Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


-тарау Рухани жетілгендікке жету



бет29/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   82
6-тарау
Рухани жетілгендікке жету
Рухани өсу, бұл – жер бетінде, біз қазір өмір сүріп жатқан орында басталып, мәңгілікте – Құдай бізді күткен мекенде аяқталатын үрдіс. Бұл үрдіс Оған толықтай бағынуды ұйғарады. Нәтижесінде біз рухани жетілгендікке ие боламыз. Бірақ біздің есеюіміз үшін Құдай қиыншылықтарға жол береді. Рухани жетілгендікке жету үрдісінің үш аспектісі бар: өзгеріс, өсу және күйреу.
Өзгеріс
Рухани есеюдің бір аспектісі – өзгеріс. Егер біз өзгеруді қаламасақ, рухани өсу туралы тіпті айтпай-ақ қоялық. Ескі жолмен жүруге, ескі ойлар мен Құдай, Киелі Рух немесе мәсіхшілік өмір туралы ескі пікірлердің жетегінде өмір сүріп, Құдай қалағандай бола аламыз деуге болмайды. Есею – конструктивті өзгерісті қабылдау тілегін болжайды.
Өсу
Рухани өсудің екінші аспектісі, біріншісімен тығыз байланысты, бұл – өсу. Кез келген өзгеріс есеюге әкелмейді, бірақ кез келген өсу белгілі бір өзгерістермен белгіленеді. Рухани жетілгендік біз Мәсіхке барлық ойымызда, сезімімізде және әрекетімізде ұқсағанға дейінгі «өсуді» ұйғарады. Петірдің 2-хатында: «Қайта, Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің рақымына кенеліп, Оны жақынырақ танып – білуде өсе беріңдер!»(3:18) – делінген.

Табиғатта өсуге қабілеттілердің бәрі, ғалымдар айтқандай, белгілі бір «құнарлы ортада» өседі. Ғылыми зертханаларда мұндай орта: топырақ, су немесе химиялық зат болуы мүмкін. Ал рухани салада бұл орта сүйіспеншілік болып табылады. Біз бір-бірімізге сүйіспеншілік көрсеткенде, рухани өсеміз. Елші Пауыл: «Қайта, бір-бірімізге шындықты сүйіспеншілікпен айтамыз және қауымның Басы – Иса Мәсіхпен тығыз байланысымызда жан-жақты өсіп-жетілеміз. Сонда мүшелері үйлесіп, бірігіп жұмыс істеп тұрған бұл біртұтас рухани дене түгелдей өзінің Басы – Мәсіхке бағынады. Әрбір мүшесі өз міндетін атқарса, бүкіл дене өсіп, сүйіспеншілік арқылы күшейе береді» (Ефес.4:15-16) - дейді.

Біздің өсуіміз бізді тәуелсіздікке әкелмейді. Дегенмен, осы әлемде дәл солай болады – балалар өсіп ержеткен соң, өз әке-шешелеріне тәуелсіз болады. Рухани өсу Тәңіріміз Иса Мәсіхке тәуелділіктің өсуімен сипатталады. Рухани жетілгендік – әрі меңгеруші, әрі тәлімгер, әрі қорғаушы болып табылатын Киелі Рухқа толық тәуелділік жағдайы.
Күйреу
Рухани өсудің үшінші аспектісі – күйреу.

Егер біз өзгеріп өскіміз келсе, бізді ұстап тұрғандардың бәрін, Құдайдың батасын толығымен қабылдауға мүмкіндік бермей тұрғандардың барлығын тастауымыз керек. Біз тастай қатып ұстап алғандардың бәрін босатуымыз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет