылқы таңдаймын. Кейде жуас аттар тап болады. Жүгенді қозғап қалсаң, ол үстіндегі адамның нені талап еткенін біле қояды. Мұндай ат бірден бағынады, қалағаныңызды іске асыруы үшін оған бір ғана сөзіңіз жеткілікті.

Алайда мен асау аттарға да отырдым. Жүгенді тартып сілкілесең де, қамшымен сабап, оған қанша айғайласаң да, дегеніңе жетпейсің. Бұлар да үйретілген аттар, бірақ тілазар. Осындай аттардың кесірінен кейде қиын жағдайға тап болатынмын. Олар жотаның үстінен шауып кететін, тар жолмен жүргілері келмейтін. Мұндай кезде үйретілген жуас аттың болғаны абзал дерсіз.

Атты жуасытып, үйрету кезінде не болады? Әлбетте, ешкім де атты басынып, еркін сындыруға тырыспайды. Жақсы үйретілген ат күшті, қуатты, аңғарғыш, ақылды болып қала береді. Үйретілген ат тек бір нәрсені – өзінің тәуелсіздігін жоғалтады, сөйтіп ол кез-келген уақытта иесінің айтқанын тыңдайды.

Мұндай үрдісті Құдайдың баласы бастан кешкенде, Құдай оның рухын сындыруға тырыспайды. Біз Мәсіхке келгенде, өмірге деген қызығушылықты жоғалтпаймыз. Біз өзіндік ерекшелігімізді де жоғалтпаймыз. Біз тек өзіміздің тәуелсіздігімізден айырыламыз. Әрдайым Тәңір Иеміз бен Құтқарушымызға мойынсұну үшін, біз өз еркімізді Көктегі Әкеміздің еркіне бағындыруымыз керек.

Біз, әрине, өзіміздің жеке пікірімізде табандап тұрып алуымызға болады. Құдай біздің еркімізді Мәсіхті Құтқарушы деп танығанға дейін де, кейін де тартып алмайды. Біз Құдайдың өзімізге не айтып жатқанына, қайда жетелегеніне қарамастан, «өзіміздің дегенімізді» істей аламыз. Алайда Құдайдың еркін елемей, «қырсық үйретілмеген жылқыдай» өз дегенімізді істейтін болсақ, сау басымызға сақина тілеп аламыз. Құдай біздің күнә мен зұлымдықта тайраңдап адасып жүргеніміздің жағымсыз нәтижесін бастан кешіргенімізді қаламайды.

Күйреуді бастан кешу – бұл біздің еркіміздің Оның еркіне толық бағынып, біз ақталуға тырыспайтын, Оның сөздерін талқыламай, Киелі Рухтың дауысы қайда жетелесе, сонда еріп кететін жағдай. Мұндай мойынсұнудың нәтижесі – қазір ғана емес, болашақта да Құдайдың жарылқауында болу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет