Қайғыдан қашу ма, әлде оны бастан кешіру ме?
Киелі кітаптың азап-бейнет туралы айтқанын көпшілік түсіне бермейді. Сондықтан олар оқылғанды терең талқыламастан, одан бар күшімен қашып құтылуға тырысады.
Бүгінгі таңда, біздің ауруларымызды сауықтырып, бақытымызды тілейтін Құдай жайында көп айтылып жатқандықтан азап-бейнет тақырыбы тіпті де танымал емес. Бірақ Құдайдың батасын шынымен иемденгісі келгендерге осы туралы айту керек.
Неге?
Өйткені, Құдай біздің тілегенімізді беріп қана қоймай, өзімізді және арман-тілектерімізді де өзгертеді. Өзімен бірге мәңгілікті бірге өткізетін жанға айналуымыз үшін, Құдай бізді өңдеп, жонады. Ол бізді барлық еркеліктерімізді көтеріп, арман-тілектерімізді орындай беру үшін жаратқан жоқ. Өзінің кез келген тілегін орындауға дайын болуымыз үшін жаратқан.
Егер мен сізден өзіңізге ең жақсыны тілейсіз бе деп сұрасам, жауап қарапайым болады деп ойлаймын: әрине, иә.
Құдай сізді дүниеге әкелмес бұрын қалай ойластырған болса, сондай болғыңыз келе ме десе, сіз онда да келісер едіңіз деп шамалаймын.
Алайда сіз: «Құдай сізді толық дайындық пен мойынсұну жағдайына келтіру үшін қажеттінің бәрін істеп, содан кейін сізден Өзінің ойлағанын жасап шығарғанын тілер ме едіңіз?» – деген сұраққа қалай жауап берер едіңіз?
Құдайдың жарылқауын алу үшін біз өзімізді Құдайға толықтай бағындыруымыз керек. Сонда Құдайдың Киелі Рухының бізді жетелеп бағыттауынан өмірімізде Тәңіріміз Иса Мәсіхтің бейнесі көрінетін болады.
Мұндай халге жету оңай емес. Тіпті біз өзімізді Құдайға толық бағындырған кезде де, кемелдене беруге тиіспіз. Ал бұл үшін уақыт қана емес, сондай-ақ көптеген жағдайлар да керек. Біздің ешқайсымыз да Иса Мәсіхті Құтқарушы деп танығанда бірден «толықтай қалыптасқан» жетілген мәсіхші бола қалған жоқпыз. Біз жаңа рухани жаратылыс иесі боламыз. Бірақ бізге Мәсіхтің мінез-құлқына ие болып өсу үшін уақыт керек. Рухани өсу – құлау мен қателіктерден және толық әлсіздікті сезінуден тұратын үрдіс. Біздің өсуіміз тек рухани салада ғана іске аспайды. Оған біздің санамыз бен сезіміміздің жаңаруы да кіреді.
Ескі әдеттерді өзгерту оңай емес. Бұрынғы тілектерді жүрек пен санадан шығарып тастауға қанша тырыссақ та, олар бізді басқаруын тоқтатпайды. Өміріміздегі бұрынғы қызығушылықтар, заттар мен оқиғаларға деген қарым-қатынасымыз оңайлықпен жойылмайды. Көп жағдайда ескі қарым-қатынастарды қайтадан жаңарту немесе ой елегінен өткізу қажет. Кей кезде біз шын жүректен жақсы көретін жандардың бойында рухани өсудің белгісін де көрмейміз, олар өзіміз қалағандай тез өсіп те кетпейді.
Тіпті, рухымыз жайсаң, ақкөңіл кезімізде де өзімізді білмейтіндігімізден азап шегуді тоқтатпаймыз, сондықтан өз күнәларымыздың қаншалықты салмақты екенін біле алмаймыз. Басқаша айтқанда, біз өзіміздің жан-дүниеміздің қараңғы жағын көрмейміз, – барлық күнәларымыз үшін тәубе еткен сияқты боламыз. Бірақ Құдай өміріміздің барлық салаларын ашып көрсетуді жалғастырады және бізге Оның кешірімді сүйіспеншілігін қабылдап, тазарып, өзгеріп, сауығып әрі Киелі Рухтың күшімен жаңару қажет.
Өзіміздің күнәкар болмысымыздан арылып, мінез-құлқымыздың дөрекі қасиеттері жойылып, ал өзімізге белгісіз бағалы қасиеттер айқындалу үшін біз әр кезде күйініштен күйреуге душар боламыз.
Бұл – жанға бататын қиын үрдіс.
Бірақ, сонымен қатар, игілікке толы үрдіс.
Азап-бейнеттен ат тонымызды ала қашудың қажеті жоқтығы тәрізді одан қорқудың да керегі жоқ. Оларды сеніммен қабылдау керек. Егер біз шынымен Құдайдың біз туралы ойлағанындай болғымыз келсе, күйрету келген сәтте өзімізді Құдайға толық тапсырып, азапты жолмен неге жүретінімізді және Ол бізді неге үйреткісі келетінін көрсетуге жол беруіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |