Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


-тарау Біз неліктен қиыншылық көреміз



бет11/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82
3-тарау
Біз неліктен қиыншылық көреміз
Бір жас жігіт маған былай деді:

  • Мен екі жыл бұрын мәсіхші болдым, содан бері өмірім түбегейлі өзгерді. Өткен аптада, жұма күні мен сиыну жиналысына бара жатып ойладым: егер екі жыл бұрын біреу маған әр жұма сайын сиыну жиналысына барасың, Құдайды даңқтап, әр сәтке қуанып, Оған мадақ әнін айтасың десе, оны есінен адасқан деп ойлар едім. – Содан кейін салмақты түрде былай деді: – Бірақ кейде өзімнен Құдайға келместен бұрын неге көп қиындықты бастан кешіруіме тура келді деп сұраймын! Мен ішімдікке тәуелді адам болдым. Заттарды пайдаланып, адамдарды сүюдің орнына, адамдарды пайдаланып, заттарды сүйдім. Заңмен де мәселем болды. Мас күйімде рөлге отырып, жол апатына кінәлі болдым және бір адамның өмірін қия жаздадым. Құдайдың мені ертерек құтқарып алмағаны қандай өкінішті.

Мен оған былай деп жауап бердім:

  • Бәлкім, сен жаңа өмір сүре алуың үшін, бір нәрсені құрбан етуің керек болған шығар?

Ол бір сәтке ойланып қалды да:

  • Иә, шамасы, сіздікі дұрыс болар. Мен өзім ойлаған «жақсы өмірден» екі жарым жыл бұрын бас тарттым. Соған дейін өмірім тамаша болып көрінуші еді. Тек енді ғана оның мәнсіз болғанын түсінемін.

Адам Құдай белгілегендей толыққанды өмір сүре алуы үшін, ол өзіндегі өмірін басқаруға ұмтылысын, яғни өз жоспары мен арман-тілектерінің жетегіне еруді жоюы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет