Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Бізге қайғы әкелу – Құдайға ұнамайды



бет9/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82
Бізге қайғы әкелу – Құдайға ұнамайды
Құдай біздің рухымызды жаншуға тырыспайды. Оған бізге қасірет әкелу де ұнамайды. Біздің өмірімізге қатысты Құдайдың ойы қайғы мен азап болуы мүмкін бе? Жоқ! Құдай біздің өмірімізде қайғылы және жағымсыз болып көрінетін жағдайларға жол береді. Бірақ бұл жағдайлар өз өмірімізді Жаратқанға толық бағындыруды өз қалауымызбен істеуге жетелейтін Құдайдың құралдары болып табылады.

Бұдан мынандай сұрақ туындайды: мәсіхші жағдайлардың кінәсыз құрбаны бола ала ма? Иә, кейде солай болады. Мәсіхшілер басқа адамдардың тәніне және жанына белгілі бір деңгейде азап бере алатын жағдайдың құрбаны болады. Бірақ біз Құдайдың осы қайғылы оқиғаларды белгілі бір мақсатпен жіберетінін түсінуіміз керек.

Біз өзімізді құрбандық ретінде көрген кезде, өткенімізбен өмір сүруді бастап, өз қайғымыздың батпағына батамыз. Егер біз Құдайдың өзімізді сүйетінін және Оған ғана мәлім болашақтағы қызметке бізді дайындап жатқанын көре алсақ, онда өткенге өкінішті жеңіп, алдыға қарай жылжуға жігерленеміз.

Құдай – тәуелсіз, Ол қалағанының бәрін тоқтата алады. Бірақ Құдай адамның еркіне қарсы әрекет етпейді. Егер біздің жақындарымыз зұлымдықпен әрекет етсе, олардың зұлымдығының нәтижесінде біз қасірет шегеміз. Мысалы, бір ішімдікке салынған адамның жүгенсіздігі мен жауапсыздығынан оның бүкіл отбасы азап шегетін болады. Құдай бұл туралы біледі. Алайда Ол бізді сүйеді және мұндай жағдайды біз үшін игілікке айналдыра алады.

Бала кезімде маған әділетсіз болып көрінген нәрседен көп қиналдым. Менің әкем туғаныма бар-жоғы 9 ай болғанда қайтыс болыпты. Сөйтіп, мен өзімнің балалық шағымның көп уақытын жападан-жалғыз өткіздім, өйткені анамның жұмыстан қолы босамайтын. Сосын ол тағы да тұрмысқа шықты, бірақ оның жаңа қосағы бізді қорлап жәбірлеп сабайтын. Осыған қарамастан мен өзімді ешқашан кінәсыз құрбандық деп сезінген емеспін. Мен өзімнің Құдайдың сүйікті баласы екеніме сенетінмін. Бір күні барлық ауыртпалық мен үшін игілікке айналатынына сендім. Құдайда осы жағдайларға жол беретін қандай да бір мақсат бар, сол мақсат маған ғана емес, сондай-ақ мен бір күні көмектесе алатындардың бәріне қатысты.

Егер біз Римдіктерге арналған хатта (8:28) жазылғанға сенетін болсақ, мұның біздің өміріміздегі кез келген жағдайға қатысты шындық екеніне де сенуіміз керек: «Тағы да мынаны білеміз: барлық жағдайларда Құдай Өзін сүйетіндердің игілігі үшін әрекет етеді».

Біз Құдайдың тіпті ең жағымсыз, ең сұмдық жағдайды пайдалы және жағымды жағдайғаға өзгерте алатын қабілетін ешқашан шектемеуіміз керек. Мен өзімнің балалық шағыма көз салсам, Құдай кім қайғылы және қорқынышта болса, әрі жалғыздық сезініп жүрсе, соған жақсы қызмет етуіме көмектесу үшін, менің жалғыздығым, қайғым мен қорқынышымды қалай пайдаланғанын көремін. Мен ондай адамдарға батыл түрде: «Егер Құдай маған көмектессе, онда Ол сізге де көмектесе алады. Егер Құдай менің жан-жараларымды сауықтырса, онда Ол сіздің де жан-жараларыңызды сауықтыра алады», – деп айта аламын. Балалық шағымдағы қиындықтар, күнделікті тіршіліктің ауыртпалығына тап болғанда мені күштірек, төзімдірек етті. Сонымен бірге олар мені басына қиындық түскендерге аяушылық танытуға үйретті. Сол кезде маған қаншалықты қиын болса да, сол уақыт туралы естелік жағымсыз, әрі оңай болмаса да, мен үшін оның бәрі жарылқау болды деп айта аламын. Сол бір қиын сабақ мен үшін қалай болса, басқалар үшін де сондай игілікке айналды.

Жуырда біздің «In Touch Ministries» елшілік ұйымына таяуда ғана түрмеден шыққан адамнан хат келді. Ол жасөспірім бола тұра, есірткеге еліккені үшін сотталған екен. Ол түрмеде рухани туылуды бастан кешіпті, ол өзінің қателіктерінен алған өмірлік тәжірибесін жасөспірімдерге құрбылары тарапынан болатын қысымды жеңуге және есірткіден құтылуға көмектесу мақсатында қарым-қатынас жасап қолданып жүр екен.

Сол адам өзінің ата-анасын немесе көршілерін кінәламады. Өзінің өскен ортасының аянышты жағдайын, оның зиянды әсерін айтып ақталмады да. Керісінше, ол өзінің істері үшін өзінің жауапкершілігін түсінеді және басқаларға көмектесуге тырысады. Ол былай деп жазыпты: «Құдай бәрін қарастырып қойғанын көріп тұрмын. Ол мені наша мен заңсыздыққа салынғанда тастап кетпеді. Құдай менің тұтқындалып, сотталуыма жол берді. Егер солай болмағанда, мен әлдеқашан өліп қалар ма едім?! Құдай мені түрмеде сақтады. Ол мені Мәсіх туралы айтқан адамдармен кездестірді. Бостандыққа шыққан соң, Құдай мені қауымға әкеліп, басқаларға Мәсіх туралы және әр жасөспірім бастан кешіруге тура келетіндердің бәрін және басқалардың қысымына қалай төтеп беруге болатыны туралы айтуға мүмкіндік берді.

Біздің қайғымыз қандай болса да, Құдайдың білетінін, Құдайдың сүйетінін және Құдайдың әрекет ететіні туралы шындықты қабылдауымыз керек. Басымыздан кешкендеріміз үшін өзіміз жауапты емес шығармыз. Бірақ біз өзіміздің әрекетіміз үшін жауаптымыз. Біз өзімізден: «Бұл қайғыны қалай жеңуге болады? Оны қалай өзіме пайдалы ете аламын?» – деп сұрауымыз керек.

Бір күні бір ер адам маған келді де, былай деді: «Мен бір қызбен кездесіп жүрмін, ол маған күннен-күнге ұнап келетінін сездім. Алайда осы аптада маған ол бір жігітпен кездесуге барғанында өзін зорлап кеткенін айтып берді. Сосын егер біздің қарым-қатынасымызды жалғастырғым келсе, әлі де көп нәрсені білуім керектігін де айтты».

Мен оған былай дедім: «Бұл қарым-қатынасты дамытудан бұрын сол әйелге өзінің өткенін қалай басқаруы керектігін білу үшін, жақсы психолог тауып алуға көмектесіңіз. Әйтпесе, шығар жолды таба алмайтын жағдайға душар болу қаупіне тап боласыз».

Ол менің кеңесіме құлақ асты. Сол әйел өзін құрбандық деп сезінуден әрең құтылған. Қандай да бір сәттерде тіпті құрбандық рөліне көніп, өзінің қасіреті туралы білген адамдардың бәрі білдірген аяушылықтан қанағат ала бастаған. Нәтижесінде ол өзінің қазіргі өмірімен болашағын шеңгеліне алған өткен шақтағы оқиғамен өмір сүрген. Өтіп кеткен кезеңдегі кездесуде болған зорлау оқиғасы қазіргі кездегі өзін қалай көруін анықтай бастаған.

Егер бүгін сіз өткеннің көлеңкесінде өмір сүріп жатсаңыз – сіздің құтқарылу тәжірибеңізді санмағанда – онда сізге жақсылап тер төгу қажет. Бәлкім сіз әлі күнге дейін басқаларға өзіңізді қорлауға жол беріп, азаттық алуға және Құдайдың сүйіспеншілігімен сауығуға тырыспайтын боларсыз. Сіз өзіңізді өмірдің құрбаны ретінде сезінуді жалғастыратын болсаңыз, Құдайдың еркін танып-біле алмайсыз.

Ақыр соңында сол әйел: «Мен өмір сүруді жалғастыруым керек. Құдайдың көмегімен қайтадан тұтас тұлға болуға кедергі жасайтынның бәрінен құтыла алатынымды түсінуім керек», – деп айта алды.


Каталог: cms -> files -> books
cms -> Контактные данные областных, городских и сельских акиматов
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль-жол академиясы
cms -> «келісілді» «бекітілді» Спорт және дене шынықтыру Алматы қаласы Шаңырақ ш/а істері комитетінің төрағасы оррммик рмм директоры
cms -> Телжан селолық округінің әкімі Б. Х.Қадіровтың 2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
cms -> Имени ы. Алтынсарина
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты
cms -> Досай кенжетай: «Аллаға оралу мекені Сирияда емес, әркімнің жүрегінде, өз Отанында»
cms -> Қазақстан республикасы дін істері агенттігі дін саласындағЫ Өзекті мәселелер бойынша 20 СҰРАҚ-жауап 4-шығарылым: Дін және қоғам Астана – 2014 ж
cms -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
books -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет