Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?



бет28/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82
Сауығу Құдайды дәріптейді
Мәңгілікте сіз де, мен де Құдайдың меншігі боламыз. Бізді Ол Өзінің рақымымен, Исаның өлімі, жерленіп, қайта тірілуі және біздегі Киелі Рухтың жұмысының арқасында иелігіне айналдырды. Біздің мақсатымыз – Оған даңқ әкелу. Біздің ұлы жеңісіміз – өз өмірімізде өз күшімізбен атқарғандарымызда емес, тек біздің өмірімізде Құдайдың істегеніне жол бергенімізде. Осы арқылы біз Оған даңқ әкелеміз. Өз тәжірибемізді Оның тағының алдына қойып, Оның алдында күнәсіз және мүлтіксіз болып тұрғаннан артық қуаныш пен шаттық жоқ.

Біз өз өміріміздің мәңгілікке дайындық екенін жиі ұмытып кетеміз. Осы өмірде мектепте жүрген тәріздіміз – үйренеміз, және өсіп, дамимыз. Бұл – қалыптасу үрдісі. Біз Құдайдың мақсатын қабылдағанда және онымен келіскенде, сауықтыру үрдісі басталады. Менің еркім сынып, Оның еркіне толықтай – жүрекпен және санамен, денемен, жанмен және рухпен тиесілі боламын. Осылай болғанда менің өмірім тұтастай Оның қолында болады, Ол Өзіне қалай ұнамды болса, мені солай қолданады. Ал бұл, достарым, өмірдің ұлы мерекесінің бастамасы болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет