Оқыту нәтижелері деңгейлерінің жүйесін қоғамның пән мазмұнының сапасына қоятын талаптары деп қарауға болады. Бұл жүйе - оқушының білімін жалғастыру үшін жеткілікті дәрежеде білім алуына бағдар беретін жоспарлы меже. Ол үш деңгейден тұрады:
Ең төменгі деңгейі оқытудың міндетті нәтижелерін сипаттайды. Білім, білік, дағдылардың қалыптасуына қойылатын талап түрінде беріледі. Осы деңгей бойынша анықталған талаптар мемлекеттік білім стандартына кіреді.
Ілгерленген және тереңдетілген деңгейлер оқытудың жоғары нәтижелерін сипаттайды. Бұл нәтижелерге жету оқушының өз тілегімен жеке басының танымдық мүмкіндігіне сай жоспарланып жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |