Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Құдай сүйіспеншілікпен әрекет етеді



бет6/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Құдай сүйіспеншілікпен әрекет етеді
Біздің өміріміздегі Құдай істегендердің бәрі және біздің өміріміздегі Оның жол беретіндерінің бәрі тек бір ғана нәрсемен – сүйіспеншілікпен анықталады.

Өмірімізде үмітсіздік пен қайғыға Құдайдың жол беретін себебі: немқұрайды, қатал, тасжүрек немесе аяусыз болғандықтан емес. Жоқ! Бәрі керісінше. Құдай біздің өміріміздің не боларын біледі және бізбен жақсы, сүйіспеншілікке толы, рухани қарым-қатынасты қалайды. Біз Оның сүйіспеншілігінің, даналығының, күшінің, құдіреті мен ізгілігінің толықтығын сезіну үшін, Ол біздегі барлық жақсылықтарды жарыққа шығарғысы келеді. Ол жарылқау батасын көрсету үшін, күйретуге жол береді.

Құдай ешқашан да бізді қаһармен көндіруге ұмтылмайды. Біздің өмірімізге Оның араласуының себебі, бізді шектен тыс сүйеді және біздің немқұрайлылыққа салынып, күнәмен табандап қырсығып тұрғанымызға, өз өміріміздегі Құдайдың еркін қалай орындағымыз келмегеніне бейқам қарап тұра алмайды. Құдай біздің ешбір өзгермей тұрғанымызға немкетті де қарамайды, себебі Ол бізді өте қатты сүйеді. Құдайдың сүйіспеншілігі біздің тәніміз, рухымыз және жанымыз туралы да қам жейді, сондай-ақ өзгеріп, дамып және рухани жетілген адамға айналуымыз үшін жетелейді. Құдайдың бізді сүйетіні соншалық, бізбен тығыз рухани қарым-қатынасқа ұмтылады. Егер біз Құдайды кері итеретін немесе Оған қарсы шығатын болсақ, Онымен тығыз қарым-қатынаста болу мүмкін емес. Құдай біздің өмірімізден күнәны алыстатқысы келеді. Ол бізді киелі және тиімді рухани қызметке пайдалануды асыға күтеді.

Сүйіспеншілік Құдайды біздің осы жер бетінде өмір сүріп жатқан кезімізде, Оның мақсатына жетуіміз үшін, тазарту мақсатында бізді тәрбиелеп жазалауға мәжбүр етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет