Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Сіз не болып жатқанын шынымен білесіз бе?



бет10/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82
Сіз не болып жатқанын шынымен білесіз бе?
Сізге мына сұрақтар таныс болар: «Құдай маған не болып жатқанын біле ме?», «Менің қасірет шегіп жүргенім Құдайды мазалай ма?» Бірақ сіздің өзіңізге қойылуға тиісті одан да қызық әрі пайдалы сұрақтар да бар:

Құдай сіз үшін не ойластырғанын біледі. Бірақ сол туралы сіз білесіз бе? Сіздің өміріңізде Құдайдың не істеп жатқанын түсінесіз бе?

Кейде біз мұны өткеніміз бізге анығырақ және түсініктірек болған кезде, ретроспективті көреміз. Өзімнің өткеніме көз салсам, Құдайдың мені қалай өзгерткенін анық көремін. Жабырқаулы, солғын жан едім. Біздің барлығымыз сияқты маған да қайғыны сезіну қанағат әкелмейтін. Бірақ мен: «Құдайдың істегендерінің бәрі үшін Оған алғыс айтамын. Оның балғасының әрбір ұрған орны және оның бәкісінің менің жан дүниемдегі әрбір ізі, әрбір жас пен әрбір тыртық, көңіл қалудың әрбір сәті және торығудың әрбір шағы менің Құдайға толығымен тиесілі екенімді танып-біле алуым үшін тұрады», – деп нық айта аламын.

Құдайдан өз өміріңізде нені іске асырып жатқанын ашып беруін өтініңіз. Сізге Ол тауқымет пен қиындық жіберген кезде, сіз үшін және сіз арқылы не істемек болғанын Одан сұраңыз.

Өз мәселеңізге Құдайдың сізге не істеп жатқанын есепке алып қараңыз. Мына сауалға не дер едіңіз: «Сіздің өміріңізде Құдайдың мәңгілікте сізге арнап дайындап қойған игіліктерінің орнын басатын нәрсе бар ма?». Сіздің бұл сұраққа мақұлдап жауап беретініңізге күмәнім бар. Өйткені бұл жалған дүниеде сол үшін Құдайдың шексіз рақымын менсінбеуге болатын еш нәрсе жоқ. Бағасы Құдайдың сіздің өміріңізге қатысты ұлы жоспарымен тең келетін ештеңе жоқ!



Каталог: cms -> files -> books
cms -> Контактные данные областных, городских и сельских акиматов
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль-жол академиясы
cms -> «келісілді» «бекітілді» Спорт және дене шынықтыру Алматы қаласы Шаңырақ ш/а істері комитетінің төрағасы оррммик рмм директоры
cms -> Телжан селолық округінің әкімі Б. Х.Қадіровтың 2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
cms -> Имени ы. Алтынсарина
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты
cms -> Досай кенжетай: «Аллаға оралу мекені Сирияда емес, әркімнің жүрегінде, өз Отанында»
cms -> Қазақстан республикасы дін істері агенттігі дін саласындағЫ Өзекті мәселелер бойынша 20 СҰРАҚ-жауап 4-шығарылым: Дін және қоғам Астана – 2014 ж
cms -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
books -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет