Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?



бет22/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82
5-кедергі: Біздің «меніміз»
Құдай біздің өмірімізде күйреу мен қиыншылық кезеңдерге жол берген кезде, Ол біздің өзімшілдігімізді және өзімізді сүю, өзімізге сенуді – біздегі «меніміздің» таңбасы мен тәуелсіздікке ұмтылуды – бағындыруға тырысады.

Әлдекім үшін «мен» – әлеуметтік статусымен, яғни билік иесі, қоғамдағы алатын орны, ықпал ететін беделімен байланысты.

Ал басқа біреу үшін «мен» ақыл-ой қабілетінен ажырағысыз, яғни достар тауып, маңайындағыларға әсер етуге мүмкіндік беретін мінездің ерекшелігі.

Басқа үшін «мен» сыртқы келбетімен, денсаулықпен, яғни сұлулық, физикалық форма, қуаттылықпен байланысады.

Тағы біреулерге «мен» жалған дүниенің байлығымен, беделді тұрғылықты жерімен біте қайнасқан.

Біздің өзіміз туралы ойларымыз Құдайға қаншалықты сенім артатынымызды, Оған өз өмірімізді қаншалықты бағындырғанымызды ашады.

Өзіңізге шынайы сұрақ қойыңыз: «Мен өзіме қай кезде ұнаймын? Ал қай кезде өзімнен жиіркенемін?»

Егер сәтсіз шаш бояу немесе жұмыстағы мәселе немесе бағалы затыңыздың жоғалуы сізді төбеңізден жай түскендей етсе...

Егер сіз өз жұбайыңыздан мақтау сөз естуге тиіс екеніңізді сезінсеңіз, егер өз бағаңызды сезіну үшін қаржылық тәуелсіздікке ұмтылсаңыз...

Белгілі бір әлеуметтік деңгейге жетпейінше, қандай да бір жеңілдік немесе артықшылыққа ие болмайынша, немесе өз жетістігіңізге мақтау сөз алмайынша, өзіңізді «ешкім емеспін» деп ойласаңыз... онда өзіңіздің Құдаймен қарым-қатынасыңызды қайта бағалап, ой елегінен өткізуіңіз қажет. Құдай біздің өзіміз туралы пікіріміз толықтай Оның сүйіспеншілігіне және Оның нені бағалы, құрметтеуге лайықты деп түсінгеніне негізделгенін қалайды.

Біз неғұрлым Құдайдан гөрі көбірек сенім артатын заттарға ұмтылсақ, күйреу кезеңі соғұрлым ауыр болады. Кей кездерде Құдай біздің бойымыздан Оның орнын алмастырған, біз үміт артатын нәрсенің бәрін түп тамырымен жұлып алып тастағысы келетіндей болып көрінеді. Бұл үрдіс өте ауыр болуы ықтимал. Қайғы-қасірет, қиындық және азап бұрын-соңды болмағандай сезіледі.

Құдай біздің өміріміздің қандай да бір саласын күйретіп бастағанда, біз сол нәрсеге бұрынғыдан да қатты жабысып, айырылмай қалу, әдеттегі қалпымыз. Біз оны Құдайға беру керектігін білеміз. Адамдармен әңгімелескен кезде, Құдайдың бізді иіп жұмсартатын жұмысында мынандай сөзді үнемі естимін: «Менің қылықтарым Құдайдың еркіне қарсы екенін білемін, бірақ сонда да мен өз қалауыммен өмір сүрдім». Бұл сезім интуитівті болуы мүмкін, белгілі бір дәрежеде бейсаналық, бірақ қалай болғанда да, адамдар өз өмірлерінің қандай да бір саласына енуге Құдайға жол бермегенін білген.

Біз неге осылай істейміз? Өйткені өміріміздің барлық салаларын өзіміз басқарғымыз келеді. Осының өзі нағыз тәкаппарлық.

Құдайдың шексіз сүйіспеншіліне қарамастан, Ол бізге көмектеспейтіндей, өтінішімізді орындамайтындай, бізге қанағат сезімін бермейтіндей қорқамыз. Өмірде бізге бір нәрсе жетіспейтіндей, жақсы нәрсемізден айырылып қалатындай, әсерлі бір нәрсені ешқашан сезінбейтіндей қауіптенеміз.

Өзіңізден: «Құдай мені қаншалықты жақсы көреді?» – деп шынайы сұраңыз.

Бір күні осы сұрақты танысыма қойдым. Оның күйеуі созылмалы ауруға шалдығып қайтыс болған еді, сөйтіп ол Құдайға қатты кейіп жүрген болатын. Ақыр соңында ол:



  • Мен қатты мұқтаж болған кезде, Құдай мені тастап кетті, – деді.

Мен Құдай оны ешқашан тастамайтынына сендірдім. Ол әрқашан бізбен бірге. Оның мәселесі өмірінің қиын сәттерінде Құдайдың оны тастап кеткендігінде емес, ол өзінің қайғысын алып, Құдайға емес, адамдарға барғанында еді. Құдай оны емес, ол Құдайды тастап кетті. Бірақ бұл туралы тікелей айтпадым: ол менің сөздерімді қабылдай алмас еді. Мен одан:

  • Құдай сізді қаншалықты қатты сүйеді? – деп сұрадым.

Ол қатты күрсінді:

  • Құдай мені тіпті де жақсы көрмейді деп ойлаймын.

Егер бұл мүмкін болса, ол бүкіл әлемде Құдай жақсы көрмейтін жалғыз адам болар еді деп жауап бердім.

Бұл сөз оны таңғалдырды, мен сөзімді жалғадым:



  • Жохан жазған 1-хат, 4-тарау, 8-аятта: «Құдай – сүйіспеншілік» деп айтылған. Сүйіспеншілік – Құдайдың ең басты қасиеті. Құдайдың барлық қасиеті іспетті ол да кемелді. Құдайдың табиғаты өзгермейді. Егер Ол бір адамды сүйсе, бәрін де сүйеді.

  • Сонда қалай болғаны? – деп сұрады ол. – Құдай менің күйеуімнің аурудан соншама азап шегіп, қайтыс болуына неге жол берді? Құдай мені сүйе тұра, бұған қалай жол береді?

  • Мен білмеймін, – дедім. – Құдайдың неге бұлай істейтінін білмеймін. Бірақ менің білетінім – Ол сізді және сіздің марқұм күйеуіңізді сүюді ешқашан тоқтатқан емес. Менің ойымша, сіз өзіңізге Құдай болашақта көмектеспей қояды деген қорқыныштан ыза болып тұрсыз.

Ол үнсіз басын изеді, жанарына жас үйірілді. Мен сөзімді жалғастырып:

  • Құдай сіздің жаныңызда болатынына сізді сендіргім келеді. Мен Құдайдың сізге болашақта не дайындап қойғанын білмеймін, бірақ Ол сіздің Өзіне толық сенім артқаныңызды күтеді. Сіздің Оған өз өміріңіздің әр күнін сеніп тапсырғаныңызды қалайды, – дедім.

Егер бізге, Құдай бізді жеткілікті түрде сүймейтіндей көрінсе, онда Құдайға сенім артпаймыз дегенді білдіреді. Сенім арту мәселесі – шын мәнісінде сүйіспеншілік мәселесі. Өзіңізден сұраңыз:




  • Құдай менің игілігіме қызмет ететін нәрседен мені айыра ма?

  • Құдай қалағандай болуыма көмектесетін нәрсені Ол менен тартып ала ма?

  • Мен үшін рухани жарылқау болып табылатын нәрсені Құдай алып қоя ма?

  • Үйрететін, нығайтатын, шабыттандыратын нәрседен мені бөліп ала ма?

  • Құдай маған қанағат, тыныштық және қуаныш сезімін сыйлайтын нәрсені жасырып қала ма?

  • Құдай менің барлық күшімді ашуға көмектесетін нәрсені алып қоя ма?

ЖОҚ!
Құдай Өз балаларынан ұрлап алмайды. Ол Өзін сүйетіндерді өлтірмейді. Ол біресе беріп, біресе тартып алып, Өз балаларымен ойнамайды. Жохан жазған Ізгі хабарда (10:10) Иса: «Ұры ұрлап, сойып, құрту үшін келеді. Ал Мен адамдар шынайы өмірге ие болсын және өмірі рухани игілікке толы ағыл-тегіл мол болсын деп келдім!» – деді.

Барлық уақытта, кез келген жағдайда Құдай қалай болғанда да бізден қалайтынына жетуіміз үшін, біздің қалауымыз туындайтын жаққа жетелейді. Ол біздің жүрегімізге әсер етеді, сөйтіп онда Құдайдікін иелену тілегі туындайды. Ол біздің рухымызға әсер ететіні сондай, біз Оның еркін танып-біліп қоймай, оны орындауға ұмтыламыз. Бізді Өз мақсатына сай етіп өзгертуі үшін, бойымызда арылуға тиісті нәрсе пайда болған сайын Құдай әрекет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет